КІРІСТІРІЛЕТІН ДУХОВКАНЫ

ПАЙДАДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Қауіпсіздік жөніндегі маңызды ескерту

Сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз және жаңа аспабыңыз құтты болсын.

Аспапты қолдану ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін біз пайдалану жөніндегі толық нұсқаулықты дайындадық. Ол жаңа аспаппен жылдам танысып шығуға мүмкіндік береді.

Аспабыңызда бұзылулардың жоқ екендігін тексеріп алыңыз. Бұзылуларды анықтаған жағдайда аспапты сатып алған сауда ұйымына хабарласыңыз.

Орнату және жалғау жөніндегі нұсқаулық бөлек ұсынылады.

Пайдалану, орнату және жалғау жөніндегі нұсқаулықты біздің интернет сайтымыздан да таба аласыз:

http://www.gorenje.ru

Нұсқаулықта келесілерді білдіретін символдар қолданылады:

Ақпарат, кеңес, көмек немесе ұсыныс

Қауіп туралы ескерту

Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз!

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ: НҰСҚАУЛЫҚПЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ ОДАН АРЫ ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.

Аспапты жалғауды тек білікті маман немесе авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Стационарлы электр сымына электрлік монтаждау талаптарына сәйкес тұйықтайтын құрылғы кірістірілуі тиіс.

Қызып кетудің алдын алу үшін аспапты декоративтік есік артына орнатуға тыйым салынады.

Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін байланыстыру кабелін ауыстыруды өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы немесе білікті маман ғана орындай алады (жалғау кабелімен жабдықталған модельдер үшін).

Аспапты 8 жастан асқан балалардың және физикалық, сенсорлық және ақыл-ой қабілеттері шектелген немесе білімі немесе тәжірибесі жетіспейтін адамдардың қандай да бір тұлғалардың қарауында болған немесе аспапты қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқауларды алған және оны пайдалануға байланысты қауіптерді түсінген жағдайларда ғана қолдануына болады. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз! Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

ЕСКЕРТУ! Қолдану кезінде қол жетімді бөлшектер қатты қызуы мүмкін. Кішкене балаларды аспапқа жақындатпаңыз.

ЕСКЕРТУ! Жұмыс барысында аспап және оның кейбір қол жетімді бөлшектері қатты қызады. Сақ болыңыз, қыздыру элементтеріне қолыңызды тигізбеңіз. Сегіз жасқа толмаған балалар тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Аспап сыртқы таймерге және қашықтықтан басқару блогына жалғауға арналмаған.

Духовка есігінің әйнегін және пісіру бетінің әйнек қақпағын тазалау үшін абразивтік тазалау құралдарын және өткір металл қырғыштарды қолданбаңыз, өйткені бұл беттерді бүлдіріп, шынының жарылып кетуіне алып келуі мүмкін.

Аспапты тазалау үшін жоғары қысымды тазалағыштарды және бу ағынды тазалағыштарды қолданбаңыз, өйткені бұл электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ! Электр тоғынан зақым алудың алдын алу үшін шамды ауыстырмас бұрын аспаптың өшірілгеніне көз жеткізіп алыңыз.

Духовканың түбіне су құймаңыз. Температураның ауытқуы салдарынан эмаль бүлінуі мүмкін.

Қалған қауіпсіздік шаралары

Аспап үй шаруашылығында қолдануға арналған. Оны басқа мақсаттарда қолданбаңыз, мысалы, бөлмені жылыту, үй жануарларын, қағаздарды, текстильді кептіру үшін, өйткені бұл жарақат алуға немесе өрттің туындауына алып келуі мүмкін.

Аспапты жалғауды тек білікті маман немесе авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Құралды кемінде екі адам алып жүру және орнату ұсынылады (құралдың салмағына байланысты).

Аспапты есігінің тұтқасынан ұстап көтермеңіз.

Есік топсасы шектен тыс жүктеме салдарынан бүлінуі мүмкін. Духовканың ашық тұрған есігіне отырмаңыз және сүйенбеңіз. Духовканың есігіне ауыр заттар қоймаңыз.

Көршілес орналасқан электр аспаптардың кабельдерін духовканың ыстық есігінің қысып қалмауын қадағалаңыз, өйткені бұл қысқаша тұйықталуға алып келуі мүмкін. Сондықтан басқа электр аспаптардың кабельдері духовкадан қауіпсіз қашықтықта тұруы тиіс.

Желдету саңылауларын жаппаңыз және бітемеңіз!

Духовкаға алюминий фольга төсемеңіз және камера түбіне табаларды және басқа да ыдыстарды қоймаңыз. Бұл ауа айналымына, тағамды тиісті деңгейде пісіруге кедергі келтіреді және камера ішіндегі эмальды бүлдіруі мүмкін.

Дайындау барысында есікті ашпау керек, өйткені бұл электр энергиясының шығынын көбейтеді және конденсаттың пайда болуын күшейтеді.

Дайындауды аяқтағаннан кейін және дайындау барысында духовка есігін ашу кезінде сақ болыңыз, өйткені будан күйік алу қауіпі бар.

Ізбес қағының пайда болуының алдын алу үшін духовканы бөлме температурасына дейін суыту мақсатында дайындап болған соң оның есігін ашылған күйінде қалдырыңыз.

Тазалауды бастамас бұрын духовканы толықтай суытып алыңыз.

Бір дизайн-желі аясындағы аспаптар мен олардың бөлшектері түстері бойынша сәл ғана өзгеше болуы мүмкін, бұл түрлі параметрлерге негізделген болуы мүмкін, мысалы, көру бұрышының түрлілігі, фон, материалдар және бөлмені жарықтандыру.

Құрылғы зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз. Оны электр желісінен ажыратып, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Пешті науа бағыттағыштарымен немесе онсыз пайдалану қауіпсіз.

Пеш қосылып тұрғанда қауіп тудыруы мүмкін заттарды пеште сақтамаңыз.

Экрандағы күнделікті уақыт көрсеткішінің ауытқуы құрылғының жұмысына әсер етпейді және электр желісінің жиілігінің ауытқуына байланысты болуы мүмкін.

Аспапты жалғар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Аспапты дұрыс монтаждамауға, жалғамауға және қолданбауға байланысты ақаулықтарға кепілдік берілмейді.

Аспап сипаттамасы

Аспап функциялары мен жабдықтары моделіне байланысты әртүрлі болады.

Аспаптың базалық жиынтығы келесілерден тұрады: алмалы-салмалы бағыттағыштар, кішкене таба және тор.

aparat_opis_minutnikA_bio21

1 басқару панелі

2 духовканың кірістірілген өшіргіші

3 жарықтандыру

4 бағыттағыштар және дайындау деңгейлері

5 зауыттық жапсырма

6 есіктер

7 есік тұтқалары

Зауыттық жапсырма - аспап туралы ақпарат

Аспаптың негізгі деректері бар зауыттық жапсырма духовка камерасының жиектемесінде орналасқан.

napisna tablica_BIO21

1 Сериялық нөмір

2 Моделі

3 Түрі

4 Тауарлық белгісі

5 Артикул

6 QR-код (моделіне байланысты)

7 Техникалық деректер

8 Сәйкестік белгілері

Басқару панелі

čelna plošča_bio21_minutnikA

  1. духовка жұмысы режимдерінің ауыстырып қосқышы

  2. Электронды бағдарламалағыш

  3. духовка температурасын ауыстырып қосқыш

Шам-индикаторлар

Шам-индикатор: духовкадағы қыздыру элементтері қосылып тұрған кезде жанады және тағайындалған температураға жеткен кезде сөнеді.

Аспап жабдықтамасы

Бағыттағыштар

  • Бағыттағыштар тағамды 5 деңгейде дайындауға мүмкіндік береді.

  • Бағыттағыштардың деңгейлерін санау төменнен жоғарыға жүргізіледі.

  • 4 және 5-деңгейлер грильде дайындауға арналған.

  • Аспапқа орнату кезінде жабдықты дұрыс бұрау қажет.

Алмалы-салмалы бағыттағыштар

žična vodila_bio21

Бағыттағыштар алмалы-салмалы болған кезде жабдықты бір деңгейдегі екі шыбықтың арасына дәл қойыңыз.

Бекітілген телескоптық бағыттағыштар

(моделіне байланысты)

teleskopska vodila_bio21

Телескоптық бағыттағыштармен 2 және 4-деңгейлер жабдықталуы мүмкін.

Жабдықты (торды, табаларды) тікелей телескоптық бағыттағыштарға орнатыңыз. Бағыттағыштардың бір деңгейіне торды май жинауға арналған табамен (кішкене немесе әмбебап терең таба) бірге орнатуға болады.

Биіктігі бойынша ауыстырып орнатылатын телескоптық бағыттағыштар.

(моделіне байланысты)

flexi vodila_bio21

Қайтарылатын телескоптық бағыттаушылар алынбалы бағыттағыштардың штангалары арасындағы кез-келген биіктікте орнатылады.
Орналастырылатын бағыттаушыларды сол және оң жақтарда симметриялы түрде орнатыңыз. Алдымен үстіңгі рельстің қысқышын алынбалы рельстің астына сырғытыңыз да, орнына қойыңыз, содан кейін рельсті орнына бекіту үшін төменгі рельстің қыстырғышын дыбыс шыққанша төмен итеріңіз.

ЕСКЕРТПЕ. Ауыстырып орнатылатын бағыттағыштарды алмалы-салмалы бағыттағыш деңгейлерінің арасына кез келген биіктікке орнатуға болады.

Ауыстырып орнатылатын бағыттағыштарды жартылай шығарылатын екі деңгейлі бекітілген телескоптық бағыттағыштарға орнатуға болмайды, бірақ жартылай шығарылатын бір деңгейлі телескоптық бағыттағыштарға 3-4 және 4-5 деңгейлер арасына орнатуға болады.

Телескоптық бағыттағыштардың дұрыс бұрылғанына және сыртқа қарай, яғни духовкадан шығатынына көз жеткізіңіз.

Кірістірілген өшіргіш

(моделіне байланысты)

Аспап жұмыс жасап тұрған кезде есікті ашу барысында кірістірілген өшіргіш желдеткіш пен қыздыру элементтерін өшіреді. Есікті жапқаннан кейін өшіргіш аспап жұмысын қайта жалғастырады.

Салқындататын желдеткіш

Аспап аспаптың корпусын, есігін және басқару панелін салқындататын салқындату желдеткішімен жабдықталған.
Қосымша салқындату үшін желдеткіш аспапты өшіргеннен кейін де біраз уақыт жұмыс жасап тұрады.

Духовка жабдықтары

(моделіне байланысты)

resetka

ТОР тағамдарды грильмен дайындау үшін қолданылады, сондай-ақ оған ыдыстарды және тағамы бар табаларды қоюға болады.

Тор шектегішпен жабдықталған, сондықтан шығарып алу кезінде торды алдынан сәл ғана көтеріңіз.

nizek pekac

ШАҒЫН ТАБА тегіс әрі кішкене пісірмелерді дайындауға арналған. Сондай-ақ май мен ет шырынын жинау үшін қолдануға болады.

Шағын таба духовкада қызу кезінде түрін өзгертуі мүмкін. Суығаннан кейін бастапқы пішімін қалпына келтіреді. Түрін өзгерту табаның жұмысына әсер етпейді.

globok pekac

ӘМБЕБАП ТЕРЕҢ ТАБА көкөністер мен дымқыл пісірмелерді дайындауға арналған. Сондай-ақ май мен ет шырынын жинау үшін қолдануға болады.

Дайындау барысында әмбебап терең табаны бағыттағыштардың 1-деңгейіне қоймаңыз.

Жұмыс барысында аспап және оның кейбір қол жетімді бөлшектері қатты қызады.

Алғаш пайдаланбас бұрын

  • Жабдықтар мен қаптаманы (картон, пенопласт) духовкадан алыңыз.

  • Жабдықтарды және духовканың ішкі беттерін дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Қатты мата мен абразивтік тазалау құралдарын қолданбаңыз.

  • Алғаш қолданар алдында бос духовканы 1 сағат бойы 250°С температурада Классикалық қыздыру (астынан + үстінен) режимін қолданып қыздырып алыңыз. Духовканы алғаш қыздыру кезінде жаңа аспапқа тән иіс шығады, сондықтан бөлмені жақсылап желдетіп алыңыз.

Алғаш қосу

Аспапты электр желісіне алғаш жалғағаннан кейін және электр энергиясынан ұзақ уақыт бойы ажыратқан жағдайда бағдарламалағышта тәулік уақытының индикаторы жыпылықтайдыsimbol_ura_bio21.
Духовканың жұмыс жасауы үшін бағдарламалағыш батырмасын басыңыз және 2 секунд ұстап тұрыңыз. Тәулік уақытының индикаторы жыпылықтауын тоқтатады. Енді духовканы жұмыс жасау уақытын бағдарламаламай-ақ қолдана беруге болады.

ura_ilclass_bio21

УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Бағдарламалағыш батырмасын басу арқылы тәулік уақытының индикаторын таңдаңызsimbol_ura_bio21. Индикатор жыпылықтай бастайды.
Батырманы айналдыру арқылы ағымдағы уақытты орнатыңыз. Батырманы басу арқылы орнатылған уақытты растаңыз немесе бірнеше секунд өткен соң ол автоматты түрде сақталады. Бағдарламалағыш батырмасын әр басқан сайын қысқа дыбысты сигнал беріледі.

Духовка жұмысының параметрлерін орнату

ЖҰМЫС РЕЖИМІН ТАҢДАУ

gumb_sistemi_ilclass_bio21

АУЫСТЫРЫП ҚОСҚЫШТЫ оңға немесе солға айналдыру арқылы ЖҰМЫС РЕЖИМІН таңдаңыз (кестені қараңыз).

Аспап функциялары мен жабдықтары моделіне байланысты әртүрлі болады.

Pежим

Пайдалану

predgretje_bio21

ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ
Духовканы тағайындалған температураға дейін жылдам қыздыру үшін қолданыңыз. Духовка тағайындалған температураға дейін қызған кезде қысқа дыбысты сигнал беріледі. Осыдан кейін дайындау үшін қолданғыңыз келетін қыздыру режимін таңдау қажет. Бұл функция дайындауға арналмаған.

sp. in zg. grelo_bio21

КЛАССИКАЛЫҚ ҚЫЗДЫРУ + ЖЕЛДЕТКІШ ЖҰМЫСЫ
Тағамды бір деңгейде біркелкі пісіруге және суфле дайындауға арналған.

žar z vent._bio21

ҮЛКЕН ГРИЛЬ + ЖЕЛДЕТКІШ ЖҰМЫСЫ
Тауықты және еттің ірі тілімдерін грильде пісіруге арналған.

simbol_airfry_bio21_il

ҚАРҚЫНДЫ ПІСІРУ (AIR FRY)
Бұл режим тағамдарды май қоспай қытырлаған қабық пайда болғанға дейін пісіруге мүмкіндік береді. Осындай тәсілмен сүйікті фастфуд тағамдарын калориясын азайта отырып, пайдалы етіп пісіруге болады. Режим шағын ет тілімдерін, балықты, көкөністер мен дайын қатырылған тағамдарды (фри картобы, тауық етінен медальондар) дайындауға арналған.
Бу қосудың арқасында тағамдар жақсы қызарады және қабығы қытырлай түседі.

vroči zrak_bio21

ЖЕЛДЕТКІШПЕН ҚЫЗДЫРУ1
Желдеткішпен қыздыру дайындалатын тағамның айналасында ыстық ауаның тұрақты циркуляциясын тудырады. Бұл тағамның бетін кептіреді және соның нәтижесінде қабығы қалыңдай түседі. Режим ет, пісірме және көкөністер дайындауға, сонымен қатар бір немесе бірнеше деңгейде бір уақытта тағамдарды кептіруге арналған.
Бу қосудың арқасында тағамдар жақсы қызарады және қабығы қытырлай түседі.

simbol_para_bio21Бұл режимдерде бу қосып дайындауға болады. Режимді таңдаған кезде тиісті қыздыру қосылады. Бу қосып дайындау үшін духовкаға суы бар табаны салыңыз («Дайындауды іске қосу» бөлімін қараңыз).

simbol_vroči zrak z dod pare_bio21_il

zg. in sp. grelo_bio21

КЛАССИКАЛЫҚ ҚЫЗДЫРУ (ҮСТІНЕН + АСТЫНАН)
Тағамдарды бір деңгейде дәстүрлі дайындау, суфле дайындау және төмен температурада дайындау (баяу дайындау).
Бу қосудың арқасында тағамдар жақсы қызарады және қабығы қытырлай түседі.

simbol_zg. in sp. grelo z dod pare_bio21_il

žar_bio21

ҮЛКЕН ГРИЛЬ
Тегіс өнімдердің көп мөлшерін (тосттар, ыстық бутербродтар, гриль шұжықтар, стейктер, балық, кәуап) дайындауға, сонымен қатар пісіруге және қытырлаған қабыққа қол жеткізуге арналған. Жоғарғы қыздыру элементтерінің үстіндегі барлық бет біркелкі қызады.
Максималды температура: 240°C.

počasna peka_bio21

БАЯУ ПІСІРУ2
Етті, балықты және пісірмелерді бір деңгейде ұқыпты, баяу және біркелкі пісіру. Мұндай тәсілмен дайындау кезінде ет ылғалын көбірек сақтап қалады және шырынды әрі жұмсақ күйінде қалады, ал пісірме біркелкі қызарып, піседі. Режимнің температуралық диапазоны: 140°С - 220°С аралығында

Осы режим EN 60350-1 стандартына сәйкес энергиялық тиімділік класын анықтау үшін қолданылады.

sp. grelo in vroči zrak_bio21

ПИЦЦА
Дымқылдығы жоғары деңгейдегі пиццаны және пісірмелерді дайындауға арналған тиімді режим. Қытырлаған қабығы бар тағамды жылдам пісіру қажет болған кезде бір деңгейде пісіруге арналған.

peka zamrzjene hrane_bio21

ҚАТЫРЫЛҒАН ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУ
Бұл режим қатырылған өнімдерді алдын-ала ерітпей жылдам дайындауға мүмкіндік береді. Дайын қатырылған өнімдерін (нан-тоқаш өнімдері, круассандар, лазанья, фри картобы, тауық етінен медальондар), ет пен көкөністерді дайындауға арналған.

odtaljevanje_bio21

ЖІБІТУ
Бұл функцияны мұздатылған тағамды (торт, басқа кондитерлік өнімдер, нан, тоқаштар мен терең мұздатылған жемістер) бақылап жібіту үшін қолданыңыз. Жібіту процесінде тағамның бөліктерін аударыңыз, тағамды араластырыңыз және бірге қатып қалған бөліктерді бөліңіз. Микробиологиялық қауіпсіздік үшін тоңазытқышта ет пен басқа да нәзік тағамдарды баяу жібітуді ұсынамыз.

aqua_bio21

AQUA CLEAN
Бұл функцияны духовка қабырғасындағы дақтар мен тағам қалдықтарын кетіру үшін қолданыңыз.

simbol_lička_bio21

ДУХОВКА ЖАРЫҒЫ
Духовка жарығы қыздыру режимін таңдаған кезде және ауыстырып қосқышты шам күйіне бұраған кезде қосылады.

ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ

gumb_temperatura_ilclass_bio21

Температура ауыстырып қосқышын оңға немесе солға айналдыру арқылы қажетті ТЕМПЕРАТУРАНЫ орнатыңыз.

ДУХОВКАНЫҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ УАҚЫТЫН БАҒДАРЛАМАЛАУ

ura_ilclass_bio21

Бағдарламалағыш духовканың жұмыс жасау уақытын екі тәсілмен бағдарламалауға мүмкіндік береді:

simbol_trajanje delovanja_ilclass_bio21

Дайындау ұзақтығы
Бұл функция духовка жұмысының ұзақтығын бағдарламалауға мүмкіндік береді.

Функцияның максималды ұзақтығы — функцияны орнатқан сәттен бастап 15 сағат. Тәуліктің ағымдағы уақытының дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.

Бағдарламалағыш батырмасын басу арқылыsimbol_trajanje delovanja_ilclass_bio21индикаторын таңдаңыз. Индикатор жыпылықтай бастайды. Бағдарламалағыш батырмасын айналдыру арқылы дайындауды аяқтау уақытын орнатыңыз. Бағдарламалағыш батырмасын басу арқылы орнатылған уақытты растаңыз. Стрелкалар автоматты түрде ауысады және ағымдағы уақытты көрсетеді. Бағдарламалағышта дайындауды аяқтау индикаторыsimbol_trajanje delovanja_ilclass_bio21жанады.

Духовканы қосыңыз (жұмыс режимі мен температураны таңдаңыз). Духовка бірден қосылады және орнатылған уақытта автоматты түрде өшеді.

Дайындауды аяқтаудың тағайындалған уақыты орын алған кезде духовка өшеді, үзік-үзік дыбысты сигнал беріледі, оны бағдарламалағыш батырмасын басу арқылы өшіруге болады немесе 1 минут өткен соң сигнал автоматты түрде өшеді. simbol_trajanje delovanja_ilclass_bio21индикаторы жыпылықтай бастайды. Егер дайындауды жалғастыру керек болса, бағдарламалағыш батырмасын басып, 2 секунд ұстап тұрыңыз және дайындау ұзақтығының жаңа уақытын орнатыңыз.

simbol_zakasnjeni vklop_ilclass_bio21

Стартты кейінге қалдыру
Егер дайындауды іске қосуды кейінге қалдырғыңыз келсе, осы функцияны қолданыңыз. Тағамды духовкаға салыңыз. Содан соң дайындау ұзақтығы мен тағам дайын болуы тиіс уақытты орнатыңыз.

Дайындауды бастауды функцияны орнатқан сәттен бастап 12 сағаттан аспайтын уақытқа кейінге қалдыруға болады, дайындауды аяқтау — функцияны орнатқан сәттен бастап 15 сағаттан аспайды. Тәуліктің ағымдағы уақытының дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.

Бағдарламалағыш батырмасын басу арқылыsimbol_zakasnjeni vklop_ilclass_bio21индикаторын таңдаңыз. Индикатор жыпылықтай бастайды. Бағдарламалағыш батырмасын айналдыру арқылы дайындауды бастау уақытын орнатыңыз. Бағдарламалағыш батырмасын басу арқылы орнатылған уақытты растаңыз. Дайындауды аяқтау индикаторыsimbol_trajanje delovanja_ilclass_bio21жыпылықтай бастайды. Бағдарламалағыш батырмасын айналдыру арқылы дайындауды аяқтау уақытын орнатыңыз. Бағдарламалағыш батырмасын басу арқылы орнатылған уақытты растаңыз.
Стрелкалар автоматты түрде ауысады және ағымдағы уақытты көрсетеді. Бағдарламалағыштаsimbol_zakasnjeni vklop_ilclass_bio21жәнеsimbol_trajanje delovanja_ilclass_bio21индикаторлары жанады.

Духовканың жұмыс режимі мен температурасын орнатыңыз. Бағдарламалағыш дайындауды іске қосуды күтеді. Духовка белгілі бір уақытта автоматты түрде қосылады және бекітілген уақытта сөнеді.

Дайындауды аяқтаудың тағайындалған уақыты орын алған кезде духовка өшеді, үзік-үзік дыбысты сигнал беріледі, оны бағдарламалағыш батырмасын басу арқылы өшіруге болады немесе 1 минут өткен соң сигнал автоматты түрде өшеді. simbol_trajanje delovanja_ilclass_bio21индикаторы жыпылықтай бастайды. Егер дайындауды жалғастыру керек болса, бағдарламалағыш батырмасын басып, 2 секунд ұстап тұрыңыз және дайындау ұзақтығының жаңа уақытын орнатыңыз.

Бұл функция духовканы алдын ала қыздыруды талап ететін тағамдарға арналмаған.

Духовканың ішінде жылдам бұзылатын тағамдарды ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.

simbol_alarm_bio21_il

Хабарлау таймері

Оятқышты духовкаға тәуелсіз қолдана беруге болады.

Бағдарламалағыш батырмасын басу арқылыsimbol_alarm_bio21_ilиндикаторын таңдаңыз. Индикатор жыпылықтай бастайды. Бағдарламалағыш батырмасын айналдыру арқылы оятқыш дыбысты сигнал беретін уақытты орнатыңыз. Функцияның максималды уақыты - 3 сағат. Бағдарламалағыш батырмасын басу арқылы орнатылған уақытты растаңыз.
Стрелкалар автоматты түрде ауысады және ағымдағы уақытты көрсетеді. Бағдарламалағыштаsimbol_alarm_bio21_ilиндикаторы жанады.

Тағайындалған уақыт өткен соң бағдарламалағыштың батырмасын басу арқылы өшіруге болатын үзік-үзік дыбысты сигнал беріледі немесе 1 минут өткен соң сигнал автоматты түрде сөнеді.

Егер уақыттың басқа функциялары бағдарламаланбаған болса, оятқышты орнатуға болады.

Функцияның уақытын қарау

Функцияның тағайындалған уақытын бағдарламалағыш батырмасын басу арқылы тексеруге болады. Стрелкалар біраз уақытқа функцияның тағайындалған уақытын көрсетеді, содан соң тәуліктің ағымдағы уақытына автоматты түрде ауысады.

Функциядан бас тарту

Функцияның тағайындалған уақытын бағдарламалағыш батырмасын басу және 2 секунд ұстап тұру арқылы жоюға болады. Функция индикаторы сөнеді.

Дайындауды іске қосу

Жұмыс режимі мен температураны орнатыңыз, пісіру іске қосылады.

Дайындау кезінде ҚЫЗДЫРУ РЕЖИМІН, ТЕМПЕРАТУРАНЫ және УАҚЫТ ФУНКЦИЯЛАРЫН өзгертуге болады.

uporaba_entry steam_bio21

Бу қосып дайындауsimbol_para_bio21
Бу қосып дайындау режимдері кезінде кішкене табаны салқын духовкаға бірінші деңгейге орнатыңыз. Духовкаға 200 миллилитрден асырмай су құйыңыз. Тағамды екінші деңгейге орнатып, дайындауды іске қосыңыз.

Егер терең табаны қолданатын болсаңыз, оны дайындау кестесінде көрсетілгенге қарағанда бір деңгейге жоғары орнатыңыз.
Функцияның тиімді жұмыс жасауы үшін дайындау кезінде есікті ашпаңыз және қосымша су құймаңыз.

ПІСІРУДІ АЯҚТАУ ЖӘНЕ ДУХОВКАНЫ СӨНДІРУ

ЖҰМЫС ЖӘНЕ ТЕМПЕРАТУРА РЕЖИМІНІҢ АУЫСТЫРЫП ҚОСҚЫШЫН 0 күйіне бұраңыз. Қысқа дыбысты сигнал беріледі.

Пісіруді аяқтағаннан кейін конденсатты жинауға арналған науаға (есік астындағы) су жиналуы мүмкін. Науаны губкамен немесе матамен сүртіңіз.

Духовкада дайындау бойынша жалпы кеңестер

  • Дайындау барысында духовкадағы барлық қажет емес жабдықтарды алып тастаңыз.

  • Жылуға төзімді және жылу шығармайтын материалдардан жасалған жабдықтарды қолданыңыз (жеткізу жиынтығына кіретін табалар, эмаль ыдыстар, жылуға төзімді әйнек ыдыс). Ақшыл материалдар (тот баспайтын болат, алюминий) жылу шығарады, сондықтан оның ішіндегі тағамдарға жылу аз әсер етеді.

  • Табаларды әрқашан бағыттағыштардың шетіне дейін итеріп қойыңыз. Торды қолдану кезінде ыдыс пен қалыптарды тордың ортасына қойыңыз.

  • Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін дайындау кестесінде көрсетілген нұсқауларды орындау ұсынылады. Егер тағамды алғаш рет дайындасаңыз, минималды температураны және дайындаудың минималды уақытын таңдаңыз. Дайындауды аяқтағаннан кейін нәтижені тексеріңіз және қажет болса, уақыт пен температура қосыңыз.

  • Дайындау барысында духовканың есігін қажетсіз ашпаңыз.

  • Табаны духовканың түбіне қоймаңыз.

  • Духовка жұмыс жасап тұрған кезде әмбебап терең табаны бағыттағыштардың 1-деңгейіне орнатпаңыз.

  • Духовканың түбі мен торды алюминий фольгамен жаппаңыз.

  • Ұзақ уақыт бойы дайындау кезінде духовканы дайындау соңына дейін шамамен 10 минутқа сөндіріп қоюға және қалдық жылуды қолдануға болады.

  • Пісірмелерге арналған қалыптарды торға орнатыңыз.

  • Бірнеше деңгейде бір уақытта дайындау кезінде әмбебап терең табаны төменгі деңгейге орнатыңыз.

  • Ескі кулинарлық кітаптардағы рецепттер бойынша дайындау кезінде Классикалық қыздыру (үстінен + астынан) режимін таңдаңыз және температураны рецепттен көрсетілгеннен 10°C-ге төмен орнатыңыз.

  • Пісіруге арналған қағазды қолдану кезінде оның жылуға төзімді екендігіне көз жеткізіңіз. Оны пісіруге арналған қалыпқа сәйкестендіріп ақырын кесіп алыңыз. Қағазды қолдану тағамның таба жабысып қалуының алдын алады және дайын тағамды табадан тез алуға мүмкіндік береді.

  • Ірі ет тілімдерін және ылғалдығы жоғары пісірмелерді дайындау кезінде духовка ішінде көп мөлшерде бу пайда болады, бұл духовка есігінде конденсаттың түзілуіне алып келуі мүмкін. Бұл аспап жұмысына әсер етпейтін қалыпты жағдай. Дайындау аяқталғаннан кейін есікті және есіктің әйнегін құрғатып сүртіңіз.

  • Тағамдарды тікелей торда дайындау кезінде тамшылап тұрған май мен шырынды жинау үшін тордың астына бір деңгей төмен әмбебап терең таба орнатыңыз.

Духовканы алдын ала қыздыру Егер рецептте немесе осы нұсқаулықтағы дайындау кестесінде көрсетілген болса, духовканы алдын ала қыздырыңыз. Егер алдын ала қыздыруды қолданатын болсаңыз, тағамдар толықтай қызып алмайынша, оларды духовкаға салмаңыз. Температура қорытынды нәтижеге айтарлықтай әсер етеді. Алдын ала қыздыру жұмсақ ет тілімдері (сүбе), сонымен қатар ашытқы қосылған пісірмелер және әдетте пісірудің аз уақытын қажет ететін бисквит қамыры үшін ұсынылады. Бос духовканы қыздыру электр энергиясы көп шығындалады, сондықтан ұсақ пісірмелер мен пиццаны бір табада бірінен соң бірін салу арқылы пісіретін болсаңыз, электр энергиясын үнемдей аласыз, өйткені духовка қызып тұр.

Баяу пісіру. Бұл тәсіл тағамдарды төмен температурада дайындауды бақылауға мүмкіндік береді. Ет шырыны біркелкі таралады және ет шырынды әрі нәзік болып қалады. Сүйегі жоқ деликатты ет тілімдеріне арналған. Етті табада жоғары температурамен барлық бетін алдын-ала қуырып алыңыз.

Дайындау кестесі

ЕСКЕРТПЕ Толықтай духовкада алдын ала қыздырып алу талап етілетін тағамдар кестеде бір жұлдызшамен*белгіленген. 5 минуттық алдын ала қыздыру жеткілікті болып табылатын тағамдар екі жұлдызшамен**белгіленген. Бұл жағдайда Духовканы алдын ала қыздыру режимін қолданбаңыз.

Тағам

simbol_vodilaT_bio21

simbol_sistemT_bio21

simbol_tempT_bio21

simobl_časT_bio21

ПІСІРМЕ ЖӘНЕ КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР

Қалыптағы пісірме

Тәтті қамырдан қаусырма

3

počasna peka_bio21

150

30-40

салмасы бар қаусырма

1

zg. in sp. grelo_bio21

180

90-120

мәрмәр қаусырма

2

zg. in sp. grelo_bio21

170-180

50-60

ашытылған қамырдан қаусырма, мейіз қосылған баба

2

zg. in sp. grelo_bio21

170-180

45-55

беті ашық қаусырма, тарт

3

vroči zrak_bio21

170-180

35-45

брауни

2

vroči zrak_bio21

170-180

30-35

Табадағы пісірме

штрудель

2

sp. grelo in vroči zrak_bio21

180-190

60-70

штрудель, мұздатылған

2

peka zamrzjene hrane_bio21

200-210

34-45

бисквитті орама

3

vroči zrak_bio21

+ суы бар таба

170-180 *

13-18

салмасы бар үлпілдеген тоқаштар

2

zg. in sp. grelo_bio21

180-190

30-40

Кішкене пісірмелер

кекстер, маффиндар

3

zg. in sp. grelo_bio21

160 *

20-30

маффиндар, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

145

40-50

ашытылған қамырдан пісірмелер

2

zg. in sp. grelo_bio21

180 *

17-22

ашытылған қамырдан пісірмелер, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

160 *

18-25

қатпарлы қамырдан пісірмелер

3

počasna peka_bio21

170

30-40

қатпарлы қамырдан пісірмелер, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

170 *

25-30

Печенье

көтерілмейтін печенье

3

zg. in sp. grelo_bio21

140

30-40

көтерілмейтін печенье, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

140

45-55

көтерілмейтін печенье, 3 деңгей

1, 4, 5

vroči zrak_bio21

145 *

50-60

Печенье

3

počasna peka_bio21

140

20-30

печенье, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

150-160 *

20-25

безе

3

sp. in zg. grelo_bio21

80-100 *

120-150

безе, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

80-100 *

120-150

макарони (бадам печеньесі)

3

vroči zrak_bio21

130-140 *

15-20

макарони (бадам печеньесі), 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

130-140 *

15-20

Нан

қамырдың көтерілуі

2

zg. in sp. grelo_bio21

40-45

30-45

табадағы нан

2

zg. in sp. grelo_bio21

+ суы бар таба

190-200

40-55

табадағы нан, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

190-200 *

40-55

қалыптағы нан

2

zg. in sp. grelo_bio21

190-200

30-45

қалыптағы нан, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

200-210

30-45

жалпақ нан (фокачча)

2

zg. in sp. grelo_bio21

270

15-25

балғын бөлкелер

3

zg. in sp. grelo_bio21

+ суы бар таба

200-210

10-15

балғын бөлкелер, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

200-210 *

15-20

тосттар

5

žar_bio21

230

4-7

ыстық бутербродтар

5

žar_bio21

230

3-5

Пицца және басқа да тағамдар

пицца

1

sp. grelo in vroči zrak_bio21

300 *

4-7

пицца, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

210-220 *

25-30

мұздатылған пицца

2

peka zamrzjene hrane_bio21

200-220 *

10-25

мұздатылған пицца, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

200-220 *

10-25

тұздалған қаусырма, киш

2

sp. grelo in vroči zrak_bio21

190-200

50-60

бөрек

2

zg. in sp. grelo_bio21

180-190

40-50

ЕТ

Сиыр еті және бұзау еті

сиыр етінен қуырдақ (арқа, жауырын еті), 1,5 кг

2

zg. in sp. grelo_bio21

160-170

130-160

бұқтырылған сиыр еті, 1,5 кг

2

zg. in sp. grelo_bio21

200-210

90-120

сүбе, орташа қуырылған, 1 кг

2

zg. in sp. grelo_bio21

170-190 *

40-60

сиыр етінен қуырдақ, баяу пісіру

2

zg. in sp. grelo_bio21

120-140 *

250-300

сиыр етінен стейк, толықтай қуыру, қалыңдығы 4 см

4

žar_bio21

220-230

25-30

бургерге арналған котлет, қалыңдығы 3 см

4

žar_bio21

220-230

25-35

бұзау етінен қуырдақ, 1,5 кг

2

zg. in sp. grelo_bio21

160-170

120-150

Шошқа еті

шошқа етінен қуырдақ, арқа еті, 1,5 кг

3

počasna peka_bio21

170-180

90-110

шошқа етінен қуырдақ, жауырын еті, 1,5 кг

3

zg. in sp. grelo_bio21

180-190

120-150

шошқа сүбесі, 400 г

2

zg. in sp. grelo_bio21

80-100 *

80-100

шошқа етінен қуырдақ, баяу пісіру

2

zg. in sp. grelo_bio21

100-120 *

200-230

шошқаның қабырғалары, баяу пісіру

2

zg. in sp. grelo_bio21

120-140 *

210-240

шошқаның жаншылған еті, қалыңдығы 3 см

4

žar_bio21

220-230

20-25

Тауық еті

тауық еті, 1,2-2 кг

2

žar z vent._bio21

200-220

60-80

тартылған етпен толтырылған тауық, 1,5 кг

2

vroči zrak_bio21

170-180

80-100

тауық еті, төс еті

2

vroči zrak_bio21

170-180

45-60

тауықтың жамбасы

3

žar z vent._bio21

210-220

30-45

тауық қанаттары

4

simbol_airfry_bio21_il

210-220

30-45

тауықтың төс еті, баяу пісіру

3

zg. in sp. grelo_bio21

100-120 *

60-90

Ет тағамдары

ет наны, 1 кг

2

vroči zrak_bio21

170-180

60-70

гриль шұжықтар

4

žar_bio21

230 **

8-15

БАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢІЗ ӨНІМДЕРІ

балық тұтастай, 350 г

4

žar z vent._bio21

230-240

12-20

балықтың сүбесі, қалыңдығы 1 см

4

žar_bio21

220-230

8-12

балық стейкі, қалыңдығы 2 см

4

žar_bio21

220-230

10-15

тарақгүлділер

4

žar z vent._bio21

230 *

5-10

асшаяндар

4

žar_bio21

230 *

3-10

КӨКӨНІСТЕР

көмештелген картоп, тілімдер

3

simbol_airfry_bio21_il

210-220 *

30-40

көмештелген картоп, жартылар

3

simbol_airfry_bio21_il

+ суы бар таба

200-210 *

40-50

тартылған етпен толтырылған көмештелген картоп (қабығымен)

3

sp. in zg. grelo_bio21

190-200

30-40

фри картоп, үйдегідей дайындалған

4

simbol_airfry_bio21_il

210-220 *

20-30

көкөністер қоспасы, тілімдер

3

simbol_airfry_bio21_il

+ суы бар таба

190-200

30-40

тартылған етпен толтырылған көкөністер

3

žar z vent._bio21

190-200

30-40

ҚАТЫРЫЛҒАН ӨНІМДЕР

фри картоп

3

simbol_airfry_bio21_il

210-220

20-25

фри картоп, 2 деңгей

2, 4

vroči zrak_bio21

190-210

30-40

тауықтың дөңгелек еттері

4

simbol_airfry_bio21_il

210-220 *

12-17

балық таяқшалары

2

simbol_airfry_bio21_il

210-220

15-20

лазанья, 400 г

2

peka zamrzjene hrane_bio21

200-210

30-40

туралған көкөністер

2

peka zamrzjene hrane_bio21

190-200

20-30

круассандар

3

peka zamrzjene hrane_bio21

170-180

18-23

ПІСІРМЕЛЕР, СУФЛЕ ЖӘНЕ ІРІМШІК СЕУІП ПІСІРІЛГЕН ТАҒАМДАР

картоп қосылған мусака

2

vroči zrak_bio21

180-190

35-45

лазанья

2

vroči zrak_bio21

180-190

35-45

тәтті пісірме

2

sp. in zg. grelo_bio21

160-180

40-60

тәтті суфле

2

sp. in zg. grelo_bio21

160-180 *

35-45

ірімшік сеуіп пісірілген тағамдар

3

vroči zrak_bio21

170-190

30-45

салмасы бар тортильи, энчиладтар

2

sp. grelo in vroči zrak_bio21

180-200

20-35

грильге арналған ірімшік

4

žar_bio21

230 **

6-9

БАСҚАЛАРЫ

консервілеу

2

sp. grelo in vroči zrak_bio21

180

30

залалсыздандыру

3

vroči zrak_bio21

125

30

су буында пісіру

2

sp. grelo in vroči zrak_bio21

150-170 *

/

тағамдарды жылыту

3

zg. in sp. grelo_bio21

60-95

/

ыдысты қыздыру

2

sp. in zg. grelo_bio21

75

15

Тазалау және қызмет көрсету

Тазалауды бастамас бұрын аспапты электр желісінен ажыратыңыз және оны суытыңыз.

Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

Духовканың ішкі қабырғалары мен табаларға арнайы эмаль жағылған, оның беті тегіс әрі төзімді, бұл оны тазалауды айтарлықтай жеңілдетеді.

Аспапты әлсін-әлсін тазалап тұрыңыз және ірі ластар мен ізбес қағын жылы сумен және ыдысты қолмен жууға арналған құралмен тазалап тұрыңыз. Таза жұмсақ матаны немесе губканы қолданыңыз.

Сыртқы беттері: ласты жылы сабынды сумен және жұмсақ матамен тазалаңыз, содан соң беттерді құрғатып сүртіңіз.

Ішкі беттер: Күйіп кеткен және қатты ластар үшін духовкаларға арналған қарапайым тазалау құралдарын қолданыңыз. Осындай құралдарды қолданғаннан кейін тазалау құралдарының қалдықтарын кетіру үшін беттерді дымқыл матамен мұқият сүртіп алыңыз.

Жабдықтар және бағыттағыштар: жылы сабынды сумен және дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Қатты ластануларды тазалау үшін жабдықты суға салып қою және щетканы қолдану ұсынылады.

Нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда тазалауды қайталаңыз.

Агрессивті және абразивті тазалау құралдарын қолданбаңыз (ыдыс жууға арналған қатты губкалар, қақ кетіруге арналған құралдар, шыны керамикаға арналған қырғыштар).

Духовка жабдықтарын ыдыс жуу машинасында жууға болады.

Тағам қалдықтары (май, қант, ақуыз) аспапты қолдану кезінде жанып кетуі мүмкін, сондықтан әр қолданар алдында духовканың ішкі бетіндегі және жабдықтардағы ластарды тазалап алыңыз.

Духовканы AquaClean функциясының көмегімен тазалау

Бұл функцияны духовка қабырғасындағы дақтар мен тағам қалдықтарын кетіру үшін қолданыңыз.
Егер осы функцияны әр дайындаудан кейін жүйелі түрде пайдаланып тұрса, ол айтарлықтай тиімді.
Тазалауды іске қоспас бұрын духовканың ішкі беттеріндегі ірі ластар мен тағам қалдықтарын кетіріп алыңыз.

čiščenje_aqua_bio21

1Кішкене табаны бағыттағыштардың 1-деңгейіне орнатыңыз және оған 0,4 литр ыстық су құйыңыз.

2ЖҰМЫС РЕЖИМІНІҢ АУЫСТЫРЫП ҚОСҚЫШЫН Aqua Clean күйіне бұраңызaqua_bio21. ТЕМПЕРАТУРАНЫ АУЫСТЫРЫП ҚОСҚЫШПЕН 80°C температураны орнатыңыз.

3Бағдарламаны жарты сағатқа қосып қойыңыз.

4Функция аяқталғаннан кейін қорғайтын қолғаптарды немесе қармауыштарды қолданып, табаны алыңыз (табада аз ғана су болуы мүмкін). Ласты дымқыл шүберекпен және сабынды сумен сүртіңіз. Тазалаудан кейін тазалау құралдарының қалдықтарын кетіру үшін беттерді дымқыл матамен мұқият сүртіп алыңыз.

Нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда (қатты ластану жағдайларында) тазалауды қайталаңыз.

Aqua Clean функциясын қоспас бұрын духовканы толықтай суытып алыңыз.

Алмалы-салмалы және бекітілген телескоптық бағыттағыштарды ағытып алу

odstranitev vodil_bio21

AБағыттағышты астынан сәл көтеріп, духовканың қабырғасынан алыңыз.

BҰяшығынан алыңыз.

Бағыттағыштарды алу кезінде эмальды бүлдіріп алмаңыз.

Духовка есігін және есіктік әйнегін ағытып алу және орнату

snemanje in vstavljenje vrat in stekla_bio21

1Духовканың есігін толығымен ашыңыз.

2Духовка есігі топсалармен бекіткіштері бар арнайы ұстағыштардың көмегімен байланыстырылған. Бекіткіштерді есікке бағыттап 90°-қа көтеріңіз. Есікті 45° бұрышқа дейін ақырын жабыңыз (есіктік жабылған күйіне қатысты), содан соң оны сәл ғана көтеріп, ақырын ағытып алыңыз.

Есік әйнектерін ішінен тазалауға болады, бірақ алдымен оны есіктен шығарып алу қажет болады. Алдымен 2-тармақта сипатталған әрекеттерді орындаңыз, бірақ есікті ағытып алмаңыз.

3Желдеткіш қақпағын алыңыз. Ол үшін оны сол жағынан және оң жағынан қолыңызбен ұстаңыз. Өзіңізге қарай сәл ғана көтеріп, ағытып алыңыз.

4Есік әйнегінің жоғарғы жиегінен ұстап, ағытып алыңыз. Екінші және үшінші әйнекпен де осы әрекеттерді орындаңыз (моделіне байланысты).

5Әйнекті кері тәртіппен орнатыңыз.

Есікті кері тәртіппен орнатыңыз. Егер есік дұрыс ашылмаса немесе жабылмаса, топсалардағы ойықтардың ұяшықтарға дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.

Духовка есігінің топсаларының күшті серіппесі бар және қатты жабылып қалуы мүмкін. Сондықтан есікті ағытып алу және орнату кезінде бекіткіштің екеуін де тірелгенге дейін ашыңыз.

Есікті ақырын ашу және жабу

(моделіне байланысты)

Есіктер есікті кенеттен жабудың алдын алатын жүйемен жабдықталған. Жүйе жеңіл, тыныш әрі ақырын ашуды және жабуды қамтамасыз етеді. Есіктің өз бетінше және баяу жабылуы үшін оны сәл ғана итеріп жіберу жеткілікті (есіктің ашылған күйіне қатысты 15° дейінгі бұрышпен).

Егер есікті күш салып ашса немесе жапса, ол баяу жабу жүйесінің сынып қалуының алдын алу үшін қарапайым әдіспен ашылады және жабылады.

Жарықтандыру шамдарын ауыстыру

Шам шығын материалы болып табылады, оған кепілдік берілмейді. Шамды ауыстырмас бұрын жабдықты духовкадан алыңыз.

Галоген шам: G9, 230 V, 25 W.

menjava žarnice_bio21

1Қақпақты бұрап (сағат тіліне қарсы бағытта) және ағытып алыңыз. Галоген шамды ағытып алыңыз.

2Тегіс пластмасса заттың көмегімен қақпақты алыңыз. Галоген шамды ағытып алыңыз.

Эмальді бүлдіріп алмау үшін сақ болыңыз.
Күйіп қалмау үшін қорғаныс құралдарын қолданыңыз.

Шамды ауыстырмас бұрын аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Қателер мен ақаулықтар кестесі

Қателер мен ақаулықтар кестесі

Кепілді мерзім ішінде аспапты жөндеуді тек авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана жүзеге асыра алады.

Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Білікті емес жалғау және жөндеу қысқаша тұйықталуға және электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін, сондықтан бұл жұмыстарды өз бетіңізше орындамаңыз. Бұл жұмыстары тек авторлық құқығы бар маман ғана орындай алады.

Жұмыстағы ақаулықтар себебі төмендегі нұсқауларды басшылыққа ала отырып, өз бетінше жоюға болатын ұсақ ақаулар болуы мүмкін.

Егер аспап дұрыс пайдаланбау немесе қолданбау салдарынан жұмыс жасамайтын болса, кепілді мерзім ішінде сервис маманына баруды пайдаланушы төлейді.

Одан әрі қолдану немесе аспаптың келесі иегеріне табыстау үшін осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтап қойыңыз.

Төменде кейбір жалпы мәселелерді анықтауға қатысты кеңестер берілген.

Проблема/қате

Ықтимал себебі

Тұрмыстық электр сымының сақтандырғыштары сөніп қала береді.

Сервиске хабарласыңыз.

Духовка жарығы жанбайды.

Жарықтандыру шамын ауыстыру «Жарықтандыру шамын ауыстыру» бөлімінде сипатталған.

Егер осы ұсыныстар көмегімен ақауларды жоя алмасаңыз, авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты дұрыс жалғамау және қолданбау нәтижесінде туындаған ақаулықтарға кепілдік берілмейді. Бұл жағдайда жөндеу шығындарын тұтынушы өзі төлейді.

Құрылғыдан арылу

kanta1_FACE_LIFT

Қаптама қоршаған ортаға ешқандай залал келтірмей қайта өңдеуге, қалдықтарды сақтауға арналған арнайы полигондарда жинауға және кәдеге жаратуға болатын экологиялық таза материалдардан жасалған. Қаптама материалдары тиісті таңбалауға ие.

Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы символ оның тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Бұйымды одан ары кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн.

Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы осы сияқты қалдықтармен тиісті түрде әрекет жасамау салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз. Бұйымды кәдеге жарату туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, шақырылатын және қалдықтарды кәдеге жаратын қызметке немесе осы бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Өндіруші пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарында өзгерістерге және қателіктерге құқылы.

Қорытынды тағамдар

EN60350-1: өндіруші жеткізетін жабдықтарды ғана қолданыңыз.
Табаны алмалы-салмалы бағыттағыштарға тірелгенге дейін салыңыз. Пісірмесі бар қалыптарды суретте көрсетілгендей етіп орнатыңыз.

* Духовканы көрсетілген температураға дейін алдын ала қыздырып алыңыз. Бұл ретте Духовканы алдын ала қыздыру режимін қолданбаңыз.
** Духовканы 10 минут бойы алдын ала қыздырып алыңыз. Бұл ретте Духовканы алдын ала қыздыру режимін қолданбаңыз.
*** Дайындаудың 2/3 уақыты өткен соң бұраңыз.

ПІСІРУ

Тағам

Жабдық

Қалыптарды
орналастыру

simbol_vodilaT_bio21

simbol_tempT_bio21

simobl_časT_bio21

simbol_sistemT_bio21

Печенье — бір деңгейде

кішкене таба

3

140

30-40

zg. in sp. grelo_bio21

Печенье — бір деңгейде

кішкене таба

3

150

30-40

vroči zrak_bio21

печенье — екі деңгейде

кішкене таба

2, 4

140

45-55

vroči zrak_bio21

печенье — үш деңгейде

кішкене таба

1, 4, 5

135

50-60

vroči zrak_bio21

кекстер, капкейкилер — бір деңгейде

кішкене таба

3

160 *

20-30

zg. in sp. grelo_bio21

кекстер, капкейкилер — бір деңгейде

кішкене таба

3

160

30-40

vroči zrak_bio21

кекстер, капкейктер — екі деңгейде

кішкене таба

2, 4

145

40-50

vroči zrak_bio21

кекстер, капкейкилер — үш деңгейде

кішкене таба

1, 3, 5

140-150

30-50

vroči zrak_bio21

Тәтті қамырдан қаусырма

диаметрі Ø 26 см дөңгелек металл қалып/тор

1

150

45-55

zg. in sp. grelo_bio21

Тәтті қамырдан қаусырма

диаметрі Ø 26 см дөңгелек металл қалып/тор

3

160

45-55

vroči zrak_bio21

бисквитті торт — екі деңгейде

диаметрі Ø 26 см 2 дөңгелек металл қалып/тор

modeli_2_test jedi

2, 4

160 **

45-55

vroči zrak_bio21

алма қаусырмасы

диаметрі Ø 20 см 2 дөңгелек металл қалып/тор

modeli_1_test jedi

1

170

90-120

zg. in sp. grelo_bio21

алма қаусырмасы

диаметрі Ø 20 см 2 дөңгелек металл қалып/тор

modeli_1_test jedi

2

170

80-110

vroči zrak_bio21

ГРИЛЬМЕН ДАЙЫНДАУ

Тағам

Жабдық

Қалыптарды
орналастыру

simbol_vodilaT_bio21

simbol_tempT_bio21

simobl_časT_bio21

simbol_sistemT_bio21

тосттар

тор

5

230

4-7

žar_bio21

бургерге арналған котлеттер

тор + май жинауға арналған таба

5

230

20-35 ***

žar_bio21

Сіздің ескертпелеріңіз

 

872297