МҰЗДАТҚЫШ-ТОҢАЗЫТҚЫШ ШКАФТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ТОЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Қауіпсіздік жөніндегі маңызды ескерту

Ақпарат, кеңес

Бізге сенім білдіргеніңізге АЛҒЫС АЙТЫП, жаңа аспап сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Аспапты барынша ыңғайлы және қарапайым қолдану үшін біз пайдалану жөніндегі толық нұсқаулықты дайындадық. Ол жаңа аспаппен жылдам танысып шығуға көмектеседі. Сондай-ақ жеке парақта аспапты орнату жөніндегі нұсқаулық ұсынылады.

Аспапты өз қажеттілігіңізге қолдануыңызды тілейміз.

Біздің сайтқа кіріңіз, мұнда шильдада немесе кепілдік талонында көрсетілген аспабыңыздың моделінің атауын көрсетіңіз, осылайша Сіз аспаптың толық сипаттамасын, қолдану, кәдеге жарату, ақауларды жою жөніндегі кеңестерді, сервистік ақпараттарды және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды аласыз.

INTERNEThttp://www.gorenje.ru

Аспап үй шаруашылығында қолдануға арналған.

Тоңазыту бөлігі балғын өнімдерді 0°С жоғары температурада сақтауға арналған.

Мұздату бөлігі балғын өнімдерді мұздатуға және мұздатылған өнімдерді ұзақ уақыт бойы (өнім түріне байланысты бір жылға дейін) сақтауға арналған.

Нұсқаулықта келесілерді білдіретін символдар қолданылады:

Ақпарат, кеңес, көмек немесе ұсыныс

Қауіп туралы ескерту

Электр тогынан зақым алу қауіпі туралы ескерту

Өрт қауіпі туралы ескерту

Қауіпсіздік шаралары

Алғаш қолданар алдында

Аспапты жалғар және қолданар алдында аспап сипаттамасынан және оны дұрыс әрі қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқаулардан тұратын нұсқалықтармен мұқият танысып шығыңыз. Нұсқаулық аспаптың бірнеше типі үшін әзірленген, сондықтан сіздің моделіңізде жоқ жабдық пен жекелеген функциялардың сипаттамаларынан тұруы мүмкін. Одан әрі қолдану үшін нұсқаулықты сақтап қойыңыз.

Сондай-ақ нұсқаулық желдеткішпен және автоматты ерітумен жабдықталған No Frost мұздату бөлігінің нұсқасын сипаттайды (кейбір модельдерде).

Аспапты қандай да бір бұзылуларсыз алғандығыңызды тексеріңіз. Бұзылуларды анықтаған кезде аспапты сатып алған сауда ұйымына хабарласыңыз.

Тасымалдаудан кейін электр желісіне жалғар алдында аспапты кемінде екі сағат вертикаль күйде қалдырыңыз. Бұл тасымалдау кезінде салқындату жүйесіне әсер етуі салдарынан аспап жұмысындағы ақаулардың алдын алуға көмектеседі.

Қауіпсіздік жөніндегі маңызды нұсқаулар

ЕСКЕРТУ! Өртену қауіпі бар/тез жанатын заттар.

Аспапты электр желісіне жалғау және жерге тұйықтау қолданыстағы стандарттар мен ескертпелерге сәйкес орындалуы тиіс.

ЕСКЕРТУ! Құрылғының артқы жағына бірнеше портативті розеткаларды немесе портативті қуат көздерін орналастыруға болмайды.

Тазалауды бастамас бұрын аспапты электр желісінен міндетті түрде ажыратыңыз (байланыстыру кабелінің ашасын розеткасынан ажыратыңыз).

Егер қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында қызмет көрсету агентімен немесе білікті тұлғалармен ауыстырылуы керек.

Ескерту!Аспапты орнату кезінде байланыстыру кабелінің қысылып қалмауын немесе бүлінбеуін қадағалаңыз.

Егер жарық диодты жарықтандыру жұмыс жасамаса, сервис орталығына хабарласыңыз. Жарық диодты жарықтандыруды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз, бұл электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ! Аспап ішінде өндіруші рұқсат етпеген электрлік құрылғыларды қолданбаңыз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Еріту процесін жылдамдату үшін механикалық аспаптарды немесе өндіруші ұсынғаннан басқа құралдарды қолданбаңыз.

ЕСКЕРТУ! Аспаптың тұрақсыздығынан туындаған қауіптердің алдын алу үшін оны орнату нұсқаулықтарға сәйкес орындалуы тиіс.

Үсік шалу қаупі

Үсіріп алудың алдын алу үшін мұздатылған өнімдерге қолыңызды тигізбеңіз және аузыңызға салмаңыз.

Адамдар мен балалардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі аз адамдар (сонымен қатар, балалар) тұрақты бақылауда болмаған жағдайда жəне құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқауларын оқып, төнетін қауіпті түсінбеген жағдайда қолдануларына болмайды.

Балалардың бұл құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.

Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

Аспапты немесе оның жекелеген элементтерін тасымалдау процесінде қорғауға арналған қаптаманы алып, оны балалардың қолы жетпейтін жерге сақтап қойыңыз. Қаптама тұншығуға немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

Қызметі ету мерзімі өткен бұйымды қолдануға жарамсыз ету қажет. Ол үшін аспапты электр желісінен ажыратыңыз, байланыстыру кабелін кесіп тастаңыз, аспаптың есігі мен ішіндегі қалған сөрелерін алып тастаңыз. Өйткені балалар аспап ішінде қалып қоюы мүмкін.

Еуропа стандарттарына жатады

Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан үлкен балалардың пайдалануына, сонымен қатар физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі аз адамдар тұрақты бақылауда болған жағдайда жəне құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқауларын оқып, төнетін қауіпті түсінген жағдайда қолдануына болады.

Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.

Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

3 жəне 8 жас аралығындағы балаларға тағамдарды тоңазыту жабдығына салуға жəне тоңазыту жабдығынан алуға рұқсат етіледі.

Хладагент туралы ескерту

Бұл аспап қоршаған орта үшін қауіпсіз, бірақ жанғыш изобутан газының (R600a) аз ғана мөлшерінен тұрады. Салқындату контуры компоненттерінің бүлінбеуін қадағалаңыз. Хладагенттің ағуы қоршаған ортаға қауіп төндірмейді, бірақ көздің жарақат алуына немесе жануына алып келуі мүмкін!

Хладагенттің ағуын анықтаған кезде бөлмені жақсылап желдетіңіз, аспапты электр желісінен ажыратыңыз және сервис орталығына хабарласыңыз!

Дұрыс пайдалану

ЕСКЕРТУ! Аспап тұрмыстық және ұқсас жағдайларда қолдануға арналған, жекелегенде:

  • дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да өндірістік бөлмелердегі қызметтік асхана аймақтары;

  • ауыл шаруашылығы фермаларында, қонақүйлердегі, мотельдердегі және тұрғын үй түріндегі басқа да инфрақұрылымдағы тұрғындарға,

  • ұйықтайтын және таңғы ас ішетін орындарда,

  • қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру кезінде және бөлшек сауда қарастырылмаған басқа да ұқсас жағдайларда.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Аспап корпусындағы немесе кірістірілген конструкциялардағы желдету саңылауларының бітелуіне жол бермеңіз.

Аспапты ашық кеңістікке орнатуға болмайды. Аспапқа жаңбыр тамшылары мен шашырандылары тимеуі тиіс.

Бұл құрылғыда жанғыш қоспасы бар аэрозольді баллондар сияқты жарылғыш заттарды бұл құрылғыда сақтауға болмайды.

Егер аспапты ұзақ уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, оны сөндіріп, байланыстыру кабелін розеткадан ажыратыңыз. Тағамдарды алыңыз, аспапты ерітіңіз және тазалаңыз, есігін ашылған күйінде қалдырыңыз.

Ақаулар болған немесе электр энергиясын ажыратқан жағдайда тоңазытқышты 16 сағат бойы ашпаңыз. Егер осы уақыт ішінде ақау жойылмаса немесе электр энергиясын беру қалпына келтірілмесе, өнімдерді қолдану немесе басқа тоңазытқышқа немесе салқын жерге орналастырыңыз.

Техникалық деректер, аспап шильді

Аспаптың негізгі деректері бар шильд аспап ішінде орналасқан және кернеу, брутто және нетто көлем, хладагент типі мен мөлшері, аспаптың климаттық класы туралы ақпараттардан тұрады.

Берілген заттаңба өзіңіздің тіліңізге сәйкес келмесе, оны жиынтықта ұсынылған басқасымен алмастырыңыз.

ЕСКЕРТУ! Аспапты орнату, тазалау және кәдеге жарату кезінде оқшаулағыштың және салқындататын контурдың бүлінуіне жол бермеңіз. Бұл арқылы сіз қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын аласыз.

Қоршаған ортаны қорғау

Қаптама экологиялық таза материалдардан жасалған, оларды қоршаған ортаға зиян келтірмей қайта өңдеуге, қалдықтарды сақтауға арналған арнайы полигондарда жинауға және кәдеге жаратуға болады

Қызметі ету мерзімі өткен аспапты кәдеге жарату

Қызметі ету мерзімі өткен аспапты Қызметі ету мерзімі өткен аспаптарды бақылау пунктіне тапсырыңыз.

Бұл ретте:

  • аспапты электр желісінен ажыратыңыз және байланыстыру кабелін ажыратыңыз

  • қызметі ету мерзімі өткен аспаппен балалардың ойнауына жол бермеңіз.

kanta1_FACE_LIFT Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы символ оның тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуға жатпайтындығын көрсетеді. Бұйымды одан ары кәдеге жарату үшін электронды және электрлік жабдықтарды қабылдауға арналған тиісті орындарға тапсырған жөн.Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтай отырып, осы сияқты қалдықтарды тиісті түрде жоймау салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын алуға көмектесе аласыз. Бұйымды кәдеге жарату туралы барынша толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, қалдықтарды шығару және кәдеге жарату жөніндегі қызметке немесе бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер

  • Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта берілген орнату жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.

  • Есікті қажет болмаған кезде ашпаңыз.

  • Аспап артындағы кедергісіз желдетуді әлсін-әлсін тексеріп тұрыңыз.

  • Бүлінген немесе бүтін емес тығыздағышты тез арада ауыстыру қажет.

  • Өнімдерді жабық контейнерлерде немесе басқа да тиісті қаптамада сақтаңыз.

  • Өнімдерді аспапқа салмас бұрын оны бөлме температурасына дейін салқындатып алыңыз.

  • Мұздатылған өнімдерді тоңазытқыш бөлігінде ерітіңіз.

  • Тоңазыту камерасының ішкі көлемін барынша қолдану үшін осы нұсқаулықта сипатталғандай жәшіктерді алып тастаңыз.

  • Сөрелерді бірдей арақашықтыққа орнату және тағамдарды ауа еркін айналатындай етіп сақтау ұсынылады (осы нұсқаулықта берілген өнімдерді тарату жөніндегі ұсыныстарды орындаңыз).

Орнату және жалғау

Бөлмені таңдау

  • Аспапты құрғақ, желдетілетін бөлмеге орнатыңыз. Аспаптың дұрыс жұмыс жасауына арналған қоршаған ортаның қол жетімді температурасы оның климаттық класына байланысты болады. Климаттық класс аспап шильдінде көрсетілген.

    Атауы

    Климаттық класс

    Қоршаған орта температурасының диапазоны °C

    Салыстырмалы ылғалдылық

    Субқалыпты

    SN

    +10 - +32 аралығында

    ≤ 75%

    Қалыпты

    N

    +16 - +32 аралығында

    Субтропикалық

    ST

    +16 - +38 аралығында

    Тропикалық

    T

    +16 - +43 аралығында

    Бұл аспаптар кірістірілетін аспап ретінде қолдануға арналмаған.

    Аспап орнатылған бөлмедегі температура +5°С-ден төмен түспеуі тиіс, өйткені бұл аспап жұмысындағы ақауларға немесе оның бұзылуына алып келуі мүмкін.

  • Орнатқаннан кейін аспаптың байланыстыру кабелінің ашасына қол жетімді болу керек.

  • Аспапты жылу шығаратын құрылғыларға, мысалы, плиталарға, жылыту радиаторларына, бойлерлерге, сонымен қатар күн сәулесі тікелей түсетін аймақтарға жақын орнатпаңыз. Аспаптан электрлік немесе газ плитаға дейінгі минималды арақашықтық 3 сантиметр, майлы пешке немесе қатты отынмен жұмыс жасайтын құрылғыға дейін 30 сантиметр. Егер аталған арақашықтықты ұстану мүмкін емес болса, арнайы оқшаулағыш панельді қолданыңыз.

Ескертпе: Аспапты айтарлықтай үлкен бөлмеге орнатқан жөн. Хладагенттің әр 8 граммына кемінде 1 м3 кеңістік қажет болады. Хладагент мөлшері аспап корпусындағы зауыттық жапсырмада көрсетілген.

Аспапты орнату

Жарақат алудың және аспаптың бұзылуының алдын алу үшін аспапты орнатуды кемінде екі адам орындауы тиіс.

  • Аспапты тегіс немесе артқа қарай сәл қисайтып орнатуға болады. Аспапты тегіс бетке орналастырыңыз және тұрақты күйін қамтамасыз етіңіз. Алдында аспапты теңестіруге арналған екі реттелетін аяқ бар. Артында аспапты жылжытуды және орнатуды жеңілдететін роликтері бар (кейбір модельдерде).

POSTAVITEV_APARATA_RAHLO_NAZAJ

  • Аспапты реттелетін аяқтарының көмегімен теңестіргеннен кейін аспаптың барынша тұрақты күйін қамтамасыз ету үшін қосымша аяқты реттеңіз.

  • Аспапты күн сәулесі тікелей түсетін аймаққа, сонымен қатар жылу көздеріне жақын жерлерге орнатпаңыз. Егер мұны болдырмау мүмкін болмаса, арнайы оқшаулағыш панель орнатыңыз.

  • Аспапты жеке тұрған құрылғы ретінде орнатыңыз. Мәлімденген/минималды энергия тұтыну мәніне жету үшін қабырға мен аспаптың артқы қабырғасы арасында, сондай-ақ аспап астында 50 миллиметр қашықтықты қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ аспап айналасында және астында ауаның жеткілікті айналуын қамтамасыз етіңіз.

  • Аспапты жиһаз элементтерінің жанына, олардың арасына немесе қабырға жанына орнатуға болады. Мұндай орнату кезінде аспап дұрыс жұмыс жасайды, бірақ энергия тұтыну артуы мүмкін. Аспап астында және артында суретте көрсетілгендей минималды арақашықтықты сақтаңыз.

  • Соблюдайте расстояние, необходимое для открывания дверцы, чтобы можно было свободно извлекать ящики и полки (см. схему установки).

POSTAVITEV_APARATA_FS600-20_ADV-SUP

*моделіне байланысты

**модель с интегрированной ручкой

***модель с внешней ручкой

Назар аударыңыз! Аспапты бір-біріне тығыз жинақтау барысында (side-by-side) конденсаттың пайда болуынан жинағын қосымша сатып алу және орнату қажет.

Жинағына тапсырыс беру үшін артикул:

Құрғақ жай (қатыстық ылғалдығы 60%-дан аз)

Құрылғы биіктігі 1850 мм

пластмасса бағыттағыштар

СҰР

850659

Құрылғыны жалғау

VTICNICA

  • Аспапты электр желісіне байланыстыру кабелінің көмегімен жалғаңыз. Қабырға розеткасы жерге тұйықтайтын контактқа ие болуы тиіс (жерге тұйықтайтын штепсельді розетка). Жалғар алдында зауыттық кестеде көрсетілген кернеу мен жиіліктің желінің нақты параметрлеріне сәйкес келетіндігін тексеріп алу қажет.

  • Аспапты электр желісіне жалғау және жерге тұйықтау қолданыстағы стандарттар мен ескертпелерге сәйкес орындалуы тиіс. Аспап номиналды кернеудің –6% - +6% аралығындағы диапазондағы қысқа уақытқа ауытқуына шыдайды.

Есікті ашу бағытын өзгерту

Есікті ашу бағытын өзгертуге болады.

Ескертпе. Есікті қайта орнатар алдында аспапты электр қорегінен ажыратыңыз.

Қажетті құралдар:

SLIKA_NATIČNI_KLJUČ

Ұшты гайкалы кілт 8 мм

SLIKA_KRIŽNI_IZVIJAČ

Айқастырылған бұрауыш

SLIKA_PLOŠČATI_IZVIJAČ

Ұшты бұрауыш

SLIKA_KLJUČ_ŠT.8

Гайкалы кілт 8 мм

Ескертпе.

  • Егер аспаптың негізіне қатынауды қамтамасыз ету үшін оны артқа қисайту қажет болса, басқа адамның көмектесуін сұраңыз немесе аспапты бүлдіріп алмау үшін жұмсақ бетке жатқызыңыз. Есікті қайта орнату үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

  1. Тоңазытқышты көлденеңінен қойыңыз. Жоғарғы есікті ашыңыз, қайта орнату барысында сөрелерді бүлдіріп алмау үшін барлық есік сөрелерін алыңыз және есікті жабыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_1

  2. Жоғарғы топсаның қақпағын (1) ағытып алыңыз. Коннекторды (А) зақымдап алмау үшін абай болыңыз. Коннекторды (А) ажыратыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_2B

  3. Бұранданы босатып (2), топсаны (3) ағытып алыңыз. Коннекторды (А) топсаның саңылауынан шығарып алыңыз. Есіктің құлап кетпеуі үшін оны сүйеп тұрыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_3B

  4. Жоғарғы есікті көтеріп, ортаңғы топсадан ақырын ағытып алыңыз. Есікті тегіс бетке қойыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_4

  5. Пакеттен (оң жақ) қақпақты (4) алып, топсаны алғаннан кейін пайда болған саңылауларды жабыңыз. Топса орнатылатын сол жақтағы қақпақты (5) ағытып алып, пакетке салыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_5

  6. Жоғарғы есіктің сол жағындағы қақпақты (6) және коннекторды (А) ағытып алыңыз. Содан соң жоғарғы есіктің оң жағындағы қақпақты (7) орнатыңыз. Қақпақты (7) жоғарғы есіктің сол жағына және оң жақтағы қақпақты (6) орнатыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_6B

  7. Бұранданы (8) босатыңыз, есік шектегішін (10) және есік тіреуін (9) алыңыз. Бұрауыш (8) көмегімен пакетте берілген есікті шектегішті және есік тіреуін (9) бұраңыз. Есік шектегіші (10) болашақта қажет болатын болса, оны алып қойыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_7-9

  8. Ортаңғы топсаны бекітіп тұрған бұрандаларды босатып, топсаны ағытып алыңыз. Төменгі есікті төменгі топсадан ағытып алыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_8

  9. Төменгі есікті тегіс бетке қойыңыз. Бұранданы (8) босатыңыз, есік шектегішін (10) және есік тіреуін (9) алыңыз. Бұрауыш (8) көмегімен пакетте берілген есікті шектегішті және есік тіреуін (9) бұраңыз. Есік шектегіші (10) болашақта қажет болатын болса, оны алып қойыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_7-9

  10. Ортаңғы топса саңылауларының бітеуішін қарсы бетке ауыстырыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_10

  11. Құралды артқа еңкейтіп, реттелетін табаны (11) алыңыз.

  12. SLIKE_MENJAVA_VRAT_korak_12

    Астыңғы топсадағы (14) үш бұранданы босатыңыз және оны алыңыз. Астыңғы топсаның түйреуішінен (13) қосымша табаны (12) алыңыз. Төменгі топсадан түйреуішті (13) бұрап алыңыз және оны қосымша табанмен (12) толықтырып, топсаның қарама-қарсы жағына бұраңыз.

  13. SLIKE_MENJAVA_VRAT_korak_13

    Бұрандаларды пайдаланып топсаны (14) қарама-қарсы жаққа бекітіңіз. Бұрандаларды төмендегі суретте көрсетілген ретпен бекіту керек. Алдымен  1 бұранданы, одан кейін  2 бұрандаларды қатайтыңыз. Содан кейін реттелетін аяқтарды (11) бұраңыз.

  14. SLIKA_MENJAVA_VRAT_14

    Төменгі есікті төменгі топсаға орнатыңыз және осы күйде ұстап тұрыңыз. Ортаңғы топсаны 180°-қа бұрыңыз. Шайбаны дұрыс күйге орнатып, төменгі есікті орнату және бекіту үшін ортаңғы топсаның күйін реттеңіз.

  15. SLIKA_MENJAVA_VRAT_15B

    Жоғарғы есікті реттеңіз, коннекторды (А) жоғарғы топсадағы (3) саңылау арқылы өткізіңіз және топсаны бұрандалармен (2) бұраңыз. Бұл ретте жоғарғы есікті қолыңызбен ұстап тұрыңыз. Коннекторды (А) жалғаңыз.

  16. Жоғарғы топсаның қақпағын (1) орнатыңыз.

    SLIKA_MENJAVA_VRAT_16

  17. Жоғарғы есікті ашыңыз, есік сөрелерді орнатып, есікті жабыңыз.

Ескертпе. Егер тоңазытқышыңыз тұтқамен жабдықталған болса, оны қарсы бетке орнату қажет. Ол үшін жоғарғы есікті ағытып, тегіс бетке қойыңыз. (1) және (4) бітеуіштерді алыңыз және суретте көрсетілгендей бұрандаларды (2) босатыңыз. Тұтқаны (3) қарсы бетке ауыстырыңыз, бұрандалармен (2) бұраңыз және (1) және (4) бітемелерді орнатыңыз.

SLIKA_MANJAVA_VRAT_21

Аспап сипаттамасы

SLIKA_APARATA_COMBI_SUP

A Тоңазыту бөлігі

  1. Басқару панелі

  2. Жарықдиоды жарық

  3. MultiFlow жүйесінің панелі

  4. Әйнек сөрелер

  5. ZeroZone контейнерін жемістер мен көкөністер контейнеріне түрлендіруге арналған сырғытпа

  6. ZeroZone контейнері

  7. Көкөністер мен жемістерге арналған ылғалдылықты реттейтін CrispZon контейнері*

  8. Есік сөрелері

  9. Бөтелкелерге арналған есік сөресі

B Мұздату бөлігі

  1. Қатыруға және сақтауға арналған жоғарғы жәшік

  2. Қатыруға және сақтауға арналған терең SpaceBox жәшігі

  3. Сақтауға арналған төменгі жәшік

  • Жылжымалы жәшіктер құлаудан қорғалған. Жәшікті алу үшін оны тірелгенге дейін итеріп, алдынан көтеріңіз де, толықтай шығарып алыңыз.

*кейбір модельдерде

Аспапты басқару

SLIKA_UI_SUP_ZUNANJE

A

Аспапты қосу/сөндіру батырмасы

B

Салқындату бөлігінің температурасын орнату дисплейі

B1

Салқындату бөлігінің температурасын орнату батырмалары

C

Мұздату бөлігінің температурасын орнату дисплейі

C1

Мұздату бөлігінің температурасын орнату батырмалары

D

«Эко» режимін қосу/сөндіру батырмасы

E

«Қарқынды салқындату» функциясын қосу/өшіру батырмасы

F

«Демалыс» режимі (Holiday mode)

G

Мұздату бөлігі/ZeroZone бөлігі жұмыс режимдерін ауыстырып қосу батырмасы

H

«Жылдам қатыру» функциясын қосу/өшіру батырмасы

I

Дыбысты сигнализацияны сөндіру батырмасы

J

Күту режимінен шығу батырмасы

Аспапты қосу және өшіру

Электр желісіне алғаш қосқаннан кейін аспап күту режимінде тұрады (өшірілген, бірақ кернеу беріліп тұр).

SLIKA_TIPKA_A_ZUNANJE.UPR

Аспапты қосу. Аспапты қосу үшін А батырмасын басыңыз. Дыбысты сигнал беріледі, В және С дисплейлерінде температура көрсетіледі.

SLIKA_IZKLOP_DIGITI

Аспапты өшіру. Аспапты өшіру үшін A батырмасын басып, ұстап тұрыңыз (2 секунд). Дыбысты сигнал беріледі және кезекпен сағат тілі бағытында B дисплейінің сыртқы сегменттері жанады. Аспап күту режимінде тұрады (өшірілген, бірақ кернеу беріліп тұр).

Температураны реттеу

  • Аспап салқындату бөлігінде 4°С, мұздату бөлігінде -18°С ұсынылатын температурамен жеткізіледі.

  • Аспапты қосқан кезде орнатылған температураға жету үшін бірнеше сағат қажет болады, сондықтан тағамдарды аспапқа салмаңыз.

SLIKA_NASTAVLJANJE_TEMP_HL_DEL

Салқындататын бөліктің температурасы В1 батырмаларымен орнатылады.

SLIKA_VIŠANJE_TEMPТемператураны жоғарылату

SLIKA_NIŽANJE_TEMPТемператураны төмендету

  • Салқындататын бөліктегі температура +1° - +9°C аралығындағы диапазонда реттеледі.

  • В1батырмаларының бірін әр басу температураны 1°C-қа жоғарылатады немесе төмендетеді. Батырманы соңғы басудан кейін үш секунд өткен соң салқындату бөлігіне арналған мән автоматты түрде сақталады.

  • Салқындату бөлігіндегі ұсынылатын температура: +4°С.

SLIKA_NASTAVLJANJE_TEMP_ZO_DEL

Мұздататын бөліктің температурасы С1 батырмаларымен реттеледі.

SLIKA_VIŠANJE_TEMPТемператураны жоғарылату

SLIKA_NIŽANJE_TEMPТемператураны төмендету

  • Мұздататын бөліктегі температура -16° - -24°C аралығындағы диапазонда реттеледі.

  • С1 батырмаларының бірін әр басу температураны 1°C-қа жоғарылатады немесе төмендетеді. Батырманы соңғы басудан кейін үш секунд өткен соң мұздату бөлігіне арналған мән автоматты түрде сақталады.

  • Мұздату бөлігіндегі ұсынылатын температура: -18°C.

Басқару панелінің күту режимі

Кез келген батырманы соңғы басқан соң 30 секундтан кейін басқару панелі күту режиміне ауысады. Басқару панелінің барлық индикаторлар және дисплей сөнеді. Кез келген функцияны іске қосқан жағдайда функция индикаторы жанады, бірақ бұл ретте басқару панелі күту режимінде тұрады.

Күту режимінен шығу. А немесе J батырмасын басыңыз немесе салқындату бөлігінің терезесін ашыңыз. Егер қандай да бір функция қосылып тұрса, күту режимінен тиісті функцияның батырмасын басу арқылы шығуға болады.

Қарқынды салқындату (super cool) (мұздату бөлігі)

Аспапты тазалауды бастамас бұрын және көп мөлшердегі өнімдерді салар алдында, аспапты алғаш қосқан кезде «Қарқынды салқындату» функциясын қосыңыз.

SLIKA_SUPER_COOL

«Қарқынды салқындату» функциясын қосу. Функцияны қосу үшін Е батырмасын басыңыз. Дыбысты сигнал беріледі және super cool индикаторы жанады.

В дисплейінің сыртқы сегменттері кезекпен жанады. Алдымен бірінші сегмент (суретті қараңыз), содан соң қалған сегменттер сағат тілі бағытында жанады.

SLIKA_SC_SEGMENTI

Функцияның жұмысы аяқталуға жақындаған кезде В дисплейінің барлық сыртқы сегменттері жанады.

  • «Қарқынды салқындату» функциясының жұмысы кезінде мұздату бөлігінің температурасы әдеттегі режимде реттеледі.

  • «Қарқынды салқындату» функциясы қосылып тұрған кезде салқындату бөлігінің температурасын өзгерту үшін алдымен Е батырмасымен «Қарқынды салқындату» функциясын өшіру қажет.

«Қарқынды салқындату» функциясын өшіру. Функцияны өшіру үшін Е батырмасын басыңыз. Дыбысты сигнал беріліп, super cool индикаторы сөнеді.Егер функцияны қолмен өшірмесе, ол шамамен 6 сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.

«Қарқынды салқындату» функциясын қосқан кезде аспап максималды қуатпен жұмыс жасайды, сондықтан дыбысы бұрынғыға қарағанда қаттырақ болады.

Жылдам қатыру(fastfreeze) (мұздату бөлігі)

Аспапты тазалауды бастамас бұрын және көп мөлшердегі өнімдерді салар алдында, аспапты алғаш қосқан кезде «Қарқынды салқындату» функциясын қосыңыз.

SLIKA_SUPER_FREEZE

«Жылдам қатыру» функциясын қосу. Функцияны қосу үшін Н батырмасын басыңыз. Дыбысты сигнал беріледі және fast freeze индикаторы жанады.

Лезде мұздату (мұздату бөлігінің жоғарғы жәшігінде): Бұл опцияға мұздату бөлігінің жоғарғы жәшігінде қолжетімді және жәшікке салқын ауаны қарқынды беру есебінен жұмыс жасайды. Өнімдерді мұздату жылдамдығы қаншалықты жоғары болса, олар витаминдерін, минералдары мен нәрлі заттарын соғұрлым ұзақ сақтайды.

С дисплейінің сыртқы сегменттері кезекпен жанады. Алдымен бірінші сегмент (суретті қараңыз), содан соң қалған сегменттер сағат тілі бағытында жанады.

SLIKA_FF_SEGMENTI

Функцияның жұмысы аяқталуға жақындаған кезде С дисплейінің барлық сыртқы сегменттері жанады.

  • «Жылдам қатыру» функциясының жұмысы кезінде мұздату бөлігінің температурасы әдеттегі режимде реттеледі.

  • «Қарқынды қатыру» функциясы қосылып тұрған кезде мұздату бөлігінің температурасын өзгерту үшін алдымен H батырмасымен «Жылдам қатыру» функциясын өшіру қажет.

«Жылдам қатыру» функциясын өшіру. Функцияны өшіру үшін H батырмасын басыңыз. Дыбысты сигнал беріледі және fast freeze индикаторы сөнеді. Егер функцияны қолмен өшірмесе, онда ол шамамен 2 күннен кейін автоматты түрде өшеді.

«Жылдам қатыру» функциясын қосқан кезде аспап максималды қуатпен жұмыс жасайды, сондықтан дыбысы бұрынғыға қарағанда қаттырақ болады.

«Eco» режимі

SLIKA_ECO

Өшіру. «Эко» режимін қосу үшін D батырмасын қайта басыңыз. eco mode индикаторы жанады. Үнемді режимде аспап оңтайлы баптаулармен жұмыс жасайды.

Өшіру. «Эко» режимін өшіру үшін D батырмасын қысқа басыңыз. Температура соңғы орнатылған мәнге оралады.

Егер салқындату бөлігінің температурасын В1 батырмаларымен өзгертсе немесе кез келген басқа функцияны қосса, «Эко» режимі де өшіріледі.

Convert функциясы

Мұздату бөлігін ZeroZone балғындық аймағы жұмыс режиміне ауыстыруға болады. Бұл режимде бөлікте шамамен 0°С немесе одан төмен температура болады, сондықтан температураға сезімтал өнімдерді сақтамаңыз, өйткені олар қатып қалуы мүмкін. Мұздату бөлігін ZeroZone режиміне ауыстырып қосар алдында мұздатылған өнімдердің еріп, бұзылып кетпеуі үшін барлығын шығарып тастаңыз.

SLIKA_CONVERT

  • Convert функциясын қосу. G батырмасын басыңыз. Дыбысты сигнал беріледі және convert 0°C индикаторы жанады.

  • Мұздату бөлігінің бұл режимінде 0°C, салқындату бөлігінде 4°C температурасы орнатылады. «0°C» мәні C дисплейінде мұздату бөлігінде тиісті температураға жеткенге дейін жыпылықтай береді. Температураға жеткен кезде «0°C» мәні жыпылықтауын тоқтатып, тұрақты жанады.

  • ZeroZone бөлігінде температураны орнату. С1 батырмаларымен температураны -2°C және +3°C аралығындағы диапазонда орнатыңыз.

  • Температура мәндері шамамен алынған және тоңазыту бөлігіндегі тағайындалған температураға, қоршаған орта температурасына, есікті ашу жиілігіне және салынған тағам мөлшеріне байланысты болады. ZeroZone бөлігіндегі температура неғұрлым жоғары болса, тоңазыту бөлігіндегі температура да соғұрлым жоғары және керісінше. Температураны аспапты пайдалану жағдайларына байланысты таңдаңыз.

  • Егер төменгі бөлім ZeroZone режимінде жұмыс жасаса, салқындату бөлігінің температурасы +4° және +8°С аралығындағы диапазонда реттеледі. Қоршаған ортаның +16° және +32°С аралығындағы температурасында Convert функциясын қолдану ұсынылады. Қоршаған ортаның айтарлықтай жоғары температурасы кезінде аспапта тағайындалған температураны ұстау мүмкін емес.

  • Convert функциясын қосқан кезде барлық басқа функциялар өшіріледі

  • Convert функциясын өшіру. G батырмасын басыңыз. Дыбысты сигнал беріледі және convert 0°C индикаторы сөнеді.

Convert функциясының жұмысы ZeroZone контейнеріндегі температураға әсер етеді. Convert функциясы қосылып тұрған кезде контейнер 0°C шамасындағы температураны ұстамайды және слайдер күйіне қарамастан, жемістер мен көкөністерге арналған контейнер ретінде жұмыс жасайды, бұл тағамдардың бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан төмен температураларға төзімді өнімдерді сақтаудың айтарлықтай сай келетін аймағына ауыстыру ұсынылады.

«Демалыс» режимі (Holiday mode)

«Демалыс» режимін ұзақ уақытқа үйден кеткен кезде, мысалы, кезекті демалысқа немесе ұзаққа созылатын іссапарға кеткен кезде ұсынылады.

SLIKA_HOLIDAY_MODE

«Демалыс» режимін қосу. Режимді қосу үшін F батырмасын басыңыз. Дыбысты сигнал беріледі және holiday mode индикаторы жанады.

  • «Демалыс» режимінде тоңазыту бөлігінде 15°С және мұздату бөлігінде -18°С температураны ұстану қажет.

«Демалыс» режимін қосқан кезде өнімдерді тоңазыту бөлігінде сақтамаңыз, өйткені олар бұзылуы мүмкін.

«Демалыс» режимін өшіру. Режимді өшіру үшін F батырмасын басыңыз.

Қорғайтын блоктау (балалардан қорғайтын блоктау)

SLIKA_OTROŠKA_ZAŠCITA

Қосу Қорғайтын блоктауды қосу үшін А және D батырмаларын бір уақытта басып, ұстап тұрыңыз (2 секунд). Дыбысты сигнал беріледі және В дисплейінде LL индикациясы жанып, сөнеді

Қорғайтын блоктауды қосқаннан кейін A, D, I және J батырмаларынан барлық батырмалар блокталады.

Өшіру. Қорғайтын блоктауды өшіру үшін А және D батырмаларын бір уақытта басып, ұстап тұрыңыз.

Электр энергиясын өшірген жағдайда функция электр қорек қалпына келтірілген кезде жұмысын жалғастырады.

Температурадан асыру туралы сигнализация

SLIKA_ALARM_HI

Аспапта болмашы ғана температураның жоғарылауы анықталған жағдайда үзік-үзік дыбысты сигнал қосылады. В немесе С дисплейінде «НІ» индикациясы жыпылықтай бастайды және температура жоғары бөліктің индикаторы жанады.

  • Аспапты қосқан кезде (A батырмасымен) сигнализацияның қажетсіз іске қосудың алдын алу үшін оны 24 сағатқа кейін қалдыру қарастырылған. Егер осы уақыт ішінде аспаптағы температура тиісті деңгейге дейін төмендемесе, сигнализация қосылады.

Сигнализацияны өшіру:

  • Дыбысты сигналды өшіру үшін, І батырмасын басыңыз.I батырмасын алғаш басқаннан кейін дыбысты сигнал өшеді, В және С дисплейлерінде бөлімдердегі температураның максималды бекітілген мәні көрсетіледі. I батырмасын екінші рет басқаннан кейін В және С дисплейлерінде температураның тағайындалған мәні жыпылықтай бастайды. Температура ескерту сигнализациясы іске қосылатын мәннен төмен түспейінше, температура индикациясы жыпылықтай бастайды.

  • Температура ескерту сигнализациясы іске қосылатын мәннен төмен түскен кезде, температура индикациясы жыпылықтауын тоқтатады және тұрақты жанып тұрады.

  • Егер дыбысты сигналды қолмен өшірмесе, ол әр сағат сайын он бес минут бойы беріле береді.

Ашық есік туралы сигнализация

Егер тоңазыту және мұздату бөліктерінің есіктері ұзақ уақыт ашылып тұрса, қайталанатын дыбысты сигнал қосылады. Егер сигналды қолмен өшірмесе, ол 10 минут бойы беріле береді. Егер есік жабылып тұрса, аспап жұмысын жалғастырады.

Сигнализацияны өшіру. Дыбысты сигналды өшіру үшін есікті жабыңыз.

Егер дыбысты сигналды І батырмасын басу арқылы өшірсе, ол егер есік ашылып тұрса, 4 минуттан кейін қайта қосылады.

Егер есік 10 минуттан артық ашылып тұрса, аспап жеткілікті салқындатуды қамтамасыз ету және есіктің ашылып тұруының салдарынан тағамдардың бұзылып кетуінің алдын алу үшін қауіпсіз жұмыс режиміне ауысады.

Электр энергиясын ажырату туралы сигнализация

SLIKA_PF

Электр энергиясын ажыратқан кезде аспап ішінде рұқсат етілген деңгей асып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда электр энергиясымен жабдықтау қалыпқа келтірілген кезде рұқсат етілген температурадан асыру туралы сигнализация қосылады. Дыбысты сигнал беріледі және В немесе С дисплейінде аспаптың қай бөлігінде температураның жоғарылауы анықталғанына байланысты «PF» индикациясы жыпылықтай бастайды.

Дыбысты сигналды өшіру үшін І батырмасын басыңыз. В немесе С дисплейінде температура жеткен максималды мән көрсетіледі.

I батырмасын қайта басу электр энергиясын өшіру туралы сигнализацияны өшіреді және В немесе С дисплейінде температураның тағайындалған мәні көрсетіледі.

Электр энергиясын өшіру туралы сигнализациямен бір уақытта рұқсат етілген температурадан асыру туралы сигнализация қосылса, онда соңғысы электр энергиясын өшіру туралы сигнализация өшірілгеннен кейін «Рұқсат етілген температурадан асыру туралы сигнализация» бөлімінде сипатталғандай жұмыс жасайды

Аспапты жабдықтау

(*Моделіне байланысты)

Сөре

SLIKA_IZVLEK_POLICE

Тоңазыту бөлігінің ішіндегі сөрелерді тоңазытқыштан алмай түрлі биіктікке ауыстырып қоюға болады. Сөрені алдын ала тағамдардан босатып алыңыз. Сөренің орнын ауыстыру немесе шығарып алу үшін оны артынан сәл көтеріңіз, өзіңізге қарай тартып, басқа деңгейге ауыстырыңыз немесе шығарып алыңыз. Жылдам бұзылатын өнімдерді сөренің температурасы төмен болатын артқы бөлігінде сақтаңыз.

Бөтелкелерге арналған металл сөре*

NOSILEC_ZA_STEKLENICE

  • Кейбір модельдер бөтелкелерге арналған металл сөрелермен жабдықталған. Сөрелер құлаудан қорғалған. Шығарып алар алдында сөрелерді босатыңыз. Сөрені шығарып алу үшін оны алдынан көтеріп, өзіңізге қарай тартыңыз. Сөрені бөтелкелер есікті жабуға кедергі келтірмейтіндей етіп орнатыңыз.

    Бөтелкелерге арналған сөренің максималды жүктемесі көлемі 0,75 литрді құрайтын немесе жалпы салмағы 13 килограммға дейінгі 9 бөтелкені құрайды (тоңазытқыштың алдыңғы қабырғасындағы жапсырманы қараңыз).

  • Сондай-ақ сөреде алюминий банкалардағы сусындарды сақтауға болады.

Ылғалдығы бақыланатын жемістер мен көкөністерге арналған контейнер (CrispZone)*

  • Тоңазыту бөлігінің төменгі бөлігіндегі контейнер жемістер мен көкөністерді сақтауға арналған. Контейнер өнімдердің кеуіп кетуінің алдын алатын ылғалдықтың оңтайлы деңгейін қамтамасыз етеді.

  • Контейнер ішіндегі ылғалдық онда сақталатын тағамдардың түрлері мен мөлшеріне байланысты автономды реттеледі.

SLIKA_CRISP_ZONE_FS600-20_AUTO

  • Контейнерді шығарып алу

    • Контейнерді шектегішке дейін өзіңізге қарай тартыңыз, оны алдынан көтеріп, шығарып алыңыз.

ZeroZone контейнері*

(кейбір модельдерде)

ZeroZone контейнері балғын тағамдардың кең ассортиментін қарапайым тоңазытқыштағыға қарағанда шамамен үш есе ұзағырақ сақтауға мүмкіндік береді. Тағамдар ұзақ уақыт бойы балғын күйінде қалады, түпнұсқа дәмін, тағамдық қасиеттерін және тартымды түрін сақтап қалады. Бұл контейнердегі температура тоңазыту бөлігінде орнатылған температураға, қоршаған орта температурасына, есікті ашу жиілігіне және контейнердегі тағамдар мөлшеріне байланысты болады.

ZeroZone контейнеріндегі температураны 0°С айналасында ұстау үшін тоңазыту бөлігіндегі температураны +4°С-ден төмен орнату ұсынылады. ZeroZone контейнеріндегі температура 0°С-ден төмен түсе алады, сондықтан төмен температураға сезімтал тағамдарды жоғары тұрған сөрелерге қою ұсынылады.

Дұрыс жұмыс жасау үшін контейнерді ішке қарай тірелгенге дейін итеріңіз.

  • Тағамдарды сатып алған кезде олардың балғындығын тексеріңіз, өйткені оған сапасы мен сақтау ұзақтығы тәуелді болады.

  • Тағамдар иіс пен ылғал шығармау және басқа тағамдардан сіңіріп алмау үшін тиісті олар қаптамамен қапталуы немесе жабық ыдыстарда болуы тиіс.

  • Тұтынар алдында 30-60 минут бұрын тағамдарды контейнерден алыңыз. Тағамның түпнұсқа иісі мен дәмі бөлме температурасында көбірек білінеді.

  • ZeroZone контейнерінде сақтауға болмайтын төмен температураға сезімтал өнімдер: ананас, авокадо, банан, зәйтүн, картоп, баялды, қияр, бұршақ, болгар бұрышы, қауын, қарбыз, кәді және басқалары.

SLIKA_IZVLEK_PREDALA_ESS

  • Контейнерді шығарып алу:

    • контейнерді шектегішке дейін өзіңізге қарай тартыңыз,

    • оны алдынан көтеріп, шығарып алыңыз.

ZeroZone контейнерін жемістер мен көкөністерге арналған контейнерге түрлендіру*

  • Егер жемістер мен көкөністерді сақтауға арналған қосымша орын қажет болса, ZeroZone контейнерін жемістер мен көкөністерге арналған контейнерге (CrispZone) түрлендіре аласыз.

SLIKA_CONVERT_DRSNIK

  • Мұны слайдер көмегімен жасауға болады:

    • ZeroZone контейнері ретінде қолдану: слайдерді оңға жылжытыңыз,

    • жемістер мен көкөністерге арналған контейнер (CrispZone) ретінде қолдану: слайдерді солға жылжытыңыз,

Convert функциясы қосылып тұрған кезде контейнер слайдер күйіне қарамастан жемістер мен көкөністерге арналған контейнер ретінде жұмыс жасайды. Слайдердің ZeroZone күйіне орнатылғанына қарамастан, контейнер 0°C шамасындағы температураны ұстамайды, бұл тағамдардың бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан төмен температураларға төзімді өнімдерді сақтаудың айтарлықтай сай келетін аймағына ауыстыру ұсынылады.

Есік сөрелері

SLIKA_VRATNE_POSODE

Тоңазыту бөлігі есігінің ішкі бетінде ірімшікті, сары майды, жұмыртқаны, йогурт пен шағын қаптамадағы басқа да тағамдарды, тюбиктерді, консервілерді сақтауға арналған сөрелер бар.

Сөрелерді биіктігі бойынша ауыстыруға болады. Ол үшін сөрені жоғары тартыңыз, саңылауларынан алыңыз, қажетті биіктікке ауыстырыңыз және оның орнына жақсы бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Есіктің төменгі сөресі бөтелкелерді сақтауға арналған.

Әр есік сөресінің максималды жүктемесі 5 килограммды құрайды.

Ауаны тарату жүйесі (MultiFlow)*

  • MultiFlow заманауи жүйесі иондалған ауаны және температураны тоңазытқыш кеңістігінде біркелкі таратуды қамтамасыз етеді. Бұл жүйе тағамдарды тоңазытқыштың кез келген сөресінде сақтауға мүмкіндік береді, өйткені барлық кеңістікте бірдей температура болады.

SLIKA_MULTI-FLOW_BREZ_ION

Ауаны иондағышы бар желдету жүйесі (MultiFlow/IonAir)*

  • MultiFlow желдетудің заманауи жүйесі иондалған ауаны және температураны тоңазытқыш кеңістігінде біркелкі таратуды қамтамасыз етеді. Теріс зарядталған иондармен байытылған ауа табиғи микроклимат тудырады, сондықтан тағамдар балғындығын ұзағырақ сақтайды. Бұл жүйе тағамдарды тоңазытқыштың кез келген сөресінде сақтауға мүмкіндік береді, өйткені барлық кеңістікте бірдей температура болады.

SLIKA_MULTI-FLOW_Z_ION

AdaptTech

Сенсорлары мен датчиктері бар инновациялық технология пайдалану өмірінің қарқындылығына байланысты аспап жұмысын реттеуге мүмкіндік береді. Адаптивті интеллектуалды жүйе бірнеше апта бойы тоңазытқышты қолдануды тұрақты қадағалайды және талдайды және содан соң аспап жұмысын алынған деректерге сәйкес реттейді, Мысалы, бақылау барысында жүйе тоңазытқышты кешкі мезгілде қолдану қарқындылығын анықтайды. Есікті айтарлықтай қарқынды ашып жабудың орын алуына байланысты есікті ашу кезінде тағамдардың қызып кетуінің алдын алу үшін аспаптағы температура алдын ала төмендетіледі. Сондай-ақ аспап тоңазыту немесе мұздату бөліктеріне балғын тағамдардың көп мөлшерін жүктеуді анықтайды және салқындату қарқындылығын автоматты түрде арттырады.

Өнімдерді тарату жөніндегі ұсыныстар

Тоңазыту бөлігінің аймақтары

  • Жоғарғы аймақ: консервіленген тағамдар, нан, шарап, пісірме.

  • Орталық аймақ: сүт өнімдері, дайын өнімдер, десерттер, шырын, сыра, дайын тағамдар.

  • FreshZone/ZeroZone контейнері: ет, ет өнімдері, деликатестер.

  • Көкөністер мен жеміс-жидектерге арналған контейнер: балғын жемістер, көкөністер, салаттар, тамыр жемістер, картоп, пияз, сарымсақ, қызанақ, ашытылған қырыққабат, шалғын.

porazdelitev zivil_advance

Тоңазыту бөлігі есігіндегі аймақтар

  • Жоғарғы/орталық сөрелер: жұмыртқа, сары май, ірімшік.

  • Төменгі сөрелер: бөтелкелердегі және алюминий банкалардағы сусындар.

Тоңазыту бөлігінде төмен температураға сезімтал жемістерді (ананас, банан, папайя, цитрустер) және көкөністерді (кәді, баялды, қияр, болгар бұрышы, қызанақ, картоп) сақтамаңыз.

Мұздату бөлігінің аймағы

  • Мұздату және мұздатылған өнімдерді сақтау («Мұздату және мұздатылған өнімдерді сақтау» бөлімін қараңыз).

Мұздату бөлігінде салаттарды, жұмыртқаны, алманы, алмұртты, жүзімді, шабдалыны, йогуртты, айранды, қаймақты, майонезді сақтамаңыз.

Өнімдерді тоңазыту бөлігінде сақтау

Тағамдарды сақтау жөніндегі маңызды ескертулер

Аспапты дұрыс пайдалану, тағамдардың тиісті қаптамасы, дұрыс температураны ұстау және гигиена ережелерін сақтау тағамдарды сақтау сапасы үшін шешуші мәнге ие.

Тағамдардың қаптамасында көрсетілген сақтау мерзімдерін ұстаныңыз.

Тоңазыту бөлігінде сақталатын тағамдар иіс пен ылғал шығармау және басқа тағамдардан сіңіріп алмау үшін тиісті қаптамамен қапталуы немесе жабық ыдыстарда болуы тиіс.

Тоңазыту бөлігінде тез жанатын, ұшқыш және жарылғыш заттарды сақтауға болмайды.

Алкоголь құрамы көп сұйықтықтары бар бөтелкелерді тығыз жабылған, вертикаль күйде сақтаңыз.

Лимонның және апельсиннің қабығында болатын кейбір органикалық ерітінділер, эфир майлары, майлы қышқылдар пластик беттермен және нығыздағыштармен ұзақ уақыт бойы жанасқан кезде олардың бүлінуіне және уақытынан бұрын ескіруіне алып келеді.

Жағымсыз иіс аспаптың ластанғаны немесе тағамдардың бұзылғандығы туралы ескертеді («Тазалау» бөлімін қараңыз).

Егер ұзақ уақыт бойы үйде болмасаңыз, тоңазыту бөлігіндегі жылдам бұзылатын тағамдарды алып тастаңыз.

Тағамдардың бұзылып кетуінің алдын алыңыз

Тағамдардың бұзылып кетуіне жол бермеу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:

  • Есікті ұзақ уақыт бойы ашып тұру аспап камераларындағы температураның айтарлықтай жоғарылауына алып келуі мүмкін.

  • Тағам өнімдерімен және қолжетімді дренаж жүйелерімен байланыста болуы мүмкін беттерді жүйелі түрде тазалап отырыңыз.

  • Шикі ет пен балықты тиісті контейнерлерге салып, тоңазытқышта сақтаңыз, осылайша, олар басқа тағамдармен жанаспайды жəне тамшылары ақпайды.

  • Егер тоңазыту аспабы ұзақ уақыт бойы бос күйінде қалдырылса, аспап ішінде зеңнің пайда болуының алдын алу үшін оны өшіріңіз, мұзын ерітіңіз, тазалаңыз, кептіріңіз жəне есігін ашық күйде қалдырыңыз.

Тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттары

Тағам түрі

Сақтаудың оңтайлы температурасы, °С

Сақтаудың оңтайлы ылғалдығы, %

Сақтаудың жорамалды мерзімі

Шошқа еті

-1 - 4 аралығында

95

3 күн

Сиыр еті

0 - 4 аралығында

95

3 аптаға дейін

Қой еті

0 - 4 аралығында

95

14 күн

Тауық ету

0 - 4 аралығында

95

3 күн

Балық

0 - 4 аралығында

95

3-10 күн

Моллюскалар

0 - 4 аралығында

95

2 күн

Вакуум қаптамада ұсталған сиыр еті

1,5

95

16 апта

Сүт өнімдері (йогурт, қаймақ, сары май, жұмсақ ірімшік, ірімшік спреді)

2 - 4 аралығында

95

7-10 күн

Қызылша

0

95

3-5 ай

Брокколи

0

95-100

10-14 күн

Жаңа піскен қырыққабат

0

98-100

3-6 апта

Піскен сәбіз

0

98-100

4-5 ай

Қысқы салат

0

95-100

2-3 апта

Сарымсақ

0

65-70

6-7 ай

Кольраби

0

98-100

2-3 ай

Қытай қырыққабаты

0

95-100

2-3 ай

Кеш пісетін қырыққабат

0

98-100

3-4 ай

Сәбіз

0

95-100

2 апта

Гүлді қырыққабат

0

95-98

2-4 апта

Балдыркөк сабағы

0

98-100

2-3 ай

Мангольд

0

95-100

10-14 күн

Радиккьо

0

95-100

2-4 апта

Жүгері

0

95-98

5-8 күн

Басты пияз

0

95-100

2-3 ай

Саңырауқұлақ

0

95

3-4 күн

Ақжелкен

0

95-100

2-3 күн

Ботташық

0

98-100

4-6 ай

Шомыр

0

95-100

2-4 ай

Ақжелкек

0

98-100

10 - 12 ай аралығында

Гүлді қырыққабат

0 - 2 аралығында

90-95

2-4 апта

Пияз

0 - 2 аралығында

65-70

6-7 ай

Қасқыржем

0 - 2 аралығында

95-100

2-3 апта

Көк бұршақ

0 - 2 аралығында

95-98

1-2 апта

Туралған көкөністер

0 - 2 аралығында

90-95

5 күнге дейін

Брюссель қырыққабаты

0 - 2 аралығында

90-95

1-2 апта

Қарлыған

0 - 2 аралығында

90-95

3-4 апта

Қияр

4 - 10 аралығында

95

10-14 күн

Картоп

7 - 10 аралығында

90-95

9 айға дейін

Піспеген авокадо

7 - 10 аралығында

85-95

6 айға дейін

Болгар бұрышы

7 - 10 аралығында

90-95

2-3 апта

Қызанақ

10 - 12 аралығында

85-90

4-7 күн

Бұршақтағы бадана

< 15

40-50

6-10 ай

Алмұрт

-3

90-95

2-7 ай

Өрік

-1

90-95

1-3 апта

Құлпынай

0

90-95

3-7 күн

Таңқурай

0 - 2 аралығында

90-95

2-3 күн

Қарақат

0 - 2 аралығында

90-95

1-4 апта

Қаражидек

0 - 2 аралығында

90-95

14 күн

Шие

0 - 2 аралығында

90-95

2-3 апта

Жүзім

0 - 2 аралығында

85

2-8 апта

Піскен киви

0 - 2 аралығында

90-95

1-3 ай

Шабдалы

0 - 2 аралығында

90-95

2-4 апта

Шие

0 - 2 аралығында

90-95

2-3 апта

Піспеген киви

0 - 2 аралығында

90-95

2-6 ай

Нектарин

0 - 2 аралығында

90-95

1-3 апта

Апельсин

0 - 2 аралығында

90-95

2-4 апта

Құрма

0 - 2 аралығында

90-95

2-3 ай

Алхоры

0 - 2 аралығында

90-95

2-5 апта

Туралған жемістер

0 - 2 аралығында

90-95

10 күнге дейін

Алмалар

0 - 4 аралығында

90-95

1-12 ай

Қауын

4

90-95

15 күн

Апельсин

4 - 7 аралығында

90-95

2-4 апта

Мандарин

5 - 8 аралығында

90-95

2-4 апта

Манго

10 - 13 аралығында

85-95

2-3 апта

Қауын

10 - 13 аралығында

85-95

1-2 апта

Ананас

10 - 13 аралығында

85-95

2-4 апта

Лимон

11 - 13 аралығында

90-95

2-3 апта

Қарбыз

12 - 15 аралығында

85-95

1-3 апта

Піскен банан

13 - 16 аралығында

85-95

3 күн

Грейпфрут

13 - 16 аралығында

90-95

1-3 апта

Мұздату және мұздатылған өнімдерді сақтау

Мұздату

Бір тәулікте мұздатуға болатын балғын өнімдердің максималды мөлшері аспаптың зауыттық жапсырмасында көрсетілген. Тағамдарды көп мөлшерде жүктеу мұздату сапасын нашарлатуға, сонымен қатар мұздатылған тағамдардың сапасын жоғалтып алуға алып келеді.

  • Мұздату бөлігінің көлемін барынша тиімді қолдану үшін жәшіктерді алып, өнім қаптамаларын.

  • Балғын өнімдерді мұздатар алдында 24 сағат бұрын «Жылдам мұздату» функциясын қосыңыз:

    • Н түймесін басыңыз.

Тағамдардың жылдам қатуы үшін оларды төменде сипатталғандай орналастыру ұсынылады:

  • Балғын тағамдарды аз ғана порциялармен (1 кг) қаптап алыңыз. Екі қаптаманы жоғарғы жәшікке артқы қабырғасына жақындатып сол және оң бұрыштарға, бір қаптаманы олардың алдына ортасына және бір қаптаманы ортаңғы жәшікке артқы қабырғаға жақындатып ортасына орналастырыңыз.

Балғын өнімдер мұздатылып тұрған өнімдермен жанаспауы тиіс.

  • Балғын өнімдердің 2 кг дейінгі мөлшерін мұздату үшін «Жылдам мұздату» функциясын қолдану қажет емес.

Балғын өнімерді мұздату жөніндегі маңызды ескертулер

Мұздату үшін жарамды тағамдарды ғана мұздатыңыз. сапалы әрі балғын тағамдарды қолданыңыз.

Сәйкес келетін қаптаманы қолданыңыз және тағамдарды дұрыстап қаптаңыз.

Тағамдардың кеуіп қалуының және витаминдерді жоғалтуының алдын алу үшін қаптама ауа және ылғал өткізбеуі тиіс.

Қаптамада ішіндегі тағамдардың түрі мен мөлшерін, сонымен қатар мұздату күнін көрсетіңіз.

Өнімдердің барынша жылдам мұздатылуы аса маңызды. Сондықтан өнімдерді алдын ала салқындатып алып, шағын қаптамаларда мұздату ұсынылады.

Өнеркәсіптік тәсілмен мұздатылған өнімдерді сақтау

  • Өнімдерді дұрыс сақтау және қолдану жөніндегі өндіруші нұсқауларын орындаңыз. Қаптамада оларды сақтау мерзімі мен температурасы көрсетілген.

  • Сатып алу кезінде қаптамасы бүлінбеген, мұздатқыштарда -18°C аспайтын температурада сақталатын өнімдерді таңдаңыз.

  • Қырау басқан өнімдерді сатып алмаңыз, өйткені олар бірнеше рет мұздатылған.

  • Тасымалдау кезінде өнімдерді мұздаудан сақтандырыңыз, өйткені температураның жоғарылауы өнімдерді сақтау мерзімін қысқартады және сапасын нашарлатады.

Мұздатылған өнімдерді сақтау мерзімі

Өнімдерді мұздату бөлігінде сақтаудың ұсынылатын мерзімдері

Тағам түрі

Сақтау мерзімі

Жемістер, сиыр еті

10 - 12 ай аралығында

Көкөністер, бұзау еті, үй құсы еті

8-10 ай

Бұғы еті

6-8 ай

Шошқа еті

4-6 ай

Майдалап туралған немесе тартылған ет

4 ай

Нан, пасталар, пісірілген тамақтар, ақ балық

3 ай

Өкпе-бауыр

2 ай

Сүрленген шұжық, көк балық

1 ай

Мұздатылған тағамды жібіту

  • Жібіту мұздату арқылы консервіленген тағамдарды сақтауда маңызды болып табылады. Тағам тиісті жолмен жібітілуі қажет.

  • Тағамды жібітудің қолайлы əдістері:

    • тоңазытқышта;

    • салқын суда;

    • микротолқынды пеште немесе тиісті еріту бағдарламасы бар қарапайым пеште.

  • Кейбір мұздатылған өнімдерді бастапқыда ерітпей-ақ дайындауға болады. Бұл өндіруші тарапынан қаптамада көрсетілген.

  • Тағамдарды аз мөлшерде қаптамамен орау қажет. Осылайша тағам тезірек жібиді.

  • Жартылай немесе толықтай жібітілген тағамды мүмкіндігінше тезірек пайдаланыңыз. Жібітілген тағамдағы бактериялар қайта белсендіріліп, тағамды тез бұзады. Бұл көбіне, жемістерге, көкөністер мен дайын тағамдарға қатысты.

  • Жартылай немесе толығымен жібітілген тағамдарды қайта мұздатпаңыз.

Жібіту

Мұздату бөлігін автоматты түрде жібіту

Мұздату бөлігі ерітуді талап етпейді, өйткені артқы қабырғадағы мұз автоматты түрде ериді. Компрессор жұмысы кезінде артқы қабырғада пайда болатын мұз компрессорды тоқтату кезінде ериді және тамшылар түрінде төмен қарай ағып кетеді, Содан соң тоңазыту бөлігінің артқы қабырғасындағы саңылаулар арқылы компрессор астындағы ыдысқа ағады және сол жерден буланып кетеді.

Судың еркін ағуын қамтамасыз ету үшін тоңазыту бөлігінің артқы қабырғасындағы саңылауларды бітемеңіз.

Егер тоңазыту бөлігінің артқы қабырғасында мұздың шектен тыс қалың қабаты (қалыңдығы 3-5 мм) пайда болса, оны сөндіріп, қолмен ерітіп алыңыз.

NoFrost мұздату бөлігін жібіту

  • NoFrost мұздату бөлігін еріту автоматты түрде жүреді. Пайда болатын қырау уақыт өткен сайын автоматты түрде еріп, жойылып кетеді.

NoFrost мұздату бөлігін қолмен еріту

  • Мұздату бөлігінің ішкі қабырғаларында NoFrost жүйесіне қарамастан қырау пайда болуы мүмкін. Ереже бойынша, бұл аспапты дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін (есікті жиі ашу, есікті ұзақ уақыт бойы ашып қою немесе есікті дұрыс жаппау және т.б.).

Бұл жағдайда мұздату бөлігін төмендегі нұсқауларды орындай отырып, қолмен ерітіңіз.

SLIKA_ROCNO_ODTALJEVANJE

  • Ерітуді қосу: G және Н батырмаларын басып, ұстап тұрыңыз. Дыбысты сигнал беріледі, В дисплейінде CL индикациясы көрсетіледі, С дисплейінде dF индикациясы көрсетіледі

  • Ерітуді өшіру: Еріту процесі аяқталған кезде функция автоматты түрде өшеді. В және С дисплейлерінде тағайындалған температура мәні көрсетіледі.

Құрылғыны тазалау

Тазалауды бастамас бұрын аспапты сөндіріңіз («Аспапты қосу және сөндіру» бөлімін қараңыз) және байланыстыру кабелінің ашасын розеткадан ажыратыңыз.

  • Аспаптың барлық беттерін тазалау үшін жұмсақ шүберекті қолданыңыз. Беттердің бүлінуінің алдын алу үшін абразивтік тазалау құралдарын және құрамында қышқыл мен еріткіштер бар тазалау құралдарын қолдануға болмайды!

Сыртқы беттерді сумен немесе сұйық жуу құралының әлсіз ерітіндісімен тазалаңыз.

Боялғанжәне алюминий беттерді жұмсақ жуу құралы қосылған жылы сумен тазалауға болады. Спиртмөлшері көп емес тазалау құралдарын да (мысалы, әйнекке арналған тазалау құралдары) қолдануға рұқсат етіледі. Пластик беттерді тазалау үшін құрамында спирт бар құралдарды қолдануға болмайды.

Аспаптардың ішкі беттерін біраз мөлшердегі сірке қышқылы қосылған жылы сумен тазалаңыз.

  • Аспаптың ішкі жабдықтарының бөлшектерін ыдыс жуу машинасында жумаңыз, өйткені бұл олардың бүлінуіне алып келуі мүмкін!

SLIKA_CUSCENJE_ODPRTINE

  • Тоңазыту бөлігінің артқы қабырғасының төменгі бөлігінде еріген судың ағуына арналған науа мен саңылау бар. Ағуға арналған науа мен саңылау бітеліп қалмауы тиіс, сондықтан оларды әлсін-әлсін тексеріп тұрыңыз және қажет болған кезде тазалаңыз (мысалы, пластик шыбықпен).

  • Қалыңдығы 3-5 мм мұз немесе қырау қабаты электр энергиясын тұтынуды арттырады, сондықтан аспапты әлсін-әлсін жібітіп тұруы ұсынылады (No Frost мұздату камераларына қатысы жоқ). Өткір заттарды, аэрозольдар мен еріткіштерді қолданбаңыз.

  • Аспаптың артқы бетіндегі конденсатор, компрессордың айналасы (тек кейбір модельдерде) әрқашан таза, шаңсыз және басқа да ластарсыз болуы тиіс. Оны жұмсақ металл емес щеткамен немесе шаңсорғышпен әлсін-әлсін тазалап тұрыңыз.

  • Тазалап болған соң аспапты электр желісіне жалғап қосыңыз және тағамдарды салыңыз.

Ақаулықтарды жою

Ақаулық

Ықтимал себебі және жою

Аспап электр желісіне қосқаннан кейін жұмыс жасамайды.

  • Желілік розеткада кернеудің бар-жоғын, аспаптың қосылғандығын тексеріңіз.

Компрессор ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс жасайды.

  • Бөлмедегі температура өте жоғары.

  • Есікті өте жиі ашу немесе есік ұзақ уақыт бойы ашылып тұрған.

  • Есіктері тығыз жабылмаған (қандай да бір зат тұрып қалған, есік жабылмай қалған болуы мүмкін, тығыздағыштарын тексеріңіз және т.б.).

  • Балғын өнімдер өте көп салынған.

Тоңазыту бөлігінің артқы қабырғасында мұздың шектен тыс түзілуі.

  • Есікті өте жиі ашу немесе есік ұзақ уақыт бойы ашылып тұрған.

  • Тоңазыту бөлігіне ыстық тағам салынған.

  • Тағамдар немесе ыдыс тоңазыту бөлігінің артқы қабырғасына тиіп тұр.

  • Есік нығыздағышы корпусқа нашар жабысып тұр.

  • Егер нығыздағыш ластанған немесе бүлінген болса, оны тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.

Мұздату бөлігінің қабырғаларындағы мұз немесе қырау қабаты.

  • Есік өте жиі немесе өте ұзақ ашылған.

  • Есік тығыз жабылған жоқ.

  • Есік нығыздағышы корпусқа нашар жанасып тұр (нығыздағыш ластанған немесе бүлінген, есік қисайып тұр және т.б.).

  • Аспапты қолмен ерітіңіз.

Контейнерлердің астындағы сөреде конденсат түзіледі.

  • Жоғары температура мен ылғалдыққа тән уақытша құбылыс. Құбылыс температура мен ылғалдық қалыпқа келген кезде жоқ болып кетеді. Контейнерлер мен жәшіктерді жиі тазалап тұру және конденсатты әлсін-әлсін сүртіп тұру ұсынылады.

  • Ылғалдық реттегішін ашыңыз.

  • Тағамдарды пакеттерге немесе басқа да бүтін қаптамаларға салыңыз.

Тоңазыту бөлігінен су ағып тұр.

  • Ағатын саңылаулар бітеліп қалған немесе еріген су науаның жанынан ағып кетеді.

  • Бітеліп қалған саңылауы тазалаңыз, мысалы, пластик таяқшамен.

  • Мұздың өте қалың қабатын қолмен ертіңіз («Жібіту» бөлімін қараңыз).

Жарық диодты жарықтандыру жұмыс жасамайды.

REPL_BY_PROF_2

  • Сервис орталығына хабарласыңыз.

  • Жөндеуді өз бетіңізше орындамаңыз, өйткені бұл қысқаша тұйықталуға себеп болуы мүмкін.

Дисплейде «HI» көрсетіледі:

  • Есікті өте жиі ашу немесе есік ұзақ уақыт бойы ашылып тұрған.

  • Есіктері тығыз жабылмаған (қандай да бір зат тұрып қалған, есік жабылмай қалған болуы мүмкін, тығыздағыштарын тексеріңіз және т.б.).

  • Электр энергиясы ұзақ уақыт бойы сөндірілген.

  • Балғын өнімдер өте көп салынған.

Дисплейде «PF» көрсетіледі:

  • Электр энергиясы ұзақ уақыт бойы сөндірілген.

Дисплейде «Е0» немесе «Е8» көрсетіледі:

  • Батырмалар басылмайды. Сервис орталығына хабарласыңыз.

  • Аспапты сервис маманы жөндемейінше, ол қауіпсіз режимде жұмыс жасайды. Аспап әр бөлікте ең сай келетін температураны автоматты түрде ұстап тұрады.

Дисплейде «Е1» немесе «Е2» көрсетіледі:

  • Температура датчигінің қатесі немесе ақауы. Сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты сервис маманы жөндемейінше, ол қауіпсіз режимде жұмыс жасайды. Аспап әр бөлікте ең сай келетін температураны автоматты түрде ұстап тұрады.

Дисплейде «Е9» көрсетіледі:

  • Есіктер ұзақ уақыт бойы ашылып тұрған. Есікті жабыңыз.

  • Егер мұндай жарықтандыру жұмысын тоқтатса, есік датчигі бұзылған. Сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты сервис маманы жөндемейінше, ол қауіпсіз режимде жұмыс жасайды. Аспап әр бөлікте ең сай келетін температураны автоматты түрде ұстап тұрады.

Дисплейде «Е4» көрсетіледі:

  • Бөліктің желдеткіші бұзылған. Сервис орталығына хабарласыңыз. Аспап дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін. Тағамдарды салқын жерге қойып, аспапты өшіріңіз.

Дисплейде «Е5» көрсетіледі:

  • Конденсатор бөлігінің желдеткіші бұзылған. Сервис орталығына хабарласыңыз. Аспап дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін. Тағамдарды салқын жерге қойып, аспапты өшіріңіз.

Ақаулықты берілген ұсыныстарға сәйкес жою мүмкін емес болған кезде сервис орталығына хабарласыңыз. Хабарласқан кезде аспап ішіндегі шильдада көрсетілген аспап типін, моделін және сериялық нөмірін айтыңыз.

Шу деңгейі туралы ақпарат

Тоңазыту-мұздату аспаптарындағы тиісті климаттық жағдайларды компрессоры бар салқындату жүйесі қамтамасыз етеді (кейбір аспаптарда желдеткіш те болуы мүмкін). Компрессор жұмысы белгілі бір шу тудырады. Шу деңгейі аспапты орнатуға, дұрыс пайдалануға және қызмет ету мерзіміне байланысты болады.

  • Аспапты қосқаннан кейін компрессор жұмысы (сұйықтық шуылы) немесе хладагент қозғалысынан туындайтын шуыл әдеттегіден қаттырақ болады. Бұл ақаулық белгісі болып табылмайды және аспаптың қызмет ету мерзіміне әсер етпейді. Уақыт өткен сайын аспап жұмысы кезіндегі шу деңгейі төмендейді.

  • Кейде аспап жұмысы кезінде аспапқа тән емес әдеттегіден тыс немесе өте қатты шуыл пайда болады және ол дұрыс орнатпау салдары болып табылады:

    • Аспап қатты негізде тегіс және тұрақты тұруы тиіс;

    • Аспап көршілес тұрған заттар мен жиһаздардың қабырғасына тимеуі тиіс;

    • Ішкі жабдықтардың орнында тұрғандығын тексеріңіз. Темір банкалар, бөтелкелер, контейнерлер және басқа да ыдыстар бір біріне тиіп тұрған болуы мүмкін - оларды бір бірінен алыстатыңыз.

  • Егер тоңазытқыш есігін жиі ашатын болсаңыз, оны ұзақ уақыт бойы ашылған күйінде ұстап, балғын өнімдердің көп мөлшерін алыңыз немесе «Қарқынды салқындату» немесе «Жылдам мұздату» функциясын қоссаңыз, салқындату жүйесіне түсетін жүктеме артады және аспап бірақ уақыт бойы қатты дыбыс шығарып жұмыс жасауы мүмкін.

Ескертпелер

Біз аспаптың функционалдық сипаттамаларына әсер етпейтін өзгерістер енгізуге құқылымыз.

839685