КІРІСТІРІЛЕТІН ДУХОВКАНЫ

Индукциялық панель

Сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз және жаңа аспабыңыз құтты болсын.

Аспапты қолдану ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін біз пайдалану жөніндегі толық нұсқаулықты дайындадық. Ол жаңа аспаппен жылдам танысып шығуға мүмкіндік береді.

Аспабыңызда бұзылулардың жоқ екендігін тексеріп алыңыз. Бұзылуларды анықтаған жағдайда аспапты сатып алған сауда ұйымына хабарласыңыз.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты біздің интернет сайтымыздан да таба аласыз:

www.gorenje.com / < http://www.gorenje.

Ақпарат, кеңес, көмек немесе ұсыныс

Қауіп туралы ескерту

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ: НҰСҚАУЛЫҚПЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ ОДАН АРЫ ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.

Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз! Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

ЕСКЕРТУ! Жұмыс барысында аспап және оның қол жетімді бөлшектері қатты қызады. Аса сақ болыңыз, ыстық бөлшектерге қолыңызды тигізбеңіз. Сегіз жасқа толмаған балалар тұрақты бақылауда болуы тиіс!

8 жасқа толмаған балалар аспапқа жақын жерде жүрмеуі немесе тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Аспапты тазалау үшін бумен тазалағыштарды және жоғары қысымды тазалағыштарды қолданбаңыз, өйткені бұл қысқаша тұйықталуға және электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.

Аспап сыртқы таймерге және қашықтықтан басқару блогына жалғауға арналмаған.

Стационарлы электр сымына электрлік монтаждау талаптарына сәйкес тұйықтайтын құрылғы кірістірілуі тиіс.

Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін байланыстыру кабелін ауыстыруды өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы немесе білікті маман ғана орындай алады (жалғау кабелімен жабдықталған модельдер үшін).

ЕСКЕРТУ! Егер пісіру бетінің әйнегі жарылса немесе сынса, электр тоғынан зақым алудың алдын алу үшін аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Конфоркалардың ауыстырып қосқыштарын жұмыс істемейтін күйге орнатыңыз, сақтандырғышты босатып алыңыз немесе аспаптың толықтай тоқсыздануы үшін үйдің немесе пәтердің электрлік щитіндегі қоректі өшіріңіз.

ЕСКЕРТУ! Май қолданып тағам дайындау барысын әрқашан қадағалаңыз, өйткені жану қауіпі бар. Егер өрт туындаса, жалынды сумен сөндірмеңіз. Аспапты сөндіріңіз, ыдысты қақпақпен немесе дымқыл сүлгімен жабыңыз.

ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар. Конфорканың үстінде ешнәрсе қалдыруға болмайды.

АБАЙЛАҢЫЗ: Ас әзірлеу процесін бақылау қажет. Қысқа мерзімді ас әзірлеу процесін үздіксіз бақылау қажет.

ЕСКЕРТУ! Аспап тағам дайындауға арналған. Оны басқа мақсаттарда қолданбаңыз, мысалы, бөлмені жылыту үшін. Бос ыдысты конфоркаларға қоймаңыз.

ЕСКЕРТУ! Аспапты өндіруші ұсынған, өндіруші аспаптың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында немесе аспап жиынтығында жеткізілетін нұсқаулықта ұсынған пісіру бетінің қорғау экранын қолданыңыз. Сәйкес келмейтін қорғау экранын қолдану жазатайым жағдайларға алып келуі мүмкін.

Индукциялық пісіру бетіне металл заттарды қоймаңыз, мысалы, табалар, қақпақ, асхана аспаптары, өйткені олар қатты қызып кетуі мүмкін.

Тағам дайындау аяқталған соң конфорканы басқару панелінің көмегімен сөндіріңіз. Ыдысты анықтау жүйесіне ғана сенім артуға болмайды.

Аспапты жалғауды тек білікті маман немесе авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Қалған қауіпсіздік шаралары

Аспап үй шаруашылығында қолдануға арналған. Оны басқа мақсаттарда қолданбаңыз, мысалы, бөлмені жылыту, үй жануарларын, қағаздарды, текстильді кептіру үшін, өйткені бұл жарақат алуға немесе өрттің туындауына алып келуі мүмкін.

Аспапты жалғауды тек білікті маман немесе авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Көршілес электр аспаптардың ыстық конфоркаларға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.

Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін байланыстыру кабелін ауыстыруды өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы немесе білікті маман ғана орындай алады.

Пісіру бетін жұмыс үстелі ретінде және заттарды сақтау үшін қолданбаңыз! Бұл аспаптың бүлінуіне және шыны керамикада сызаттардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Пісіру панелінде жұқа қабырғалы алюминий ыдыста, фольгада және пластикалық ыдыста дайындамаңыз. Бұл материалдар балқып кетуі мүмкін, бұл аспаптың сынуына және өрттің туындау қауіпіне алып келуі мүмкін!

Аспап астында тез жанатын заттарды сақтамаңыз, мысалы тазалау құралдары, жуу құралдары және аэрозольдар.

Бір дизайн-желі аясындағы аспаптар мен олардың бөлшектері түстері бойынша сәл ғана өзгеше болуы мүмкін, бұл түрлі параметрлерге негізделген болуы мүмкін, мысалы, көру бұрышының түрлілігі, фон, материалдар және бөлмені жарықтандыру.

Аспапты жалғар алдында

Аспапты жалғар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Аспапты дұрыс монтаждамауға, жалғамауға және қолданбауға байланысты ақаулықтарға кепілдік берілмейді.

Аспап сипаттамасы

Аспап функциялары мен жабдықтары моделіне байланысты әртүрлі болады.

G7_opis_aparata

  1. Индукциялық конфорка ø 90 мм

  2. Индукциялық конфорка ø 130 мм

  3. Басқару панелі

Техникалық деректер

(моделіне байланысты)

napisna tablica

  1. Сериялық нөмір

  2. Артикул

  3. Түрі

  4. Сауда белгісі

  5. ҮЛГІ

  6. Техникалық деректер

  7. Сәйкестік белгілері

Аспаптың негізгі деректері бар зауыттық жапсырма пісіру панелінің төменгі бетінде орналасқан. Пісіру панелінің типі мен моделі туралы деректерді кепілдік парағынан табуға болады.

Алғаш пайдаланбас бұрын

Шыны керамикалық бетті ыдысты қолмен жууға арналған құралдың аз ғана мөлшері қосылған дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Агрессивті және абразивті тазалау құралдарын, ыдыс жууға арналған қатты губкаларды, қақ кетіруге арналған құралдарды, дақ кетіргіштерді қолданбаңыз.

Пісіру панелін пайдалануды бастаған кезде жаңа аспапқа тін иіс шығуы мүмкін, ол уақыт өткен сайын жойылады.

Конфорка

Шыны керамикалық пісіру беті

  • Шыны керамика температураның ауытқуына төзімді.

  • Пісіру панелін жұмыс үстелі ретінде қолданбаңыз. Өткір заттар оның бетінде сызаттар қалдыруы мүмкін. Жарылып кеткен және сынған пісіру бетін қолданбаңыз. Шыны керамика нақты соққыларға төзімсіз, сондықтан оның үстіне қатты және өткір заттардың құламауын қадағалаңыз, өйткені олар шыны керамиканы бүлдіруі мүмкін.

  • Сызаттарды анықтаған кезде аспап қосылып тұрған сақтандырғышты өшіру арқылы аспапты тез арада электр желісіне ажыратып, сервис орталығына хабарласыңыз.

  • Ыдысты конфоркаға қояр алдында жылудың жақсы берілуін қамтамасыз ету және конфорканың бүлінуінің алдын алу үшін ыдыс түбін және конфорканың өзін құрғатып сүртіңіз.

  • Бос ыдысты конфоркаларға қоймаңыз.

Қыздыру дәрежелері

Конфоркаларды қыздыру қуаты 10 деңгей шегінде орнатылады (моделіне байланысты). Кестеде қыздырудың түрлі дәрежелерін қолдану мысалдары берілген.

Қыздыру дәрежесі

Мақсаты

0

Конфорка сөндірілген, қалдық жылуды қолдану.

1 - 2

Тағамның температурасын ұстап тұру, аз ғана мөлшердегі тағамды дайындауды жалғастыру (минималды қуат).

3

Бәсең дайындау (қыздырудан кейін жоғары қуат кезінде дайындауды жалғастыру).

4 - 5

Тағамның көп мөлшерін бәсең дайындау (дайындауды жалғастыру), үлкен тілімдерді қуыру.

6

Қуырып пісіру.

7 - 8

Қуыру.

9

Дайындауды, қуыруды бастау; қуыру

P

Қыздырудың Power Boost режимі пісірудің басында немесе тағамның көп мөлшерін дайындау үшін қосылады.

Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер

  • Ыдысты сатып алу кезінде өндірушінің әдетте ыдыс диаметрін жоғарғы жиегі немесе қақпағы бойынша көрсететіндігіне назар аударыңыз, ол әдетте түбінің диаметрінен үлкен болады.

  • Ұзақ уақыт бойы пісіруді қажет ететін тағамдары жылдам пісіргіште дайындаңыз. Жылдам пісіретін және қарапайым ыдыста әрқашан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің болуын қадағалаңыз. Бос ыдысты қыздыру салдарынан пісіру беті қызып кетуі мүмкін, нәтижесінде ыдыс және пісіру бетінің өзі бүлінеді.

  • Егер тағамды дайындау рецептінде рұқсат етілсе, ыдыстың қақпағын жауып қойыңыз. Қақпақ өлшемі бойынша ыдысқа сәйкес келуі тиіс. Ыдыс дайындалатын тағам мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Үлкен ыдыста аз ғана тағамды дайындау электр энергиясын шығындауға алып келеді.

Индукциялық конфоркалардың жұмыс жасау принципі

posoda_1_ei_brez_ure

  • Пісіру беті тиімділігі жоғары индукциялық конфоркалармен жабдықталған. Жылу конфоркаларды аралық қыздырусыз тікелей ыдыс түбінде түзіледі. Осылайша, электр энергиясын тұтыну сәулелену принципі бойынша жұмыс жасайтын әдеттегі қыздыру элементтерімен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

  • Индукциялық пісіру панелінің конфоркасы тікелей емес, ыдыс түбіндегі жылу есебінен қызады. Сөндіргеннен кейін «Н» қалдық жылу индикаторы конфорканың әлі де ыстық екені туралы хабарлайды.

  • Индукциялық конфорканың жұмыс жасау принципі мынадай: шыны керамикалық бет астында ауыспалы электр магнитті өріс тудыратын индукциялық катушка орналасқан, нәтижесінде ыдыс түбінде ток индукцияланады, бұл қызуға алып келеді.

Қант және тәтті тағамдар шыны керамикалық бетті қатты бүлдіруі мүмкін, сондықтан беттердің бүлінуінің алдын алу үшін пісіру беті әлі суымаса да, ласты тез арада қырғышпен тазалап алыңыз.

Ыстық шыны керамикалық бетті тазалау құралдарымен тазаламаңыз, бұл оның бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Ыдысты анықтау

posoda_1

  • Егер қосылып тұрған конфоркада ыдыс болмаса немесе диаметрі өте кішкентай ыдыс орнатылса, энергия берілмейді.

  • Егер ыдыс түбінің диаметрі өте кішкене болса, конфорка ыдысты анықтай алмауы мүмкін. Егер конфорка қосылған болса, оның дисплейінде digit13_pind символы мен қыздырудың орнатылған дәрежесі кезекпен жанады. Егер қосудан және қыздыру дәрежесін орнатудан кейін 1 минут ішінде конфоркаға сай келетін ыдысты қойса, конфорка бекітілген қуатпен жұмыс жасай бастайды. Егер ыдысты конфоркадан алса, энергия беру тоқтатылады.

  • Егер түбінің диаметрі, бірақ конфорка анықтай алатын кішкене ыдыс қолданатын болсаңыз, пісіру беті осы өлшемдегі ыдыста пісіру үшін қажетті энергияны береді.

Ыдыс

gor_ind_potmagnet

  • Индукциялық пісіру бетінде дайындау сәйкес келетін ыдысты қолданған жағдайда ғана мүмкін болады.

  • Дайындау кезінде ыдысты конфорканың ортасына орнатыңыз.

  • Индукциялық пісіру бетінде дайындау үшін ферромагнитті материалдардан жасалған ыдыстарды қолдануға болады. Бұл болат, болат эмальды және шойын ыдыс.

  • Мыс немесе алюминий түбі бар қоспалы болат ыдыстарды және әйнек ыдыстарды қолдануға болмайды.

  • Ыдыстың жарамдылығын магнит көмегімен өз бетіңізше тексеруге болады. Егер магнит ыдыс түбіне тартылса, ол жарамды болып табылады.

  • Жылдам пісіргіште дайындау кезінде тиісті қысымға қол жеткізбейінше, дайындау процесін тұрақты бақылап отырыңыз. Алдымен конфорка максималды қуатпен жұмыс жасауы тиіс, содан соң жылдам пісіргішті өндіруші ұсыныстарын сақтай отырып, конфорканы қыздыру дәрежесін ақырындап төмендетіңіз.

  • Ыдыста әрқашан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің болуын қадағалаңыз. Бос ыдысты қыздыру салдарынан пісіру беті қызып кетуі мүмкін, нәтижесінде ыдыс және пісіру бетінің өзі бүлінеді.

  • Кейбір ыдыстардың түптері толықтай ферромагнитті емес. Бұл жағдайда тек магнитті бөлігі ғана қызады, қалған түбі қызбайды.

  • Арнайы ыдысты қолдану кезінде осы ыдысты өндірушінің ұсыныстарын орындаңыз.

  • Дайындаудың ең жақсы нәтижесіне қол жеткізу үшін ыдыс түбіндегі ферромагнитті бөлік конфорка өлшеміне сәйкес келуі тиіс. Егер конфорка ыдысты анықтамаса, ыдысты диаметрі кішкене конфоркаға қойып көріңіз.

Конфоркалар

Ыдыс түбінің минималды диаметрі

Артқы сол жақ, алдыңғы оң жақ

Ø 90 mm

Алдыңғы сол жақ, артқы оң жақ

Ø 130 мм

Ыдыс түбі тегіс әрі жазық болуы тиіс.

mere

Пісіру бетін басқару

Басқару панелі

(моделіне байланысты)

G7_upravljalna_enota

A Пісіру панелін қосу/өшіру сенсоры

B Балалардан қорғайтын блоктау сенсоры

C Қыздыру дәрежесі мен уақытты азайту

D Қыздыру дәрежесі мен уақытты көбейту

E Конфоркаларды қосу

F Конфоркадағы қосылған таймер индикаторы

G Конфоркалар дисплейі

Пісіру панелін қосу

G7_vklop_kuhališča

Қосу/сөндіру (А) сенсорын басыңыз және 1 секунд басылған күйінде ұстаңыз. Қысқа дыбысты сигнал беріледі және конфоркалар дисплейінің жанында нүкте индикаторлар жанады.

Егер одан ары орнатулар жүргізбесеңіз, пісіру панелі 10 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.

Аспапты электр желісіне алғаш жалғағаннан кейін және электр қорегіндегі кідірістерден кейін қосу кезінде пісіру панелі блокталған.

Конфоркаларды қосу

G7_vklop_kuhalnih_polj

Пісіру панелін қосқан соң 10 секунд ішінде қажетті конфорканы (Е) сенсорымен қосыңыз. Таңдалған конфорканың C және D сенсорларымен қыздыру дәрежесін орнатыңыз. Егер бірінші С сенсоры басылса, бірден 9-қуат орнатылады. Егер бірінші D сенсоры басылса, 1-қуат орнатылады.

Егер конфоркаға ыдыс қойылмаған болса, дисплейде қыздырудың таңдалған дәрежесі мен символыdigit13_pindкезекпен жыпылықтайды.

Қыздыру дәрежесін өзгерту

Конфорканы таңдаңыз және тиісті C және D сенсорларымен қыздыру қуатын өзгертіңіз.

Егер C немесе D сенсорларын басылған күйде ұстап тұрса, мән жылдамырақ өзгереді.

Power Boost максималды қыздыру қуаты режимі

(моделіне байланысты)

G7_power_boost

Конфорканы таңдап, С сенсорын басыңыз. Қысқа дыбысты сигнал беріледі, дисплейде 9 мәні жанады. D сенсорын басыңыз, дисплейде Р символы жанады. Конфорка 10 минут бойы максималды қуатпен жұмыс жасайды, содан соң дыбысты сигнал беріледі, конфорка 9-қуатқа ауысады.

Power Boost режимін өшіру

С сенсорымен қыздыру дәрежесін азайтыңыз.

PowerBoost режимі қосылып тұрған конфорка өте жоғары қуатпен жұмыс жасайды.

Балалардан қорғайтын блоктау

Қорғайтын блоктау пісіру панелін кездейсоқ қосудың және пісіру параметрлерін өзгертудің алдын алуға мүмкіндік береді.

G7_otroška_zaščita

Қорғайтын блоктауды қосу
Қорғайтын блоктау сенсорын (В) 1 секунд басыңыз және басылған күйінде ұстаңыз. В1 индикаторы қосылады. Қорғайтын блоктау қосылды.

Қорғайтын блоктауды сөндіру
Қорғайтын блоктау да дәл осындай тәсілмен алынады. Пісіру панелі сөніп тұруы тиіс. Қорғайтын блоктау сенсорын (В) 1 секунд басыңыз және басылған күйінде ұстаңыз.

Қорғайтын блоктауды конфоркалар жұмыс жасап, сондай-ақ сөніп тұрған кезде де қосуға болады.
Егер конфорка қосылған болса, блоктау қосу/сөндіру сенсоры мен қорғайтын блоктау сенсорынан басқа, барлық сенсорлардың қосылуының алдын алады.
Егер конфоркалар сөндірілген болса, блоктау қорғайтын блоктау сенсорынан басқа, барлық сенсорлардың қосылуының алдын алады.
Қорғайтын блоктау пісіру панелін электр желісіне алғаш жалғағаннан кейін және электр қоректегі кідірістен кейін қосылады.

Духовканың жұмыс жасау уақытын бағдарламалау

G7_časovne_funkcije

Бұл функция конфорканың жұмыс жасау ұзақтығын тағайындауға мүмкіндік береді, бұл ретте таңдалған конфорка үшін қыздыру дәрежесін алдын ала орнатып алу қажет. Бекітілген уақыт өткеннен кейін конфорка автоматты түрде сөнеді.
Таймер уақытты 1-99 минут аралығында орнатуға мүмкіндік береді. Таймерді барлық конфоркаларға кез келген қыздыру дәрежесінде бір уақытта орнатуға болады.

Таймерді орнату

Конфорканы Е сенсорымен таңдаңыз және C және D сенсорларымен қыздыру дәрежесін орнатыңыз. Егер 0 қыздыру дәрежесі орнатылған болса, таймер уақытын тағайындау мүмкін емес. Е конфорка сенсорын қайта басыңыз. Дыбысты сигнал беріледі және G конфорка дисплейінде нүкте индикаторы бар «t.» символы көрсетіледі. Қарама-қарсы конфорка дисплейінде уақыт көрсетіледі.

  • C және D сенсорларымен 1 - 99 минут аралығындағы диапазонда уақытты орнатыңыз.

  • Орнатқаннан кейін уақытты есептеу басталады. Егер C және D сенсорларын бір уақытта басса, уақыт нөлге келтіріледі. Егер C немесе D сенсорларын басылған күйде ұстап тұрса, мән жылдамырақ өзгереді.

  • Бірнеше секунд өткен соң дисплейдегі уақыт сөнеді, ал қыздыру дәрежесінің жанында конфоркаға таймердің орнатылғанын көрсететін нүкте индикатор жанады.

  • Таймердің уақыты өткеннен кейін дыбысты сигнал беріледі және конфоркалар сөнеді. Дыбысты сигналды сөндіру үшін кез келген сенсорды басыңыз немесе дыбысты сигнал 2 минут өткен соң өздігінен сөнеді.

Өшіру таймерінің уақытын өзгерту

  • Өшіру таймерінің уақытын кез-келген сәтте өзгертуге болады.

  • Қажетті конфорка сенсорын екі рет басыңыз.

  • С және D сенсорларымен таймердің жаңа уақытын орнатыңыз.

Қалдық уақыт индикациясы
Егер бірнеше таймер орнатылған болса, қалған уақытты (Е) сенсорын екі рет басу арқылы білуге болады.

Конфорканы сөндіру

Е сенсорымен конфорканы таңдаңыз және тиісті С сенсорымен 0 қыздыру қуатын орнатыңыз. Жылдам сөндіру. Тиісті С және D сенсорларын бір уақытта басыңыз. Қысқа дыбысты сигнал беріледі және қыздыру дәрежесі 0-ге орнатылады.

Егер конфоркалардың барлығында 0 қыздыру дәрежесі орнатылған болса, бірнеше секунд өткен соң пісіру панелі автоматты түрде сөнеді.

Жұмыс ұзақтығын шектеу

Қосымша қауіпсіздік үшін аспап әрбір жеке конфорка үшін жұмыс уақытын шектегішпен жабдықталған. Қорғаныс үшін өшірудің іске қосылу уақыты конфоркадағы соңғы орнатылған қыздыру деңгейіне тәуелді болады. Егер қыздыру деңгейі ұзақ уақыт бойы өзгермеген болса, конфорка автоматты түрде өшеді.

Қыздыру дәрежесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Максималды жұмыс уақыты, с

10

10

10

10

10

10

10

10

3

*10 минут өткен соң қыздыру дәрежесі автоматты түрде 9-ға дейін төмендейді, 1,5 сағат өткен соң конфорка өшеді.

Қалдық жылу индикаторлары

Шыны керамикалық пісіру беті «Н» қалдық жылу индикаторымен де жабдықталған. Индукциялық пісіру бетінің конфоркасы өздігінен емес, ыдыс түбіндегі жылу есебінен қызады. Панелді сөндіргеннен кейін «Н» индикаторы жанып тұрған кезде дайын тағамның температурасын ұстап тұру немесе еріту үшін қалдық жылуды қолдана аласыз. «Н» индикациясы сөнгеннен кейін конфорка ыстық күйінде қалуы мүмкін. Абай болыңыз: күю қауіпі бар!

Пісіру панелін сөндіру

Пісіру панелін сөндіру үшін қосу/сөндіру сенсорын басыңыз.

Автоматты түрде сөндіру

Егер сенсорларға ұзақ уақыт бойы әсер етілсе (басқару панеліне сұйықтық төгілген немесе үстіне бір зат жатыр), 10 секундтан кейін конфоркалардың барлығы сөнеді. Дисплейдеdigit1_pindтаңбасы жанады және дыбыстық белгі естіледі.
Басқару панеліндегі заттарды немесе сұйықтықты алып тастаған кезде дыбысты сигнал сөнеді.

Тазалау және қызмет көрсету

Шыны керамикалық бетті әр қолданып болғаннан кейін тазалаңыз (суығанға дейін күтіңіз!), әйтпесе сәл ғана ластың өзі келесі қолдану кезінде қызған бетке жабысып қалуы мүмкін.

Шыны керамикаға жүйелі түрде күтім жасау үшін шыны керамикалық бетте ласты сіңірмейтін пленка жасайтын арнайы құралдарды қолданыңыз.

Әр қолданар алдында шыны керамикалық беттегі және ыдыс түбіндегі беттерге сызат түсіруі мүмкін шаң мен ласты сүртіңіз.

Тазалау үшін металл және қатты губкаларды, абразивті тазалау құралдарын қолданбаңыз, өйткені олар шыны керамикаға сызат түсіруі мүмкін. Сондай-ақ шыны керамиканы тазалау үшін агрессивті тазалау құралдары мен сәйкес келмейтін тазалау құралдарын қолдануға болмайды.

Пісіру бетіндегі графикалық белгілер агрессивті және қатты тазалау құралдарын, сонымен қатар түбі бүлінген ыдыстарды қолдану салдарынан өшіріліп қалуы мүмкін.

Аз ғана ластануларды жұмсақ дымқыл матамен тазалауға болады. Содан соң таза бетті кептіріп сүртіңіз.

Су дақтарын сірке судың әлсіз ерітіндісінің көмегімен кетіріңіз. Бұл ерітіндімен аспап жиектемелерін сүртуге болмайды (кейбір модельдерде), өйткені оның жылтырлығы жоғалады. Ізбес қағын жою үшін агрессивті спрейлерді және тазалау құралдарын қолдануға болмайды.

Қатты ластанулар шыны керамикалық беттерге күтім жасауға арналған арнайы құралдар көмегімен тазаланады. Арнайы тазалау құралдарын өндірушілердің нұсқауларын орындаңыз. Тазалау құралының қалдықтарының мұқият тазалап алыңыз, өйткені қыздыру кезінде агрессивті қасиеттерді иемденіп, шыны керамика құрылымының өзгеруіне алып келуі мүмкін.

Кетуі қиын және күйіп кеткен ластарды арнайы қырғыш көмегімен тазалауға болады. Қырғышпен жұмыс жасау кезінде қолыңызды зақымдап алмаңыз.

Қырғыш аспапты жеткізу жиынтығына кірмейді.

H-USA_strgalo

Қырғышты ласты дымқыл шүберектің немесе шыны керамиканы тазалауға арналған құралдың көмегімен кетіру мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданыңыз.

Қолдану кезінде қырғышты тазартылатын бетке дұрыс бұрышпен (45°-60° аралығында) ұстаңыз. Қырғышты сәл ғана басу арқылы ласты тазалаңыз. Қырғыштың пластмасса тұтқасының (кейбір модельдерде) ыстық бетке тимеуін қадағалаңыз.

Қырғыш жүзін шыны керамикаға тік бұрышпен ұстамаңыз. Қырғыш бұрыштарының пісіру бетіне сызат түсірмеуін қадағалаңыз.

Қант және тәтті тағамдар шыны керамиканы қатты бүлдіруі мүмкін, сондықтан беттердің бүлінуінің алдын алу үшін пісіру беті әлі суымаса да, ласты тез арада қырғышпен тазалап алыңыз.

Қателер мен ақаулықтар кестесі

Кепілді мерзім ішінде аспапты жөндеуді тек авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана жүзеге асыра алады.

Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Білікті емес жалғау және жөндеу қысқаша тұйықталуға және электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін, сондықтан бұл жұмыстарды өз бетіңізше орындамаңыз. Бұл жұмыстары тек авторлық құқығы бар маман ғана орындай алады.

Жұмыстағы ақаулықтар себебі төмендегі нұсқауларды басшылыққа ала отырып, өз бетінше жоюға болатын ұсақ ақаулар болуы мүмкін.

Егер аспап дұрыс пайдаланбау немесе қолданбау салдарынан жұмыс жасамайтын болса, кепілді мерзім ішінде сервис маманына баруды пайдаланушы төлейді.

Одан әрі қолдану немесе аспаптың келесі иегеріне табыстау үшін осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтап қойыңыз.

Төменде кейбір жалпы мәселелерді анықтауға қатысты кеңестер берілген.

Проблема/қате

Ықтимал себебі

Тұрмыстық электр сымының сақтандырғыштары сөніп қала береді.

Сервиске хабарласыңыз.

Үздіксіз дыбысты сигнал беріледі және дисплейде көрсетіледі digit1_pind

Басқару панелі ластанған, оған су төгілген немесе басқа зат жатыр.
Басқару панелін тазалаңыз.

Дисплейдегі «С» символы.

Пісіру панелі қызып кеткен.
Пісіру панелін суытып алыңыз.

Дисплейдегі «r» символы.

Пісіру панелінің тұтынылатын қуатындағы орнатылған шектеулерге байланысты қыздырудың өзіңіз қалаған дәрежесін орнату мүмкін емес.

Дисплейдегі «F» символы.

Аспап жұмысы кезінде ақау пайда болды.

Егер осы ұсыныстар көмегімен ақауларды жоя алмасаңыз, авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты дұрыс жалғамау және қолданбау нәтижесінде туындаған ақаулықтарға кепілдік берілмейді. Бұл жағдайда жөндеу шығындарын тұтынушы өзі төлейді.

Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Индукциялық дайындау кезіндегі шуыл

Шуыл

Ықтимал себебі

Шешім

Индукциялық конфорка жұмысы кезіндегі әдеттегі жұмыс шуылы.

Индукциялық қыздыру технологиясы электр магнитті толқындар әсерімен дірілдейтін белгілі бір материалдардың қасиеттеріне негізделген. Бұл ретте молекулаларды дірілдеуге мәжбүрлейтін құйынды токтар пайда болады. Бұл қозғалыс жылу энергиясына түрленеді, бұл металда қатты емес шуылдың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Бұл ақаудың пайда болғанын білдірмейтін қалыпты жұмыс шуылы.

Трансформатор жұмыс жасаған кездегідей төмен дыбыс

Ол қыздыру қуатының жоғары деңгейінде пісіру кезінде туындайды. Ол индукциялық конфорка ыдысқа беретін энергия мөлшеріне байланысты.

Егер қыздыру температурасы төмендетілсе, шуыл жойылады немесе бәсеңдейді.

Діріл немесе ыдыс сыңғыры

Бұл шуылды түрлі материалдар қабатынан жасалған ыдыстар тудырады.

Шуыл түрлі материалдардың қабаттары түйіскен жерде туындайтын дірілден пайда болады. Бұл шуыл ыдысқа байланысты. Ол пісірілетін тағам мөлшері мен түріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Желдеткіш шуылы

Дұрыс жұмыс жасау үшін пісіру панелінің электронды компоненттері қызып кетпеуі тиіс. Сондықтан пісіру панелі желдеткішпен жабдықталған, ол өлшенген температураға байланысты электрониканы салқындатады.

Егер пісіру бетінің температурасы өте жоғары болса, пісіру бетін сөндіргеннен кейін желдеткіш біраз уақыт жұмыс жасауы мүмкін.

Кірістірілетін пісіру панелін орнату

Монтаждау процесі

  • Үстіңгі тақтай тегіс әрі горизонталь болуы тиіс.

  • Қиманың жиектерін ылғал мен ластан қорғау үшін тиісті тәсілмен бітеу қажет.

  • Пісіру панелін электр желісіне жалғаңыз ("Пісіру панелін жалғау" бөлімін қараңыз).

  • Пісіру панелін монтаждалатын ойыққа орнатыңыз және оны үстіңгі тақтайға қысыңыз.

BR_BI_Copreci_mere_napa_DN

  • Аспапты асхана жиһазының элементіне қойып, электр желісіне жалғауды тек білікті маман ғана орындай алады.

  • Шпон және асхана жиһазының аспап ішіне қондырылатын басқа да материалдары, жылуға төзімді болуы керек (100°C), кері жағдайда материалдардың айтарлықтай төмен жылуға төзімділігі олардың деформациялануына және түсінің өзгеруіне алып келуі мүмкін

  • Пісіру бетінің артқы жағынан үстіңгі тақтайдың ағаш жиектемелерін қолдану кірістіру схемасында көрсетілген минималды рұқсат етілетін арақашықтық сақталған кезде ғана мүмкін болады.

  • Пісіру панелі ені 600 мм және одан артық болатын асхана шкафының үстіңгі тақтайына кірістіруге арналған.

  • Асхана шкафтары пісіру бетінен тағам дайындау кезінде кедергі келтірмейтіндей биіктікке ілінуі тиіс.

  • Пісіру панелі мен сорғы арасындағы арақашықтық сорғыны монтаждау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген 500 mm кем болуы тиіс.

  • Пісіру панелінің жиегінен көршілес асхана шкафының қабырғасына дейінгі минималды арақашықтық 40 мм құрайды.

  • Пісіру бетінің артқы жағынан үстіңгі тақтайдың ағаш жиектемелерін қолдану кірістіру схемасында көрсетілген минималды рұқсат етілетін арақашықтық сақталған кезде ғана мүмкін болады.

  • Пісіру панелі мен артындағы қабырға арасындағы минималды арақашықтық кірістіру схемасында көрсетілген.

vgradnja_60_BI4T

Асхана шкафындағы желдету саңылаулары

Индукциялық пісіру панелінің электронды компоненттерінің сенімді жұмыс жасауы үшін жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету қажет.

element_vgradnja_BI4T

Жәшігі бар асхана шкафы

  • Шкафтың артқы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 140 миллиметрден кем емес желдету саңылауы болуы тиіс. Шкафтың алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 6 миллиметрден кем емес желдету саңылауы болуы тиіс.

  • Пісіру панелінің астына барлық ұзындығына горизонталь аралық қабырға орнатылуы тиіс. Аспаптың төменгі нүктесі мен аралық қабырға арасындағы 10 миллиметрден кем емес арақашықтық болуы керек. Артқы бетінде жеткілікті желдету қамтамасыз етілуі тиіс.

  • Пісіру панелінің төменгі бөлігіне салқындататын желдеткіш орнатылған. Пісіру панелінің астындағы жәшікте ұсақ заттар мен қағазды сақтауға тыйым салынады, өйткені оларды жұмыс жасап тұрған желдеткіш тартып алып кетуі мүмкін, бұл салқындату жүйесінің сынуына алып келеді. Жәшікте алюминий фольганы және тез тұтанатын заттарды сақтамаңыз, мысалы, тазалау құралдары мен аэрозольдар, сонымен қатар оларды пісіру панелінен алыста ұстаңыз. Жарылу қауіпі бар!

  • Желдеткіштің ауа жинайтын саңылауы мен жәшік ішіндегілер арасында кемінде 20 миллиметр арақашықтықты сақтаңыз.

vgradnja pečica

Духовка шкафы бар асхана шкафы

  • Пісіру панелінің астын типті духовка шкафтарын орнатуға болады.

  • Духовка шкафын орнатар алдында монтаждау ойығының айналасындағы асхана шкафының артқы қабырғасын ағытып алу қажет.

  • Шкафтың алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 6 миллиметрден кем емес желдету саңылауы болуы тиіс.

  • Индукциялық панельдің астына басқа аспаптарды орнату кезінде олардың дұрыс жұмыс жасауына кепілдік бермейміз.

Үстіңгі тақтаймен бір деңгейде монтаждау

Үстел бетімен бір деңгейде монтаждау үшін қиғашталған жиектері мен декоративтік жиектемелері жоқ пісіру панельдері қолданылады.

FM_rob_pult

Монтаждау процесі

Пісіру панелін табиғи тастан (мәрмәр, гранит) немесе ағаш массивінен (монтаждау ойығының қималарын герметиктеу қажет) жасалған ылғалға және жылуға төзімді беттерге ғана орнатуға болады. Керамикалық, ағаш немесе әйнек беттерге кірістіру кезінде пісіру панелін ағаш жиектемеге орнату қажет. Ағаш жиектеме панелді жеткізу жиынтығына кірмейді. Пісіру панелін басқа материалдардан жасалған үстел беттеріне кірістіру үстел бетін өндіруші рұқсат еткен жағдайда ғана мүмкін болады. Асхана шкафының ішкі өлшемі монтаждау ойығының ішкі өлшемдерінен кем болмауы тиіс. Бұл пісіру панелін кедергісіз монтаждау үшін қажет. Пісіру панелінің барлық периметрімен төменгі бетіне нығыздағыш жабыстырыңыз.

trak

Алдымен байланыстыру кабелін монтаждау ойығына салыңыз. Пісіру панелін монтаждау ойығының ортасына орнатыңыз. Аспапты электр желісіне жалғаңыз (аспапты жалғау жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Герметик жабыстырмас бұрын аспап жұмысын тексеріңіз. Пісіру панелі мен үстіңгі тақтай арасындағы саңылауды силикон герметикпен толтырыңыз. Силикон герметик жылуға төзімді болуы және 160°C кем емес температураға шыдауы тиіс. Герметикті сәйкес келетін құралмен тегістеңіз. Герметикті өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Герметик толықтай кеппейінше пісіру панелін қоспаңыз.

kit_pind

  1. Силикон герметик

  2. Тығыздауыш таспа

Табиғи тастан жасалған беттерде монтаждау ойығының өлшемдерін аса мұқият ойластырыңыз. Кез келген тақтай үшін силикон герметикті таңдау кезінде оны өндірушіден кеңес алыңыз. Сәйкес келмейтін герметикті қолдану тақтайдың түсін өзгертуге алып келуі мүмкін.

Пісіру панелін демонтаждау

Пісіру панелін электр желісінен ажыратыңыз. Герметикті арнайы құрал көмегімен алыңыз. Пісіру панелін монтаждау ойығынан шығарып алу үшін оны итеріп жіберіңіз.

Пісіру панелін үстінен итеруге тырыспаңыз!

Сервис орталығы пісіру панелін жөндеумен және оған қызмет көрсетумен шұғылданады. Пісіру панелін үстелдің бетімен теңдей кірістірер алдында асхана жиһазын жеткізушіден кеңес алыңыз.

Табиғи тастан жасалған бет

pult kamen Copreci

  1. Үстел беті

  2. Аспап

  3. Саңылау

Шыны керамикалық панел мен үстел бетіндегі ойық өлшемдерінде өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, саңылау ені түрленуі мүмкін (мин. 2 мм).

Керамикалық, ағаш немесе шыны бет

pult les Copreci

  1. Үстел беті

  2. Аспап

  3. Саңылау

  4. Қалыңдығы 16 мм ағаш жиектеме

Шыны керамикалық панел мен үстел бетіндегі ойық өлшемдерінде өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, саңылау ені түрленуі мүмкін (мин. 2 мм). Үстел бетінің жоғары жиегінен төмен қарай 5,5 миллиметр түсу арқылы ағаш жиектемені орнатыңыз (суретті қараңыз).

Шыны керамикалық панельдің радиусына (R10, R2) байланысты монтаждау ойығының бұрыштарындағы радиустарды сақтаңыз.

ӘЙНЕК

МОНТАЖДАУ ОЙЫҒЫ

steklo_izrez_svk_HV_BIEH

G7_vgradne_mereFM_60

Егер пісіру панелі үстіңгі тақтаймен бір деңгейде орнатылса және пісіру панелінің астына духовка шкафы орнатылса, онда үстіңгі тақтайдың қалыңдығы кемінде 45 миллиметрді құрайды.

Нығыздағышты жабыстыру

Кейбір модельдер нығыздағышы орнатылған күйде жеткізіледі.

Аспапты үстіңгі тақтайға кірістірмес бұрын шыны керамикалық немесе шыны пісіру бетінің төменгі жағына жиынтықта бірге берілетін нығыздағышты жабыстыру қажет. Нығыздағыштың қорғаныс пленкасын алыңыз. Нығыздағышты шыны керамиканың немесе шынының төменгі жағынан жиектерінен 2-3 миллиметр жылжи отырып жабыстырыңыз. Нығыздағыш пісіру панелінің барлық периметріне жабыстырылуы және бұрыштарында бір біріне жабыспауы тиіс. Нығыздағышты жабыстыру кезінде өткір заттардың шыны керамикаға/шыныға тиіп тұрмағанын қадағалаңыз (мысалы, нығыздағышты шыны керамиканың / шынының үстіне қойып кеспеңіз).

tesnilni_trak

Аспапты нығыздағышсыз монтаждауға тыйым салынады!

Жалғау схемасы

Ені 60 сантиметрді құрайтын пісіру панелін жалғау

priključna sponka 60

  1. Кернеуді тексеріңіз. Аспапты жалғар алдында зауыттық жапсырмада көрсетілген кернеудің электр желісіндегі нақты кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз. Желідегі кернеуді (L және N арасында 220-240 В) маман өлшеу аспабының көмегімен тексеруі тиіс.

  2. Клеммалы қорап қақпағын ашыңыз.

  3. Сымдарды аспап типіне сәйкес жалғаңыз.

  4. Түйіспелер клемма қорабында жатады.

Байланыстыратын кабель

(қорек кабелі жоқ модельдер)

votlica

  • Жалғау үшін келесілер қолданыла алады:

  • Сары-жасыл қорғайтын өткізгіші бар H05 VV-F немесе H05V2V2-F типті ПВХ оқшаулағышы бар байланыстыру кабельдері немесе сипаттамалары бірдей немесе одан да жақсы басқа да кабельдер.

  • Кабельдің сыртқы диаметрі кемінде 8,00 миллиметр болуы тиіс.

  • Байланыстырғыш кабельді міндетті түрде кабельдің шектен тыс тартылуының алдын алатын қысқыш арқылы өткізіңіз.

* Жиынтығының ішіне кеңестер қосылынбайды

Электр сымын кеңестердi (шеткі ұстатқыштарды) пайдалануды ұсынамыз.

Жалғау схемасы

shema_1F

Бір фазалы қосылу (32 A)

  • 1 фаза (1 1N, 220-240 В~ / 50/60 Гц)

    • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~. 1 және 2 клеммалары және 4 және 5 клеммалары арасына түйіспе орнатыңыз.

    • 32 А кем емес сақтандырғыш орнатыңыз. Кабель қимасының ауданы 4 мм² кем болмауы тиіс емес.

shema_2F_380

Қос фазалы қосылу (16 A)

  • 2 фаза, 1 нейтраль (2 1N, 380-415 В~ / 50-60 Гц)

    • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~. 380-415 В~ фазалары арасындағы кернеу. Түйіспені 4 және 5 клеммаларының арасына орнатыңыз. Әр қайсысына кемінде 16 А кемінде екі сақтандырғыш орнатыңыз. Кабель қимасының ауданы 1,5 мм² кем болмауы тиіс.

shema_2F_220

  • 2 фаза, 2 нейтраль (2 2N, 220-240 В 2 2N ~ / 50/60 Гц)

    • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~.

    • Әр қайсысына кемінде 16 А кемінде екі сақтандырғыш орнатыңыз. Кабель қимасының ауданы 1,5 мм² кем болмауы тиіс.

Қорек кабелін жалғау

(қорек кабелі бар модельдер)

  • Аспап электр желісіне стационарлы клеммалы қосылыс немесе күш розеткасы арқылы қосылуы тиіс.

  • Электр желісінен ажырату құрылғылары қолданыстағы нормативтерге сай келуі тиіс.

  • Кабельді ұзартпаңыз және оны өткір жиектер арқылы майыстырмаңыз.

  • Егер аспап духовканың астына орнатылған болса, кабельдің духовканың ыстық беттерге тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Бір фазалы қосылу

Екі фазалы қосылу

BR_ABC_60A

BR_ABC_60B

BR_ABC_60C

L, L1 = қоңыр

L2 = қара

N, N1 = сұр

zemlja_ikona= сары-жасыл

BR_ABC_60skupaj

Бір фазалы қосылу

Екі фазалы қосылу

Аспапты А схемасында көрсетілгендей етіп жалғаңыз. Егер желіңізде 32 А сақтандырғыш орнатылмаған болса, тиісті тәсілмен аспаптың қуатын азайту немесе шектеу қажет. Пайдаланушы баптаулары бөлімін қараңыз.

Егер 1 нейтралы бар 2 фазалы желіңіз болса, аспапты В схемасында көрсетілгендей етіп жалғаңыз.

Егер 2 нейтралы бар 2 фазалы желіңіз болса, аспапты С схемасында көрсетілгендей етіп жалғаңыз.

Тек Нидерланд үшін!

Құрылғыдан арылу

kanta1_FACE_LIFT

Қаптама қоршаған ортаға ешқандай залал келтірмей қайта өңдеуге, қалдықтарды сақтауға арналған арнайы полигондарда жинауға және кәдеге жаратуға болатын экологиялық таза материалдардан жасалған. Қаптама материалдары тиісті таңбалауға ие.

Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы символ оның тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Бұйымды одан ары кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн.

Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы осы сияқты қалдықтармен тиісті түрде әрекет жасамау салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз. Бұйымды кәдеге жарату туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, шақырылатын және қалдықтарды кәдеге жаратын қызметке немесе осы бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Өндіруші пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарында өзгерістерге және қателіктерге құқылы.

Сіздің ескертпелеріңіз

 

718037