КІРІСТІРІЛЕТІН ДУХОВКАНЫ

Индукциялық панель

Сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз және жаңа аспабыңыз құтты болсын.

Аспапты қолдану ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін біз пайдалану жөніндегі толық нұсқаулықты дайындадық. Ол жаңа аспаппен жылдам танысып шығуға мүмкіндік береді.

Аспабыңызда бұзылулардың жоқ екендігін тексеріп алыңыз. Бұзылуларды анықтаған жағдайда аспапты сатып алған сауда ұйымына хабарласыңыз.

Ақпарат, кеңес, көмек немесе ұсыныс

Қауіп туралы ескерту

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ: НҰСҚАУЛЫҚПЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ ОДАН АРЫ ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.

Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз! Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

ЕСКЕРТУ! Жұмыс барысында аспап және оның қол жетімді бөлшектері қатты қызады. Аса сақ болыңыз, ыстық бөлшектерге қолыңызды тигізбеңіз. Сегіз жасқа толмаған балалар тұрақты бақылауда болуы тиіс!

8 жасқа толмаған балалар аспапқа жақын жерде жүрмеуі немесе тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Аспапты тазалау үшін бумен тазалағыштарды және жоғары қысымды тазалағыштарды қолданбаңыз, өйткені бұл қысқаша тұйықталуға және электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.

Аспап сыртқы таймерге және қашықтықтан басқару блогына жалғауға арналмаған.

Стационарлы электр сымына электрлік монтаждау талаптарына сәйкес тұйықтайтын құрылғы кірістірілуі тиіс.

Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін байланыстыру кабелін ауыстыруды өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы немесе білікті маман ғана орындай алады (жалғау кабелімен жабдықталған модельдер үшін).

ЕСКЕРТУ! Егер пісіру бетінің әйнегі жарылса немесе сынса, электр тоғынан зақым алудың алдын алу үшін аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Конфоркалардың ауыстырып қосқыштарын жұмыс істемейтін күйге орнатыңыз, сақтандырғышты босатып алыңыз немесе аспаптың толықтай тоқсыздануы үшін үйдің немесе пәтердің электрлік щитіндегі қоректі өшіріңіз.

ЕСКЕРТУ! Май қолданып тағам дайындау барысын әрқашан қадағалаңыз, өйткені жану қауіпі бар. Егер өрт туындаса, жалынды сумен сөндірмеңіз. Аспапты сөндіріңіз, ыдысты қақпақпен немесе дымқыл сүлгімен жабыңыз.

ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар. Конфорканың үстінде ешнәрсе қалдыруға болмайды.

АБАЙЛАҢЫЗ: Ас әзірлеу процесін бақылау қажет. Қысқа мерзімді ас әзірлеу процесін үздіксіз бақылау қажет.

ЕСКЕРТУ! Аспап тағам дайындауға арналған. Оны басқа мақсаттарда қолданбаңыз, мысалы, бөлмені жылыту үшін. Бос ыдысты конфоркаларға қоймаңыз.

ЕСКЕРТУ! Аспапты өндіруші ұсынған, өндіруші аспаптың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында немесе аспап жиынтығында жеткізілетін нұсқаулықта ұсынған пісіру бетінің қорғау экранын қолданыңыз. Сәйкес келмейтін қорғау экранын қолдану жазатайым жағдайларға алып келуі мүмкін.

Тағам дайындау аяқталған соң конфорканы басқару панелінің көмегімен сөндіріңіз. Ыдысты анықтау жүйесіне ғана сенім артуға болмайды.

Аспапты жалғауды тек білікті маман немесе авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Аспап сипаттамасы

(моделіне байланысты)

Нұсқаулық түрлі модельдер үшін дайындалған, сондықтан аспабыңызда жоқ функциялар мен жабдықтардан тұруы мүмкін.

DSI_kuhališča

  1. Артқы сол жақ индукциялық конфорка

  2. Артқы оң жақ индукциялық конфорка

  3. Алдыңғы сол жақ индукциялық конфорка

  4. Алдыңғы оң жақ индукциялық конфорка

  5. Басқару панелі

Техникалық деректер

(моделіне байланысты)

napisna tablica

  1. Сериялық нөмір

  2. Артикул

  3. Түрі

  4. Сауда белгісі

  5. ҮЛГІ

  6. Техникалық деректер

  7. Сәйкестік белгілері

Аспаптың негізгі деректері бар зауыттық жапсырма пісіру панелінің төменгі бетінде орналасқан. Пісіру панелінің типі мен моделі туралы деректерді кепілдік парағынан табуға болады.

Алғаш пайдаланбас бұрын

Шыны керамикалық бетті ыдысты қолмен жууға арналған құралдың аз ғана мөлшері қосылған дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Агрессивті және абразивті тазалау құралдарын, ыдыс жууға арналған қатты губкаларды, қақ кетіруге арналған құралдарды, дақ кетіргіштерді қолданбаңыз.

Пісіру панелін пайдалануды бастаған кезде жаңа аспапқа тін иіс шығуы мүмкін, ол уақыт өткен сайын жойылады.

Конфорка

Шыны керамикалық пісіру беті

  • Шыны керамика температураның ауытқуына төзімді.

  • Пісіру панелін жұмыс үстелі ретінде қолданбаңыз. Өткір заттар оның бетінде сызаттар қалдыруы мүмкін. Жарылып кеткен және сынған пісіру бетін қолданбаңыз. Шыны керамика нақты соққыларға төзімсіз, сондықтан оның үстіне қатты және өткір заттардың құламауын қадағалаңыз, өйткені олар шыны керамиканы бүлдіруі мүмкін.

  • Сызаттарды анықтаған кезде аспап қосылып тұрған сақтандырғышты өшіру арқылы аспапты тез арада электр желісіне ажыратып, сервис орталығына хабарласыңыз.

  • Ыдысты конфоркаға қояр алдында жылудың жақсы берілуін қамтамасыз ету және конфорканың бүлінуінің алдын алу үшін ыдыс түбін және конфорканың өзін құрғатып сүртіңіз.

  • Бос ыдысты конфоркаларға қоймаңыз.

Қыздыру дәрежелері

Конфоркаларды қыздыру қуаты 18 деңгей шегінде орнатылады (моделіне байланысты). Кестеде қыздырудың түрлі дәрежелерін қолдану мысалдары берілген.

Қыздыру дәрежесі

Мақсаты

0

Конфорка сөндірілген, қалдық жылуды қолдану.

1 - 2

Тағамның температурасын ұстап тұру, аз ғана мөлшердегі тағамды дайындауды жалғастыру (минималды қуат).

3

Бәсең дайындау (қыздырудан кейін жоғары қуат кезінде дайындауды жалғастыру).

4 - 5

Тағамның көп мөлшерін бәсең дайындау (дайындауды жалғастыру), үлкен тілімдерді қуыру.

6

Қуырып пісіру.

7 - 8

Қуыру.

9

Дайындауды, қуыруды бастау; қуыру

P

Қыздырудың Power Boost режимі пісірудің басында немесе тағамның көп мөлшерін дайындау үшін қосылады.

Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер

  • Ыдысты сатып алу кезінде өндірушінің әдетте ыдыс диаметрін жоғарғы жиегі немесе қақпағы бойынша көрсететіндігіне назар аударыңыз, ол әдетте түбінің диаметрінен үлкен болады.

  • Ұзақ уақыт бойы пісіруді қажет ететін тағамдары жылдам пісіргіште дайындаңыз. Жылдам пісіретін және қарапайым ыдыста әрқашан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің болуын қадағалаңыз. Бос ыдысты қыздыру салдарынан пісіру беті қызып кетуі мүмкін, нәтижесінде ыдыс және пісіру бетінің өзі бүлінеді.

  • Егер тағамды дайындау рецептінде рұқсат етілсе, ыдыстың қақпағын жауып қойыңыз. Қақпақ өлшемі бойынша ыдысқа сәйкес келуі тиіс. Ыдыс дайындалатын тағам мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Үлкен ыдыста аз ғана тағамды дайындау электр энергиясын шығындауға алып келеді.

Индукциялық конфоркалардың жұмыс жасау принципі

posoda_1_ei_brez_ure

  • Пісіру беті тиімділігі жоғары индукциялық конфоркалармен жабдықталған. Жылу конфоркаларды аралық қыздырусыз тікелей ыдыс түбінде түзіледі. Осылайша, электр энергиясын тұтыну сәулелену принципі бойынша жұмыс жасайтын әдеттегі қыздыру элементтерімен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

  • Индукциялық пісіру панелінің конфоркасы тікелей емес, ыдыс түбіндегі жылу есебінен қызады. Сөндіргеннен кейін «Н» қалдық жылу индикаторы конфорканың әлі де ыстық екені туралы хабарлайды.

  • Индукциялық конфорканың жұмыс жасау принципі мынадай: шыны керамикалық бет астында ауыспалы электр магнитті өріс тудыратын индукциялық катушка орналасқан, нәтижесінде ыдыс түбінде ток индукцияланады, бұл қызуға алып келеді.

Қант және тәтті тағамдар шыны керамикалық бетті қатты бүлдіруі мүмкін, сондықтан беттердің бүлінуінің алдын алу үшін пісіру беті әлі суымаса да, ласты тез арада қырғышпен тазалап алыңыз.

Ыстық шыны керамикалық бетті тазалау құралдарымен тазаламаңыз, бұл оның бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Ыдысты анықтау

posoda_1

  • Егер қосылып тұрған конфоркада ыдыс болмаса немесе диаметрі өте кішкентай ыдыс орнатылса, энергия берілмейді.

  • Егер ыдыс түбінің диаметрі өте кішкене болса, конфорка ыдысты анықтай алмауы мүмкін. Егер конфорка қосылған болса, оның дисплейінде DSI_ikona8 символы мен қыздырудың орнатылған дәрежесі кезекпен жанады. Егер қосудан және қыздыру дәрежесін орнатудан кейін 1 минут ішінде конфоркаға сай келетін ыдысты қойса, конфорка бекітілген қуатпен жұмыс жасай бастайды. Егер ыдысты конфоркадан алса, энергия беру тоқтатылады.

  • Егер түбінің диаметрі, бірақ конфорка анықтай алатын кішкене ыдыс қолданатын болсаңыз, пісіру беті осы өлшемдегі ыдыста пісіру үшін қажетті энергияны береді.

Ыдыс

gor_ind_potmagnet

  • Индукциялық пісіру бетінде дайындау сәйкес келетін ыдысты қолданған жағдайда ғана мүмкін болады.

  • Дайындау кезінде ыдысты конфорканың ортасына орнатыңыз.

  • Индукциялық пісіру бетінде дайындау үшін ферромагнитті материалдардан жасалған ыдыстарды қолдануға болады. Бұл болат, болат эмальды және шойын ыдыс.

  • Мыс немесе алюминий түбі бар қоспалы болат ыдыстарды және әйнек ыдыстарды қолдануға болмайды.

  • Ыдыстың жарамдылығын магнит көмегімен өз бетіңізше тексеруге болады. Егер магнит ыдыс түбіне тартылса, ол жарамды болып табылады.

  • Жылдам пісіргіште дайындау кезінде тиісті қысымға қол жеткізбейінше, дайындау процесін тұрақты бақылап отырыңыз. Алдымен конфорка максималды қуатпен жұмыс жасауы тиіс, содан соң жылдам пісіргішті өндіруші ұсыныстарын сақтай отырып, конфорканы қыздыру дәрежесін ақырындап төмендетіңіз.

  • Ыдыста әрқашан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің болуын қадағалаңыз. Бос ыдысты қыздыру салдарынан пісіру беті қызып кетуі мүмкін, нәтижесінде ыдыс және пісіру бетінің өзі бүлінеді.

  • Кейбір ыдыстардың түптері толықтай ферромагнитті емес. Бұл жағдайда тек магнитті бөлігі ғана қызады, қалған түбі қызбайды.

  • Арнайы ыдысты қолдану кезінде осы ыдысты өндірушінің ұсыныстарын орындаңыз.

  • Дайындаудың ең жақсы нәтижесіне қол жеткізу үшін ыдыс түбіндегі ферромагнитті бөлік конфорка өлшеміне сәйкес келуі тиіс. Егер конфорка ыдысты анықтамаса, ыдысты диаметрі кішкене конфоркаға қойып көріңіз.

Конфоркалар

Ыдыс түбінің минималды диаметрі

Ø 160 mm

Ø 90 mm

Ø 180 mm

Ø 90 mm

Ø 210 mm

Ø 110 mm

190 x 210 mm

Ø 110 mm

Bridge (octa)

Ø 230 mm

Ыдыс түбі тегіс әрі жазық болуы тиіс.

mere

Пісіру бетін басқару

Басқару панелі

DSI_upravljalna_enota

A Пісіру панелін қосу/сөндіру

B Балалардан қорғайтын блоктау

C IQ бағдарламалары

D Слайдер

E Smart функциялары

E1 Конфоркаларды автоматты түрде біріктіретін ыдысты орнату орнын автоматты түрде анықтау

E2 Конфоркаларды температуралық режимдері әртүрлі аймаққа біріктіру

F Таймерді басқару

G Таймерді қосу

H StopGo үзіліс және соңғы баптауларды қалпына келтіру функциясы

I Баптаулар

J Баяу дайындау

K Судың көп мөлшерінде дайындау

L Қуыру

M Еріту

N Қыздыру

O Конфорканы жылдам сөндіру

P Аймақты біріктіру дисплейі

R IQ функциясын қосу және индикаторы

S Қыздыру дәрежесінің және қалдық жылудың дисплейі

S1 Қыздыру дәрежесінің жартысы

T Сөндіру таймерін қосу

U Уақытты азайту

V Уақытты көбейту

Z Уақыт дисплейі

Сондай-ақ дисплей баптауларды өзгертуге арналған сенсорлы пернелер ретінде қолданылады.

Пісіру панелін қосу

DSI_vklop_kuhališča

Ыдысты конфоркаға қойыңыз. Пісіру панелінің (А) қосу/сөндіру сенсорын басыңыз. Конфоркалардың дисплейлерінде (S) 0 жанады. Қысқа дыбысты сигнал беріледі.

Егер одан ары орнатулар жүргізбесеңіз, пісіру панелі 10 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.

Конфоркаларды қосу

  • Қажетті конфорканың дисплейін басыңыз. Таңдалған дисплей жыпылықтай бастайды. Слайдердегі сенсорлар (D) жарты ашықтығымен жанады (кейбір модельдерде).

  • Келесі 5 секунд ішінде қыздырудың қажетті дәрежесі облысындағы слайдерді (D) басыңыз. Дисплей жыпылықтауын тоқтатады, мұнда қыздырудың орнатылған дәрежесі жанады. Ашықтығы жартылай таңдалған конфорканың дисплейінің (S) жанында конфоркаларды жылдам сөндіру (T) және өшіру (O) таймерінің сенсорлары жанады.

  • Конфорка қосылды.

  • Егер конфорка ыдысты анықтамаса, конфорка дисплейінде dig_mali_uсимволы жанады. Егер 2 минут ішінде конфоркаға ыдыс қойылмаса, конфорка өшеді.

Қыздыру дәрежесін өзгерту

Дисплейді (S) басу арқылы конфорканы таңдаңыз. Қыздыру дәрежесін орнату үшін слайдерге (D) саусағыңызды тигізіңіз немесе қажетті қызыру дәрежесі облысындағы слайдерді басыңыз.

Вертикаль бойынша көршілес конфоркалар

  • Power Boost режимін ток жүктемесінің жоғары болуы салдарынан пісіру панелінің бір жағында (екі сол немесе екі оң жақ) орналасқан екі конфоркадан бір уақытта қосу мүмкін емес.

  • Егер бір конфоркада PowerBoost режимі орнатылған болса, басқа конфоркада 9 аспайтын қыздыру дәрежесін орнатуға болады.

Дайындау автоматикасы

Конфоркалардың барлығы таңдалған қыздыру дәрежесіне қарамастан дайындауды бастар алдында тағамды жылдам қыздыру үшін қыздырудың максималды дәрежесін орнататын арнайы функциямен жабдықталған. Біраз уақыт өткен соң конфорканы қыздыру қуаты негізгі дайындаудың алдын ала орнатылған қыздыру дәрежесіне автоматты түрде оралады. Функцияны 9 бен Р режимінен басқа, кез келген конфоркада қыздырудың кез келген дәрежесінде қосуға болады.

«Дайындау автоматикасы» функциясы дайындауды бастаған кезде максималды қуатпен қыздыру, содан соң ұзақ уақыт бойы пісуге қалдырылатын тағамдарға арналған.

«Дайындау автоматикасы» функциясы жиі төңкеріп тұру, араластыру немесе үстіне су құйып тұру қажет қуырылған және бұқтырылған тағамдарды, жылдам пісіргіште ұзақ уақыт бойы дайындалатын тағамдарды пісіруге арналмаған.

DSI_avtomatika

Пісіру панелін қосыңыз және ыдысты конфоркаға орнатыңыз. Конфорка сөндірілуі тиіс (дисплейде 0 жанады). Тиісті облыстағы слайдерді (D) басу арқылы негізгі дайындауды қыздыру дәрежесін таңдаңыз және саусағыңызды осы күйде 3 секунд ұстап тұрыңыз. Конфорка дисплейінде А мәні және негізгі дайындаудың қыздыру дәрежесі кезекпен жыпылықтай бастайды. Максималды қуатпен қыздыру уақыты аяқталғаннан кейін конфорка негізгі дайындауды қыздыру дәрежесіне автоматты түрде ауысады, Осыдан кейін дисплейге қыздырудың тек негізгі дәрежесі ғана шығарылады.

Дайындау автоматикасы кестесі

Негізгі дайындауды қыздыру дәрежесі

1

1,5

2

2,5

3

3,5

4

4,5

5

5,5

6

6,5

7

7,5

8

8,5

Макс. қуат кезінде қыздыру уақыты, секунд.

40

60

70

100

120

150

180

220

260

300

430

400

120

150

195

200

Дайындау автоматикасын өшіру

«Дайындау автоматикасы» функциясын қосу үшін конфорканы қыздыру дәрежесін азайтыңыз.

«Дайындау автоматикасы» функциясын 0 қыздыру дәрежесін орнату арқылы да сөндіруге болады. Содан соң қыздырудың қажетті дәрежесін орнатыңыз.

Қыздырудың біріктірілген аймағы

(моделіне байланысты)

  • Пісіру панелінің кейбір модельдері екі конфорканы үлкен қыздыру аймағына біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл сопақ ыдыстарды немесе грильге арналған пластинаны қолдануға мүмкіндік береді. Ыдыс немесе пластина біріктірілетін конфоркалардың ортасын жауып тұруы тиіс.

  • Ыдыстың максималды өлшемі — 40х25 сантиметр. Жылуды бірқалыпты тарату үшін қалың түбі бар ыдысты қолдану ұсынылады. Дайындау кезінде ыдыс қатты қызады. Күю қауіпі бар!

  • Ыдысты орналастыру кезінде оның басқа панелін жауып тұрмауын қадағалаңыз.

Ыдыс конфорканың ортасын жауып тұруы тиіс!

Конфоркаларды біріктіруді қосу

  • Қосу/Өшіру сенсорымен (А) пісіру панелін қосыңыз.

  • Біріктіргіңіз келетін конфоркалар сөніп тұруы тиіс.

  • Тиісті дисплейді басу арқылы бірінші конфорканы таңдаңыз. Содан соң бірден біріншімен біріктіргіңіз келетін екінші конфорканың дисплейін басыңыз.

  • Жанып тұрған сызықтар біріктірілген аймақты көрсетеді. Тек алдыңғы конфорка дисплейі ғана жанады, мұнда 0 мәні жыпылықтайды. Дисплейлер арасындағы аралық сызық сөнеді.

  • Слайдер көмегімен біріктірілген аймаққа арналған қыздыру дәрежесін орнатыңыз.

  • Біріктірілген аймақтың қыздыру дәрежесін өзгерту үшін алдыңғы конфорка дисплейін басыңыз және содан соң слайдермен қыздырудың жаңа дәрежесін орнатыңыз.

Біріктірілген аймақ үшін қыздырудың максималды қуаты режимін орнату мүмкін емес. Қыздырудың максималды қуаты 9.

Конфоркаларды біріктіруді сөндіру

Біріктірілген аймақты қыздыру қуатын 0 мәніне орнатыңыз немесе О сенсорымен өшіріңіз. Дисплейде 0 жанады. Бірнеше секунд өткен соң біріктіру режимі өшеді. Енді конфоркалар бір біріне тәуелсіз жұмыс жасай алады.

Егер конфоркалар біріктіру режимінде тұрса, бірақ олардың біреуіне ыдыс қойылмаса, біріктіру режимі 2 минуттан кейін өшеді. Белсенді емес конфорка да өшеді.

Конфоркаларды автоматты түрде біріктірумен ыдыс қойылатын жерді автоматты түрде анықтау

(кейбір модельдерде)

DSI_samodejno_združevanje

Ыдыс қойылатын жерді автоматты түрде анықтау функциясы аспапты қосқаннан кейін 10 секундтан соң автоматты түрде қосылады. Егер пісіру панеліне ыдыс қойылса, функция қойылған жерді анықтайды және ыдыс өлшемін есепке ала отырып, конфоркаларды автоматты түрде біріктіреді. Екі көршілес конфорка үлкен дайындау аймағына біріктіріледі. Тек алдыңғы конфорка дисплейі ғана белсенді болып қалады, мұнда 0 мәні жыпылықтайды. Дисплейлер (P) арасындағы сызық сөнеді.

Слайдермен қыздыру дәрежесін орнатыңыз. Орнату орнын анықтау сенсоры (Е1) жарты жарықтықпен жанатын болады. Автоматты түрде біріктіру вертикаль бойынша көршілес орналасқан конфоркаларға ғана мүмкін болады. Ыдысты орнату орнын автоматты түрде анықтауды орналасу орнын анықтау сенсорын басу арқылы кез келген сәтте 10 секундқа қосуға болады. Орнатылған орынды автоматты түрде анықтау және конфоркаларды автоматты түрде біріктіру әлі де іске қосылмаған конфоркаларда ғана жұмыс жасайды. Конфоркаларды біріктіруді өшіру үшін 0 қыздыру дәрежесін орнатыңыз немесе жылдам сөндіру сенсорын (O) басыңыз. Функцияны ыдыс қойылғанда, сондай-ақ ыдыссыз іске қосуға болады.

Егер пісіру панеліне ыдыс қойылмаса

  • Пісіру панелін қосыңыз. Конфоркалардың барлығында 0 қыздыру дәрежесі орнатылған.

  • Ыдысты кез келген конфоркаға қойыңыз. Осы конфорканың дисплейінде 0 жыпылықтай бастайды. Слайдермен қыздыру дәрежесін орнатыңыз. Функция ыдыс өлшемін есепке ала отырып, конфоркаларды автоматты түрде біріктіреді.

  • Әрекеттерді келесі ыдыспен қайталаңыз.

  • Бұл функция қыздыру дәрежесін жылдамырақ орнатуға мүмкіндік береді. Ыдысты кез келген конфоркаға қойыңыз және аспап орнатылған орынды автоматты түрде анықтайды.

Егер пісіру панеліне ыдыс қойылса

  • Пісіру панелін қосыңыз.

  • Ыдыс орнатылған конфорканың дисплейінде 0 жыпылықтай бастайды. Слайдермен қыздыру дәрежесін орнатыңыз.

  • Егер пісіру панеліне бірнеше кастрюль қойылған болса, панель келесі конфорканы автоматты түрде таңдайды. Осы конфорканың дисплейінде 0 жыпылықтай бастайды.

Егер конфорка дисплейін басса, ыдыс қойылған жерді автоматты түрде анықтау функциясы сөнеді және пісіру панелі қолмен басқарылатын режимге ауысады.

Алғашқы 10 секундта ыдыс қойылған жерді автоматты түрде анықтауды "Aut" параметрін таңдау арқылы пайдаланушы баптауларында өшіруге болады.

Температуралық режимдері әртүрлі аймақта конфоркаларды біріктіру

(кейбір модельдерде)

DSI_spreminjanje_moči

Функция пісіру панелінің кейбір модельдеріндегі сол жақ конфоркаларда бар. Функцияны қосу үшін сол жақ конфоркалар сөніп тұруы тиіс (дисплейлерде 0 жанады). Таңдалған сол жақ конфорканың дисплейін басыңыз, дисплей жыпылықтай бастайды. Түрлі температуралық режимдері бар аймақтағы конфоркаларды біріктіру индикаторы жанады (Е2). Функцияны қосу үшін Е2 сенсорын басыңыз. 9 қыздыру дәрежесі бар алдыңғы конфорка, 3 дәрежесі бар артқы конфорка.

Функция сенсоры толық ашықтығымен жанады. Қажет болған кезде конфоркалардың алдын ала орнатылған дәрежесін конфоркалар сияқты әдеттегідей ауыстыруға болады. Функцияны жылдам сөндіру сенсорымен (О) өшіруге немесе 0 қыздыру дәрежесін орнатуға болады.

Power Boost қыздырудың максималды қуаты режимі

(моделіне байланысты)

Жылдам дайындау үшін конфоркалар Power Boost режимімен жабдықталған, ол қосымша қуаттың көмегімен тағамның көп мөлшерін жылдам қыздыруға мүмкіндік береді. Power Boost режимінде конфорка 5 минут бойы жұмыс жасайды және содан соң 9-қыздыру дәрежесіне автоматты түрде ауысады. Power Boost режимін пісіру панелі қызып кетпейді деген шартпен қайта қосуға болады. Қызып кетудің алдын алу үшін электроника Power Boost режимін автоматты түрде өшіреді және қыздыру дәрежесі 9 дейін төмендейді.

Power Boost режимін қосу

  • Конфорканы таңдаңыз және Р символымен белгіленген облыстағы слайлерді басыңыз.

  • Конфорка дисплейінде Р символы көрсетіледі.

  • Power Boost режимі қосылды.

Power Boost режимін өшіру

  • Конфорканы жылдам өшіру сенсорымен (О) сөндіріңіз.

  • Қыздыру дәрежесін азайтыңыз.

Қызып кетуден қорғау

  • Пісіру панелі дайындау барысында электронды компоненттерді салқындатып тұратын салқындату желдеткішімен жабдықталған. Желдеткіш дайындау аяқталғаннан кейін біраз уақыт жұмыс жасауы мүмкін.

  • Индукциялық пісіру панелі электронды модульді бұзылулардан сақтандыратын қызып кетуден кірістірілген қорғаныспен жабдықталған. Қорғау жүйесі бірнеше деңгейде әрекет етеді. Егер конфорка температурасы қатты жоғарыласа, конфорканы қыздыру дәрежесі төмендейді. Егер бұл жеткіліксіз болса, конфоркаларды қыздыру дәрежесі қосымша төмендейді немесе оларды қорғау жүйесі толықтай өшіреді. Бұл ретте конфоркалардың дисплейлерінде F2 қатесі жанады. Панель суығаннан кейін ол қайтадан жұмысқа толықтай дайын.

Автоматты түрде сөндіру

Егер сенсорларға ұзақ уақыт бойы әсер етілсе (басқару панеліне сұйықтық төгілген немесе үстіне бір зат жатыр), 10 секундтан кейін конфоркалардың барлығы сөнеді. ДисплейдеDSI_samodejniizklop_ikonaсимволы жыпылықтай бастайды.

Егер 2 минут ішінде затты немесе сұйықтықты жинап алмаса, пісіру панелі автоматты түрде сөнеді. Соңғы баптауларды Stop&Go (H) үзіліс функциясының сенсорының көмегімен қалпына келтіруге және соңғы баптауларды қалпына келтіруге болады.

Соңғы баптауларды қалпына келтіру

Егер сіз панельді кездейсоқ сөндіріп тастасаңыз немесе ол басқару панеліне төгілген сұйықтық салдарынан өздігінен сөніп қалса, осы функция барлық баптауларды пісіру панелін сөндіргеннен кейін 5 секунд ішінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

  • Сөндіргеннен кейін 5 секунд ішінде қосу/сөндіру сенсорын басыңыз. Н сенсорының астындағы индикатор жыпылықтап тұрған кезде келесі 5 секунд ішінде Н сенсорын басыңыз. Пісіру панелінің барлық баптаулары қалпына келеді.

Stop&Go үзіліс функциясы

Stop&Go үзіліс функциясы дайындау процесін 10 минутқа үзуге мүмкіндік береді, бұл ретте баптаулардың барлығы сақталады. Конфоркаларға энергия беру тоқтатылады, таймерлер мен басқа да функциялардың қызметі тоқтатылады. Бұл ыңғайлы, мысалы, кіріс есігін ашу немесе тамақ тасып кеткен кезде пісіру бетін сүрту үшін.

Stop&Go функциясын қосу

Кемінде бір конфорка белсенді болуы тиіс. StopGo (Н) сенсорын басыңыз. Қысқа дыбысты сигнал беріледі. Дисплейдегі мәндер және Stop&Go сенсоры жыпылықтай бастайды. Таймерлер қызметі тоқтатылады. қосу/сөндіру және StopGo үзіліс функцияларынан басқа барлық сенсорлар блокталады. Егер StopGo функциясы сөндірілмесе, пісіру панелі 10 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.

Stop&Go функциясын өшіру

Үзіліс функциясын іске қосқаннан кейін 10 минут ішінде StopGo сенсорын басыңыз. Конфоркалар мен функциялардың жұмысы жалғасады.

Балалардан қорғайтын блоктау

Қорғайтын блоктау пісіру панелін, конфоркалар мен функцияларды кездейсоқ қосудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Пісіру панелі сөндірілуі немесе күту режимінде тұруы тиіс.

DSI_zaklepanje

Балалардан қорғайтын блоктауды қосу

Пісіру панелі сөндірілуі немесе күту режимінде тұруы тиіс. қосу/сөндіру (А) сенсорымен пісіру панелін қосыңыз Блоктау сенсорын (В) 3 секунд басыңыз және басылған күйінде ұстаңыз. Конфоркалардың дисплейлерінде 5 секундқа L символы жанады. Пісіру панелі блокталған. 5 секунд өткен соң панель автоматты түрде күту режиміне ауысады.

Балалардан қорғайтын блоктауды сөндіру

Қорғайтын блоктау да дәл осындай тәсілмен алынады (кері тәртіппен). Пісіру панелін қосыңыз. Блоктау сенсорын (В) 3 секунд басыңыз және басылған күйінде ұстаңыз. Конфоркалардың дисплейлерінде L символының орнына 0 жанады. Пісіру панелі блоктан шығарылды және жұмысқа дайын.

Ескертпе. Егер пайдаланушы баптауларында автоматты түрде блоктау функциясы қосылған болса («Пайдаланушы баптаулары», Loc параметрі бөлімін қараңыз), әр сөндіргеннен кейін пісіру панелі автоматты түрде блокталады.

Қорғайтын блоктауды пісіру панелінің кездейсоқ қосылып кетуінің алдын алу үшін оны тазалар алдында іске қосып алуға болады.

Духовканың жұмыс жасау уақытын бағдарламалау

DSI_časovne_funkcije

Таймер екі режимде жұмыс жасай алады.

  • Хабарлау (кері санау) таймері орнатылған уақыттың өткендігін дыбысты сигналмен хабарлайды және конфоркаларды сөндірмейді.

  • Сөндіру таймері белгілі бір конфоркаға қатысты және тағайындалған уақыт өткеннен кейін оны сөндіреді. Сөндіру таймерін әр конфорка үшін орнатуға болады.

1 Хабарлау таймері

Хабарлау таймері тәуелсіз жұмыс жасайды және конфоркалар жұмысына қатысы жоқ. Егер пісіру панелін сөндірсе, хабарлау таймері уақытты санауды жалғастырады. Таймерді пісіру панелі қосылып тұрған кезде ғана өшіруге болады.

Хабарлау таймерін қосу

Пісіру панелі қосылған.

  • Таймер (G) сенсорын басыңыз. Сенсор жыпылықтай бастайды.

  • Уақыт дисплейінде "00" жанады.

  • Уақытты U және V сенсорларымен орнатыңыз. Егер 10 минут ішінде уақыт орнатылмаса, хабарлау таймері автоматты түрде сөнеді.

  • Егер хабарлау таймері қосылған болса, онда таймер сенсоры жанады.

  • Егер пісіру панелін сөндірсе, хабарлау таймері уақытты санауды жалғастырады.

Дайындау таймерін өшіру

  • Егер пісіру панелі сөндірілген болса, оны қосу/сөндіру сенсорымен (А) қосыңыз.

  • (U) және (V) сенсорларын бір уақытта басыңыз. Немесе:

  • Уақыт дисплейінде "0:00" мәні орнатылғанға дейін (U) сенсорын басыңыз және басылған күйде ұстаңыз.

2 Сөндіру таймері

Сөндіру таймері конфорканың жұмыс жасау ұзақтығын орнатуға мүмкіндік береді. Тағайындалған уақыт өткен соң дыбысты сигнал беріледі және конфоркалар автоматты түрде сөнеді. Дыбысты сигналды сөндіру үшін кез келген сенсорды басыңыз немесе ол біраз уақыт өткен соң өздігінен сөнеді. Сөндіру таймерін әр конфоркаға тәуелсіз және конфорка белсенді болған кезде ғана орнатуға болады

Конфорка жұмысының уақытын санау

Пісіру панелі қосылған.

  • Қажетті конфорканың сөндіру таймерінің сенсорын (Т) басыңыз. Сенсор жыпылықтай бастайды.

  • Уақыт дисплейінде конфорканы қосқан сәттен бастап өткен уақыт көрсетіледі және тікелей санау (b) символы қосылады.

Сөндіру таймерін қосу

Пісіру панелі қосылған.

  • Қажетті конфорканың сөндіру таймерінің сенсорын (Т) басыңыз. Сенсор жыпылықтай бастайды.

  • Уақыт дисплейінде «1:15» конфорканы қосқан сәттен бастап өткен уақыт көрсетіледі және тікелей санау (а) символы қосылады.

  • Уақыт дисплейін басыңыз және уақыт «0:00» мәніне орнатылады және кері есептеу символы қосылады. Уақытты (U) және (V) сенсорларымен орнатыңыз. Тиісті конфорканың сөндіру таймерінің сенсоры толық ашықтығымен жанады.

  • Егер 5 минут ішінде уақыт орнатылмаса, сөндіру таймері автоматты түрде сөнеді.

  • Сөндіру таймерін орнату немесе дисплейге басқа белсенді конфоркаға арналған жұмыс уақытын шығару үші әрекеттерді қайталаңыз.

Егер бірнеше таймер бағдарламаланған болса, уақыт дисплейі соңғы таңдалған таймер уақытын көрсетеді. Қалған таймерлердің бірінің уақыты бір минуттан кем болса, дисплей осы таймердің уақытын көрсетеді. Соңғы минут есебін дисплей секундпен көрсетеді.

Сөндіру таймерін сөндіру

  • Қажетті конфорканың сөндіру таймерінің сенсорын (Т) басыңыз.

  • (U) және (V) сенсорларын бір уақытта басыңыз. Немесе:

  • Уақыт дисплейінде 0:00 мәні орнатылғанға дейін (U) сенсорын басыңыз және басылған күйде ұстаңыз.

Хабарлау/сөндіру таймерінің дыбысты сигналын өшіру

Таймердің уақыты өткеннен кейін дыбысты сигнал беріледі. Тиісті конфорканың хабарлау/сөндіру таймерінің сенсоры жыпылықтай бастайды. Дисплейде "00" уақыты жыпылықтайды. Дыбысты сигналды өшіру үшін кез келген сенсорды басыңыз.

Таймер уақытын жылдамырақ орнату үшін (U) немесе (V) сенсорын басыңыз және басылған күйде ұстаңыз. Егер хабарлау/сөндіру таймерін қосқаннан кейін (U) сенсорын бірден басса, таймер уақытын 1 сағаттан (1:00) бастап орнатуға болады. Сөндіру таймері жұмыстың максималды рұқсат етілген уақытына жеткен кезде қорғайтын сөндіруге қарағанда артықшылыққа ие.

Пайдаланушы баптауларында Sou" параметрінде дыбысты сигнал ұзақтығын және "Uol" параметрінде дыбысты сигналдың дыбыс деңгейін ауыстыруға болады. Пайдаланушы баптауларында "CLo" параметрінде конфорка жұмысының уақытын автоматты түрде санауды өшіруге болады. Бұл жағдайда таймерді таңдаған кезде уақыт дисплейінде "0:00" уақыты көрсетіледі және кері санау таймері қосылады.

Дайындаудың автоматты бағдарламалары - IQ функциясы

IQcook жүйесі дайындау барысын бақылайды, бірақ дайындау аяқталғаннан кейін бағдарламаны автоматты түрде сөндірмейді. Конфорканы қолмен сөндіруге немесе хабарлау/сөндіру таймерін орнатуға болады.

DSI_IQ

Автоматты бағдарламаларды қолдану
IQcook бағдарламасын кез келген конфоркада қолдануға болады. Ол үшін IQ функциясының сенсорын басыңыз және қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
Қуырудан басқа барлық бағдарламаларда пісіру кезінде қақпақты қолданыңыз. Осы жағдайда ғана бағдарламаның тиімді жұмыс жасауына кепілдік беріледі. Пісірудің басынан соңына дейін бір ыдысты ғана қолданыңыз.
Пісіру панелін қосар алдында таза әрі құрғақ болуы үшін конфорка мен ыдыстың түбін сүртіңіз.

Дайындау:

Тағамдарды ыдысқа салыңыз, су қосыңыз және ыдысты конфоркаға қойыңыз.

Сумен пісіру кезінде су деңгейінің ыдыстың жоғарғы жиегінен 50 миллиметрден кем болмауын қадағалаңыз.

DSI_vklop_IQ_GOR

  • Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
    қосу/сөндіру (А) сенсорымен пісіру панелін қосыңыз Қысқа дыбысты сигнал беріледі.

  • Қажетті конфорканың IQ сенсорын басу арқылы IQ функциясын қосыңыз. Бағдарлама символдары (С) жанады, IQ функциясының сенсоры толық ашықтығымен жанады. Бағдарламаны таңдаңыз. Қуыру бағдарламасының (L) слайдер облысында көрсетілетін қосымша баптаулары бар.

  • Қыздыру дәрежесін орнатыңыз. Автоматты бағдарлама іске қосылды, пісіру қажетті IQ сенсорын басқаннан кейін 5 секундтан соң басталады. IQ функциясының сенсоры толық ашықтығымен жанады, конфорка дисплейінде пісірудің басталғанын білдіретін "_" символы көрсетіледі.

  • Таймердің (F) кез келген функциясын орнатуға болады.

DSI_ikona1 БАЯУ ПІСІРУ
Бағдарлама баяу қыздыру және баяу қайнатуды ұстап тұру кезінде ұзақ уақыт бойы пісіруді қажет ететін тағамдарға арналған.
Тағам: СОРПА, ГУЛЯШ, ҚОЮ СОРПА, ТҰЗДЫҚТАР, КҮРІШ.

Баяу пісіру бағдарламасын басқа бағдарламалармен бірге қолдануға болады, мысалы, болоньез тұздығын дайындау үшін. Алдымен майды қыздырып алу үшін Қуыру бағдарламасын таңдаңыз. Дыбысты сигнал берілген кезде пиязды қосып, қуырыңыз, содан соң май, су, тұздалған помидор, шөптер мен дәмдеуіштер қосыңыз. Содан соң осы немесе басқа конфоркада Баяу пісіру бағдарламасын орнатыңыз және тұздықты дайын болғанға дейін төмен температурада дайындаңыз. Баяу пісіру бағдарламасын ішіндегісі қолмен басқарылатын режимде қайнауға дейін жеткізілген жағдайда қосуға болады. Мысалы, сорпаны қолмен басқарылатын режимде 9 немесе Р дәрежесінде қыздырыңыз, содан соң орташа қыздырумен пісіруді жалғастыру үшін Баяу пісіруді қосыңыз.

IQ жүйесінің қорғаныс функциясы — smartsence
Smartsense тағамның күйіп кетпеуін бақылайды. Дисплейде (b) символы пайда болады және дыбысты сигнал беріледі. Жүйе электр қоректі сөндіреді. Индикаторлар сөндірмейінше жанып тұра береді.

Ескертпе Күрішті пісірер алдында жуып алыңыз. Күріштің бір өлшеміне 2-3 су өлшемін қосыңыз.

Жұмыс кезінде дисплейде келесі символдар көрсетіледі:
Оңтайлы температураға қол жеткізілген жоқ: "_".
Оңтайлы температураға қол жеткізілді: "=".

DSI_ikona2 СУДЫҢ КӨП МӨЛШЕРІНДЕ ПІСІРУ
Осы бағдарлама кезінде су қайнауға дейін жылдам қызады және содан соң қайнап тұра береді. Су негізіндегі тағамдарды және суда пісірілген тағамдарды дайындау үшін қолданылады. Тағам: КӨКӨНІСТЕР, КАРТОП, МАКАРОНДАР.

Ескертпе. Көкөністерді, әсіресе картопты пісірер алдында мұқият жуып алыңыз. Бұл пісіру кезінде көбіктің пайда болуының алдын алуға мүмкіндік береді. Су қайнау температурасына дейін қызған кезде (қақпақ жабылып тұрған кезде), "=" символы жанады және дыбысты сигнал беріледі.

Кейбір тағамдарды пісіру кезінде көбік пайда болуы мүмкін. Қақпақты көтеріп, ішіндегісін араластырыңыз. Шығару клапаны бар қақпақты қолданыңыз! Судың көп мөлшерінде дайындау кезінде қайнау тез орын алуы мүмкін. Жүйе суды баяу қайнауға дейін қыздырғанша, ыдыстың қақпағын алмаңыз. Қайнау қарқындылығы ыдыс пен қақпақтың түріне байланысты болуы мүмкін.

DSI_večja_količina_vode

Жұмыс кезінде дисплейде келесі символдар көрсетіледі:
Оңтайлы температураға қол жеткізілген жоқ: "_".
Оңтайлы температураға қол жеткізілді: "=".

DSI_ikona3 ҚУЫРУ
Бұл бағдарлама қуаттың түрлі деңгейімен қуыруға арналған. Ет біркелкі пісіріледі және шырынды болып қалады.
Қуыру функциясы қуыру үшін майдың көп мөлшерін қажет етпейтін (май қабаты 10 миллиметрден артық емес) ыдыстарға сай келеді. Май қажетті температураға дейін қызған кезде дисплейде «_» символы пайда болады және тағамдарды қосуға болатынын білдіретін дыбысты сигнал беріледі.
ЕТТІҢ, БАЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРІН, ЖҰМЫРТҚАНЫ ҚУЫРУ, ҚҰМАЙМАҚ ПІСІРУ үшін қолдануға болады.

Ескертпе. Құймақ пісіру үшін табаға майды біркелкі жағып, конфоркаға қойыңыз. IQ функциясын қосыңыз. Дисплейде "=" символы жанған кезде қамырды табаға құйыңыз. Келесі құймақты пісірер алдына май жағылған бос табаны конфоркада шамамен 30 секунд қызырып алыңыз, содан соң ғана қамырдың қажетті мөлшерін құйыңыз.

Қуат деңгейін басында орнатуға немесе дайындау процесінде өзгертуге болады.
Қуат деңгейі:
1-деңгей = өте төмен
2-деңгей = төмен (әдепкі қалпы бойынша)
3-деңгей = орташа
4-деңгей = жоғары

Қуат деңгейін орнату үшін алдымен Қуыру сенсорын басыңыз. Дисплейде бірнеше секунд 1 ден 4-ке дейінгі барлық мүмкін болатын деңгейлер жанады. Осыдан кейін 2-деңгей (әдепкі қалпы бойынша) орнатылады. Қуат деңгейі көрсетіліп тұрған кезде қажетті деңгейді орнату үшін слайдердегі тиісті орынды басыңыз. Қуат деңгейін дайындау барысында реттеуге болады. Ол үшін алдымен IQ сенсорын басыңыз және содан соң қажетті деңгейді орнатыңыз.

Әдепкі қалпы бойынша алдын ала орнатылған қуат деңгейі - төмен.

Жұмыс кезінде дисплейде келесі символдар көрсетіледі:
Оңтайлы температураға қол жеткізілген жоқ: "_".
Оңтайлы температураға қол жеткізілді: "=".

DSI_ikona4 ЕРІТУ
Кез келген мұздатылған өнімдерді еріту және шоколадты еріту.

Функция шоколадты балқыту үшін де қолайлы.

DSI_ikona5 ҚЫЗДЫРУ
Дайын тағамдар температурасын шамамен 70°С температурада ұстап тұру. Сондай-ақ глинтвейн дайындау үшін қолдануға болады.
Мысал. Баяу пісіру бағдарламасында гуляш пісіргеннен кейін тағамның жылы күйде қалуы үшін Қыздыру бағдарламасын қосыңыз.
Жұмыс кезінде дисплейде келесі символдар көрсетіледі:
Оңтайлы температураға қол жеткізілген жоқ: «_».
Оңтайлы температураға қол жеткізілді: «=».

Конфорканы сөндіру

Конфорка дисплейінің жанында жанатын жылдам сөндіру сенсорын (О) басыңыз. Егер барлық конфоркалардың дисплейінде 0 қыздыру дәрежесі орнатылған болса, пісіру панелі 10 секундтан кейін сөнеді.

Қалдық жылу индикаторлары

Шыны керамикалық пісіру беті «Н» қалдық жылу индикаторымен де жабдықталған. Индукциялық пісіру бетінің конфоркасы өздігінен емес, ыдыс түбіндегі жылу есебінен қызады. Панелді сөндіргеннен кейін «Н» индикаторы жанып тұрған кезде дайын тағамның температурасын ұстап тұру немесе еріту үшін қалдық жылуды қолдана аласыз. «Н» индикациясы сөнгеннен кейін конфорка ыстық күйінде қалуы мүмкін. Абай болыңыз: күю қауіпі бар!

Жұмыс ұзақтығын шектеу

Қосымша қауіпсіздік үшін аспап әрбір жеке конфорка үшін жұмыс уақытын шектегішпен жабдықталған. Қорғаныс үшін өшірудің іске қосылу уақыты конфоркадағы соңғы орнатылған қыздыру деңгейіне тәуелді болады. Егер қыздыру деңгейі ұзақ уақыт бойы өзгермеген болса, конфорка автоматты түрде өшеді.

Қыздыру дәрежесі

1

2

2,5

3

4

4,5

5

6

6,5

7

7,5

8

8,5

9

P*

DSI_ikona1

DSI_ikona2

DSI_ikona3

DSI_ikona4

DSI_ikona5

Максималды жұмыс уақыты, с

8

8

6

6

4

4

2

1,5

1,5

1,5

6

6

6

8

2

*5 минут өткен соң қыздыру дәрежесі автоматты түрде 9-ға дейін төмендейді, 1,5 сағат өткен соң конфорка өшеді

Пісіру панелін сөндіру

Пісіру панелін сөндіру үшін қосу/сөндіру сенсорын (А) басыңыз.

Пайдаланушы баптаулары

Дыбысты сигналдың және автоматты блоктаудың пайдаланушы баптаулары

Пайдаланушы баптауларында дыбысты сигналдың дыбыс деңгейі мен ұзақтығын, автоматты түрде блоктау баптауларын, конфорка жұмысының уақытын автоматты түрде санауды және ыдысты қоятын жерді автоматты түрде анықтауды өзгерте аласыз.

DSI_uporabnikove_nastavitve

Uol: Дыбысты сигналдың дыбыс деңгейі

Sou: Хабарлау кезіндегі дыбысты сигналдың ұзақтығы

Loc: Автоматты блоктау

Aut: Ыдыс қойылатын жерді автоматты түрде анықтау

Clo: Конфорка жұмысының уақытын автоматты түрде санау

P xx: Пісіру панелінің тұтынылатын қуатын шектеу (баптауды аспапты электр желісіне жалғағаннан кейін 2 минут ішінде орындауға болады).

Пісіру панелі қосылып тұрған кезде пайдаланушы баптауларының мәзіріне кіру үшін пісіру панелі сөніп тұрған кезде StopGo (Н) үзіліс функциясының сенсорын 3 секундқа басыңыз және басылған күйде ұстаңыз. Уақыт дисплейінде дыбысты сигналдың дыбыс деңгейін білдіретін бірінші параметр Uol көрсетіледі. U және V уақытты орнату сенсорларымен таңдалған параметрді баптауды орындаңыз/параметрді таңдаңыз.

Конфоркалардың дисплейлерінде таңдауға болатын параметрлер мәні көрсетіледі. Мәні басқаларына қарағанда анық жанып тұрған параметрді таңдау арқылы өзгертуге болады Баптауды растау және сақтау үшін StopGo үзіліс функциясының сенсорын (Н) басыңыз және 2 секунд ұстап тұрыңыз, қысқа дыбысты сигнал беріледі. Егер жаңа баптауларды сақтағыңыз келмесе, пісіру панелінің қосу/сөндіру сенсорын басу арқылы пайдаланушы баптаулары мәзірінен шығыңыз.

Дыбысты сигналдың дыбыс деңгейі — »Uol«

Ықтимал баптаулар:

Дисплейде 0 = сөндірілген (хабарлама мен қате туралы сигналдан басқа)

Дисплейде 1 = минималды дыбыс деңгейі

Дисплейде 2 = қалыпты дыбыс деңгейі

Дисплейде 3 = максималды дыбыс деңгейі (әдепкі қалпы бойынша)

Дыбыс деңгейін өзгерту кезінде тиісті дыбыс деңгейінің қысқа дыбысты сигналы беріледі.

Хабарлау кезіндегі дыбысты сигналдың ұзақтығы — »Sou«

Ықтимал баптаулар:

Дисплейде 0 = 5 секунд

Дисплейде 0.5 = 1/2 минут

Дисплейде 1 = 1 минут

Дисплейде 2 = 2 минут (әдепкі қалпы бойынша)

Автоматты блоктау — »Loc«

Егер пайдаланушы баптауларында автоматты түрде блоктау функциясы қосылған болса, әр сөндіргеннен кейін пісіру панелі автоматты түрде блокталады.

Дисплейде 0 = сөндірілген (әдепкі қалпы бойынша)

Дисплейде 1 = қосылған

Конфоркаларды автоматты түрде біріктірумен ыдыс қойылатын жерді автоматты түрде анықтау — »Aut«

Егер конфоркаларды автоматты түрде біріктірумен ыдыс қойылатын жерді автоматты түрде анықтау пайдаланушы баптауларының мәзірінде өшірілген болса, пісіру панелі қолмен басқарылатын режимде жұмыс жасайды (аспапты қосқаннан кейін 10 секунд ішінде ыдыс қойылатын жерді автоматты түрде анықтау жүргізілмейді).

Дисплейде 0 = сөндірілген

Дисплейде 1 = қосылған (әдепкі қалпы бойынша)

Конфорка жұмысының уақытын автоматты түрде санау — »CLo«

Егер Конфорка жұмысының уақытын автоматты түрде санау пайдаланушы баптаулары мәзірінде сөндірілген болса, уақыт дисплейіндегі конфорканы сөндіру таймерінің сенсорын басқаннан кейін конфорканы қосқан сәттен бастап өткен конфорка жұмысының уақыты емес, «0:00» мәні көрсетіледі.

Дисплейде 0 = сөндірілген

Дисплейде 1 = қосылған (әдепкі қалпы бойынша)

Пісіру панелінің тұтынылатын қуатын шектеу — Р xx (хх — қуат мәні)

Баптауды іске қосу үшін аспапты электр желісіне жалғағаннан кейін StopGo (H) сенсорын басыңыз және 3 секунд басылған күйде ұстаңыз. Уақыт дисплейінде 7,4 кВт жалпы қуатты білдіретін «P 74» мәні пайда болады. U және V уақыт баптауларының сенсорымен тұтынылатын қуат мәнін өзгертіңіз. Баптау аспапты электр желісіне жалғағаннан кейін 2 минут ішінде мүмкін болады. Егер баптауды кейінірек өзгерткіңіз келсе, алдымен аспапты электр желісінен бірнеше секундқа ажыратыңыз.

Пісіру панелінің тұтынылатын қуатын шектеу

Қорек тогының күшіне байланысты пісіру панелінің тұтынылатын қуатын шектей аласыз:

Дисплейде Р23 = 2,2 кВт = 10 A

Дисплейде Р28 = 2,8 кВт = 12 A

Дисплейде Р30 = 3,0 кВт = 13 A

Дисплейде Р37 = 3,6 кВт = 16 A

Дисплейде Р74 = 7,2 кВт = 2 x 16 A (әдепкі қалпы бойынша)

Баптауды растау және сақтау үшін StopGo үзіліс функциясының сенсорын (Н) басыңыз және 2 секунд ұстап тұрыңыз, қысқа дыбысты сигнал беріледі. Егер жаңа баптауларды сақтағыңыз келмесе, пісіру панелінің қосу/сөндірy сенсорын басыңыз.

Шектелген қуат режимінде конфоркаларды қыздыру дәрежесі және соның салдарынан қыздыру қуаты шектеледі. Аспап қуатты шектеудің конфоркалар жұмысына минималды әсер етуін қамтамасыз ететін қоректі басқару жүйесімен жабдықталған.

Тазалау және қызмет көрсету

Шыны керамикалық бетті әр қолданып болғаннан кейін тазалаңыз (суығанға дейін күтіңіз!), әйтпесе сәл ғана ластың өзі келесі қолдану кезінде қызған бетке жабысып қалуы мүмкін.

Шыны керамикаға жүйелі түрде күтім жасау үшін шыны керамикалық бетте ласты сіңірмейтін пленка жасайтын арнайы құралдарды қолданыңыз.

Әр қолданар алдында шыны керамикалық беттегі және ыдыс түбіндегі беттерге сызат түсіруі мүмкін шаң мен ласты сүртіңіз.

Тазалау үшін металл және қатты губкаларды, абразивті тазалау құралдарын қолданбаңыз, өйткені олар шыны керамикаға сызат түсіруі мүмкін. Сондай-ақ шыны керамиканы тазалау үшін агрессивті тазалау құралдары мен сәйкес келмейтін тазалау құралдарын қолдануға болмайды.

Пісіру бетіндегі графикалық белгілер агрессивті және қатты тазалау құралдарын, сонымен қатар түбі бүлінген ыдыстарды қолдану салдарынан өшіріліп қалуы мүмкін.

Аз ғана ластануларды жұмсақ дымқыл матамен тазалауға болады. Содан соң таза бетті кептіріп сүртіңіз.

Су дақтарын сірке судың әлсіз ерітіндісінің көмегімен кетіріңіз. Бұл ерітіндімен аспап жиектемелерін сүртуге болмайды (кейбір модельдерде), өйткені оның жылтырлығы жоғалады. Ізбес қағын жою үшін агрессивті спрейлерді және тазалау құралдарын қолдануға болмайды.

Қатты ластанулар шыны керамикалық беттерге күтім жасауға арналған арнайы құралдар көмегімен тазаланады. Арнайы тазалау құралдарын өндірушілердің нұсқауларын орындаңыз. Тазалау құралының қалдықтарының мұқият тазалап алыңыз, өйткені қыздыру кезінде агрессивті қасиеттерді иемденіп, шыны керамика құрылымының өзгеруіне алып келуі мүмкін.

Кетуі қиын және күйіп кеткен ластарды арнайы қырғыш көмегімен тазалауға болады. Қырғышпен жұмыс жасау кезінде қолыңызды зақымдап алмаңыз.

Қырғыш аспапты жеткізу жиынтығына кірмейді.

H-USA_strgalo

Қырғышты ласты дымқыл шүберектің немесе шыны керамиканы тазалауға арналған құралдың көмегімен кетіру мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданыңыз.

Қолдану кезінде қырғышты тазартылатын бетке дұрыс бұрышпен (45°-60° аралығында) ұстаңыз. Қырғышты сәл ғана басу арқылы ласты тазалаңыз. Қырғыштың пластмасса тұтқасының (кейбір модельдерде) ыстық бетке тимеуін қадағалаңыз.

Қырғыш жүзін шыны керамикаға тік бұрышпен ұстамаңыз. Қырғыш бұрыштарының пісіру бетіне сызат түсірмеуін қадағалаңыз.

Қант және тәтті тағамдар шыны керамиканы қатты бүлдіруі мүмкін, сондықтан беттердің бүлінуінің алдын алу үшін пісіру беті әлі суымаса да, ласты тез арада қырғышпен тазалап алыңыз.

Қателер мен ақаулықтар кестесі

Кепілді мерзім ішінде аспапты жөндеуді тек авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана жүзеге асыра алады.

Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Білікті емес жалғау және жөндеу қысқаша тұйықталуға және электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін, сондықтан бұл жұмыстарды өз бетіңізше орындамаңыз. Бұл жұмыстары тек авторлық құқығы бар маман ғана орындай алады.

Жұмыстағы ақаулықтар себебі төмендегі нұсқауларды басшылыққа ала отырып, өз бетінше жоюға болатын ұсақ ақаулар болуы мүмкін.

Егер аспап дұрыс пайдаланбау немесе қолданбау салдарынан жұмыс жасамайтын болса, кепілді мерзім ішінде сервис маманына баруды пайдаланушы төлейді.

Одан әрі қолдану немесе аспаптың келесі иегеріне табыстау үшін осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтап қойыңыз.

Төменде кейбір жалпы мәселелерді анықтауға қатысты кеңестер берілген.

Проблема/қате

Ықтимал себебі

Тұрмыстық электр сымының сақтандырғыштары сөніп қала береді.

Сервиске хабарласыңыз.

Үздіксіз дыбысты сигнал беріледі және дисплейде көрсетіледі digit50

Басқару панелінің сенсорлы батырмалары ластанған, оған су төгілген немесе басқа зат жатыр.

Басқару панелін тазалаңыз.

Дисплейде «F2» көрсетіледі.

Пісіру панелі қызып кеткен. Пісіру панелін суытып алыңыз.

Дисплейде «F» көрсетіледі.

Аспап жұмысы кезінде ақау пайда болды.

Егер осы ұсыныстар көмегімен ақауларды жоя алмасаңыз, авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты дұрыс жалғамау және қолданбау нәтижесінде туындаған ақаулықтарға кепілдік берілмейді. Бұл жағдайда жөндеу шығындарын тұтынушы өзі төлейді.

Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Индукциялық дайындау кезіндегі шуыл

Шуыл

Ықтимал себебі

Шешім

Индукциялық конфорка жұмысы кезіндегі әдеттегі жұмыс шуылы.

Индукциялық қыздыру технологиясы электр магнитті толқындар әсерімен дірілдейтін белгілі бір материалдардың қасиеттеріне негізделген. Бұл ретте молекулаларды дірілдеуге мәжбүрлейтін құйынды токтар пайда болады. Бұл қозғалыс жылу энергиясына түрленеді, бұл металда қатты емес шуылдың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Бұл ақаудың пайда болғанын білдірмейтін қалыпты жұмыс шуылы.

Трансформатор жұмыс жасаған кездегідей төмен дыбыс

Ол қыздыру қуатының жоғары деңгейінде пісіру кезінде туындайды. Ол индукциялық конфорка ыдысқа беретін энергия мөлшеріне байланысты.

Егер қыздыру температурасы төмендетілсе, шуыл жойылады немесе бәсеңдейді.

Діріл немесе ыдыс сыңғыры

Бұл шуылды түрлі материалдар қабатынан жасалған ыдыстар тудырады.

Шуыл түрлі материалдардың қабаттары түйіскен жерде туындайтын дірілден пайда болады. Бұл шуыл ыдысқа байланысты. Ол пісірілетін тағам мөлшері мен түріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Желдеткіш шуылы

Дұрыс жұмыс жасау үшін пісіру панелінің электронды компоненттері қызып кетпеуі тиіс. Сондықтан пісіру панелі желдеткішпен жабдықталған, ол өлшенген температураға байланысты электрониканы салқындатады.

Егер пісіру бетінің температурасы өте жоғары болса, пісіру бетін сөндіргеннен кейін желдеткіш біраз уақыт жұмыс жасауы мүмкін.

Қауіпсіздік және қателер индикациясы

Аспап қызып кетуден қорғауға арналған датчиктермен жабдықталған, сондықтан конфоркалар немесе пісіру панелі біраз уақытқа толықтай сөніп қалуы мүмкін.

Ақаулық, ықтимал себебі, ақаулықты жою

Үздіксіз дыбысты сигнал және дисплейде digit50 символы жыпылықтайды.

  • Басқару панелі ластанған, оған су төгілген немесе басқа зат жатыр. Басқару панелін тазалаңыз.

Дисплейдегі «F2» символы.

  • Пісіру панелі қызып кеткен. Пісіру панелін суытып алыңыз.

Дисплейдегі «F» символы.

  • Аспап жұмысы кезінде ақау пайда болды.

Егер ақау пайда болса немесе «F» қате индикациясы жойылмаса, пісіру панелін электр желісінен бірнеше минутқа сөндіріңіз (аспап жалғанып тұрған сақтандырғышты немесе негізгі сөндіргішті сөндіріңіз), содан соң панельді электр желісіне қайта жалғаңыз және ҚОСУ/СӨНДІРУ сенсорын қосыңыз.

Ақаулықты берілген ұсыныстарға сәйкес жою мүмкін болмаған кезде авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты дұрыс монтаждамауға, жалғамауға және қолданбауға байланысты ақаулықтарға кепілдік берілмейді. Тұтынушы осындай ақауларды жою бойынша шығындарды өз бетінше төлейді.

Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Кірістірілетін пісіру панелін орнату

Монтаждау процесі

  • Үстіңгі тақтай тегіс әрі горизонталь болуы тиіс.

  • Қиманың жиектерін ылғал мен ластан қорғау үшін тиісті тәсілмен бітеу қажет.

  • Пісіру панелін электр желісіне жалғаңыз ("Пісіру панелін жалғау" бөлімін қараңыз).

  • Пісіру панелін монтаждалатын ойыққа орнатыңыз және оны үстіңгі тақтайға қысыңыз.

BR_BI_Copreci_mere_napa_DN

  • Аспапты асхана жиһазының элементіне қойып, электр желісіне жалғауды тек білікті маман ғана орындай алады.

  • Шпон және асхана жиһазының аспап ішіне қондырылатын басқа да материалдары, жылуға төзімді болуы керек (100°C), кері жағдайда материалдардың айтарлықтай төмен жылуға төзімділігі олардың деформациялануына және түсінің өзгеруіне алып келуі мүмкін

  • Пісіру бетінің артқы жағынан үстіңгі тақтайдың ағаш жиектемелерін қолдану кірістіру схемасында көрсетілген минималды рұқсат етілетін арақашықтық сақталған кезде ғана мүмкін болады.

  • Пісіру панелі ені 600 мм және одан артық болатын асхана шкафының үстіңгі тақтайына кірістіруге арналған.

  • Асхана шкафтары пісіру бетінен тағам дайындау кезінде кедергі келтірмейтіндей биіктікке ілінуі тиіс.

  • Пісіру панелі мен сорғы арасындағы арақашықтық сорғыны монтаждау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген 500 mm кем болуы тиіс.

  • Пісіру панелінің жиегінен көршілес асхана шкафының қабырғасына дейінгі минималды арақашықтық 40 мм құрайды.

  • Пісіру бетінің артқы жағынан үстіңгі тақтайдың ағаш жиектемелерін қолдану кірістіру схемасында көрсетілген минималды рұқсат етілетін арақашықтық сақталған кезде ғана мүмкін болады.

  • Пісіру панелі мен артындағы қабырға арасындағы минималды арақашықтық кірістіру схемасында көрсетілген.

BI4_DSI_60
60 cм

BI4_DSI_80
80 cм

BI4_DSI_90
90 cm

BI4_DSI_100
100 cm

Асхана шкафындағы желдету саңылаулары

Индукциялық пісіру панелінің электронды компоненттерінің сенімді жұмыс жасауы үшін жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету қажет.

element_vgradnja_BI4T

Жәшігі бар асхана шкафы

  • Шкафтың артқы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 140 миллиметрден кем емес желдету саңылауы болуы тиіс. Шкафтың алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 6 миллиметрден кем емес желдету саңылауы болуы тиіс.

  • Пісіру панелінің астында оның барлық ұзындығы бойынша пісіру панелінің төменгі бетінен кемінде 10 миллиметр қашықтыққа горизонталь аралық қабырға орнатылуы тиіс.

    Артқы бетінде жеткілікті желдету қамтамасыз етілуі тиіс.

  • Пісіру панелінің төменгі бөлігіне салқындататын желдеткіш орнатылған. Пісіру панелінің астындағы жәшікте ұсақ заттар мен қағазды сақтауға тыйым салынады, өйткені оларды жұмыс жасап тұрған желдеткіш тартып алып кетуі мүмкін, бұл салқындату жүйесінің сынуына алып келеді. Жәшікте алюминий фольганы және тез тұтанатын заттарды сақтамаңыз, мысалы, тазалау құралдары мен аэрозольдар, сонымен қатар оларды пісіру панелінен алыста ұстаңыз. Жарылу қауіпі бар!

  • Желдеткіштің ауа жинайтын саңылауы мен жәшік ішіндегілер арасында кемінде 20 миллиметр арақашықтықты сақтаңыз.

vgradnja pečica

Духовка шкафы бар асхана шкафы

  • Пісіру панелінің астына суыту желдеткіштерімен жабдықталған духовкаларын орнатуға болады.

  • Духовка шкафын орнатар алдында монтаждау ойығының айналасындағы асхана шкафының артқы қабырғасын ағытып алу қажет.

  • Шкафтың алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 6 миллиметрден кем емес желдету саңылауы болуы тиіс.

  • Индукциялық панельдің астына басқа аспаптарды орнату кезінде олардың дұрыс жұмыс жасауына кепілдік бермейміз.

Үстіңгі тақтаймен бір деңгейде монтаждау

Үстел бетімен бір деңгейде монтаждау үшін қиғашталған жиектері мен декоративтік жиектемелері жоқ пісіру панельдері қолданылады.

FM_rob_pult

Монтаждау процесі

Пісіру панелін табиғи тастан (мәрмәр, гранит) немесе ағаш массивінен (монтаждау ойығының қималарын герметиктеу қажет) жасалған ылғалға және жылуға төзімді беттерге ғана орнатуға болады. Керамикалық, ағаш немесе әйнек беттерге кірістіру кезінде пісіру панелін ағаш жиектемеге орнату қажет. Ағаш жиектеме панелді жеткізу жиынтығына кірмейді. Пісіру панелін басқа материалдардан жасалған үстел беттеріне кірістіру үстел бетін өндіруші рұқсат еткен жағдайда ғана мүмкін болады. Асхана шкафының ішкі өлшемі монтаждау ойығының ішкі өлшемдерінен кем болмауы тиіс. Бұл пісіру панелін кедергісіз монтаждау үшін қажет. Пісіру панелінің барлық периметрімен төменгі бетіне нығыздағыш жабыстырыңыз.

trak

Алдымен байланыстыру кабелін монтаждау ойығына салыңыз. Пісіру панелін монтаждау ойығының ортасына орнатыңыз. Аспапты электр желісіне жалғаңыз (аспапты жалғау жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Герметик жабыстырмас бұрын аспап жұмысын тексеріңіз. Пісіру панелі мен үстіңгі тақтай арасындағы саңылауды силикон герметикпен толтырыңыз. Силикон герметик жылуға төзімді болуы және 160°C кем емес температураға шыдауы тиіс. Герметикті сәйкес келетін құралмен тегістеңіз. Герметикті өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Герметик толықтай кеппейінше пісіру панелін қоспаңыз.

kit_pind

  1. Силикон герметик

  2. Тығыздауыш таспа

Табиғи тастан жасалған беттерде монтаждау ойығының өлшемдерін аса мұқият ойластырыңыз. Кез келген тақтай үшін силикон герметикті таңдау кезінде оны өндірушіден кеңес алыңыз. Сәйкес келмейтін герметикті қолдану тақтайдың түсін өзгертуге алып келуі мүмкін.

Пісіру панелін демонтаждау

Пісіру панелін электр желісінен ажыратыңыз. Герметикті арнайы құрал көмегімен алыңыз. Пісіру панелін монтаждау ойығынан шығарып алу үшін оны итеріп жіберіңіз.

Пісіру панелін үстінен итеруге тырыспаңыз!

Сервис орталығы пісіру панелін жөндеумен және оған қызмет көрсетумен шұғылданады. Пісіру панелін үстелдің бетімен теңдей кірістірер алдында асхана жиһазын жеткізушіден кеңес алыңыз.

Табиғи тастан жасалған бет

FM_kamen_BI4T

  1. Үстел беті

  2. Аспап

  3. Саңылау

Шыны керамикалық панел мен үстел бетіндегі ойық өлшемдерінде өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, саңылау ені түрленуі мүмкін (мин. 2 мм).

Керамикалық, ағаш немесе шыны бет

FM_les_BI4T

  1. Үстел беті

  2. Аспап

  3. Саңылау

  4. Қалыңдығы 16 мм ағаш жиектеме

Шыны керамикалық панел мен үстел бетіндегі ойық өлшемдерінде өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, саңылау ені түрленуі мүмкін (мин. 2 мм). Үстел бетінің жоғары жиегінен төмен қарай 5,5 миллиметр түсу арқылы ағаш жиектемені орнатыңыз (суретті қараңыз).

Шыны керамикалық панельдің радиусына (R10, R2) байланысты монтаждау ойығының бұрыштарындағы радиустарды сақтаңыз.

ӘЙНЕК

МОНТАЖДАУ ОЙЫҒЫ

steklo_izrez_svk_HV_BIEH

vgradnjaFM_30_BI4T
30 cм

vgradnjaFM_60_BI4T
60 cм

vgradnjaFM_80_BI4T
80 cм

vgradnjaFM_90_BI4T
90 cm

Егер пісіру панелі үстіңгі тақтаймен бір деңгейде орнатылса және пісіру панелінің астына духовка шкафы орнатылса, онда үстіңгі тақтайдың қалыңдығы кемінде 40 миллиметрді құрайды.

Нығыздағышты жабыстыру

Кейбір модельдер нығыздағышы орнатылған күйде жеткізіледі.

Аспапты үстіңгі тақтайға кірістірмес бұрын шыны керамикалық немесе шыны пісіру бетінің төменгі жағына жиынтықта бірге берілетін нығыздағышты жабыстыру қажет. Нығыздағыштың қорғаныс пленкасын алыңыз. Нығыздағышты шыны керамиканың немесе шынының төменгі жағынан жиектерінен 2-3 миллиметр жылжи отырып жабыстырыңыз. Нығыздағыш пісіру панелінің барлық периметріне жабыстырылуы және бұрыштарында бір біріне жабыспауы тиіс. Нығыздағышты жабыстыру кезінде өткір заттардың шыны керамикаға/шыныға тиіп тұрмағанын қадағалаңыз (мысалы, нығыздағышты шыны керамиканың / шынының үстіне қойып кеспеңіз).

tesnilni_trak

Аспапты нығыздағышсыз монтаждауға тыйым салынады!

Пісіру панелін электр желісіне жалғау

  • Электр желісіне жалғаудан қорғау қолданыстағы ескертпелерге сәйкес келуі тиіс.

  • Жалғар алдында зауыттық жапсырмада көрсетілген кернеудің желідегі нақты кернеуге сәйкес келетіндігін тексеріп алу қажет.

  • Электр сымдарда ажыратылған контакттар арасында барлық полюстерінде 3 миллиметрден кем емес арақашықтықта ажырату құрылғысын қарастыру қажет. Сақтандырғыштарды, тоқтың қорғайтын өшіргіштерін және т.б. қолдануға болады.

  • Жалғау сақтандырғыштардың мүмкіндіктерін және электр желісінің тоқ жүктемесін есепке алуы тиіс.

  • Жалғау сақтандырғыштардың мүмкіндіктерін және электр желісінің тоқ жүктемесін есепке алуы тиіс.

Аспапты электр желісіне жалғауды авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Аспапты дұрыс монтаждамауға және жалғамауға байланысты ақаулықтарға кепілдік берілмейді. Кез келген әрекетті бастамас бұрын аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Жалғау схемасы

sponka

Жалғастырғыштар ұстатқыш қалыпқа салынған.

Жалғау үшін келесілер қолданыла алады:

  • Сары-жасыл қорғайтын өткізгіші бар H05 VV-F немесе H05V2V2-F типті ПВХ оқшаулағышы бар байланыстыру кабельдері немесе сипаттамалары бірдей немесе одан да жақсы басқа да кабельдер.

  • Кабельдің сыртқы диаметрі кемінде 8,00 миллиметр болуы тиіс.

Стандартты жалғау:

BI4_DSI_install_shema1

2 фаза + 1 бейтараптама (2 1N, 380-415 В~ / 50/60 Гц):

  • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~.

  • . Екі фаза арасындағы кернеу 380-415 В~. 4–5 ұстатқыштар арасына жалғастырғыш орнатыңыз. Әрқайсысы кем дегенде 16 А болатын сақтандырғыштар орнатыңыз (2 дана). Жалғау кабельдерінің қимасы кем дегенде 2,5 мм².

BI4_DSI_install_shema2

2 фаза + 2 бейтараптама (2 2N, 220-240 В~ / 50/60 Гц):

  • Фазалар мен бейтараптамалар арасындағы кернеу 220-240 В~.

  • Әрқайсысы кем дегенде 16 А болатын сақтандырғыштар орнатыңыз (2 дана). Жалғайтын кабель қимасы кем дегенде 2,5 мм².

Айрықша жалғау:

BI4_DSI_install_shema3

BI4_DSI_install_shema5

1 фаза (1 1N, 220-240 В~ / 50/60 Гц):

Фаза мен бейтараптама арасындағы кернеу 220-240 В~. 1–2 және 4–5 ұстатқыштар арасына жалғастырғыш орнатыңыз. Кем дегенде 32 А болатын сақтандырғыш орнатыңыз. Жалғау кабелінің қимасы кем дегенде 4 мм².

Байланыстырғыш кабельді міндетті түрде кабельдің шектен тыс тартылуының алдын алатын қысқыш арқылы өткізіңіз.

Дұрыс жалғанбауы аспап бөлшектерінің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда сіз кепілдік қызмет көрсетілу құқығын жоғалтасыз!

Қосар алдында зауыттық кестеде көрсетілген кернеу желідегі нақты кернеумен сәйкес келетінін тексеру қажет. Тұтынушының желісіндегі кернеуді (N-да 220-240 В) маман өлшеу аспабының көмегімен тексеруі тиіс!

Ені 30 сантиметрлік аспаптар (екі конфоркасы бар) тек бір фазалы қосылуға арналған. Кабель қимасының ауданы 1,5 мм² кем болмауы тиіс.

Байланыстыратын кабель

(қорек кабелі жоқ модельдер)

votlica

  • Жалғау үшін келесілер қолданыла алады:

  • Сары-жасыл қорғайтын өткізгіші бар H05 VV-F немесе H05V2V2-F типті ПВХ оқшаулағышы бар байланыстыру кабельдері немесе сипаттамалары бірдей немесе одан да жақсы басқа да кабельдер.

  • Кабельдің сыртқы диаметрі кемінде 8,00 миллиметр болуы тиіс.

  • Байланыстырғыш кабельді міндетті түрде кабельдің шектен тыс тартылуының алдын алатын қысқыш арқылы өткізіңіз.

* Жиынтығының ішіне кеңестер қосылынбайды

Электр сымын кеңестердi (шеткі ұстатқыштарды) пайдалануды ұсынамыз.

Құрылғыдан арылу

smetjak_CLA

Қаптама қоршаған ортаға ешқандай залал келтірмей қайта өңдеуге, қалдықтарды сақтауға арналған арнайы полигондарда жинауға және кәдеге жаратуға болатын экологиялық таза материалдардан жасалған. Қаптама материалдары тиісті таңбалауға ие.

Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы символ оның тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Бұйымды одан ары кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн.

Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы осы сияқты қалдықтармен тиісті түрде әрекет жасамау салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз. Бұйымды кәдеге жарату туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, шақырылатын және қалдықтарды кәдеге жаратын қызметке немесе осы бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Өндіруші пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарында өзгерістерге және қателіктерге құқылы.

Сіздің ескертпелеріңіз

 

720593