КІРІСТІРІЛЕТІН ДУХОВКАНЫ

Индукциялық панель

Сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз және жаңа аспабыңыз құтты болсын.

Аспапты қолдану ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін біз пайдалану жөніндегі толық нұсқаулықты дайындадық. Ол жаңа аспаппен жылдам танысып шығуға мүмкіндік береді.

Аспабыңызда бұзылулардың жоқ екендігін тексеріп алыңыз. Бұзылуларды анықтаған жағдайда аспапты сатып алған сауда ұйымына хабарласыңыз.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты біздің интернет сайтымыздан да таба аласыз:

www.gorenje.com / < http://www.gorenje.

Ақпарат, кеңес, көмек немесе ұсыныс

Қауіп туралы ескерту

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ: НҰСҚАУЛЫҚПЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ ОДАН АРЫ ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.

Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз! Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

ЕСКЕРТУ! Жұмыс барысында аспап және оның қол жетімді бөлшектері қатты қызады. Аса сақ болыңыз, ыстық бөлшектерге қолыңызды тигізбеңіз. Сегіз жасқа толмаған балалар тұрақты бақылауда болуы тиіс!

8 жасқа толмаған балалар аспапқа жақын жерде жүрмеуі немесе тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Аспапты тазалау үшін бумен тазалағыштарды және жоғары қысымды тазалағыштарды қолданбаңыз, өйткені бұл қысқаша тұйықталуға және электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.

Аспап сыртқы таймерге және қашықтықтан басқару блогына жалғауға арналмаған.

Стационарлы электр сымына электрлік монтаждау талаптарына сәйкес тұйықтайтын құрылғы кірістірілуі тиіс.

Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін байланыстыру кабелін ауыстыруды өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы немесе білікті маман ғана орындай алады (жалғау кабелімен жабдықталған модельдер үшін).

ЕСКЕРТУ! Егер пісіру бетінің әйнегі жарылса немесе сынса, электр тоғынан зақым алудың алдын алу үшін аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Конфоркалардың ауыстырып қосқыштарын жұмыс істемейтін күйге орнатыңыз, сақтандырғышты босатып алыңыз немесе аспаптың толықтай тоқсыздануы үшін үйдің немесе пәтердің электрлік щитіндегі қоректі өшіріңіз.

ЕСКЕРТУ! Май қолданып тағам дайындау барысын әрқашан қадағалаңыз, өйткені жану қауіпі бар. Егер өрт туындаса, жалынды сумен сөндірмеңіз. Аспапты сөндіріңіз, ыдысты қақпақпен немесе дымқыл сүлгімен жабыңыз.

ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар. Конфорканың үстінде ешнәрсе қалдыруға болмайды.

АБАЙЛАҢЫЗ: Ас әзірлеу процесін бақылау қажет. Қысқа мерзімді ас әзірлеу процесін үздіксіз бақылау қажет.

ЕСКЕРТУ! Аспап тағам дайындауға арналған. Оны басқа мақсаттарда қолданбаңыз, мысалы, бөлмені жылыту үшін. Бос ыдысты конфоркаларға қоймаңыз.

ЕСКЕРТУ! Аспапты өндіруші ұсынған, өндіруші аспаптың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында немесе аспап жиынтығында жеткізілетін нұсқаулықта ұсынған пісіру бетінің қорғау экранын қолданыңыз. Сәйкес келмейтін қорғау экранын қолдану жазатайым жағдайларға алып келуі мүмкін.

Индукциялық пісіру бетіне металл заттарды қоймаңыз, мысалы, табалар, қақпақ, асхана аспаптары, өйткені олар қатты қызып кетуі мүмкін.

Тағам дайындау аяқталған соң конфорканы басқару панелінің көмегімен сөндіріңіз. Ыдысты анықтау жүйесіне ғана сенім артуға болмайды.

Аспапты жалғауды тек білікті маман немесе авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Қалған қауіпсіздік шаралары

Аспап үй шаруашылығында қолдануға арналған. Оны басқа мақсаттарда қолданбаңыз, мысалы, бөлмені жылыту, үй жануарларын, қағаздарды, текстильді кептіру үшін, өйткені бұл жарақат алуға немесе өрттің туындауына алып келуі мүмкін.

Аспапты жалғауды тек білікті маман немесе авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Көршілес электр аспаптардың ыстық конфоркаларға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.

Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін байланыстыру кабелін ауыстыруды өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы немесе білікті маман ғана орындай алады.

Пісіру бетін жұмыс үстелі ретінде және заттарды сақтау үшін қолданбаңыз! Бұл аспаптың бүлінуіне және шыны керамикада сызаттардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Пісіру панелінде жұқа қабырғалы алюминий ыдыста, фольгада және пластикалық ыдыста дайындамаңыз. Бұл материалдар балқып кетуі мүмкін, бұл аспаптың сынуына және өрттің туындау қауіпіне алып келуі мүмкін!

Аспап астында тез жанатын заттарды сақтамаңыз, мысалы тазалау құралдары, жуу құралдары және аэрозольдар.

Бір дизайн-желі аясындағы аспаптар мен олардың бөлшектері түстері бойынша сәл ғана өзгеше болуы мүмкін, бұл түрлі параметрлерге негізделген болуы мүмкін, мысалы, көру бұрышының түрлілігі, фон, материалдар және бөлмені жарықтандыру.

Аспапты жалғар алдында

Аспапты жалғар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Аспапты дұрыс монтаждамауға, жалғамауға және қолданбауға байланысты ақаулықтарға кепілдік берілмейді.

Пісіру панелін орнату

vgradnja_30_BASIC_TI_2.0

30 см

vgradnja_60_BASIC_TI_2.0

60 cm

vgradnja_80_BASIC_TI_2.0

80 см

Аспапты асхана жиһазының элементіне қойып, электр желісіне жалғауды тек білікті маман ғана орындай алады.

Монтаждау процесі

postopek_vgradnje_BI

  • Қиманың жиектерін ылғал мен ластан қорғау үшін тиісті тәсілмен бітеу қажет.

  • Пісіру панелін электр желісіне жалғаңыз ("Пісіру панелін жалғау" бөлімін қараңыз).

  • Пісіру панелін монтаждалатын ойыққа орнатыңыз және үстіңгі тақтайға қысыңыз.

  • Шпон және асхана жиһазының аспап ішіне қондырылатын басқа да материалдары, жылуға төзімді болуы керек (100 °C), кері жағдайда материалдардың айтарлықтай төмен жылуға төзімділігі олардың деформациялануына және түсінің өзгеруіне алып келуі мүмкін

  • Пісіру бетінің артқы жағынан үстіңгі тақтайдың ағаш жиектемелерін қолдану кірістіру схемасында көрсетілген минималды рұқсат етілетін арақашықтық сақталған кезде ғана мүмкін болады.

Үстіңгі тақтай тегіс әрі горизонталь болуы тиіс.

BR_BI_Copreci_mere_napa_DN

  • Пісіру панелі ені 600 миллиметр және одан артық болатын асхана шкафының үстіңгі тақтайына кірістіруге арналған.

  • Асхана шкафтары пісіру бетінен тағам дайындау кезінде кедергі келтірмейтіндей биіктікке ілінуі тиіс.

  • Пісіру панелі мен сорғы арасындағы арақашықтық сорғыны монтаждау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілгеннен кем болуы тиіс. Минималды арақашықтық 500 миллиметр.

  • Пісіру панелінің жиегінен көршілес асхана шкафының қабырғасына дейінгі минималды арақашықтық 40 миллиметрді құрайды.

  • Пісіру панелі мен артындағы қабырға арасындағы минималды арақашықтық кірістіру схемасында көрсетілген.

Жәшігі бар асхана шкафы

element_vgradnja_BASIC_TI_2.0

  • Шкафтың артқы қабырғасында шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 140 миллиметрден кем емес желдету саңылауын жасау қажет. Шкафтың алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 4 миллиметрден кем емес желдету саңылауын жасау қажет.

  • Пісіру панелінің астында оның барлық ұзындығын бойлай горизонталь аралық қабат орнатылған. Аспаптың төменгі нүктесі мен аралық қабырға арасындағы 10 миллиметрден кем емес арақашықтық болуы керек.

  • Артқы бетінде жеткілікті желдету қамтамасыз етілуі тиіс.

  • Пісіру панелінің астындағы жәшікте алюминий фольганы және тез жанатын заттарды немесе сұйықтықтарды (мысалы, аэрозольдар) сақтамаңыз, сонымен қатар оларды пісіру панелінің жанына қоймаңыз. Жарылу қауіпі бар!

Духовка шкафы бар асхана шкафы

vgradnja_pečica_BASIC_TI

  • Пісіру панелінің астына салқындататын желдеткіштермен жабдықталған духовка шкафтарын орнатуға болады.

  • Духовка шкафын орнатар алдында монтаждау ойығының айналасындағы асхана шкафының артқы қабырғасын ағытып алу қажет.

  • Шкафтың алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 4 миллиметрден кем емес желдету саңылауын жасау қажет.

  • Индукциялық панельдің астына басқа аспаптарды орнату кезінде олардың дұрыс жұмыс жасауына кепілдік бермейміз.

Индукциялық пісіру панелінің электронды компоненттерінің сенімді жұмыс жасауы үшін жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету қажет.

Үстіңгі тақтаймен бір деңгейде монтаждау

vgradnjaFM_30_BASIC_TI_2.0

30 см

vgradnjaFM_60_BASIC_TI_2.0

60 cm

vgradnjaFM_80_BASIC_TI_2.0

80 см

FM_rob_pult

Үстел бетімен бір деңгейде монтаждау үшін қиғашталған жиектері мен декоративтік жиектемелері жоқ пісіру панельдері қолданылады.

Монтаждау процесі

  • Пісіру панелін табиғи тастан (мәрмәр, гранит) немесе ағаш массивінен (араланған қималарды герметикпен өңдеу қажет) жасалған ылғалға және жылуға төзімді беттерге ғана орнатуға болады.

  • Керамикалық, ағаш және әйнек беттерге кірістіру кезінде пісіру панелін ағаш жиектемеге орнату қажет. Ағаш жиектеме панелді жеткізу жиынтығына кірмейді. Пісіру панелін басқа материалдардан жасалған үстел беттеріне кірістіру үстел бетін өндіруші рұқсат еткен жағдайда ғана мүмкін болады.

  • Асхана шкафының ішкі өлшемі монтаждау ойығының ішкі өлшемдерінен кем болмауы тиіс. Бұл пісіру панелін кедергісіз монтаждау үшін қажет.

  • Пісіру панелінің төменгі бетіне нығыздағыш жабыстырыңыз.

vgradnja_plošče_v_pult_BASIC_TI

1. Алдымен байланыстыру кабелін монтаждау ойығына салыңыз.

2. Пісіру панелін монтаждау ойығының ортасына орнатыңыз.

3. Аспапты электр желісіне қосыңыз.

4. Герметик жабыстырмас бұрын аспап жұмысын тексеріңіз.

5. Пісіру панелі мен үстіңгі тақтай арасындағы саңылауды силикон герметикпен толтырыңыз. Силикон герметик жылуға төзімді болуы және 160°C кем емес температураға шыдауы тиіс.

6. Герметикті сәйкес келетін құралмен тегістеңіз. Герметик толықтай кеппейінше аспапты қоспаңыз.

kit_pind

1 Силикон герметик

2 Нығыздағыш лента

Табиғи тастан жасалған бет

Табиғи тастан жасалған беттерде монтаждау ойығының өлшемдерін аса мұқият ойластырыңыз. Кез келген тақтай үшін силикон герметикті таңдау кезінде оны өндірушіден кеңес алыңыз. Сәйкес келмейтін герметикті қолдану тақтайдың түсін өзгертуге алып келуі мүмкін.

pult kamen Copreci

1 Үстел беті

2 Аспап

3 Саңылау

Шыны керамикалық панел мен үстел бетіндегі ойық өлшемдерінде өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, саңылау ені түрленуі мүмкін (мин. 2 мм).

Керамикалық, ағаш немесе шыны бет

pult les Copreci

1 Үстел беті

2 Аспап

3 Саңылау

4 Қалыңдығы 16 мм ағаш жиектеме

Пісіру панелі мен үстел бетіндегі ойық өлшемдерінде өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, саңылау ені түрленуі мүмкін (мин. 2 мм).
Үстел бетінің жоғары жиегінен төмен қарай 5 миллиметр түсу арқылы ағаш жиектемені орнатыңыз (суретті қараңыз).

Шыны керамикалық панельдің радиусына (R10, R2) байланысты монтаждау ойығының бұрыштарындағы радиустарды сақтаңыз.

ӘЙНЕК

МОНТАЖДАУ ОЙЫҒЫ

R3_steklo_BASIC_TI_2.0

R6_izrez_BASIC_TI_2.0

Пісіру панелін демонтаждау

Пісіру панелін электр желісінен ажыратыңыз. Герметикті арнайы құрал көмегімен алыңыз. Пісіру панелін монтаждау ойығынан шығарып алу үшін оны итеріп жіберіңіз.

Пісіру панелін үстінен итеруге тырыспаңыз!

Сервис орталығы тек пісіру панелін жөндеумен және оған қызмет көрсетумен ғана шұғылданады. Пісіру панелін үстелдің бетімен теңдей кірістірер алдында асхана жиһазын жеткізушіден кеңес алыңыз.

Егер пісіру панелі үстіңгі тақтаймен бір деңгейде орнатылса және пісіру панелінің астына духовка шкафы орнатылса, онда үстіңгі тақтайдың қалыңдығы кемінде 45 миллиметрді құрайды.

Нығыздағышты жабыстыру

Аспапты үстіңгі тақтайға кірістірмес бұрын шыны керамикалық немесе шыны пісіру бетінің төменгі жағына жиынтықта бірге берілетін нығыздағышты жабыстыру қажет. Кейбір модельдер нығыздағышы орнатылған күйде жеткізіледі.

tesnilni_trak

1. Нығыздағыштың қорғаныс пленкасын алыңыз.

2. Нығыздағышты шыны керамиканың немесе шынының төменгі жағынан жиектерінен 2-3 миллиметр жылжи отырып жабыстырыңыз.

3. Нығыздағыш пісіру панелінің барлық периметріне жабыстырылуы және бұрыштарында бір біріне жабыспауы тиіс.

4. Нығыздағышты жабыстыру кезінде өткір заттардың шыны керамикаға/шыныға тиіп тұрмағанын қадағалаңыз (мысалы, нығыздағышты шыны керамиканың / шынының үстіне қойып кеспеңіз).

Аспапты нығыздағышсыз монтаждауға тыйым салынады!

Пісіру панелін электр желісіне жалғау

  • Электр желісіне жалғаудан қорғау қолданыстағы ескертпелерге сәйкес келуі тиіс.

  • Жалғар алдында зауыттық жапсырмада көрсетілген кернеудің желідегі нақты кернеуге сәйкес келетіндігін тексеріп алу қажет.

  • Электр сымдарда ажыратылған контакттар арасында барлық полюстерінде 3 миллиметрден кем емес арақашықтықта ажырату құрылғысын қарастыру қажет. Сақтандырғыштарды, тоқтың қорғайтын өшіргіштерін және т.б. қолдануға болады.

  • Жалғау сақтандырғыштардың мүмкіндіктерін және электр желісінің тоқ жүктемесін есепке алуы тиіс.

  • Жалғау сақтандырғыштардың мүмкіндіктерін және электр желісінің тоқ жүктемесін есепке алуы тиіс.

Аспапты электр желісіне жалғауды авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Аспапты дұрыс монтаждамауға және жалғамауға байланысты ақаулықтарға кепілдік берілмейді. Кез келген әрекетті бастамас бұрын аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Байланыстыратын кабель

(қорек кабелі жоқ модельдер)

BR_votlica_nova_6
* Құбырлы кеңестер жеткізу өлеміне кірмейді

Электр сымын кеңестердi (шеткі ұстатқыштарды) пайдалануды ұсынамыз.

  • Жалғау үшін келесілер қолданыла алады: Сары-жасыл қорғайтын өткізгіші бар H05V2V2-F типті ПВХ оқшаулағышы бар байланыстыру кабельдері немесе сипаттамалары бірдей немесе одан да жақсы басқа да кабельдер.

  • Кабельдің сыртқы диаметрі кемінде 8,0 миллиметр болуы тиіс.

  • Байланыстырғыш кабельді міндетті түрде кабельдің шектен тыс тартылуының алдын алатын қысқыш арқылы өткізіңіз.

Құралды электр желісіне қосу

Ені 60 см, 80 cм плитаны қосу
BR_sponka2_60
1. Терминал қорапшасының қақпағын ашыңыз.
2. Сымдарды құрал түріне сәйкес қосыңыз. Секіргіштер терминалдық қорапта орналасқан.
3. Кабельдің шамадан тыс тартылуын болдырмау үшін қосқыш кабельді қысқыш арқылы өткізіңіз.

Жалғау схемасы

shema_1F

Бір фазалы қосылу (32 A)

  • 1 фаза (1 1N, 220-240 В~ / 50/60 Гц)

    • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~. 1 және 2 клеммалары және 4 және 5 клеммалары арасына түйіспе орнатыңыз.

    • 32 А кем емес сақтандырғыш орнатыңыз. Кабель қимасының ауданы 4 мм² кем болмауы тиіс емес.

shema_2F_380

Қос фазалы қосылу (16 A)

  • 2 фаза, 1 нейтраль (2 1N, 380-415 В~ / 50-60 Гц)

    • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~. 380-415 В~ фазалары арасындағы кернеу. Түйіспені 4 және 5 клеммаларының арасына орнатыңыз. Әр қайсысына кемінде 16 А кемінде екі сақтандырғыш орнатыңыз. Кабель қимасының ауданы 1,5 мм² кем болмауы тиіс.

shema_2F_220

  • 2 фаза, 2 нейтраль (2 2N, 220-240 В 2 2N ~ / 50/60 Гц)

    • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~.

    • Әр қайсысына кемінде 16 А кемінде екі сақтандырғыш орнатыңыз. Кабель қимасының ауданы 1,5 мм² кем болмауы тиіс.

Тек Нидерланд үшін!

Бекітілген терминал қосылымы немесе қуат розеткасы арқылы кабельді қосу.
(кабелі бар құрылғы)

  • Плитаны электр желісіне бекітілген терминал қосылымы немесе розетка арқылы қосу керек.

  • Электр желісінен ажырату құрылғылары қолданыстағы нормативтерге сай келуі тиіс.

  • Кабельді ұзартпаңыз және оны өткір жиектер арқылы майыстырмаңыз.

  • Егер аспап духовканың астына орнатылған болса, кабельдің духовканың ыстық беттерге тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Бір фазалы қосылу

Екі фазалы қосылу

BR_ABC_60A

BR_ABC_60B

BR_ABC_60C

L, L1 = қоңыр

L2 = қара

N, N1 = сұр

zemlja_ikona= сары-жасыл

BR_ABC_60skupaj

Бір фазалы қосылу

Екі фазалы қосылу

Плитаны A диаграммасында көрсетілгендей қосыңыз. Егер желіңізде 32А сақтандырғыш болмаса, құрылғының қуатын тиісінше азайтуыңыз немесе шектеуіңіз керек.

Егер 1 нейтралы бар 2 фазалы желіңіз болса, аспапты В схемасында көрсетілгендей етіп жалғаңыз.

Егер 2 нейтралы бар 2 фазалы желіңіз болса, аспапты С схемасында көрсетілгендей етіп жалғаңыз.

Тек Нидерланд үшін!

Ені 30 см плитаны қосу
BR_sponka2_30
1. Терминал қорапшасының қақпағын ашыңыз.
2. Сымдарды құрылғы түріне қарай жалғаңыз.
3. Кабельдің шамадан тыс тартылуын болдырмау үшін қосқыш кабельді қысқыш арқылы өткізіңіз.

Жалғау схемасы

Бекітілген терминал қосылымы немесе қуат розеткасы арқылы кабельді қосу
(кабелі бар құрылғы)

shema_30_BR

BR_ABC_30A

L = қоңыр

N = көк

zemlja_ikona= сары-жасыл

BR_ABC_30skupaj

Кемінде 16 А сақтандырғышты орнатыңыз. Ені 30 сантиметр (екі оттығы бар) құрылғылар бір фазалы қосылымға арналған терминал блогымен жабдықталған. Кабельдің көлденең қимасының ауданы кемінде 1,5 мм² болуы керек!

Бір фазалы қосылу
Аспапты А схемасында көрсетілгендей етіп жалғаңыз. Егер желіңізде 16 А сақтандырғыш орнатылмаған болса, тиісті тәсілмен аспаптың қуатын азайту немесе шектеу қажет.
Пайдаланушы баптаулары бөлімін қараңыз.

Аспап сипаттамасы

Аспап функциялары мен жабдықтары моделіне байланысты әртүрлі болады.

opis_aparata_BASIC_TI_GOR

1. Индукциялық конфорка ø 230 мм

2. Индукциялық конфорка ø 180 мм

3. Индукциялық конфорка ø 145 мм

4. Басқару панелі

Алғаш пайдаланбас бұрын

Пісіру бетін ыдысты қолмен жууға арналған құралдың аз ғана мөлшері қосылған суға малынған дымқыл матамен тазалаңыз.
Пісіру панелі алғаш жұмыс жасаған кезде жаңа аспапқа тән иіс шығуы мүмкін, ол уақыт өткен сайын жойылады.

Пісіру бетін басқару

Басқару панелі

upravljalna_enota_BASIC_TI_GOR

simbol_1_GOR

Пісіру панелін қосу/өшіру

Пісіру панелін қосу немесе өшіру үшін сенсорды басыңыз.

ključek_BASIC_TI_2.0

Балалардан қорғайтын блоктау

Пісіру панелінің блогын қосу және өшіру

plus_BASIC_TI_2.0

Қыздыру дәрежесін арттыру сенсоры

Конфорканы қосу немесе қыздыру дәрежесін арттыру:

  • сенсорды басыңыз, 9-қыздыру дәрежесі орнатылады.

  • бір рет басу қыздыру дәрежесін бір деңгейге арттырады,

  • қыздыру дәрежесін жылдам орнату немесе арттыру үшін сенсорды басып, ұстап тұрыңыз.

minus_BASIC_TI_2.0

Қыздыру дәрежесін азайту сенсоры

Конфорканы өшіру немесе қыздыру дәрежесін азайту:

  • сенсорды басыңыз, 4-қыздыру дәрежесі орнатылады.

  • бір рет басу қыздыру дәрежесін бір деңгейге азайтады,

  • қыздыру дәрежесін жылдам орнату немесе азайту үшін сенсорды басып, ұстап тұрыңыз.

  • Сенсорды басыңыз, ұстап тұрыңыз немесе бірнеше рет басыңыз, конфорка өшеді.

digit_8_BASIC_TI_2.0

Қыздыру дәрежесінің дисплейі

Конфорканы қыздырудың ағымдағы дәрежесін көрсету.

simbol_6_GOR

Духовканың жұмыс жасау уақытын бағдарламалау

Таймерді баптау:

  • хабарлау таймері барлық пісіру панеліне қатысты және конфоркаларды өшірмейді,

  • өшіру таймері белгілі бір конфоркаға тіркелген және тағайындалған уақыт өткен соң оны өшіріп тастайды.

osvetlitev_BASIC_TI_2.0

Таймер индикаторы

Таңдалған конфорканы көрсетеді

Пісіру панелін қосу

vklop_kuhališča_BASIC_TI_2.0

1 Пісіру панелін қосу үшін simbol_8_GOR батырмасын басыңыз.

2 Ыдысты конфоркаға қойыңыз.

3 Барлық конфоркалардың дисплейлерінде digit_0_BASIC_TI_2.0 көрсетіледі және қысқа дыбысты сигнал беріледі.

Егер одан ары орнатулар жүргізбесеңіз, пісіру панелі 10 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.

Конфоркаларды қосу

vklop_kuhalnega_polja_BASIC_TI_2.0

1. Таңдалған конфорканың plus_BASIC_TI_2.0батырмасын басыңыз. Конфорка дисплейі жанады.

2. minus_BASIC_TI_2.0немесеplus_BASIC_TI_2.0батырмаларының көмегімен конфорканы қыздыру дәрежесін таңдаңыз.

3. Конфорка қосылды.

4. Егер конфорка ыдысты анықтамаса, конфорка дисплейінде ikona_U_podcrtano көрсетіледі. Егер 2 минут ішінде конфоркаға ыдыс қойылмаса, конфорка өшеді.

Конфорка жұмысы кезінде қыздыру дәрежесін minus_BASIC_TI_2.0немесеplus_BASIC_TI_2.0батырмаларының көмегімен өзгертуге болады.

Қыздырудың біріктірілген аймағы

(моделіне байланысты)

  • Пісіру панелінің кейбір модельдері сол жақта орналасқан екі конфорканы үлкен қыздыру аймағына біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл сопақ ыдыстарды немесе грильге арналған пластинаны қолдануға мүмкіндік береді. Ыдыс немесе пластина біріктірілетін конфоркалардың ортасын жауып тұруы тиіс.

  • Ыдыстың максималды өлшемі — 40х25 сантиметр. Жылуды бірқалыпты тарату үшін қалың түбі бар ыдысты қолдану ұсынылады. Дайындау кезінде ыдыс қатты қызады. Күю қауіпі бар!

  • Ыдысты орналастыру кезінде оның басқа панелін жауып тұрмауын қадағалаңыз.

Ыдыс конфорканың ортасын жауып тұруы тиіс!

bridge_BASIC_T_GOR

1. Пісіру панелін қосыңыз.

2. Бір уақытта minus_BASIC_TI_2.0жәнеplus_BASIC_TI_2.0батырмаларын басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Артқы конфорканың дисплейінде конфоркалардың біріктіру режимінде жұмыс жасап тұрғанын көрсететін simbol_22символы көрсетіледі.

3. Біріктірілген аймақтың қуатын орнатыңыз.

4. Біріктірілген аймақты қыздыру қуатын 0-ге орнатыңыз. simbol_22 белгісі сөнеді және қыздыру тоқтатылады.

5. Енді конфоркалар бір біріне тәуелсіз жұмыс жасай алады.

Дайындау автоматикасы

Конфоркалардың барлығы таңдалған қыздыру дәрежесіне қарамастан дайындауды бастар алдында тағамды жылдам қыздыру үшін қыздырудың максималды дәрежесін орнататын арнайы функциямен жабдықталған. Біраз уақыт өткен соң конфорканы қыздыру қуаты негізгі дайындаудың алдын ала орнатылған қыздыру дәрежесіне автоматты түрде оралады. Функцияны 9 бен Р режимінен басқа, кез келген конфоркада қыздырудың кез келген дәрежесінде қосуға болады.

«Дайындау автоматикасы» функциясы дайындауды бастаған кезде максималды қуатпен қыздыру, содан соң ұзақ уақыт бойы пісуге қалдырылатын тағамдарға арналған.

«Дайындау автоматикасы» функциясы жиі төңкеріп тұру, араластыру немесе үстіне су құйып тұру қажет қуырылған және бұқтырылған тағамдарды, жылдам пісіргіште ұзақ уақыт бойы дайындалатын тағамдарды пісіруге арналмаған.

avtomatika_BASIC_TI_2.0

1. Пісіру панелін қосыңыз.

2. Ыдысты конфоркаға қойыңыз.

3. Қысқа дыбысты сигнал берілмейінше, plus_BASIC_TI_2.0батырмасын басыңыз және шамамен 3 секунд ұстап тұрыңыз. Дисплейдеdigit_A_BASIC_TI_2.0жәнеdigit_9_BASIC_TI_2.0кезекпен жыпылықтай бастайды.

4. minus_BASIC_TI_2.0жәнеplus_BASIC_TI_2.0сенсорларымен негізгі дайындаудың қыздыру дәрежесін орнатыңыз. Орнатқаннан кейін 5 секунд өткен соң функция қысқа дыбысты сигналмен автоматты түрде расталады. Егерdigit_9_BASIC_TI_2.0немесеdigit_0_BASIC_TI_2.0сенсорларының көмегімен негізгі дайындаудың қыздыру дәрежесі орнатылса, функция өшеді.

5. Қыздыру дәрежесінің дисплейіндеdigit_A_BASIC_TI_2.0сенсорлары және таңдалған қыздыру дәрежесі кезекпен жыпылықтайды.

6. Қыздырудың максималды дәрежесімен жұмыс жасау уақыты аяқталғаннан кейін конфорка негізгі дайындауды қыздыру дәрежесіне автоматты түрде ауысады, ол дисплейде тұрақты көрсетіліп тұрады.

7. «Дайындау автоматикасы» функциясын өшіру үшін minus_BASIC_TI_2.0жәнеplus_BASIC_TI_2.0сенсорын басыңыз немесе конфорканы қыздыру дәрежесін азайтыңыз. Содан соң қыздырудың жаңа дәрежесін орнатуға болады.

Дайындау автоматикасы кестесі

Негізгі дайындауды қыздыру дәрежесі

1

2

3

4

5

6

7

8

Макс. қуат кезінде қыздыру уақыты, секунд.

40

70

120

180

260

430

120

195

Power Boost максималды қыздыру қуаты режимі

(моделіне байланысты)

Жылдам дайындау үшін конфоркалар Power Boost режимімен жабдықталған, ол қосымша қуаттың көмегімен тағамның көп мөлшерін жылдам қыздыруға мүмкіндік береді. Power Boost режимінде конфорка 10 минут бойы жұмыс жасайды және содан соң 9-қыздыру дәрежесіне автоматты түрде ауысады. Power Boost режимін пісіру панелі қызып кетпейді деген шартпен қайта қосуға болады. Қызып кетудің алдын алу үшін электроника Power Boost режимін автоматты түрде өшіреді және қыздыру дәрежесі 9 дейін төмендейді.

power_boost_BASIC_TI_2.0

1. Пісіру панелін қосыңыз.

2. Ыдысты конфоркаға қойыңыз.

3. digit_9_BASIC_TI_2.0 қыздыру дәрежесін орнатыңыз, содан соң plus_BASIC_TI_2.0сенсорын басыңыз.

4. Дисплейде digit_P_BASIC_TI_2.0символы жанады. Режим қосылады.

5. Режимді өшіру үшін minus_BASIC_TI_2.0сенсорын басыңыз. Максималды қуат режимі өшеді, digit_9_BASIC_TI_2.0қыздыру дәрежесі орнатылады.

6. minus_BASIC_TI_2.0сенсорымен қыздырудың қажетті дәрежесін орнатыңыз.

Балалардан қорғайтын блоктау

Қорғайтын блоктау пісіру панелін кездейсоқ қосудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Пісіру панелі сөндірілуі немесе күту режимінде тұруы тиіс.

otroška_zaščita_BASIC_TI_2.0

1. simbol_8_GORсенсорын басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Конфоркаларды қыздыру дәрежесінің дисплейлеріндеdigit_0_BASIC_TI_2.0көрсетіледі.

2. Таймер дисплейіндеdigit_Lo_BASIC_TI_2.0көрсетіледі

3. Пісіру панелі блокталған.

4. 5 секунд өткен соң панель автоматты түрде сөнеді және күту режиміне ауысады.

5. simbol_8_GORсенсорын басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз, пісіру панелінің блогы ашылады.

Егер пайдаланушы баптауларында автоматты түрде блоктау функциясы қосылған болса («Пайдаланушы баптаулары», digit_Lo_BASIC_TI_2.0параметрі бөлімін қараңыз), әр сөндіргеннен кейін пісіру панелі автоматты түрде блокталады.

Қорғайтын блоктауды пісіру панелінің кездейсоқ қосылып кетуінің алдын алу үшін оны тазалар алдында іске қосып алуға болады.

Духовканың жұмыс жасау уақытын бағдарламалау

Таймер екі режимде жұмыс жасай алады.

časovne_funkcije_BASIC_TI_GOR

1 Хабарлау таймері барлық пісіру панеліне қатысты. Ол орнатылған уақыттың өткендігін дыбысты сигналмен хабарлайды және конфоркаларды сөндірмейді.

2 Өшіру таймері белгілі бір конфоркаға тіркелген. Өшіру таймерін әр конфорка үшін тәуелсіз орнатуға болады. Бекітілген уақыт өткеннен кейін конфорка автоматты түрде сөнеді.

1 Хабарлау таймері

Хабарлау таймері тәуелсіз жұмыс жасайды және конфоркалар жұмысына қатысы жоқ. Егер пісіру панелін сөндірсе, хабарлау таймері уақытты санауды жалғастырады. Таймерді пісіру панелі қосылып тұрған кезде ғана өшіруге болады.

1. Таймерді қосу үшінsimbol_6_GORсенсорын басыңыз. Таймер дисплейіндеdigit_00_BASIC_TI_2.0көрсетіледі

2. minus_BASIC_TI_2.0жәнеplus_BASIC_TI_2.0сенсорларымен 1 - 99 минут аралығындағы диапазондағы уақытты орнатыңыз. Егер бірден minus_BASIC_TI_2.0сенсорын басса, уақыт дисплейінде 90 минут көрсетіледі.

3. Орнатылған уақыт өткен соң дыбысты сигнал беріледі.

4. Кез келген сенсорды басу арқылы дыбысты сигналды өшіруге болады.

5. Егер пісіру панелін сөндірсе, хабарлау таймері уақытты санауды жалғастырады.

6. Соңғы минутты санау кезінде қалған уақыт секундпен көрсетіледі.

2 Сөндіру таймері

Өшіру таймері қыздыру дәрежесі орнатылып қойған конфоркалардың жұмысының ұзақтығын орнатуға мүмкіндік береді

Өшіру таймерін әр конфорка үшін тәуелсіз орнатуға болады.
Өшіру таймерін тек белсенді конфорка үшін ғана орнатуға болады.

1. Таймерді қосу үшінsimbol_6_GORсенсорын басыңыз. Таймер дисплейіндеdigit_00_BASIC_TI_2.0көрсетіледі

2. simbol_6_GORсенсорын қайта басыңыз, бір немесе бірнеше таңдалған конфорканы көрсететін osvetlitev_BASIC_TI_2.0сенсоры жыпылықтай бастайды.

3. minus_BASIC_TI_2.0жәнеplus_BASIC_TI_2.0сенсорларымен 1 - 99 минут аралығындағы диапазондағы уақытты орнатыңыз. Уақытты санау басталады.

4. Таймердің уақыты өткеннен кейін дыбысты сигнал беріледі және конфоркалар сөнеді. Дисплейдеdigit_00_BASIC_TI_2.0мәні жыпылықтай бастайды.

5. Дыбысты сигналды сөндіру үшін кез келген сенсорды басыңыз немесе дыбысты сигнал біраз уақыт өткен соң автоматты түрде сөнеді.

6. Таймерді жою үшінsimbol_6_GORсенсорымен қажетті конфорканың таймерін таңдаңыз . Орнатылған уақыт көрсетіледі және simbol_6_GORжәнеosvetlitev_BASIC_TI_2.0сенсорлары жыпылықтайды. minus_BASIC_TI_2.0сенсорымен digit_00_BASIC_TI_2.0мәнін орнатыңыз немесе таймер уақытын жылдам әдепкі қалпына келтіру үшін minus_BASIC_TI_2.0жәнеplus_BASIC_TI_2.0сенсорларын бір уақытта басыңыз.

Өшіру таймерінің уақытын кез-келген сәтте өзгертуге болады.

Қалдық жылу индикаторлары

Пісіру панелі digit_H_BASIC_TI_2.0қалдық жылу индикаторымен жабдықталған. Конфорка тікелей емес, ыдыс түбіндегі жылу есебінен қызады. Панелді сөндіргеннен кейін digit_H_BASIC_TI_2.0индикаторы жанып тұрған кезде дайын тағамның температурасын ұстап тұру немесе еріту үшін қалдық жылуды қолдана аласыз. digit_H_BASIC_TI_2.0индикациясы сөнгеннен кейін конфорка ыстық күйінде қалуы мүмкін.

Абай болыңыз: күю қауіпі бар!

Жұмыс ұзақтығын шектеу

Қосымша қауіпсіздік үшін аспап әр жеке конфорка үшін жұмыс уақытын шектегішпен жабдықталған.

Қорғалған сөндіруді іске қосу уақыты конфоркадағы соңғы орнатылған қыздыру дәрежесіне байланысты болады. Егер қыздыру дәрежесі ұзақ уақыт бойы өзгертілмеген болса, конфорка белгілі бір уақыттан кейін автоматты түрде сөнеді (төмендегі кестені қараңыз).

Қыздыру дәрежесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

P*

Максималды жұмыс уақыты, с

8

8

6

6

4

4

2

2

1,5

1,5

*10 минут өткен соң қыздыру дәрежесі автоматты түрде 9-ға дейін төмендейді, 1,5 сағат өткен соң конфорка өшеді.

Қызып кетуден қорғау

Индукциялық пісіру панелі дайындау барысында электронды компоненттерді салқындатып тұратын салқындату желдеткішімен жабдықталған. Желдеткіш дайындау аяқталғаннан кейін біраз уақыт жұмыс жасауы мүмкін.
Индукциялық пісіру панелі электронды модульді бұзылулардан қорғайтын қызып кетуден кірістірілген қорғаныспен жабдықталған. Қорғау жүйесі бірнеше деңгейде әрекет етеді. Егер конфорка температурасы қатты жоғарыласа, конфорканы қыздыру дәрежесі төмендейді. Егер бұл жеткіліксіз болса, конфоркаларды қыздыру дәрежесі қосымша төмендейді немесе оларды қорғау жүйесі толықтай өшіреді. Панель суығаннан кейін ол қайтадан жұмысқа толықтай дайын.

Автоматты түрде сөндіру

Егер дайындау кезінде сенсорларға ұзақ уақыт бойы әсер етілсе (басқару панеліне сұйықтық төгілген немесе үстінде бір зат жатыр), 10 секундтан кейін конфоркалардың барлығы автоматты түрде өшеді.

samodejni_izklop_BASIC_TI_2.0

1. ДисплейдеDSI_samodejniizklop_ikonaжыпылықтайды.

2. Қыздыру дәрежесінің баптауларын сақтау үшін 5 секунд ішінде басқару панелінің сенсорларындағы затты алып тастаңыз немесе сұйықтықты сүртіңіз. Егер 10 секунд ішінде затты жинап немесе сұйықтықты сүртіп алмаса, пісіру панелі автоматты түрде сөнеді.

Конфорканы сөндіру

Конфорканы өшіру үшін minus_BASIC_TI_2.0сенсорымен digit_0_BASIC_TI_2.0мәнін орнатыңыз. Конфорканы жылдам өшіру үшін minus_BASIC_TI_2.0жәнеplus_BASIC_TI_2.0сенсорларын бір уақытта басып, ұстап тұрыңыз. Қысқа дыбысты сигнал беріледі және дисплейде digit_0_BASIC_TI_2.0көрсетіледі.

Егер конфоркалардың барлығында digit_0_BASIC_TI_2.0қыздыру дәрежесі орнатылған болса, пісіру панелі 10 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.

Пісіру панелін сөндіру

Пісіру панелін simbol_8_GORсенсорын басу арқылы кез келген сәтте өшіруге болады.

Пайдаланушы баптаулары

Дыбысты сигналдың және автоматты блоктаудың пайдаланушы баптаулары

Дыбысты сигналдың дыбыс деңгейінің және ұзақтығының баптауларын, автоматты түрде блоктау баптауларын өзгерте, сонымен қатар пісіру панелінің тұтынылатын қуатын шектей аласыз.

Uo: Дыбысты сигналдың дыбыс деңгейі
So: Хабарлау кезіндегі дыбысты сигналдың ұзақтығы
Lo: Автоматты блоктау
Po: Пісіру панелінің тұтынатын қуатын шектеу

uporabnikove_nastavitve_BASIC_TI_GOR

1. Пісіру панелі қосылып тұрған кезде пайдаланушы баптауларының мәзіріне кіру үшін simbol_6_GORсенсорын басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз.

2. Таймер дисплейінде дыбысты сигналдың дыбыс деңгейін білдіретін бірінші параметр digit_Uo_BASIC_TI_2.0 көрсетіледі.

3. minus_BASIC_TI_2.0жәнеplus_BASIC_TI_2.0уақытты орнату сенсорларымен параметрді таңдаңыз.

4. Параметрлерді баптау алдыңғы сол жақ конфоркада жүргізіледі.

5. Сол жақ конфоркалардың қыздыру дәрежесінің дисплейлерінде параметрдің ағымдағы мәні көрсетіледі. Конфорканың minus_BASIC_TI_2.0жәнеplus_BASIC_TI_2.0сенсорларымен параметр мәнін таңдаңыз.

6. simbol_6_GORсенсорын басып, 2 секунд ұстап тұру арқылы барлық параметрлерді растауға және сақтауға болады.

7. Қысқа дыбысты сигнал беріледі.

8. Егер жаңа баптауларды сақтағыңыз келмесе, simbol_8_GORсенсорын басу арқылы пайдаланушы баптаулары мәзірінен шығыңыз немесе мәзір 2 минуттан кейін автоматты түрде жабылады.

Дыбысты сигналдың дыбыс деңгейі — Uo

Uo_BASIC_TI_2.0

Ықтимал баптаулар:

Дисплейде 0 = сөндірілген (хабарлама мен қате туралы сигналдан басқа)

Дисплейде 1 = минималды дыбыс деңгейі

Дисплейде 2 = қалыпты дыбыс деңгейі

Дисплейде 3 = максималды дыбыс деңгейі (әдепкі қалпы бойынша)

Дыбыс деңгейін өзгерту кезінде тиісті дыбыс деңгейінің қысқа дыбысты сигналы беріледі.

Хабарлау кезіндегі дыбысты сигналдың ұзақтығы — So

So_BASIC_TI_2.0

Ықтимал баптаулар:

дисплейде 0.5 = 5 секунд

Дисплейде 1 = 1 минут

Дисплейде 2 = 2 минут (әдепкі қалпы бойынша)

Автоматты блоктау — Lo

Lo_BASIC_TI_2.0

Егер пайдаланушы баптауларында автоматты түрде блоктау функциясы қосылған болса, әр сөндіргеннен кейін пісіру панелі автоматты түрде блокталады.

Дисплейде 0 = сөндірілген (әдепкі қалпы бойынша)

Дисплейде 1 = қосылған

Тұтынылатын қуатты басқару
(моделіне байланысты)

Индукциялық пісіру панелі тиімді жұмыс жасау және тағамды дайындаудың ыңғайлы болуы үшін тұтынылатын қуатты реттеуге мүмкіндік береді. Бұл жекелеген конфоркалар арасында қуатты таратуды бақылай алатыныңызды білдіреді.

Пісіру панелінің тұтынатын қуатын шектеу — Ро

Бұл мәзірге аспапты электр желісіне жалғағаннан кейін 2 минут ішінде кіруге болады.
Бұл уақытта басқа параметрлерді баптау мүмкін емес.

Po_BASIC_TI_2.0

Үй шаруашылығыңыздағы қорек тогының күшіне байланысты пісіру панелінің тұтынылатын қуатына келесі баптауларды қолдануға болады:

дисплейде 7.2 = 7,2 кВт = 2 x 16 A

дисплейде 6.0 = 6,0 кВт = 2 x 16 A

дисплейде 3.6 = 3,6 кВт = 1 x 16 A

дисплейде 2.8 = 2,8 кВт = 1 x 13 A

дисплейде 2.3 = 2,3 кВт = 1 x 10 A

Шектелген қуат режимінде конфоркаларды қыздыру дәрежесі және соның салдарынан қыздыру қуаты шектеледі. Аспап қуатты шектеудің конфоркалар жұмысына минималды әсер етуін қамтамасыз ететін қоректі басқару жүйесімен жабдықталған.

Кеңестер мен ұсыныстар

Пісіру беті

  • Шыны керамика температураның ауытқуына төзімді.

  • Пісіру панелін жұмыс үстелі ретінде қолданбаңыз. Өткір заттар оның бетіне сызат түсіруі мүмкін.

  • Пісіру панелін жұмыс үстелі ретінде қолданбаңыз. Өткір заттар оның бетінде сызаттар қалдыруы мүмкін. Жарылып кеткен және сынған пісіру бетін қолданбаңыз. Шыны керамика нақты соққыларға төзімсіз, сондықтан оның үстіне қатты және өткір заттардың құламауын қадағалаңыз, өйткені олар шыны керамиканы бүлдіруі мүмкін.

  • Сызаттарды анықтаған кезде аспап қосылып тұрған сақтандырғышты өшіру арқылы аспапты тез арада электр желісіне ажыратып, сервис орталығына хабарласыңыз.

  • Ыдысты конфоркаға қояр алдында жылудың жақсы берілуін қамтамасыз ету және конфорканың бүлінуінің алдын алу үшін ыдыс түбін және конфорканың өзін құрғатып сүртіңіз.

  • Конфоркаға бос ыдысты қоймаңыз, өйткені бұл оның бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Қант және тәтті тағамдар шыны керамикалық бетті қатты бүлдіруі мүмкін, сондықтан беттердің бүлінуінің алдын алу үшін пісіру беті әлі суымаса да, ласты тез арада қырғышпен тазалап алыңыз.

Ыстық шыны керамикалық бетті тазалау құралдарымен тазаламаңыз, бұл оның бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Индукциялық конфоркалардың жұмыс жасау принципі

Индукциялық пісіру панелінде дайындау әдеттегі аспаптарда дайындауға қарағанда өзгеше болады. Оның жұмыс жасау принципі магнитті өріс көмегімен жылу шығаруға негізделген. Сондықтан индукциялық дайындау үшін арнайы ыдыс талап етіледі.

posoda_1_ei_brez_ure

Пісіру беті тиімділігі жоғары индукциялық конфоркалармен жабдықталған. Жылу конфоркаларды аралық қыздырусыз тікелей ыдыс түбінде түзіледі. Осылайша, электр энергиясын тұтыну сәулелену принципі бойынша жұмыс жасайтын әдеттегі қыздыру элементтерімен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Шыны керамикалық конфорка тікелей емес, ыдыс түбіндегі жылу есебінен қызады. Сөндіргеннен кейін digit_H_BASIC_TI_2.0қалдық жылу индикаторы конфорканың әлі де ыстық екені туралы хабарлайды.

Индукциялық конфорканың жұмыс жасау принципі мынадай: шыны керамикалық бет астында ауыспалы электр магнитті өріс тудыратын индукциялық катушка орналасқан, нәтижесінде ыдыс түбінде ток индукцияланады, бұл қызуға алып келеді.

Индукциялық пісіру бетінде дайындау сәйкес келетін ыдысты қолданған жағдайда ғана мүмкін болады.

Ыдыс

gor_ind_potmagnet

Ыдыстың жарамдылығын магнит көмегімен өз бетіңізше тексеруге болады. Егер магнит ыдыс түбіне тартылса, ол жарамды болып табылады.

posoda_4

Дайындау кезінде ыдысты конфорканың ортасына орнатыңыз.

posoda_3

Дайындаудың ең жақсы нәтижесіне қол жеткізу үшін ыдыс түбіндегі ферромагнитті бөлік конфорка өлшеміне сәйкес келуі тиіс. Егер конфорка ыдысты анықтамаса, ыдысты диаметрі кішкене конфоркаға қойып көріңіз.

Сәйкес келетін ыдыс

Сәйкес келмейтін ыдыс

болат ыдыс

шыны ыдыс

эмальданған болат ыдыс

түбі мыс қосынды болат ыдыс

шойын ыдыс

түбі алюминий қосынды болат ыдыс

  • Жылдам пісіргіште дайындау кезінде тиісті қысымға қол жеткізбейінше, дайындау процесін тұрақты бақылап отырыңыз. Алдымен конфорка максималды қуатпен жұмыс жасауы тиіс, содан соң жылдам пісіргішті өндіруші ұсыныстарын сақтай отырып, конфорканы қыздыру дәрежесін ақырындап төмендетіңіз.

  • Ыдыста әрқашан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің болуын қадағалаңыз. Бос ыдысты қыздыру салдарынан пісіру беті қызып кетуі мүмкін, нәтижесінде ыдыс және пісіру бетінің өзі бүлінеді.

  • Кейбір ыдыстардың түптері толықтай ферромагнитті емес. Бұл жағдайда тек магнитті бөлігі ғана қызады, қалған түбі қызбайды.

  • Арнайы ыдысты қолдану кезінде осы ыдысты өндірушінің ұсыныстарын орындаңыз.

Конфоркалар

Ыдыс түбінің минималды диаметрі

Ø 145 мм

Ø 90 mm

Ø 180 mm

Ø 110 mm

Ø 230 mm

Ø 110 mm

Ыдыс түбі тегіс әрі жазық болуы тиіс.

.mere

Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер

  • Ыдысты сатып алу кезінде өндірушінің әдетте ыдыс диаметрін жоғарғы жиегі немесе қақпағы бойынша көрсететіндігіне назар аударыңыз, ол әдетте түбінің диаметрінен үлкен болады.

  • Ұзақ уақыт бойы пісіруді қажет ететін тағамдары жылдам пісіргіште дайындаңыз. Жылдам пісіретін және қарапайым ыдыста әрқашан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің болуын қадағалаңыз. Бос ыдысты қыздыру салдарынан пісіру беті қызып кетуі мүмкін, нәтижесінде ыдыс және пісіру бетінің өзі бүлінеді.

  • Егер тағамды дайындау рецепті мүмкіндік берсе, ыдыстың қақпағын жабыңыз. Қақпақ өлшемі бойынша ыдысқа сәйкес келуі тиіс. Ыдыс дайындалатын тағам мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Үлкен ыдыста аз ғана тағамды дайындау электр энергиясын шығындауға алып келеді.

  • Егер қосылып тұрған конфоркада ыдыс болмаса немесе диаметрі өте кішкентай ыдыс орнатылса, энергия берілмейді.

  • Егер ыдыс түбінің диаметрі өте кішкене болса, конфорка ыдысты анықтай алмауы мүмкін. Егер конфорка қосылған болса, оның дисплейінде ikona_U_podcrtano символы мен қыздырудың орнатылған дәрежесі кезекпен жанады. Егер қосудан және қыздыру дәрежесін орнатудан кейін 1 минут ішінде конфоркаға сай келетін ыдысты қойса, конфорка бекітілген қуатпен жұмыс жасай бастайды. Егер ыдысты конфоркадан алса, энергия беру тоқтатылады.

  • Егер түбінің диаметрі, бірақ конфорка анықтай алатын кішкене ыдыс қолданатын болсаңыз, пісіру беті осы өлшемдегі ыдыста пісіру үшін қажетті энергияны береді.

Тазалау және қызмет көрсету

Шыны керамикалық бетті әр қолданып болғаннан кейін тазалаңыз (суығанға дейін күтіңіз!), әйтпесе сәл ғана ластың өзі келесі қолдану кезінде қызған бетке жабысып қалуы мүмкін.

Шыны керамикаға жүйелі түрде күтім жасау үшін шыны керамикалық бетте ласты сіңірмейтін пленка жасайтын арнайы құралдарды қолданыңыз.

Әр қолданар алдында шыны керамикалық беттегі және ыдыс түбіндегі беттерге сызат түсіруі мүмкін шаң мен ласты сүртіңіз.

Тазалау үшін металл және қатты губкаларды, абразивті тазалау құралдарын қолданбаңыз, өйткені олар шыны керамикаға сызат түсіруі мүмкін. Сондай-ақ шыны керамиканы тазалау үшін агрессивті тазалау құралдары мен сәйкес келмейтін тазалау құралдарын қолдануға болмайды.

Пісіру бетіндегі графикалық белгілер агрессивті және қатты тазалау құралдарын, сонымен қатар түбі бүлінген ыдыстарды қолдану салдарынан өшіріліп қалуы мүмкін.

Аз ғана ластануларды жұмсақ дымқыл матамен тазалауға болады. Содан соң таза бетті кептіріп сүртіңіз.

Су дақтарын сірке судың әлсіз ерітіндісінің көмегімен кетіріңіз. Бұл ерітіндімен аспап жиектемелерін сүртуге болмайды (кейбір модельдерде), өйткені оның жылтырлығы жоғалады. Ізбес қағын жою үшін агрессивті спрейлерді және тазалау құралдарын қолдануға болмайды.

Қатты ластанулар шыны керамикалық беттерге күтім жасауға арналған арнайы құралдар көмегімен тазаланады. Арнайы тазалау құралдарын өндірушілердің нұсқауларын орындаңыз. Тазалау құралының қалдықтарының мұқият тазалап алыңыз, өйткені қыздыру кезінде агрессивті қасиеттерді иемденіп, шыны керамика құрылымының өзгеруіне алып келуі мүмкін.

Кетуі қиын және күйіп кеткен ластарды арнайы қырғыш көмегімен тазалауға болады. Қырғышпен жұмыс жасау кезінде қолыңызды зақымдап алмаңыз.

Қырғыш аспапты жеткізу жиынтығына кірмейді.

H-USA_strgalo

Қырғышты ласты дымқыл шүберектің немесе шыны керамиканы тазалауға арналған құралдың көмегімен кетіру мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданыңыз.

Қолдану кезінде қырғышты тазартылатын бетке дұрыс бұрышпен (45°-60° аралығында) ұстаңыз. Қырғышты сәл ғана басу арқылы ласты тазалаңыз. Қырғыштың пластмасса тұтқасының (кейбір модельдерде) ыстық бетке тимеуін қадағалаңыз.

Қырғыш жүзін шыны керамикаға тік бұрышпен ұстамаңыз. Қырғыш бұрыштарының пісіру бетіне сызат түсірмеуін қадағалаңыз.

Қант және тәтті тағамдар шыны керамиканы қатты бүлдіруі мүмкін, сондықтан беттердің бүлінуінің алдын алу үшін пісіру беті әлі суымаса да, ласты тез арада қырғышпен тазалап алыңыз.

Қателер мен ақаулар

Кепілді мерзім ішінде аспапты жөндеуді тек авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана жүзеге асыра алады.
Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
Білікті емес жалғау және жөндеу қысқаша тұйықталуға және электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін, сондықтан бұл жұмыстарды өз бетіңізше орындамаңыз. Бұл жұмыстары тек авторлық құқығы бар маман ғана орындай алады.
Жұмыстағы ақаулықтар себебі төмендегі нұсқауларды басшылыққа ала отырып, өз бетінше жоюға болатын ұсақ ақаулар болуы мүмкін.
Одан әрі қолдану немесе аспаптың келесі иегеріне табыстау үшін осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтап қойыңыз.
Төменде айтарлықтай көп таралған кейбір ақауларды жою жөніндегі ұсыныстар берілген.

Проблема/қате

Ықтимал себебі

Тұрмыстық электр сымының сақтандырғыштары сөніп қала береді.

Сервиске хабарласыңыз.

Үздіксіз дыбысты сигнал беріледі және дисплейде көрсетіледі digit50

Басқару панеліндегі сенсорлық түймелер лас, үстіне су төгілген немесе үстіне зат қойылған.
Очистите панель управления.

Дисплейде «F» көрсетіледі.

Аспап жұмысы кезінде ақау пайда болды.
Аспапты электр желісінен бірнеше минутқа ажыратыңыз (сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру арқылы), содан соң электр желісіне қайта жалғап, қосыңыз.

Егер осы ұсыныстар көмегімен ақауларды жоя алмасаңыз, авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты дұрыс жалғамау және қолданбау нәтижесінде туындаған ақаулықтарға кепілдік берілмейді. Бұл жағдайда жөндеу шығындарын тұтынушы өзі төлейді.

Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Индукциялық дайындау кезіндегі шуыл

Шуыл

Ықтимал себебі

Шешім

Индукциялық конфорка жұмысы кезіндегі әдеттегі жұмыс шуылы.

Индукциялық қыздыру технологиясы электр магнитті толқындар әсерімен дірілдейтін белгілі бір материалдардың қасиеттеріне негізделген. Бұл ретте молекулаларды дірілдеуге мәжбүрлейтін құйынды токтар пайда болады. Бұл қозғалыс жылу энергиясына түрленеді, бұл металда қатты емес шуылдың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Бұл ақаудың пайда болғанын білдірмейтін қалыпты жұмыс шуылы.

Трансформатор жұмыс жасаған кездегідей төмен дыбыс

Ол қыздыру қуатының жоғары деңгейінде пісіру кезінде туындайды. Ол индукциялық конфорка ыдысқа беретін энергия мөлшеріне байланысты.

Егер қыздыру температурасы төмендетілсе, шуыл жойылады немесе бәсеңдейді.

Діріл немесе ыдыс сыңғыры

Бұл шуылды түрлі материалдар қабатынан жасалған ыдыстар тудырады.

Шуыл түрлі материалдардың қабаттары түйіскен жерде туындайтын дірілден пайда болады. Бұл шуыл ыдысқа байланысты. Ол пісірілетін тағам мөлшері мен түріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Желдеткіш шуылы

Дұрыс жұмыс жасау үшін пісіру панелінің электронды компоненттері қызып кетпеуі тиіс. Сондықтан пісіру панелі желдеткішпен жабдықталған, ол өлшенген температураға байланысты электрониканы салқындатады.

Егер пісіру бетінің температурасы өте жоғары болса, пісіру бетін сөндіргеннен кейін желдеткіш біраз уақыт жұмыс жасауы мүмкін.

Техникалық деректер

(моделіне байланысты)

napisna_tablica_BR_KN

A. Сериялық нөмір

B. Модель

C. Түрі

D. Артикул

E. Сауда белгісі

F. Техникалық деректер

G. QR

H. Сәйкестік белгілері

Аспаптың негізгі деректері бар зауыттық жапсырма пісіру панелінің төменгі бетінде орналасқан. Пісіру панелінің типі мен моделі туралы деректерді кепілдік парағынан табуға болады.

Құрылғыдан арылу

kanta1_FACE_LIFT

Қаптама қоршаған ортаға ешқандай залал келтірмей қайта өңдеуге, қалдықтарды сақтауға арналған арнайы полигондарда жинауға және кәдеге жаратуға болатын экологиялық таза материалдардан жасалған. Қаптама материалдары тиісті таңбалауға ие.

Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы символ оның тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Бұйымды одан ары кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн.

Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы осы сияқты қалдықтармен тиісті түрде әрекет жасамау салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз. Бұйымды кәдеге жарату туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, шақырылатын және қалдықтарды кәдеге жаратын қызметке немесе осы бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Өндіруші пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарында өзгерістерге және қателіктерге құқылы.

Сіздің ескертпелеріңіз

 

899597