Атауы
МҰЗДАТУ КАМЕРАСЫ БАР ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ
МҰЗДАТУ ШКАФЫ
Қауіпсіздік жөніндегі маңызды ескерту
Ақпарат, кеңес
Бізге сенім білдіргеніңізге АЛҒЫС АЙТЫП, жаңа аспап сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Аспапты барынша ыңғайлы және қарапайым қолдану үшін біз пайдалану жөніндегі толық нұсқаулықты дайындадық. Ол жаңа аспаппен жылдам танысып шығуға көмектеседі. Сондай-ақ жеке парақта аспапты орнату жөніндегі нұсқаулық ұсынылады.
Аспапты өз қажеттілігіңізге қолдануыңызды тілейміз.
Біздің сайтқа кіріңіз, мұнда шильдада немесе кепілдік талонында көрсетілген аспабыңыздың моделінің атауын көрсетіңіз, осылайша Сіз аспаптың толық сипаттамасын, қолдану, кәдеге жарату, ақауларды жою жөніндегі кеңестерді, сервистік ақпараттарды және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды аласыз.
http://www.gorenje.ru
Аспап үй шаруашылығында қолдануға арналған.
Мұздату бөлігі балғын өнімдерді мұздатуға және мұздатылған өнімдерді ұзақ уақыт бойы (өнім түріне байланысты бір жылға дейін) сақтауға арналған.
Нұсқаулықта келесілерді білдіретін символдар қолданылады:
Ақпарат, кеңес, көмек немесе ұсыныс
Қауіп туралы ескерту
Электр тогынан зақым алу қауіпі туралы ескерту
Өрт қауіпі туралы ескерту
Қауіпсіздік шаралары
Алғаш қолданар алдында
Аспапты жалғар және қолданар алдында аспап сипаттамасынан және оны дұрыс әрі қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқаулардан тұратын нұсқалықтармен мұқият танысып шығыңыз. Нұсқаулық аспаптың бірнеше типі үшін әзірленген, сондықтан сіздің моделіңізде жоқ жабдық пен жекелеген функциялардың сипаттамаларынан тұруы мүмкін. Одан әрі қолдану үшін нұсқаулықты сақтап қойыңыз.
Аспапты қандай да бір бұзылуларсыз алғандығыңызды тексеріңіз. Бұзылуларды анықтаған кезде аспапты сатып алған сауда ұйымына хабарласыңыз.
Тасымалдаудан кейін электр желісіне жалғар алдында аспапты кемінде екі сағат вертикаль күйде қалдырыңыз. Бұл тасымалдау кезінде салқындату жүйесіне әсер етуі салдарынан аспап жұмысындағы ақаулардың алдын алуға көмектеседі.
Қауіпсіздік жөніндегі маңызды нұсқаулар
ЕСКЕРТУ! Өртену қауіпі бар/тез жанатын заттар.
Аспапты электр желісіне жалғау және жерге тұйықтау қолданыстағы стандарттар мен ескертпелерге сәйкес орындалуы тиіс.
ЕСКЕРТУ! Құрылғының артқы жағына бірнеше портативті розеткаларды немесе портативті қуат көздерін орналастыруға болмайды.
Тазалауды бастамас бұрын аспапты электр желісінен міндетті түрде ажыратыңыз (байланыстыру кабелінің ашасын розеткасынан ажыратыңыз).
Егер қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында қызмет көрсету агентімен немесе білікті тұлғалармен ауыстырылуы керек.
Ескерту!Аспапты орнату кезінде байланыстыру кабелінің қысылып қалмауын немесе бүлінбеуін қадағалаңыз.
Егер жарық диодты жарықтандыру жұмыс жасамаса, сервис орталығына хабарласыңыз. Жарық диодты жарықтандыруды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз, бұл электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ! Аспап ішінде өндіруші рұқсат етпеген электрлік құрылғыларды қолданбаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Еріту процесін жылдамдату үшін механикалық аспаптарды немесе өндіруші ұсынғаннан басқа құралдарды қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ! Аспаптың тұрақсыздығынан туындаған қауіптердің алдын алу үшін оны орнату нұсқаулықтарға сәйкес орындалуы тиіс.
Үсік шалу қаупі
Үсіріп алудың алдын алу үшін мұздатылған өнімдерге қолыңызды тигізбеңіз және аузыңызға салмаңыз.
Адамдар мен балалардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі аз адамдар (сонымен қатар, балалар) тұрақты бақылауда болмаған жағдайда жəне құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқауларын оқып, төнетін қауіпті түсінбеген жағдайда қолдануларына болмайды.
Балалардың бұл құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.
Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!
Аспапты немесе оның жекелеген элементтерін тасымалдау процесінде қорғауға арналған қаптаманы алып, оны балалардың қолы жетпейтін жерге сақтап қойыңыз. Қаптама тұншығуға немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
Қызметі ету мерзімі өткен бұйымды қолдануға жарамсыз ету қажет. Ол үшін аспапты электр желісінен ажыратыңыз, байланыстыру кабелін кесіп тастаңыз, аспаптың есігі мен ішіндегі қалған сөрелерін алып тастаңыз. Өйткені балалар аспап ішінде қалып қоюы мүмкін.
Еуропа стандарттарына жатады
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан үлкен балалардың пайдалануына, сонымен қатар физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі аз адамдар тұрақты бақылауда болған жағдайда жəне құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқауларын оқып, төнетін қауіпті түсінген жағдайда қолдануына болады.
Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!
3 жəне 8 жас аралығындағы балаларға тағамдарды тоңазыту жабдығына салуға жəне тоңазыту жабдығынан алуға рұқсат етіледі.
Хладагент туралы ескерту
Бұл аспап қоршаған орта үшін қауіпсіз, бірақ жанғыш изобутан газының (R600a) аз ғана мөлшерінен тұрады. Салқындату контуры компоненттерінің бүлінбеуін қадағалаңыз. Хладагенттің ағуы қоршаған ортаға қауіп төндірмейді, бірақ көздің жарақат алуына немесе жануына алып келуі мүмкін!
Хладагенттің ағуын анықтаған кезде бөлмені жақсылап желдетіңіз, аспапты электр желісінен ажыратыңыз және сервис орталығына хабарласыңыз!
Дұрыс пайдалану
ЕСКЕРТУ! Аспап тұрмыстық және ұқсас жағдайларда қолдануға арналған, жекелегенде:
-
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да өндірістік бөлмелердегі қызметтік асхана аймақтары;
-
ауыл шаруашылығы фермаларында, қонақүйлердегі, мотельдердегі және тұрғын үй түріндегі басқа да инфрақұрылымдағы тұрғындарға,
-
ұйықтайтын және таңғы ас ішетін орындарда,
-
қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру кезінде және бөлшек сауда қарастырылмаған басқа да ұқсас жағдайларда.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Аспап корпусындағы немесе кірістірілген конструкциялардағы желдету саңылауларының бітелуіне жол бермеңіз.
Аспапты ашық кеңістікке орнатуға болмайды. Аспапқа жаңбыр тамшылары мен шашырандылары тимеуі тиіс.
Бұл құрылғыда жанғыш қоспасы бар аэрозольді баллондар сияқты жарылғыш заттарды бұл құрылғыда сақтауға болмайды.
Егер аспапты ұзақ уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, оны сөндіріп, байланыстыру кабелін розеткадан ажыратыңыз. Тағамдарды алыңыз, аспапты ерітіңіз және тазалаңыз, есігін ашылған күйінде қалдырыңыз.
Ақаулар болған немесе электр энергиясын ажыратқан жағдайда тоңазытқышты 16 сағат бойы ашпаңыз. Егер осы уақыт ішінде ақау жойылмаса немесе электр энергиясын беру қалпына келтірілмесе, өнімдерді қолдану немесе басқа тоңазытқышқа немесе салқын жерге орналастырыңыз.
Техникалық деректер, аспап шильді
Аспаптың негізгі деректері бар шильд аспап ішінде орналасқан және кернеу, брутто және нетто көлем, хладагент типі мен мөлшері, аспаптың климаттық класы туралы ақпараттардан тұрады.
Берілген заттаңба өзіңіздің тіліңізге сәйкес келмесе, оны жиынтықта ұсынылған басқасымен алмастырыңыз.
ЕСКЕРТУ! Аспапты орнату, тазалау және кәдеге жарату кезінде оқшаулағыштың және салқындататын контурдың бүлінуіне жол бермеңіз. Бұл арқылы сіз қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын аласыз.
Қоршаған ортаны қорғау
Қаптама экологиялық таза материалдардан жасалған, оларды қоршаған ортаға зиян келтірмей қайта өңдеуге, қалдықтарды сақтауға арналған арнайы полигондарда жинауға және кәдеге жаратуға болады
Қызметі ету мерзімі өткен аспапты кәдеге жарату
Қызметі ету мерзімі өткен аспапты Қызметі ету мерзімі өткен аспаптарды бақылау пунктіне тапсырыңыз.
Бұл ретте:
-
аспапты электр желісінен ажыратыңыз және байланыстыру кабелін ажыратыңыз
-
қызметі ету мерзімі өткен аспаппен балалардың ойнауына жол бермеңіз.
Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы символ оның тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге
жаратуға жатпайтындығын көрсетеді. Бұйымды одан ары кәдеге жарату үшін электронды
және электрлік жабдықтарды қабылдауға арналған тиісті орындарға тапсырған жөн.Бұйымды
кәдеге жарату ережелерін сақтай отырып, осы сияқты қалдықтарды тиісті түрде жоймау
салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын алуға
көмектесе аласыз. Бұйымды кәдеге жарату туралы барынша толық ақпарат алу үшін жергілікті
билік органдарына, қалдықтарды шығару және кәдеге жарату жөніндегі қызметке немесе
бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер
-
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта берілген орнату жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.
-
Есікті қажет болмаған кезде ашпаңыз.
-
Аспап артындағы кедергісіз желдетуді әлсін-әлсін тексеріп тұрыңыз.
-
Бүлінген немесе бүтін емес тығыздағышты тез арада ауыстыру қажет.
-
Өнімдерді жабық контейнерлерде немесе басқа да тиісті қаптамада сақтаңыз.
-
Өнімдерді аспапқа салмас бұрын оны бөлме температурасына дейін салқындатып алыңыз.
-
Мұздатылған өнімдерді тоңазытқыш бөлігінде ерітіңіз.
-
Тоңазыту камерасының ішкі көлемін барынша қолдану үшін осы нұсқаулықта сипатталғандай жәшіктерді алып тастаңыз.
-
Сөрелерді бірдей арақашықтыққа орнату және тағамдарды ауа еркін айналатындай етіп сақтау ұсынылады (осы нұсқаулықта берілген өнімдерді тарату жөніндегі ұсыныстарды орындаңыз).
Орнату және жалғау
Бөлмені таңдау
-
Аспапты құрғақ, желдетілетін бөлмеге орнатыңыз. Аспаптың дұрыс жұмыс жасауына арналған қоршаған ортаның қол жетімді температурасы оның климаттық класына байланысты болады. Климаттық класс аспап шильдінде көрсетілген.
Климаттық класс
Қоршаған орта температурасының диапазоны °C
Салыстырмалы ылғалдылық
Субқалыпты
SN
+10 - +32 аралығында
≤ 75%
Қалыпты
N
+16 - +32 аралығында
Субтропикалық
ST
+16 - +38 аралығында
Тропикалық
T
+16 - +43 аралығында
Бұл аспап төменде берілген нұсқауларды қатаң ұстанған жағдайда қоршаған ортаның -15°C дейінгі температурасында жұмыс жасайды.
Бұл аспаптар кірістірілетін аспап ретінде қолдануға арналмаған.
-
Орнатқаннан кейін аспаптың байланыстыру кабелінің ашасына қол жетімді болу керек.
-
Аспапты жылу шығаратын құрылғыларға, мысалы, плиталарға, жылыту радиаторларына, бойлерлерге, сонымен қатар күн сәулесі тікелей түсетін аймақтарға жақын орнатпаңыз. Аспаптан электрлік немесе газ плитаға дейінгі минималды арақашықтық 3 сантиметр, майлы пешке немесе қатты отынмен жұмыс жасайтын құрылғыға дейін 30 сантиметр. Егер аталған арақашықтықты ұстану мүмкін емес болса, арнайы оқшаулағыш панельді қолданыңыз.
Ескертпе: Аспапты айтарлықтай үлкен бөлмеге орнатқан жөн. Хладагенттің әр 8 граммына кемінде 1 м3 кеңістік қажет болады. Хладагент мөлшері аспап корпусындағы зауыттық жапсырмада көрсетілген.
Аспапты орнату
Жарақат алудың және аспаптың бұзылуының алдын алу үшін аспапты орнатуды кемінде екі адам орындауы тиіс.
-
Аспапты тегіс немесе артқа қарай сәл қисайтып орнатуға болады. Аспапты тегіс бетке орналастырыңыз және тұрақты күйін қамтамасыз етіңіз. Алдында аспапты теңестіруге арналған екі реттелетін аяқ бар. Артында аспапты жылжытуды және орнатуды жеңілдететін роликтері бар (кейбір модельдерде).
-
Аспапты реттелетін аяқтарының көмегімен теңестіргеннен кейін аспаптың барынша тұрақты күйін қамтамасыз ету үшін қосымша аяқты реттеңіз.
-
Аспапты күн сәулесі тікелей түсетін аймаққа, сонымен қатар жылу көздеріне жақын жерлерге орнатпаңыз. Егер мұны болдырмау мүмкін болмаса, арнайы оқшаулағыш панель орнатыңыз.
-
Аспапты жеке тұрған құрылғы ретінде орнатыңыз. Мәлімденген/минималды энергия тұтыну мәніне жету үшін қабырға мен аспаптың артқы қабырғасы арасында, сондай-ақ аспап астында 50 миллиметр қашықтықты қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ аспап айналасында және астында ауаның жеткілікті айналуын қамтамасыз етіңіз.
-
Аспапты жиһаз элементтерінің жанына, олардың арасына немесе қабырға жанына орнатуға болады. Мұндай орнату кезінде аспап дұрыс жұмыс жасайды, бірақ энергия тұтыну артуы мүмкін. Аспап астында және артында суретте көрсетілгендей минималды арақашықтықты сақтаңыз.
-
Соблюдайте расстояние, необходимое для открывания дверцы, чтобы можно было свободно извлекать ящики и полки (см. схему установки).
*моделіне байланысты
**модель с интегрированной ручкой
***модель с внешней ручкой
Ескерту. Құрылғыны 625 mm мәнінен аз іргеге қойғанда, бекіту жинағын сатып алып, орнату ұсынылады.
Жинаққа тапсырыс беру коды: 890399.
Құрылғыны жалғау
-
Аспапты электр желісіне байланыстыру кабелінің көмегімен жалғаңыз. Қабырға розеткасы жерге тұйықтайтын контактқа ие болуы тиіс (жерге тұйықтайтын штепсельді розетка). Жалғар алдында зауыттық кестеде көрсетілген кернеу мен жиіліктің желінің нақты параметрлеріне сәйкес келетіндігін тексеріп алу қажет.
-
Аспапты электр желісіне жалғау және жерге тұйықтау қолданыстағы стандарттар мен ескертпелерге сәйкес орындалуы тиіс. Аспап номиналды кернеудің –6% - +6% аралығындағы диапазондағы қысқа уақытқа ауытқуына шыдайды.
Есікті ашу бағытын өзгерту
Есікті ашу бағытын өзгертуге болады.
Ескертпе. Есікті қайта орнатар алдында аспапты электр қорегінен ажыратыңыз.
Қажетті құралдар: |
|
|
Ұшты гайкалы кілт 8 мм |
|
Айқастырылған бұрауыш |
|
Ұшты бұрауыш |
|
Гайкалы кілт 8 мм |
Ескертпе.
-
Егер аспаптың негізіне қатынауды қамтамасыз ету үшін оны артқа қисайту қажет болса, басқа адамның көмектесуін сұраңыз немесе аспапты бүлдіріп алмау үшін жұмсақ бетке жатқызыңыз. Есікті қайта орнату үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
-
Жоғарғы топсаның қақпағын (1) ағытып алыңыз.
-
Бұранданы босатып (2), топсаны (3) ағытып алыңыз. Есіктің құлап кетпеуі үшін оны сүйеп тұрыңыз.
-
Есікті сәл ғана көтеріп, төменгі топсадан ақырын ағытып алыңыз. Есікті тегіс бетке қойыңыз.
-
Пакеттен (оң жақ) қақпақты (4) алып, топсаны алғаннан кейін пайда болған саңылауларды жабыңыз. Топса орнатылатын сол жақтағы қақпақты (5) ағытып алып, пакетке салыңыз.
-
Есіктің сол жағындағы қақпақты (6) ағытып алыңыз. Содан соң есіктің оң жағындағы қақпақты (7) орнатыңыз. Қақпақты (7) есіктің сол жағынан және қақпақты (6) оң жағынан орнатыңыз.
-
Бұранданы (8) босатыңыз, есік шектегішін (10) және есік тіреуін (9) алыңыз. Бұрауыш (8) көмегімен пакетте берілген есікті шектегішті және есік тіреуін (9) бұраңыз. Есік шектегіші (10) болашақта қажет болатын болса, оны алып қойыңыз.
-
Құралды артқа еңкейтіп, реттелетін табаны (11) алыңыз.
-
Астыңғы топсадағы (14) үш бұранданы босатыңыз және оны алыңыз. Астыңғы топсаның түйреуішінен (13) қосымша табаны (12) алыңыз. Төменгі топсадан түйреуішті (13) бұрап алыңыз және оны қосымша табанмен (12) толықтырып, топсаның қарама-қарсы жағына бұраңыз.
-
Бұрандаларды пайдаланып топсаны (14) қарама-қарсы жаққа бекітіңіз. Бұрандаларды төмендегі суретте көрсетілген ретпен бекіту керек. Алдымен 1 бұранданы, одан кейін 2 бұрандаларды қатайтыңыз. Содан кейін реттелетін аяқтарды (11) бұраңыз.
-
Есікті төменгі топсаға орнатыңыз, содан соң жоғарғы топсаны (3) бұрандалармен (2) бұраңыз. Бұл ретте есікті қолыңызбен ұстап тұрыңыз.
-
Жоғарғы топсаның қақпағын (1) орнатыңыз.
-
Есікті ашып, сөрелерді орнына орнатыңыз. Есікті жабыңыз.
Ескертпе. Егер аспабыңыз тұтқамен жабдықталған болса, оны төменде берілген нұсқауларды орындай отырып, қарсы бетке ауыстыру қажет.
(1) бітеуіштерді алыңыз және суретте көрсетілгендей екі бұранданы (2)босатыңыз. Тұтқаны (3) 180°-қа бұраңыз және қарсы бетке орнатыңыз. Содан соң бұрандаларды (2) бұрап, бітемелерді (1)орнатыңыз.
Аспап сипаттамасы
Жабдықтама аспап моделіне байланысты болады.
-
Басқару панелі
-
Жарық диодты ішкі жарықтандыру
-
NoFrost мұздату түйіні (салқындататын агрегат, желдеткіш және т.б.)
-
Қатыруға және сақтауға арналған жәшік
-
Аяғы
-
Жылжымалы жәшіктер құлаудан қорғалған. Жәшікті алу үшін оны тірелгенге дейін итеріп, алдынан көтеріңіз де, толықтай шығарып алыңыз.
-
Желдеткіш (мұздату түйініне жасырылған) температураны барынша біркелкі таратуды қамтамасыз етеді. Мұздату шкафының есігі ашылып тұрған және компрессор жұмыс жасамаған кезде желдеткіш жұмыс жасамайды.
Аспапты басқару
-
Температураны баптау, аспапты қосу/өшіру «Жылдам қатыру» функциясын қосу ауыстырып қосқышы
Аспапты қосу және өшіру
Қосу. A ауыстырып қосқышын сағат тілі бағытында бұраңыз.
Өшіру. А ауыстырып қосқышын сағат тіліне қарсы бағытта стрелка символын көрсетіп тұратындай етіп бұраңыз. (Назар аударыңыз! Аспап өшірілген, бірақ
кернеу беріліп тұр.)
Температураны реттеу
Аспапты қосқан кезде орнатылған температураға жету үшін бірнеше сағат қажет болады, сондықтан тағамдарды аспапқа салмаңыз.
-
Температураны орнату үшін Aауыстырып қосқышын сағат тілі бағытында айналдырыңыз.
-
A ауыстырып қосқышын eco күйіне орнату ұсынылады.
-
Қоршаған орта температурасы да аспап ішіндегі температураға әсер етеді. Осыған сәйкес аспаптағы температураны Aауыстырып қосқышымен реттеңіз. Ауыстырып қосқыштың MAX белгісіне жақын күйі айтарлықтай төмен (салқын) температураны, ауыстырып қосқыштың min белгісіне жақын күйі айтарлықтай жоғары (жылы) температураны білдіреді.
Егер аспап орнатылған бөлмедегі температура +16°С-ден төмен болса, А ауыстырып қосқышты MAX күйіне орнатуды ұсынамыз.
Жылдам мұздату
-
Аспапты алғаш қоспас, тазалауды бастамас бұрын және көп мөлшердегі өнімдерді салар алдында 24 сағат бұрын «Жылдам қатыру» функциясын қосыңыз.
«Жылдам қатыру» функциясын қосу. A ауыстырып қосқышын күйіне бұраңыз.
«Жылдам мұздату» функциясын қосқан кезде аспап біраз уақыт максималды қуатпен жұмыс жасайды, сондықтан бұрынғыдан дыбысты болады.
«Жылдам қатыру» функциясының жұмысын аяқтағаннан кейін А ауыстырып қосқышымен қажетті температураны орнатыңыз.
Егер функцияны қолмен өшірмесе, ол шамамен екі күннен кейін автоматты түрде өшеді.
Температура соңғы баптауға оралады (ауыстырып қосқыш күйінде қалады).
Аспапты жабдықтау
(*Моделіне байланысты)
Мұзға арналған ыдыс*
Мұз текшелерін жасау үшін науаны сумен толтырып, мұздатқышқа көлденеңінен қойыңыз.
Жылжымалы тартпа (EasyTray)*
Кейбір модельдерде жәшіктің орнына жылжымалы тартпа орнатылған, ол жақсы шолуды қамтамасыз етеді және ішінде сақталатын өнімдерді тез алуға мүмкіндік береді.
Мұздату және мұздатылған өнімдерді сақтау
Мұздату
Бір тәулікте мұздатуға болатын балғын өнімдердің максималды мөлшері аспаптың зауыттық жапсырмасында көрсетілген. Тағамдарды көп мөлшерде жүктеу мұздату сапасын нашарлатуға, сонымен қатар мұздатылған тағамдардың сапасын жоғалтып алуға алып келеді.
-
Мұздату бөлігінің көлемін барынша тиімді қолдану үшін жәшіктерді алып, өнім қаптамаларын.
-
Балғын өнімдерді мұздатар алдында 24 сағат бұрын «Жылдам мұздату» функциясын қосыңыз:
-
A ауыстырып қосқышты
күйіне бұраңыз.
-
Балғын өнімдер мұздатылып тұрған өнімдермен жанаспауы тиіс.
-
Балғын өнімдердің 2 кг дейінгі мөлшерін мұздату үшін «Жылдам мұздату» функциясын қолдану қажет емес.
Балғын өнімерді мұздату жөніндегі маңызды ескертулер
Мұздату үшін жарамды тағамдарды ғана мұздатыңыз. сапалы әрі балғын тағамдарды қолданыңыз.
Сәйкес келетін қаптаманы қолданыңыз және тағамдарды дұрыстап қаптаңыз.
Тағамдардың кеуіп қалуының және витаминдерді жоғалтуының алдын алу үшін қаптама ауа және ылғал өткізбеуі тиіс.
Қаптамада ішіндегі тағамдардың түрі мен мөлшерін, сонымен қатар мұздату күнін көрсетіңіз.
Өнімдердің барынша жылдам мұздатылуы аса маңызды. Сондықтан өнімдерді алдын ала салқындатып алып, шағын қаптамаларда мұздату ұсынылады.
Өнеркәсіптік тәсілмен мұздатылған өнімдерді сақтау
-
Өнімдерді дұрыс сақтау және қолдану жөніндегі өндіруші нұсқауларын орындаңыз. Қаптамада оларды сақтау мерзімі мен температурасы көрсетілген.
-
Сатып алу кезінде қаптамасы бүлінбеген, мұздатқыштарда -18°C аспайтын температурада сақталатын өнімдерді таңдаңыз.
-
Қырау басқан өнімдерді сатып алмаңыз, өйткені олар бірнеше рет мұздатылған.
-
Тасымалдау кезінде өнімдерді мұздаудан сақтандырыңыз, өйткені температураның жоғарылауы өнімдерді сақтау мерзімін қысқартады және сапасын нашарлатады.
Мұздатылған өнімдерді сақтау мерзімі
Өнімдерді мұздату бөлігінде сақтаудың ұсынылатын мерзімдері
Тағам түрі |
Сақтау мерзімі |
---|---|
Жемістер, сиыр еті |
10 - 12 ай аралығында |
Көкөністер, бұзау еті, үй құсы еті |
8-10 ай |
Бұғы еті |
6-8 ай |
Шошқа еті |
4-6 ай |
Майдалап туралған немесе тартылған ет |
4 ай |
Нан, пасталар, пісірілген тамақтар, ақ балық |
3 ай |
Өкпе-бауыр |
2 ай |
Сүрленген шұжық, көк балық |
1 ай |
Мұздатылған тағамды жібіту
-
Жібіту мұздату арқылы консервіленген тағамдарды сақтауда маңызды болып табылады. Тағам тиісті жолмен жібітілуі қажет.
-
Тағамды жібітудің қолайлы əдістері:
-
тоңазытқышта;
-
салқын суда;
-
микротолқынды пеште немесе тиісті еріту бағдарламасы бар қарапайым пеште.
-
-
Кейбір мұздатылған өнімдерді бастапқыда ерітпей-ақ дайындауға болады. Бұл өндіруші тарапынан қаптамада көрсетілген.
-
Тағамдарды аз мөлшерде қаптамамен орау қажет. Осылайша тағам тезірек жібиді.
-
Жартылай немесе толықтай жібітілген тағамды мүмкіндігінше тезірек пайдаланыңыз. Жібітілген тағамдағы бактериялар қайта белсендіріліп, тағамды тез бұзады. Бұл көбіне, жемістерге, көкөністер мен дайын тағамдарға қатысты.
-
Жартылай немесе толығымен жібітілген тағамдарды қайта мұздатпаңыз.
Жібіту
NoFrost мұздату бөлігін жібіту
-
NoFrost мұздату бөлігін еріту автоматты түрде жүреді. Пайда болатын қырау уақыт өткен сайын автоматты түрде еріп, жойылып кетеді.
Құрылғыны тазалау
Тазалауды бастамас бұрын аспапты сөндіріңіз («Аспапты қосу және сөндіру» бөлімін қараңыз) және байланыстыру кабелінің ашасын розеткадан ажыратыңыз.
-
Аспаптың барлық беттерін тазалау үшін жұмсақ шүберекті қолданыңыз. Беттердің бүлінуінің алдын алу үшін абразивтік тазалау құралдарын және құрамында қышқыл мен еріткіштер бар тазалау құралдарын қолдануға болмайды!
Сыртқы беттерді сумен немесе сұйық жуу құралының әлсіз ерітіндісімен тазалаңыз.
Боялғанжәне алюминий беттерді жұмсақ жуу құралы қосылған жылы сумен тазалауға болады. Спиртмөлшері көп емес тазалау құралдарын да (мысалы, әйнекке арналған тазалау құралдары) қолдануға рұқсат етіледі. Пластик беттерді тазалау үшін құрамында спирт бар құралдарды қолдануға болмайды.
Аспаптардың ішкі беттерін біраз мөлшердегі сірке қышқылы қосылған жылы сумен тазалаңыз.
-
Аспаптың ішкі жабдықтарының бөлшектерін ыдыс жуу машинасында жумаңыз, өйткені бұл олардың бүлінуіне алып келуі мүмкін!
Аспаптың артқы бетіндегі конденсатор, компрессордың айналасы (тек кейбір модельдерде) әрқашан таза, шаңсыз және басқа да ластарсыз болуы тиіс. Оны жұмсақ металл емес щеткамен немесе шаңсорғышпен әлсін-әлсін тазалап тұрыңыз.
-
Тазалап болған соң аспапты электр желісіне жалғап қосыңыз және тағамдарды салыңыз.
Ақаулықтарды жою
Ақаулық |
Ықтимал себебі және жою |
---|---|
Аспап электр желісіне қосқаннан кейін жұмыс жасамайды. |
|
Компрессор ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс жасайды. |
|
Аспаптың бүйір қабырғалары жылы: |
|
Есіктерін ашу қиын. |
|
Жарық диодты жарықтандыру жұмыс жасамайды. |
|
Ақаулықты берілген ұсыныстарға сәйкес жою мүмкін емес болған кезде сервис орталығына хабарласыңыз. Хабарласқан кезде аспап ішіндегі шильдада көрсетілген аспап типін, моделін және сериялық нөмірін айтыңыз.
Шу деңгейі туралы ақпарат
Тоңазыту-мұздату аспаптарындағы тиісті климаттық жағдайларды компрессоры бар салқындату жүйесі қамтамасыз етеді (кейбір аспаптарда желдеткіш те болуы мүмкін). Компрессор жұмысы белгілі бір шу тудырады. Шу деңгейі аспапты орнатуға, дұрыс пайдалануға және қызмет ету мерзіміне байланысты болады.
-
Аспапты қосқаннан кейін компрессор жұмысы (сұйықтық шуылы) немесе хладагент қозғалысынан туындайтын шуыл әдеттегіден қаттырақ болады. Бұл ақаулық белгісі болып табылмайды және аспаптың қызмет ету мерзіміне әсер етпейді. Уақыт өткен сайын аспап жұмысы кезіндегі шу деңгейі төмендейді.
-
Кейде аспап жұмысы кезінде аспапқа тән емес әдеттегіден тыс немесе өте қатты шуыл пайда болады және ол дұрыс орнатпау салдары болып табылады:
-
Аспап қатты негізде тегіс және тұрақты тұруы тиіс;
-
Аспап көршілес тұрған заттар мен жиһаздардың қабырғасына тимеуі тиіс;
-
Ішкі жабдықтардың орнында тұрғандығын тексеріңіз. Темір банкалар, бөтелкелер, контейнерлер және басқа да ыдыстар бір біріне тиіп тұрған болуы мүмкін - оларды бір бірінен алыстатыңыз.
-
-
Егер тоңазытқыш есігін жиі ашатын болсаңыз, оны ұзақ уақыт бойы ашылған күйінде ұстап, балғын өнімдердің көп мөлшерін алыңыз немесе «Қарқынды салқындату» немесе «Жылдам мұздату» функциясын қоссаңыз, салқындату жүйесіне түсетін жүктеме артады және аспап бірақ уақыт бойы қатты дыбыс шығарып жұмыс жасауы мүмкін.
Ескертпелер
Біз аспаптың функционалдық сипаттамаларына әсер етпейтін өзгерістер енгізуге құқылымыз.