МҰЗДАТҚЫШ ЛАРЬДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІТОЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Қауіпсіздік жөніндегі маңызды ескерту

Ақпарат, кеңес

Бізге сенім білдіргеніңізге АЛҒЫС АЙТЫП, жаңа аспап сатып алуыңызбен құттықтаймыз. Аспапты барынша ыңғайлы және қарапайым қолдану үшін біз пайдалану жөніндегі толық нұсқаулықты дайындадық. Ол жаңа аспаппен жылдам танысып шығуға көмектеседі. Сондай- ақ жеке парақта аспапты орнату жөніндегі нұсқаулық ұсынылады.

Біздің сайтқа кіріңіз, мұнда шильдада немесе кепілдік талонында көрсетілген аспабыңыздың моделінің атауын көрсетіңіз, осылайша Сіз аспаптың толық сипаттамасын, қолдану, кәдеге жарату, ақауларды жою жөніндегі кеңестерді, сервистік ақпараттарды және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды аласыз.

INTERNEThttp://www.gorenje.ru

Аспап үй шаруашылығында қолдануға арналған.

Мұздатқыш ларь үй шаруашылығында қолданылатын балғын өнімдерді мұздатуға және мұздатылған өнімдерді ұзақ уақыт (тағам түріне байланысты бір жылға дейін) сақтауға арналған. Аспап ішіндегі температура -18°C және төмен.

Нұсқаулықта келесілерді білдіретін символдар қолданылады:

Ақпарат, кеңес, көмек немесе ұсыныс

Қауіп туралы ескерту

Электр тогынан зақым алу қауіпі туралы ескерту

Өрт қауіпі туралы ескерту

Қауіпсіздік шаралары

Алғаш қолданар алдында

Аспапты жалғар және қолданар алдында аспап сипаттамасынан және оны дұрыс әрі қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқаулардан тұратын нұсқалықтармен мұқият танысып шығыңыз. Нұсқаулық аспаптың бірнеше типі үшін әзірленген, сондықтан сіздің моделіңізде жоқ жабдық пен жекелеген функциялардың сипаттамаларынан тұруы мүмкін. Одан әрі қолдану үшін нұсқаулықты сақтап қойыңыз.

Аспапты қандай да бір бұзылуларсыз алғандығыңызды тексеріңіз. Бұзылуларды анықтаған кезде аспапты сатып алған сауда ұйымына хабарласыңыз.

Тасымалдаудан кейін электр желісіне жалғар алдында аспапты кемінде екі сағат вертикаль күйде қалдырыңыз. Бұл тасымалдау кезінде салқындату жүйесіне әсер етуі салдарынан аспап жұмысындағы ақаулардың алдын алуға көмектеседі.

Қауіпсіздік жөніндегі маңызды нұсқаулар

ЕСКЕРТУ! Өртену қауіпі бар/тез жанатын заттар.

Аспапты электр желісіне жалғау және жерге тұйықтау қолданыстағы стандарттар мен ескертпелерге сәйкес орындалуы тиіс.

ЕСКЕРТУ! Құрылғының артқы жағына бірнеше портативті розеткаларды немесе портативті қуат көздерін орналастыруға болмайды.

Тазалауды бастамас бұрын аспапты электр желісінен міндетті түрде ажыратыңыз (байланыстыру кабелінің ашасын розеткасынан ажыратыңыз).

Егер қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында қызмет көрсету агентімен немесе білікті тұлғалармен ауыстырылуы керек.

Ескерту!Аспапты орнату кезінде байланыстыру кабелінің қысылып қалмауын немесе бүлінбеуін қадағалаңыз.

Егер жарық диодты жарықтандыру жұмыс жасамаса, сервис орталығына хабарласыңыз. Жарық диодты жарықтандыруды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз, бұл электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ! Аспап ішінде өндіруші рұқсат етпеген электрлік құрылғыларды қолданбаңыз.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Еріту процесін жылдамдату үшін механикалық аспаптарды немесе өндіруші ұсынғаннан басқа құралдарды қолданбаңыз.

ЕСКЕРТУ! Аспаптың тұрақсыздығынан туындаған қауіптердің алдын алу үшін оны орнату нұсқаулықтарға сәйкес орындалуы тиіс.

Үсік шалу қаупі

Үсіріп алудың алдын алу үшін мұздатылған өнімдерге қолыңызды тигізбеңіз және аузыңызға салмаңыз.

Адамдар мен балалардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі аз адамдар (сонымен қатар, балалар) тұрақты бақылауда болмаған жағдайда жəне құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқауларын оқып, төнетін қауіпті түсінбеген жағдайда қолдануларына болмайды.

Балалардың бұл құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.

Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

Аспапты немесе оның жекелеген элементтерін тасымалдау процесінде қорғауға арналған қаптаманы алып, оны балалардың қолы жетпейтін жерге сақтап қойыңыз. Қаптама тұншығуға немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

Қызметі ету мерзімі өткен бұйымды қолдануға жарамсыз ету қажет. Ол үшін аспапты электр желісінен ажыратыңыз, байланыстыру кабелін кесіп тастаңыз, аспаптың есігі мен ішіндегі қалған сөрелерін алып тастаңыз. Өйткені балалар аспап ішінде қалып қоюы мүмкін.

Еуропа стандарттарына жатады

Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан үлкен балалардың пайдалануына, сонымен қатар физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі немесе тəжірибесі мен білімі аз адамдар тұрақты бақылауда болған жағдайда жəне құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқауларын оқып, төнетін қауіпті түсінген жағдайда қолдануына болады.

Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.

Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

3 жəне 8 жас аралығындағы балаларға тағамдарды тоңазыту жабдығына салуға жəне тоңазыту жабдығынан алуға рұқсат етіледі.

Хладагент туралы ескерту

Бұл аспап қоршаған орта үшін қауіпсіз, бірақ жанғыш изобутан газының (R600a) аз ғана мөлшерінен тұрады. Салқындату контуры компоненттерінің бүлінбеуін қадағалаңыз. Хладагенттің ағуы қоршаған ортаға қауіп төндірмейді, бірақ көздің жарақат алуына немесе жануына алып келуі мүмкін!

Хладагенттің ағуын анықтаған кезде бөлмені жақсылап желдетіңіз, аспапты электр желісінен ажыратыңыз және сервис орталығына хабарласыңыз!

Дұрыс пайдалану

ЕСКЕРТУ! Аспап тұрмыстық және ұқсас жағдайларда қолдануға арналған, жекелегенде:

  • дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да өндірістік бөлмелердегі қызметтік асхана аймақтары;

  • ауыл шаруашылығы фермаларында, қонақүйлердегі, мотельдердегі және тұрғын үй түріндегі басқа да инфрақұрылымдағы тұрғындарға,

  • ұйықтайтын және таңғы ас ішетін орындарда,

  • қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру кезінде және бөлшек сауда қарастырылмаған басқа да ұқсас жағдайларда.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Аспап корпусындағы немесе кірістірілген конструкциялардағы желдету саңылауларының бітелуіне жол бермеңіз.

Аспапты ашық кеңістікке орнатуға болмайды. Аспапқа жаңбыр тамшылары мен шашырандылары тимеуі тиіс.

Бұл құрылғыда жанғыш қоспасы бар аэрозольді баллондар сияқты жарылғыш заттарды бұл құрылғыда сақтауға болмайды.

Егер аспапты ұзақ уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, оны сөндіріп, байланыстыру кабелін розеткадан ажыратыңыз. Тағамдарды алыңыз, аспапты ерітіңіз және тазалаңыз, есігін ашылған күйінде қалдырыңыз.

Ақаулар болған немесе электр энергиясын ажыратқан жағдайда тоңазытқышты 16 сағат бойы ашпаңыз. Егер осы уақыт ішінде ақау жойылмаса немесе электр энергиясын беру қалпына келтірілмесе, өнімдерді қолдану немесе басқа тоңазытқышқа немесе салқын жерге орналастырыңыз.

Техникалық деректер, аспап шильді

Аспаптың негізгі деректері бар шильд аспап ішінде орналасқан және кернеу, брутто және нетто көлем, хладагент типі мен мөлшері, аспаптың климаттық класы туралы ақпараттардан тұрады.

Берілген заттаңба өзіңіздің тіліңізге сәйкес келмесе, оны жиынтықта ұсынылған басқасымен алмастырыңыз.

ЕСКЕРТУ! Аспапты орнату, тазалау және кәдеге жарату кезінде оқшаулағыштың және салқындататын контурдың бүлінуіне жол бермеңіз. Бұл арқылы сіз қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын аласыз.

Қоршаған ортаны қорғау

Қаптама экологиялық таза материалдардан жасалған, оларды қоршаған ортаға зиян келтірмей қайта өңдеуге, қалдықтарды сақтауға арналған арнайы полигондарда жинауға және кәдеге жаратуға болады

Қызметі ету мерзімі өткен аспапты кәдеге жарату

Қызметі ету мерзімі өткен аспапты Қызметі ету мерзімі өткен аспаптарды бақылау пунктіне тапсырыңыз.

Бұл ретте:

  • аспапты электр желісінен ажыратыңыз және байланыстыру кабелін ажыратыңыз

  • қызметі ету мерзімі өткен аспаппен балалардың ойнауына жол бермеңіз.

kanta1_FACE_LIFT Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы символ оның тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуға жатпайтындығын көрсетеді. Бұйымды одан ары кәдеге жарату үшін электронды және электрлік жабдықтарды қабылдауға арналған тиісті орындарға тапсырған жөн.Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтай отырып, осы сияқты қалдықтарды тиісті түрде жоймау салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын алуға көмектесе аласыз. Бұйымды кәдеге жарату туралы барынша толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, қалдықтарды шығару және кәдеге жарату жөніндегі қызметке немесе бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер

  • Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта берілген орнату жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.

  • Бүлінген немесе бүтін емес тығыздағышты тез арада ауыстыру қажет.

  • Тағамдарды аспапқа салмас бұрын, оларды бөлме температурасына дейін салқындатып алыңыз.

  • Аспапты жылына 1-2 рет еріту және тазалау ұсынылады.

  • Қажет болмаса, есікті ашпаңыз. Есікті жиі ашу аспап ішіндегі температураның жоғарылауына, мұздың шектен тыскөбеюіне және электр энергиясын тұтынудың жоғары болуына алып келеді.

  • Есікті ұзақ уақыт бойы, әсіресе жылы әрі ылғал ауа райында ашып тұрмаңыз.

  • «Орнату және жалғау» және «Электр энергиясын үнемдеу жөніндегі кеңестер» бөлімдерінің нұсқауларын орындамау электр энергиясын көп тұтынуға алып келуі мүмкін.

  • Аспаптың айналасында ауаның еш кедергісіз айналуын қамтамасыз ететін кемінде 2-3 сантиметр кеңістік қалуы тиіс.

Орнату және жалғау

Бөлмені таңдау

Аспапты құрғақ, желдетілетін бөлмеге орнатыңыз. Аспаптың дұрыс жұмыс жасауына арналған қоршаған ортаның қол жетімді температурасы оның климаттық класына байланысты болады. Климаттық класс аспап шильдінде көрсетілген.

Атауы

Климаттық класс

Қоршаған орта температурасының диапазоны °C

Салыстырмалы ылғалдылық

Субқалыпты

SN

+10 - +32 аралығында

≤ 75%

Қалыпты

N

+16 - +32 аралығында

Субтропикалық

ST

+16 - +38 аралығында

Тропикалық

T

+16 - +43 аралығында

Бұл аспап төменде берілген нұсқауларды қатаң ұстанған жағдайда қоршаған ортаның -15°C дейінгі температурасында жұмыс жасайды.

  • Орнатып болған соң аспаптың байланыстыру кабелінің ашасына еркін қатынау қамтамасыз етілуі тиіс.

  • Бұл аспаптар кірістірілетін аспап ретінде қолдануға арналмаған.

  • Аспапты жылу шығаратын құрылғыларға, мысалы, плиталарға, жылыту радиаторларына, бойлерлерге жақын жерлерге, сонымен қатар күн сәулесі тікелей әсер ететін жерлерге орналастырмаңыз. Аспап пен электр немесе газ плитасы арасындағы минималды арақашықтық 3 сантиметр, май пешіне немесе қатты отынмен жұмыс жасайтын құрылғыларға дейін 30 сантиметр. Егер аталған арақашықтықты ұстану мүмкін болмаса, арнайы оқшаулау панелін орнатыңыз.

  • Ылғалдығы жоғары жертөлелерге, сонымен қатар балконға және күн сәулесі тіке түсетін басқа да бөлмелерге аспапты орнатуға болмайды. Аспапты толығымен толтырған кезде оның тұрақты горизонталь күйді сақтап қалуы үшін аспапты құрғақ қатты бетке орналастырыңыз.

  • Аспап асхана жиһазына кірістіруге арналмаған. Аспаптың айналасында ауаның еш кедергісіз айналуын қамтамасыз ететін кемінде 2-3 сантиметр кеңістік қалуы тиіс.

  • Аспап артындағы қабырғадан арақашықтық есік топсасына байланысты болады.

  • Аспап жан жағына жылу шығаратын конденсатормен жабдықталған. Конденсатор артқы және алдыңғы қабырғаларға орнатылған. Аспаптың дұрыс жұмыс жасауы үшін осы беттерді тиісті түрде салқындатуды қамтамасыз ету керек, сондықтан оны заттармен қоршап тастамау керек.

Аспаптың блоктауға болмайтын дөңгелектері бар, сондықтан оның өздігінен жылжып кетуінің және жарақат алудың алдын алу үшін оны тегіс бетке орналастыру аса маңызды.

Құрылғыны жалғау

VTICNICA

  • Аспапты электр желісіне байланыстыру кабелінің көмегімен жалғаңыз. Қабырға розеткасы жерге тұйықтайтын контактқа ие болуы тиіс (жерге тұйықтайтын штепсельді розетка). Жалғар алдында зауыттық кестеде көрсетілген кернеу мен жиіліктің желінің нақты параметрлеріне сәйкес келетіндігін тексеріп алу қажет.

  • Аспапты электр желісіне жалғау және жерге тұйықтау қолданыстағы стандарттар мен ескертпелерге сәйкес орындалуы тиіс. Аспап номиналды кернеудің –6% - +6% аралығындағы диапазондағы қысқа уақытқа ауытқуына шыдайды.

Аспап сипаттамасы

SLIKA_APARATA_ZS-20_BREZ_VTIČNICE

  1. Басқару панелі

  2. Есіктер

  3. Себет (себет саны моделіне байланысты болады)

  4. Құлпы бар тұтқа

  5. Еріген суды ағызу бітемесі

  6. Дөңгелектер

Құлыпты және құлып ілмегін орнату

1. Тұтқаны орнату:

SLIKA_NAMESTITEV_ROCAJA_1

  1. Тұтқа қақпағы

  2. Құлып тілшесі

  3. Бұранда

  4. Тұтқа

  5. Құлып ілмегі

  • Аспап есігіндегі шайбасы бар 4 бұранданы босатыңыз.

  • Тұтқаны орнатыңыз және шайбаларды салып, бұрандалармен қатты бұраңыз.

2. Құлып ілмегін орнату:

SLIKA_NAMESTITEV_ROCAJA_2

  • Аспап корпусындағы 2 бұранданыбұраңыз.

  • Құлып ілмегін крест тәрізді шлицтері бар бұрандалармен бекітіңіз.

3. Тұтқа қақпағын тұтқаға орнатыңыз:

SLIKA_NAMESTITEV_ROCAJA_3

Аспапты басқару

SLIKA_UPRAVLJANJE_ZS-20

  1. Температураны ауыстырыпқосқыш, аспапты қосу және өшіру

  2. Индикатор шам жанады: «Жылдам қатыру» қосылған

  3. Индикатор шам жанады: рұқсат етілген температурадан асыру туралы сигнализация

  4. Индикатор шам жанады: аспап кернеумен жұмыс істейді

Аспапты қосу және өшіру

SLIKA_GUMB_A_ECO

Аспапты қосу: A ауыстырып қосқышын MAX белгісіне қарай сағат тілі бағытында бұраңыз.

SLIKA_GUMB_A_IZKLOP

Аспапты сөндіру: А ауыстырып қосқышын кейін қарай SIMBOL_IZKLOPкүйіне бұраңыз (аспап өшірілген, бірақ кернеу беріліп тұр).

Температураны реттеу

Аспапты қосқан кезде орнатылған температураға жету үшін бірнеше сағат қажет болады, сондықтан тағамдарды аспапқа салмаңыз.

SLIKA_GUMB_A_ECO

  • Температураны орнату үшін A ауыстырып қосқышын қажетті баптауға дейін айналдырыңыз.

  • Ауыстырып қосқыштың MAX белгісіне жақын күйі айтарлықтай төмен (салқын) температураны, ауыстырып қосқыштың min белгісіне жақын күйі айтарлықтай жоғары (жылы) температураны білдіреді.

  • Ауыстырып қосқыштың ұсынылатын күйі eco белгісіне қарсы. Бұл режимде аспап оңтайлы баптаулармен жұмыс жасайды.

Қоршаған орта температурасы және есікті ашу жиілігі аспап ішіндегі температураға әсер етеді. Осыған сәйкес аспаптағы температураны А ауыстырып қосқышымен реттеңіз.

Жылдам мұздату

SLIKA_INTENZIVNO_ZAMRZOVANJE

Функцияны қосу үшін А ауыстырып қосқышын SIMBOL_ZVEZDICAкүйіне бұраңыз. B индикатор шамы жанды.

«Жылдам мұздату» функциясын қосқан кезде аспап біраз уақыт максималды қуатпен жұмыс жасайды, сондықтан бұрынғыдан дыбысты болады.

  • Аспапты алғаш қоспас, тазалауды бастамас бұрын және көп мөлшердегі өнімдерді салар алдында 24 сағат бұрын «Жылдам қатыру» функциясын қосыңыз.

  • Егер «Жылдам мұздату» функциясының жұмысы барысында басқа функция орнатылатын болса, «Жылдам мұздату» функциясы автоматты түрде сөнеді.

  • «Жылдам қатыру» функциясын өшіру үшін A ауыстырып қосқышын қажетті күйге орнатыңыз. B индикатор шамы сөнеді.

  • Егер функцияны қолмен өшірмесе, ол шамамен екі күннен кейін автоматты түрде өшеді. Температура осыған дейін орнатылған мәнге оралады және B индикатор шамысөнеді (А ауыстырып қосқышыSIMBOL_ZVEZDICAкүйінде қалады).

  • Егер «Жылдам мұздату» функциясының жұмысы кезінде электр энергиясы сөндірілсе, онда электр энергиясын беру қалпына келтірілгеннен кейін функцияны орындау қайталанады.

Температурадан асыру туралы сигнализация

SLIKE_LUCKE

Рұқсат етілген температурадан асырған кезде аспапта C индикатор шамы қосылады/ жыпылықтай бастайды. Аспаптағы температура тағамдардың бұзылу қауіпі болмайтын мәнге жеткен кезде индикатор шам өшеді.

Мұздату және мұздатылған өнімдерді сақтау

Мұздату

Бір тәулікте мұздатуға болатын балғын өнімдердің максималды мөлшері аспаптың зауыттық жапсырмасында көрсетілген. Тағамдарды көп мөлшерде жүктеу мұздату сапасын нашарлатуға, сонымен қатар мұздатылған тағамдардың сапасын жоғалтып алуға алып келеді.

  • Балғын өнімдерді мұздатар алдында 24 сағат бұрын «Жылдам мұздату» функциясын қосыңыз:

    • А ауыстырып қосқышынSIMBOL_ZVEZDICAкүйіне орнатыңыз (В индикатор шамы жанады).

Балғын өнімдер мұздатылып тұрған өнімдермен жанаспауы тиіс.

  • Балғын өнімдердің 2 кг дейінгі мөлшерін мұздату үшін «Жылдам мұздату» функциясын қолдану қажет емес.

  • Қатыруды аяқтағаннан кейін A ауыстырып қосқышымен B шам индикаторы жанбаса да, қажетті температураны орнатыңыз (бұл төмен температураға жеткенін білдіреді).

Балғын өнімерді мұздату жөніндегі маңызды ескертулер

Мұздату үшін жарамды тағамдарды ғана мұздатыңыз. сапалы әрі балғын тағамдарды қолданыңыз.

Сәйкес келетін қаптаманы қолданыңыз және тағамдарды дұрыстап қаптаңыз.

Тағамдардың кеуіп қалуының және витаминдерді жоғалтуының алдын алу үшін қаптама ауа және ылғал өткізбеуі тиіс.

Қаптамада ішіндегі тағамдардың түрі мен мөлшерін, сонымен қатар мұздату күнін көрсетіңіз.

Өнімдердің барынша жылдам мұздатылуы аса маңызды. Сондықтан өнімдерді алдын ала салқындатып алып, шағын қаптамаларда мұздату ұсынылады.

Өнеркәсіптік тәсілмен мұздатылған өнімдерді сақтау

  • Өнімдерді дұрыс сақтау және қолдану жөніндегі өндіруші нұсқауларын орындаңыз. Қаптамада оларды сақтау мерзімі мен температурасы көрсетілген.

  • Сатып алу кезінде қаптамасы бүлінбеген, мұздатқыштарда -18°C аспайтын температурада сақталатын өнімдерді таңдаңыз.

  • Қырау басқан өнімдерді сатып алмаңыз, өйткені олар бірнеше рет мұздатылған.

  • Тасымалдау кезінде өнімдерді мұздаудан сақтандырыңыз, өйткені температураның жоғарылауы өнімдерді сақтау мерзімін қысқартады және сапасын нашарлатады.

Тағамдардың бұзылып кетуінің алдын алыңыз

Тағамдардың бұзылып кетуіне жол бермеу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:

  • Есікті ұзақ уақыт бойы ашып тұру аспап камераларындағы температураның айтарлықтай жоғарылауына алып келуі мүмкін.

  • Тағам өнімдерімен және қолжетімді дренаж жүйелерімен байланыста болуы мүмкін беттерді жүйелі түрде тазалап отырыңыз.

  • Егер тоңазыту аспабы ұзақ уақыт бойы бос күйінде қалдырылса, аспап ішінде зеңнің пайда болуының алдын алу үшін оны өшіріңіз, мұзын ерітіңіз, тазалаңыз, кептіріңіз жəне есігін ашық күйде қалдырыңыз.

Мұздатылған өнімдерді сақтау мерзімі

Өнімдерді мұздату бөлігінде сақтаудың ұсынылатын мерзімдері

Тағам түрі

Сақтау мерзімі

Жемістер, сиыр еті

10 - 12 ай аралығында

Көкөністер, бұзау еті, үй құсы еті

8-10 ай

Бұғы еті

6-8 ай

Шошқа еті

4-6 ай

Майдалап туралған немесе тартылған ет

4 ай

Нан, пасталар, пісірілген тамақтар, ақ балық

3 ай

Өкпе-бауыр

2 ай

Сүрленген шұжық, көк балық

1 ай

Мұздатылған тағамды жібіту

  • Жібіту мұздату арқылы консервіленген тағамдарды сақтауда маңызды болып табылады. Тағам тиісті жолмен жібітілуі қажет.

  • Тағамды жібітудің қолайлы əдістері:

    • тоңазытқышта;

    • салқын суда;

    • микротолқынды пеште немесе тиісті еріту бағдарламасы бар қарапайым пеште.

  • Кейбір мұздатылған өнімдерді бастапқыда ерітпей-ақ дайындауға болады. Бұл өндіруші тарапынан қаптамада көрсетілген.

  • Тағамдарды аз мөлшерде қаптамамен орау қажет. Осылайша тағам тезірек жібиді.

  • Жартылай немесе толықтай жібітілген тағамды мүмкіндігінше тезірек пайдаланыңыз. Жібітілген тағамдағы бактериялар қайта белсендіріліп, тағамды тез бұзады. Бұл көбіне, жемістерге, көкөністер мен дайын тағамдарға қатысты.

  • Жартылай немесе толығымен жібітілген тағамдарды қайта мұздатпаңыз.

Жібіту

Аспапты жылына 1-2 рет немесе есігі жиі ашылған жағдайда одан да жиі ерітіңіз. Аспап ішіндегі кейбір жерлерде, әсіресе шығару клапанының айналасында айтарлықтай қалың мұз немесе қырау қабаты түзілуі мүмкін. Бұл ылғал ауаның енуі салдарынан қалыпты құбылыс. Жиынтықта ұсынылатын қырғыш көмегімен қырауды әлсін-әлсін тазалап тұрыңыз.

  • Ерітуді бастар алдында 24 сағат бұрын тағамдарды қосымша салқындатып алу үшін А ауыстырып қосқышын «Жылдам қатыру» күйіне орнатыңыз (В шамы жанады).

  • Байланыстыру кабелінің ашасын розеткадан ажыратыңыз.

  • Тағамдарды аспаптан алып, еріп кетпеу үшін қоңыр салқын жерге қойыңыз.

Мұзды еріту арқылы кетіру

Егер қырау қабатын қырғышпен кетіру мүмкін болмаса, қырауды еріту қажет.

  • Аспаптың алдыңғы бөлігіндегі бітемені алып тастаңыз.

  • Еріген суды жинап алу үшін саңылау астына ыдыс қойыңыз.

  • Аспаптың түбінде орналасқан бітемені алып тастаңыз.

  • Еріту процесін жылдамдату үшін аспап есігін ашылған күйде қалдырыңыз. Ішкі беттерді матамен сүртіңіз және бітеменің екеуін де орнына орнатыңыз.

  • Еріту үшін ерітуге арналған аэрозольдарды қолданбаңыз, өйткені олар пластик бөлшектерді ерітіп жіберуі мүмкін, оның үстіне олар денсаулыққа зиян келтіреді. Тазалауды бастамас бұрын міндетті түрде байланыстыру кабелінің ашасын розеткадан ажыратыңыз!

Құрылғыны тазалау

Тазалауды бастамас бұрын аспапты сөндіріңіз («Аспапты қосу және сөндіру» бөлімін қараңыз) және байланыстыру кабелініңашасын розеткадан ажыратыңыз.

Аспаптың барлық беттерін тазалау үшін жұмсақ шүберекті қолданыңыз. Беттердің бүлінуінің алдын алу үшін абразивтік тазалау құралдарын және құрамында қышқыл мен еріткіштер бар тазалау құралдарын қолдануға болмайды!

Сыртқы беттерді сумен немесе сұйық жуу құралының әлсіз ерітіндісімен тазалаңыз.

Боялған және алюминий беттерді жұмсақ жуу құралы қосылған жылы сумен тазалауға болады. Спиртмөлшері көп емес тазалау құралдарын да (мысалы, әйнекке арналған тазалау құралдары) қолдануға рұқсат етіледі.

Пластик беттерді тазалау үшін құрамында спирт бар құралдарды қолдануға болмайды.

Аспаптардың ішкі беттерін біраз мөлшердегі сірке қышқылы қосылған жылы сумен тазалаңыз.

Есік нығыздағышын әлсіз сабын ерітіндісімен тазалаңыз.

Қалыңдығы 3-5 миллиметр мұз немесе қырау қабаты электр энергиясын тұтынуды арттырады, сондықтан оны уақытылы ерітіп тұру ұсынылады. Өткір заттарды, аэрозольдарды және еріткіштерді қолданбаңыз.

Тазалап болған соң аспапты электр желісіне жалғап қосыңыз және тағамдарды салыңыз.

Ақаулықтарды жою

Аспапты қолдану кезінде оның жұмысында ақаулар туындауы мүмкін.

Жұмыстағы олқылықтарға ұсақ ақаулар себеп болуы мүмкін. Сервис орталығына хабарласпас бұрын оларды өз бетіңізше түзете алатыныңызды тексеріңіз.

Ақаулық

Ықтимал себебі

Ақауды жою

Аспап электр желісіне қосқаннан кейін жұмыс жасамайды.

Розеткада кернеу жоқ.

Аспап қосылмаған. А ауыстырып қосқышыSIMBOL_IZKLOP, күйінде тұр, аспап өшірілген.

Аспапты қосу үшін А ауыстырып қосқышын бұраңыз («Аспапты басқару» бөлімінен қараңыз).

А ауыстырып қосқышын сағат тілі бағытында бұраңыз және min және MAX белгілерінің арасына орнатыңыз.

Neprekinjeno ali predolgo delovanje:

Есіктер ұзақ уақыт бойы ашылып тұрған.

Өте төмен температура орнатылған.

A ауыстырып қосқышын min бағытында бұраңыз.

Конденсатор жеткілікті салқындатпайды.

Аспаптың алдыңғы және артқы қабырғаларынан ауа айналымын тексеріңіз.

Ауыстырып қосқыш «Жылдам қатыру» күйінде тұр (В шамы жанады).

Жұмыс кезінде аспап дірілдейді немесе қатты дыбыс шығарады:

Дұрыс орнатылмаған.

Аспапты тиісті негізге орнатыңыз.

Аспап қабырғамен немесе көршілес заттармен жанасып тұр.

Аспапты жылжытыңыз.

Сыртқы беттерінде конденсат түзіледі:

Ылғал бөлме.

Аспаптың айналасында ауаның еркін айналуын қамтамасыз ету үшін аспапты қабырғадан жылжытыңыз немесе көтеріңкі орналастырыңыз.

Ауыстырып қосқышпен айтарлықтай төмен температураны орнатыңыз.

Еден оқшаулағышы нашар.

Ұзақ уақыт бойы ылғалдығы жоғары ыстық ауа райы сақталуда.

ИндикаторSIMBOL_ZVEZDICAкүйінде тұрғанымен, шам индикатор жанбайды:

«Жылдам қатыру» функциясы жұмысын аяқтады, бірақ ауыстырыпқосқышSIMBOL_ZVEZDICAкүйінде қалды.

Ауыстырып қосқышты қажеттікүйге орнатыңыз.

Аспапта мұз шектен тыс көп түзіледі:

Есік өте жиі ашылады немесе есік ұзақ уақытқа ашылады.

Мұздатылмаған өнімдер өте көп салынған.

Есіктер нашар жабылады.

Пластик тіректердің алынғанына, тағамдардың қаптамаларының есікті жабуға кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.

С индикатор шамы жанады:

Әлі де тағайындалған температураға жеткен жоқ.

  • Мұздатылмаған өнімдер өте көп салынған. Тағамдар тағайындалған температураға дейін салқындаған кезде шам сөнеді.

  • Электр энергиясы ұзақ уақытқа өшірілген.

  • Есік өте жиі ашылады немесе есік ұзақ уақытқа ашылады.

Аспаптың бүйір қабырғалары жылы:

  • To je normalno, saj so po stranicah napeljane cevi, ki se med delovanjem aparata nekoliko segrejejo.

Шу деңгейі туралы ақпарат

Салқындату-мұздату аспаптарындағы тиісті климаттық жағдайды компрессоры бар салқындату жүйесі қамтамасыз етеді. Компрессор жұмысы белгілі бір шуыл тудырады. Шу деңгейі аспапты орнатуға, дұрыс пайдалануға және қызмет ету мерзіміне байланысты болады.

  • Аспапты қосқаннан кейін компрессор жұмысы (сұйықтық шуылы) немесе хладагент қозғалысынан туындайтын шуыл әдеттегіден қаттырақ болады. Бұл ақаулық белгісі болып табылмайды және аспаптың қызмет ету мерзіміне әсер етпейді. Уақыт өткен сайын аспап жұмысы кезіндегі шу деңгейі төмендейді.

  • Кейде аспап жұмысы кезінде аспапқа тән емес әдеттегіден тыс немесе өте қатты шуыл пайда болады және ол дұрыс орнатпау салдары болып табылады:

    • Аспап қатты негізде тегіс және тұрақты тұруы тиіс;

    • Аспап көршілес тұрған заттар мен жиһаздардың қабырғасына тимеуі тиіс;

  • Егер тоңазытқыш есігін жиі ашатын болсаңыз, оны ұзақ уақыт бойы ашылған күйінде ұстап, балғын өнімдердің көп мөлшерін алыңыз немесе «Қарқынды салқындату» немесе «Жылдам мұздату» функциясын қоссаңыз, салқындату жүйесіне түсетін жүктеме артады және аспап бірақ уақыт бойы қатты дыбыс шығарып жұмыс жасауы мүмкін.

Ескертпелер

Біз аспаптың функционалдық сипаттамаларына әсер етпейтін өзгерістер енгізуге құқылымыз.

820576