КІРІСТІРІЛЕТІН ДУХОВКАНЫ

ШЫНЫКЕРАМИКАЛЫҚ ИКЕМДЕЛГЕН ПІСІРУПАНЕЛІ

Сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз және жаңа аспабыңыз құтты болсын.

Аспапты қолдану ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін біз пайдалану жөніндегі толық нұсқаулықты дайындадық. Ол жаңа аспаппен жылдам танысып шығуға мүмкіндік береді.

Аспабыңызда бұзылулардың жоқ екендігін тексеріп алыңыз. Бұзылуларды анықтаған жағдайда аспапты сатып алған сауда ұйымына хабарласыңыз.

Орнату және жалғау жөніндегі нұсқаулық бөлек ұсынылады.

Пайдалану, орнату және жалғау жөніндегі нұсқаулықты біздің интернет сайтымыздан да таба аласыз:

http://www.gorenje.ru

Нұсқаулықта келесілерді білдіретін символдар қолданылады:

Ақпарат, кеңес, көмек немесе ұсыныс

Қауіп туралы ескерту

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтар

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ: НҰСҚАУЛЫҚПЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ ОДАН АРЫ ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ.

Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз! Балалар аспапты үлкендердің қадағалауымен ғана тазалай және қызмет көрсете алады!

ЕСКЕРТУ! Жұмыс барысында аспап және оның қол жетімді бөлшектері қатты қызады. Аса сақ болыңыз, ыстық бөлшектерге қолыңызды тигізбеңіз. Сегіз жасқа толмаған балалар тұрақты бақылауда болуы тиіс!

8 жасқа толмаған балалар аспапқа жақын жерде жүрмеуі немесе тұрақты бақылауда болуы тиіс.

Аспапты тазалау үшін бумен тазалағыштарды және жоғары қысымды тазалағыштарды қолданбаңыз, өйткені бұл қысқаша тұйықталуға және электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.

Аспап сыртқы таймерге және қашықтықтан басқару блогына жалғауға арналмаған.

Стационарлы электр сымына электрлік монтаждау талаптарына сәйкес тұйықтайтын құрылғы кірістірілуі тиіс.

Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін байланыстыру кабелін ауыстыруды өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы немесе білікті маман ғана орындай алады (жалғау кабелімен жабдықталған модельдер үшін).

ЕСКЕРТУ! Егер пісіру бетінің әйнегі жарылса немесе сынса, электр тоғынан зақым алудың алдын алу үшін аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Конфоркалардың ауыстырып қосқыштарын жұмыс істемейтін күйге орнатыңыз, сақтандырғышты босатып алыңыз немесе аспаптың толықтай тоқсыздануы үшін үйдің немесе пәтердің электрлік щитіндегі қоректі өшіріңіз.

ЕСКЕРТУ! Май қолданып тағам дайындау барысын әрқашан қадағалаңыз, өйткені жану қауіпі бар. Егер өрт туындаса, жалынды сумен сөндірмеңіз. Аспапты сөндіріңіз, ыдысты қақпақпен немесе дымқыл сүлгімен жабыңыз.

ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар. Конфорканың үстінде ешнәрсе қалдыруға болмайды.

АБАЙЛАҢЫЗ: Ас әзірлеу процесін бақылау қажет. Қысқа мерзімді ас әзірлеу процесін үздіксіз бақылау қажет.

ЕСКЕРТУ! Аспап тағам дайындауға арналған. Оны басқа мақсаттарда қолданбаңыз, мысалы, бөлмені жылыту үшін. Бос ыдысты конфоркаларға қоймаңыз.

ЕСКЕРТУ! Аспапты өндіруші ұсынған, өндіруші аспаптың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында немесе аспап жиынтығында жеткізілетін нұсқаулықта ұсынған пісіру бетінің қорғау экранын қолданыңыз. Сәйкес келмейтін қорғау экранын қолдану жазатайым жағдайларға алып келуі мүмкін.

Тағам дайындау аяқталған соң конфорканы басқару панелінің көмегімен сөндіріңіз. Ыдысты анықтау жүйесіне ғана сенім артуға болмайды.

Аспапты жалғауды тек білікті маман немесе авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Қалған қауіпсіздік шаралары

Аспап үй шаруашылығында қолдануға арналған. Оны басқа мақсаттарда қолданбаңыз, мысалы, бөлмені жылыту, үй жануарларын, қағаздарды, текстильді кептіру үшін, өйткені бұл жарақат алуға немесе өрттің туындауына алып келуі мүмкін.

Аспапты жалғауды тек білікті маман немесе авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Білікті емес жалғау және жөндеу ауыр дене жарақатын алуға себеп болуы және аспаптың бүлінуіне алып келуі мүмкін.

Көршілес электр аспаптардың ыстық конфоркаларға тиіп тұрмауын қадағалаңыз.

Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін байланыстыру кабелін ауыстыруды өндіруші, авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы немесе білікті маман ғана орындай алады.

Пісіру бетін жұмыс үстелі ретінде және заттарды сақтау үшін қолданбаңыз! Бұл аспаптың бүлінуіне және шыны керамикада сызаттардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Пісіру панелінде жұқа қабырғалы алюминий ыдыста, фольгада және пластикалық ыдыста дайындамаңыз. Бұл материалдар балқып кетуі мүмкін, бұл аспаптың сынуына және өрттің туындау қауіпіне алып келуі мүмкін!

Аспап астында тез жанатын заттарды сақтамаңыз, мысалы тазалау құралдары, жуу құралдары және аэрозольдар.

Бір дизайн-желі аясындағы аспаптар мен олардың бөлшектері түстері бойынша сәл ғана өзгеше болуы мүмкін, бұл түрлі параметрлерге негізделген болуы мүмкін, мысалы, көру бұрышының түрлілігі, фон, материалдар және бөлмені жарықтандыру.

Аспапты жалғар алдында

Аспапты жалғар алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Аспапты дұрыс монтаждамауға, жалғамауға және қолданбауға байланысты ақаулықтарға кепілдік берілмейді.

Аспап сипаттамасы

Аспап функциялары мен жабдықтары моделіне байланысты әртүрлі болады.

opis_aparata_BR_slider_GOR

  1. Артқы (сол) жақ конфорка

  2. лдыңғы (сол) жақ конфорка

  3. Артқы оң жақ конфорка

  4. Алдыңғы оң жақ конфорка

  5. Пісіру бетін басқару

Техникалық деректер

(моделіне байланысты)

napisna tablica

  1. Сериялық нөмір

  2. Артикул

  3. Түрі

  4. Сауда белгісі

  5. ҮЛГІ

  6. Техникалық деректер

  7. Сәйкестік белгілері

Аспаптың негізгі деректері бар зауыттық жапсырма пісіру панелінің төменгі бетінде орналасқан. Пісіру панелінің типі мен моделі туралы деректерді кепілдік парағынан табуға болады.

Алғаш пайдаланбас бұрын

Шыны керамикалық бетті ыдысты қолмен жууға арналған құралдың аз ғана мөлшері қосылған дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Агрессивті және абразивті тазалау құралдарын, ыдыс жууға арналған қатты губкаларды, қақ кетіруге арналған құралдарды, дақ кетіргіштерді қолданбаңыз.

Пісіру панелін пайдалануды бастаған кезде жаңа аспапқа тін иіс шығуы мүмкін, ол уақыт өткен сайын жойылады.

Шыны керамикалық пісіру беті

  • Шыны керамика температураның ауытқуына төзімді.

  • Пісіру панелін жұмыс үстелі ретінде қолданбаңыз. Өткір заттар оның бетінде сызаттар қалдыруы мүмкін. Жарылып кеткен және сынған пісіру бетін қолданбаңыз. Шыны керамика нақты соққыларға төзімсіз, сондықтан оның үстіне қатты және өткір заттардың құламауын қадағалаңыз, өйткені олар шыны керамиканы бүлдіруі мүмкін.

  • Сызаттарды анықтаған кезде аспап қосылып тұрған сақтандырғышты өшіру арқылы аспапты тез арада электр желісіне ажыратып, сервис орталығына хабарласыңыз.

  • Ыдысты конфоркаға қояр алдында жылудың жақсы берілуін қамтамасыз ету және конфорканың бүлінуінің алдын алу үшін ыдыс түбін және конфорканың өзін құрғатып сүртіңіз.

  • Бос ыдысты конфоркаларға қоймаңыз.

Ыдысты пайдалану жөніндегі кеңестер

nasveti pri uporabi posode

  • Жазық, тұрақты түбір бар сапалы ыдысты пайдаланыңыз.

  • Ыдыс түбінің диаметрі конфорка диаметріне сәйкес келуге тиіс.

  • Егер ыдыс түбінің диаметрі конфорканың диаметріне сәйкес келсе, тегістелген түбі бар отқа төзімді әйнектен жасалған ыдыс пісіру панелінде пайдалану үшін жарамды болады. Үлкен диаметрлі ыдысқа жарықшақ түсуі мүмкін.

  • Ыдысты конфорканың ортасына орналастырыңыз.

  • Жылдам пісіретін ыдыста тағам дайындау кезінде, тиісті қысымға қол жеткізілмейінше, дайындау үдерісін үнемі бақылап отырыңыз. Алдымен конфорка ең жоғары қуатта жұмыс істеуге тиіс, содан кейін, жылдам пісіргішті жасап шығарушының ұсынымдарын сақтай отырып, конфорканы қыздыру дәрежесін уақтылы азайтыңыз.

  • Ыдыста әрқашан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің болуын қадағалаңыз. Бос ыдысты қыздыру салдарынан пісіру беті қызып кетуі мүмкін, нәтижесінде ыдыс және пісіру бетінің өзі бүлінеді.

  • Арнайы ыдысты қолдану кезінде осы ыдысты өндірушінің ұсыныстарын орындаңыз.

Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер

  • Ыдысты сатып алу кезінде өндірушінің әдетте ыдыс диаметрін жоғарғы жиегі немесе қақпағы бойынша көрсететіндігіне назар аударыңыз, ол әдетте түбінің диаметрінен үлкен болады.

  • Ұзақ уақыт бойы пісіруді қажет ететін тағамдары жылдам пісіргіште дайындаңыз. Жылдам пісіретін және қарапайым ыдыста әрқашан сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінің болуын қадағалаңыз. Бос ыдысты қыздыру салдарынан пісіру беті қызып кетуі мүмкін, нәтижесінде ыдыс және пісіру бетінің өзі бүлінеді.

  • Егер тағамды дайындау рецептінде рұқсат етілсе, ыдыстың қақпағын жауып қойыңыз. Қақпақ өлшемі бойынша ыдысқа сәйкес келуі тиіс. Ыдыс дайындалатын тағам мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Үлкен ыдыста аз ғана тағамды дайындау электр энергиясын шығындауға алып келеді.

Пісіру бетін басқару

Басқару панелі

(моделіне байланысты)

upravljalna_enota_BR_slider_GOR

A Қосу/сөндіру және қорғайтын блоктау

B Индикатор

C Stop&Go үзіліс функциясы

D Конфорканы таңдау

E Қыздыру және қалдық жылу дәрежесінің дисплейі

F Қыздыру дәрежесі мен уақытын орнатуға арналған слайдер

G Таймер

H Жарты қуаттың индикатор-нүктесі

I Қыздырудың қосымша контурын қосу индикаторы

J Ұлғайтылған қуатты қосу/қыздыру аймағын қосу/сөндіру

J Сол жақ қосымша қыздыру контурын қосу/сөндіру

K Конфоркадағы өшіру таймерінің индикаторы

L Уақыт дисплейі

Пісіру панелін қосу

vklop_kuhališča_BR_slider_GOR

Қосу/сөндіру (А) сенсорымен пісіру панелін қосыңыз (А). Конфоркалардың дисплейлерінде 10 секундқа «0» жанады. Осы уақыт ішінде D сенсорымен конфорканы таңдаңыз. Таңдалған конфорканың дисплейі жыпылықтай бастайды. Қыздыру дәрежесін (1-9 аралығында) орнату үшін слайдерге қолыңызды тигізіңіз немесе саусағыңызбен өтіп шығыңыз. Слайдерге қолды тигізген кезде жанасу аймағына пропорционалды қыздыру дәрежесі орнатылады.

Егер одан ары орнатулар жүргізбесеңіз, пісіру панелі 10 секундтан кейін автоматты түрде сөнеді.

Қыздыру дәрежесін өзгерту
Конфорканы D сенсорымен таңдаңыз. Конфорканың дисплейінде қыздыру дәрежесі жыпылықтай бастайды. Слайдермен қыздырудың жаңа дәрежесін орнатыңыз.

Жылыту функциясы
Жылыту функциясы әзірленген тағамдардың температурасын ұстап тұруға арналған. Функцияны іске қосу үшінdigit13_pind1 мен 0 арасындағы мәнді белгілеңіз.

Қыздыру аймағы

Ені 90 сантиметрлік пісіру панелінің ортасында қыздыру аймағы орнатылған.

Жылыту функциясы
Қыздыру аймағы дайындалған тағамдардың температурасын ұстап тұру үшін қолданылады. Қыздыру аймағының температурасы шамамен 100°С дейін қызады, сондықтан күйіп қалмауға тырысыңыз және осы аймаққа балқып кетуі мүмкін заттарды қоймаңыз.

Қыздыру аймағын қосу

  • Пісіру панелі қосылған.

  • Қыздыру аймағының (J) қосу/сөндіру сенсорын басыңыз. Қыздыру аймағының индикаторы жанады. Қыздыру аймағы қосылған.

vklop_pogrevalnega_polja_BR_slider_GOR

Қыздыру аймағын сөндіру

  • Қыздыру аймағын сөндіру үшін қыздыру аймағының (J) қосу/сөндіру сенсорын қайта басыңыз.

  • Егер сөндіргеннен кейін пісіру панелі ыстық болса, сенсор астында индикатор жыпылықтайды.

Дайындау автоматикасы

Әзірлеу автоматикасы" функциясын таңдау кезінде конфорка бірқатар уақыт ең жоғары қуаттылықпен жұмыс істейді, кейін алдын-ала белгіленген негізгі әзірленімнің қыздыру деңгейіне автоматты түрде ауысады (1-ден 8-ге дейін).
Сондай-ақ пісіру панелінде балалардан блоктау функциясы бар, ол оны жылдам әрі жеңіл қосудың алдын алады.
Әзірлеу автоматикасы функциясы жиі аударып тұруды, араластыруды немесе үстемелеп су құюды қажет ететін қуырылатын және буға пісірілетін тағамдарды, жылдам қайнататын ыдыстарда ұзақ уақыт бойы әзірленетін тағамдарды әзірлеуге жарамсыз.

avtomatika_BR_slider_GOR

Конфорканы D сенсорымен таңдаңыз. Конфорка сөндірілуі тиіс (дисплейде 0 жанады). Слайдермен қыздыру дәрежесін орнатыңыз және дыбысты сигнал беріліп, конфорка дисплейінде А символы жанғанға дейін саусағыңызды осы позицияда кемінде үш секунд ұстап тұрыңыз. Конфорка дисплейінде А мәні және негізгі дайындаудың қыздыру дәрежесі кезекпен жыпылықтайды. Максималды қуатпен қыздыру аяқталғаннан кейін конфорка негізгі дайындауды қыздыру дәрежесіне автоматты түрде ауысады, Осыдан кейін дисплейге қыздырудың тек негізгі дәрежесі ғана шығарылады.

Дайындау автоматикасы сөндіру үшін конфорканы таңдаңыз, слайдермен 0 қыздыру дәрежесін және содан соң егер дайындауды жалғастырғыңыз келсе, қажетті қыздыру дәрежесін орнатыңыз. Егер «Дайындау автоматикасы» функциясының жұмысы кезінде конфорканы қыздыру дәрежесі азайтылса, функция сөнеді.

Дайындау автоматикасы кестесі

Негізгі дайындауды қыздыру дәрежесі

1

2

3

4

5

6

7

8

Макс. қуаттылық кезіндегі қыздыру уақыты (мин)

1:00

2:00

4:50

6:30

8:30

2:30

3:30

4:30

Әзірлеу автоматикасы функциясының жұмысы барысында қыздыру деңгейін төмендеткен жағдайда, функция өшіп қалады.
Әзірлеу автоматикасын өшіру үшін конфорканың қыздыру қуаттылығын"0"-ге дейін төмендетіп, жаңа қыздыру деңгейін белгілеңіз.

Тағам/әзірлеу тәсілдері

Мөлшері

Негізгі дайындауды қыздыру дәрежесі

Әзірлеу ұзақтығы (мин)

Сорпа/жылыту

0,5-1 л

A 7 - 8

4 - 7

Сүт/жылыту

0,2-0,4 л

A 1 - 2

4 - 7

Күріш/пісіру

125-250 г шамамен 300-600 мл су

A 2 - 3

20 - 25

Картоп қабығымен/пісіру

750 г-1,5 кг

A 5 - 6

25 - 38

Балғын көкөністер, кесілген/пісіру

0,5-1 кг шамамен 400-600 мл су

A 4 - 5

18 - 25

  • Кестеде әзірлеу кезінде »Әзірлеу автоматикасы« функциясын қолдануға болатын кейбір тағамдар келтірілген.

  • Кестеде келтірілген мәндер шамамен алынған және тағам әзірлеудің басқа да параметрлеріне тәуелді (мысалы, ыдыстың типі мен сапасы, ыдыстағы судың мөлшері).

  • Келтірілген кіші мәндер кіші конфоркаларға, ал үлкен мәндер - үлкен конфоркаларға қатысты алынған.

Қосымша қыздыру контуры

(моделіне байланысты)

Кейбір конфоркалар (моделіне байланысты) қосымша қыздыру контурларымен жабдықталған.

dodatno_grelno_polje_BR_slider_GOR

Қосымша қыздыру контурын қосу

  • Таңдап алынған конфорка үшін (қыздыру қуаттылығы белгіленген болуы қажет) қосымша қыздыру контурын қосуға болады. Ол үшін (J/J1) сенсорын басыңыз, конфорка дисплейінің жанынан (E) индикаторы жанады.

  • Қыздыру деңгейі қыздырудың екі контурына бірге белгіленеді.

  • Егер конфорка қыздырудың үшінші контурымен жарақтандырылған болса, оны қосу үшін (J/J1) сенсорын тағы да бір рет басыңыз. Конфорканың дисплейінің жанынан екінші (E) индикаторы жанады.

Қосымша қыздыру контурын өшіру

  • Tаңдалынған конфорканың J/J1 сенсорын басыңыз.

Қуаттылығы арттырылған power zone конфоркасы

(моделіне байланысты)

Кейбір модельдерде"P"немесе"»"белгісімен белгіленген алдыңғы сол жақ конфоркасында қуаттылығы арттырылған қыздыру режимін қосуға болады. Конфорканың қосымша қуаттылығының арқасында үлкен мөлшердегі тағамды жылытуға болады.

power_boost_BR_slider_GOR

Қыздырудың қуаттылығы арттырылған режимді қосу

  • Алдыңғы сол жақ конфорканы таңдаңыз. Дисплейде қыздыру дәрежесі жыпылықтайды.

  • Қыздыру аймағын немесе қыздырудың ұлғайтылған қуаты режимін қосу үшін J сенсорын басыңыз. Конфорка дисплейінде Р мәні жанады және конфорка ұлғайтылған қуатпен жұмыс жасай бастайды.

Қыздырудың қуаттылығы арттырылған режимді өшіру

Қыздырудың қуаттылығы арттырылған режимді екі тәсілмен өшіруге болады:

  • Алдыңғы сол жақ конфорканы таңдаңыз және J сенсорын басыңыз. Ұлғайтылған қуат режимі сөнеді және конфорка оны қосқанға дейін орнатылған қыздыру дәрежесіне оралады.

  • Алдыңғы сол жақ конфорканы таңдаңыз және слайдермен қыздыру дәрежесін азайтыңыз.

Алдыңғы сол жақ конфорка қуаттылығы арттырылған режимде"P"жұмыс істеген уақытта артқы сол жақ конфорка үшін 7-ден аспайтын қыздыру деңгейін белгілеуге болады. Бұл дегеніміз, егер артқы сол жақ конфорка 8,9 қыздыру деңгейімен немесе "Әзірлеу автоматикасы" режимінде жұмыс істесе, сонымен бір мезетте алдыңғы сол жақ конфоркада қуаттылығы арттырылған режим орнатылған болса, артқы сол жақ конфорка автоматты түрде 7 қыздыру деңгейіне ауысады деген сөз.

Әрбір конфорка қатты қызып кетуден қорғаныспен жабдықталған. Егер конфоркаға ыдыс қойылмаған немесе жылудың тағамға берілуі жеткіліксіз болса, қыздыру бірнеше секундқа автоматты түрде өшеді. Бұл әсіресе қыздырудың қуаттылығы арттырылған режиміне қатысты, өйткені ол тез арада қатты қызып кетуі мүмкін.

Қорғайтын блоктау

Сондай-ақ пісіру панелінде балалардан блоктау функциясы бар, ол оны жылдам әрі жеңіл қосудың алдын алады.

otroška_zaščita_BR_slider_GOR

Пісіру панелін басқару құралдарын блоктау Пісіру панелін сөндіру қажет. Қосу/Сөндіру батырмасын басыңыз және 3 секунд бойы басылған күйде ұстаңыз. Қуат деңгейі индикаторларында көрсетілетін"0" мәнінің орнына"L" литері пайда болады. Бұл пісіру панелінің блокталғанын білдіреді. Бірнеше секунд өткен соң, ол автоматты түрде сөнеді.

Пісіру панелін басқару құралдарын блоктан
шығару Пісіру панелін блоктан шығару үшін оны блоктауға арналған әрекеттерді орындаңыз. Пісіру панелін сөндіру қажет. Қосу/Сөндіру батырмасын басыңыз және 3 секунд бойы басылған күйде ұстаңыз. Қуат деңгейі индикаторларында көрсетілетін"L" литерінің орнына"0"мәні пайда болады. Енді пісіру панелі блоктан шығарылды және қолдануға дайын.

Егер пайдаланушы баптауларында автоблоктау функциясы қосылған болса ("Пайдаланушы баптаулары" бөлімін қараңыз), әрбір өшірген сайын пісіру панелі автоматты түрде блокталады.

Духовканың жұмыс жасау уақытын бағдарламалау

časovne_funkcije_BR_slider_GOR

Таймер 1-ден 99 минутқа дейін уақыт белгілеуге мүмкіндік береді. Таймер екі режимде жұмыс істей алады.

1 Хабарлау таймері
G сенсорымен таймерді қосыңыз. Дисплейде бірнеше секундқа «00» уақыты жыпылықтайды.

  • Белгіленген уақыт аяқталған кезде дыбыстық белгі беріледі. Конфоркалар өшпейді.

  • Дыбысты сигналды сөндіру үшін кез келген сенсорды басыңыз немесе дыбысты сигнал біраз уақыт өткен соң автоматты түрде сөнеді.

  • Егер пісіру панелін А сенсорымен сөндірсе, хабарлау таймері уақытты санауды жалғастырады.

  • Соңғы минутты санау кезінде қалған уақыт секундпен көрсетіледі.

2 Сөндіру таймері
Сөндіру таймері дайындау процесін жеңілдетеді: оның көмегімен конфорканың жұмыс жасау ұзақтығын орнатуға болады. Сөндіру таймерін орнату үшін алдымен конфорканы қыздыру дәрежесін орнатыңыз. G сенсорымен таймерді қосыңыз. Уақыт дисплейінде «00» жанады және оның айналасында нүкте индикатор (Н) жанады. G сенсорын қайта басыңыз, таңдалған конфорканың К таймерінің индикаторы жыпылықтай бастайды.

  • Индикатор жыпылықтап тұрған кезде слайдермен 1 - 99 минут аралығындағы интервалда уақытты орнатыңыз.

  • Таймердің уақытын белгілегеннен кейін уақытты есептеу басталады. Таймер қай конфоркада орнатылғанын көрсететін таймер индикаторы (К) жыпылықтауын жалғастырады.

  • Таймердің уақыты өткеннен кейін дыбысты сигнал беріледі және конфоркалар сөнеді. Дисплейде »00« уақыты жыпылықтайды. Дыбысты сигналды сөндіру үшін кез келген сенсорды басыңыз немесе дыбысты сигнал біраз уақыт өткен соң өздігінен сөнеді.

Өшіру таймерін әрбір конфорка үшін орнатуға болады. Егер де бірнеше таймер орнатылған болса, онда уақыт дисплейі орнатылған таймерлердің уақытын алма-кезек көрсетіп тұрады. Сәйкесінше жанып тұрған таймер индикаторы К уақыт қай конфоркаға қатысты екенін көрсетеді.

Өшіру таймерінің уақытын өзгерту

  • Өшіру таймерінің уақытын кез-келген сәтте өзгертуге болады.

  • Дисплейде қажетті конфорка таймерінің уақыты жанғанша, (D) таймердің сенсорына басыңыз. Сәйкесінше таймер индикаторы К жыпылықтайды.

  • Слайдермен жаңа уақытты орнатыңыз.

  • Слайдерді сол жақ жиегінен басқан кезде таймер 1 минутқа азаяды, слайдерді оң жақ жиегінен басқан кезде таймер уақыты 1 минутқа артады.

Қалдық уақыт индикациясы
Егер бірнеше таймер орнатылған болса, қалған уақытты G сенсорын басу арқылы білуге болады.

Өшіру таймерін жою

  • Қажетті конфорканың таймерін таңдаңыз («Сөндіру таймерінің уақытын өзгерту» бөлімін қараңыз). Уақыт дисплейінде таймер уақыты көрсетіледі және тиісті конфорканың таймер индикаторы жыпылықтайды.

  • Слайдермен «00» уақытты орнатыңыз немесе слайдерді бір уақытта екі жағынан да басыңыз, уақыт «00» мәніне орнатылады.

Stop&Go кідіріс функциясы

Stop&Go кідіріс функциясы әзірлеу процесін қысқа уақытқа тоқтата тұруға мүмкіндік береді, сонымен бірге барлық баптаулар сақталады.
Stop&Go функциясын қосу үшін (С) сенсорын басыңыз. Сенсор үстінде (С1) индикаторы жанады. Дисплейдегі мәндер жыпылықтай бастайды. Конфоркалар мен барлық белсенді функциялар өшеді.
Қосу/сөндіру сенсоры мен Stop&Go кідіріс функциясынан басқа барлық сенсорлар блокталған.
Stop&Go функциясын өшіру үшін (С) сенсорын қайтадан басыңыз. (С1) индикаторы өшеді. Конфоркалар мен функциялар жұмысы жанданады.
Егер Stop&Go функциясын өшірмесе пісіру панелі 10 минуттан кейін автоматты түрде өшіп қалады.

Соңғы баптауларды қалпына келтіру

Бұл функция пісіру панелі өшкеннен кейін 5 секунд ішінде оның барлық баптауларын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді, мысалы, егер сіз абайсызда пісіру панелін өшіріп алған болсаңыз немесе ол басқару панеліне төгілген сұйықтық салдарынан өздігінен өшіп қалса.
Өшкеннен кейін 5 секунд ішінде қосу/сөндіру сенсорын басыңыз. Келесі 5 секунд ішінде Stop&Go сенсорын басыңыз (яғни сенсор үстіндегі индикатор жыпылықтап тұрған кезде). Пісіру панелінің барлық баптаулары қалпына келтіріледі.

Автоматты түрде сөндіру

Егер сенсорларға ұзақ уақыт бойы әсер етілсе (басқару панеліне сұйықтық төгілген немесе үстіне бір зат жатыр), 10 секундтан кейін конфоркалардың барлығы сөнеді. Дисплейде символыDSI_samodejniizklop_ikonaжыпылықтайды.
Егер 2 минут ішінде затты немесе сұйықтықты сенсордан жинап алмаса, пісіру панелі автоматты түрде сөнеді. Соңғы баптауларды Stop&Go үзіліс функциясының көмегімен қалпына келтіруге болады.

Конфорканы сөндіру

Конфорканы D сенсорымен таңдаңыз. Слайдерді саусақпен басу немесе слайдерді сол жағынан басу арқылы қыздыру дәрежесін 0-ге орнатыңыз.

Қалдық жылу индикаторлары

Конфорка немесе пісіру панелі өшкеннен кейін конфорка дисплейінде мынадай символ жанады:

  • "H" конфорка ыстық екендігін білдіреді.

"H"индикациясының ұзақтығы қыздыру деңгейін есепке ала отырып есептелген және конфорка қаншалықты ұзақ уақыт жұмыс істегендігіне байланысты болады. Н символы өшкеннен кейін кейбір жағдайларда (электр энергиясы сөніп қалғанда, конфоркада ыстық ыдыс тұрғанда) конфорка ыстық күйінде қалуы мүмкін. Күйік шалу қаупі! Электр энергиясы сөніп қалған кезде конфорка ыстық күйде болса,"H"символы жыпылықтап тұрады. Бұл дегеніміз, электр энергиясы қаншалықты ұзақ уақыт өшкеніне байланысты конфорка ыстық болуы немесе болмауы мүмкін деген сөз.

Аспап өндіруші зауытта тексеруден өткізіледі, сондықтан аспапты электр желісіне бірінші қосқан кезде дисплейде біршама уақыт"H"индикациясы жыпылықтап тұруы мүмкін.

"H" символы өшкеннен кейін конфорка ыстық күйінде қалуы мүмкін. Күйік шалу қаупі!

Жұмыс ұзақтығын шектеу

Қосымша қауіпсіздік үшін аспап әрбір жеке конфорка үшін жұмыс уақытын шектегішпен жабдықталған. Қорғаныс үшін өшірудің іске қосылу уақыты конфоркадағы соңғы орнатылған қыздыру деңгейіне тәуелді болады. Егер қыздыру деңгейі ұзақ уақыт бойы өзгермеген болса, конфорка автоматты түрде өшеді.

Қыздыру дәрежесі

digit13_pind

1

2

3

4

5

6

7

8

9

P

Максималды жұмыс уақыты, с

8

8

8

6

6

4

4

2

1,5

1,5

1

Пісіру панелін сөндіру

Пісіру панелін өшіру үшін қосу/сөндіру (А) сенсорын басыңыз. Дыбыстық белгі беріледі, ыстық күйінде қалған конфоркалардың дисплейлерінен басқа барлық индикаторлар мен дисплейлер өшеді. Бұл дисплейлерде‘’H’’символы жанып тұрады.

Пайдаланушы баптаулары

Сіз пайдаланушы баптауларында дыбыстық белгінің дауысы мен ұзақтығын және автоблоктаудың баптауларын ауыстыра аласыз.
Пайдаланушы баптаулары мәзіріне аспап электр желісіне қосылғаннан кейін екі минут ішінде кіруге болады, және де аспап өшіп тұруы қажет. Stop&Go кідіріс функциясының сенсорын 3 секунд басып ұстап тұрыңыз.

Уақыт дисплейінде дыбысты сигналдың дыбыс деңгейін білдіретін бірінші параметр Uo көрсетіледі. Параметрлерді таңдау таймер сенсорымен (G) жүргізіледі.

uporabnikove_nastavitve_BR_slider_GOR

Uo Uo Дыбыстық белгінің дауысы
So Хабарлама кезіндегі дыбыстық белгінің ұзақтығы
Lo Автоблоктау

Конфоркалардың екі дисплейінде параметрдің ағымдағы баптауы пайда болады. Баптауды өзгерту үшін екі алдыңғы конфорканың таңдау сенсорларын қолданыңыз.

Баптауды растау және сақтау үшін StopGo функциясының сенсорын басыңыз және 2 секунд ұстап тұрыңыз, қысқа дыбысты сигнал беріледі. Егер жаңа баптауларды сақтағыңыз келмесе, аспаптың қосу/сөндіру сенсорын басу арқылы пайдаланушы баптаулары мәзірінен шығыңыз.

Дыбысты сигналдың дыбыс деңгейі — Uo

Мүмкін болатын баптаулар: дисплейде
00 = өшірулі (орын алған қателік туралы хабарлама мен белгіден басқа) дисплейде
01 = ең төмен дауыс дисплейде
02 = қалыпты дауыс дисплейде 03 = ең жоғары дауыс (әдепкі қалып бойынша)
Дауыс деңгейін өзгерту сәйкесінше дауыстың қысқа дыбыстық белгісімен көрсетіледі.

Хабарлау кезіндегі дыбысты сигналдың ұзақтығы — So

Мүмкін болатын баптаулар: дисплейде
05 = 5 секунд дисплейде
1,0 = 1 минут дисплейде
2,0 = 2 минут (әдепкі қалып бойынша)

Автоматты блоктау — Lo

Егер пайдаланушы баптауларында автоблоктау функциясы қосылған болса, пісіру панелі әрбір өшкен сайын автоматты түрде блокталады. дисплейде
00 = өшірулі (әдепкі қалып бойынша) дисплейде
01 = қосулы

Тазалау және қызмет көрсету

Шыны керамикалық бетті әр қолданып болғаннан кейін тазалаңыз (суығанға дейін күтіңіз!), әйтпесе сәл ғана ластың өзі келесі қолдану кезінде қызған бетке жабысып қалуы мүмкін.

Шыны керамикаға жүйелі түрде күтім жасау үшін шыны керамикалық бетте ласты сіңірмейтін пленка жасайтын арнайы құралдарды қолданыңыз.

Әр қолданар алдында шыны керамикалық беттегі және ыдыс түбіндегі беттерге сызат түсіруі мүмкін шаң мен ласты сүртіңіз.

Тазалау үшін металл және қатты губкаларды, абразивті тазалау құралдарын қолданбаңыз, өйткені олар шыны керамикаға сызат түсіруі мүмкін. Сондай-ақ шыны керамиканы тазалау үшін агрессивті тазалау құралдары мен сәйкес келмейтін тазалау құралдарын қолдануға болмайды.

Пісіру бетіндегі графикалық белгілер агрессивті және қатты тазалау құралдарын, сонымен қатар түбі бүлінген ыдыстарды қолдану салдарынан өшіріліп қалуы мүмкін.

Аз ғана ластануларды жұмсақ дымқыл матамен тазалауға болады. Содан соң таза бетті кептіріп сүртіңіз.

Су дақтарын сірке судың әлсіз ерітіндісінің көмегімен кетіріңіз. Бұл ерітіндімен аспап жиектемелерін сүртуге болмайды (кейбір модельдерде), өйткені оның жылтырлығы жоғалады. Ізбес қағын жою үшін агрессивті спрейлерді және тазалау құралдарын қолдануға болмайды.

Қатты ластанулар шыны керамикалық беттерге күтім жасауға арналған арнайы құралдар көмегімен тазаланады. Арнайы тазалау құралдарын өндірушілердің нұсқауларын орындаңыз. Тазалау құралының қалдықтарының мұқият тазалап алыңыз, өйткені қыздыру кезінде агрессивті қасиеттерді иемденіп, шыны керамика құрылымының өзгеруіне алып келуі мүмкін.

Кетуі қиын және күйіп кеткен ластарды арнайы қырғыш көмегімен тазалауға болады. Қырғышпен жұмыс жасау кезінде қолыңызды зақымдап алмаңыз.

Қырғыш аспапты жеткізу жиынтығына кірмейді.

H-USA_strgalo

Қырғышты ласты дымқыл шүберектің немесе шыны керамиканы тазалауға арналған құралдың көмегімен кетіру мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданыңыз.

Қолдану кезінде қырғышты тазартылатын бетке дұрыс бұрышпен (45°-60° аралығында) ұстаңыз. Қырғышты сәл ғана басу арқылы ласты тазалаңыз. Қырғыштың пластмасса тұтқасының (кейбір модельдерде) ыстық бетке тимеуін қадағалаңыз.

Қырғыш жүзін шыны керамикаға тік бұрышпен ұстамаңыз. Қырғыш бұрыштарының пісіру бетіне сызат түсірмеуін қадағалаңыз.

Қант және тәтті тағамдар шыны керамиканы қатты бүлдіруі мүмкін, сондықтан беттердің бүлінуінің алдын алу үшін пісіру беті әлі суымаса да, ласты тез арада қырғышпен тазалап алыңыз.

Қателер мен ақаулықтар кестесі

Кепілді мерзім ішінде аспапты жөндеуді тек авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана жүзеге асыра алады.

Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Білікті емес жалғау және жөндеу қысқаша тұйықталуға және электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін, сондықтан бұл жұмыстарды өз бетіңізше орындамаңыз. Бұл жұмыстары тек авторлық құқығы бар маман ғана орындай алады.

Жұмыстағы ақаулықтар себебі төмендегі нұсқауларды басшылыққа ала отырып, өз бетінше жоюға болатын ұсақ ақаулар болуы мүмкін.

Егер аспап дұрыс пайдаланбау немесе қолданбау салдарынан жұмыс жасамайтын болса, кепілді мерзім ішінде сервис маманына баруды пайдаланушы төлейді.

Одан әрі қолдану немесе аспаптың келесі иегеріне табыстау үшін осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтап қойыңыз.

Төменде кейбір жалпы мәселелерді анықтауға қатысты кеңестер берілген.

Проблема/қате

Ықтимал себебі

Тұрмыстық электр сымының сақтандырғыштары сөніп қала береді.

Сервиске хабарласыңыз.

Үздіксіз дыбысты сигнал беріледі және дисплейде көрсетіледі digit50

Басқару панелінің сенсорлы батырмалары ластанған, оған су төгілген немесе басқа зат жатыр.

Басқару панелін тазалаңыз.

Дисплейде «F» көрсетіледі.

Аспап жұмысы кезінде ақау пайда болды.

Егер осы ұсыныстар көмегімен ақауларды жоя алмасаңыз, авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты дұрыс жалғамау және қолданбау нәтижесінде туындаған ақаулықтарға кепілдік берілмейді. Бұл жағдайда жөндеу шығындарын тұтынушы өзі төлейді.

Жөндеуді бастамас бұрын сақтандырғышты бұрап алу немесе негізгі сөндіргішті сөндіру немесе ашаны желілік розеткадан ажырату арқылы аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Кірістірілетін пісіру панелін орнату

Монтаждау процесі

  • Үстіңгі тақтай тегіс әрі горизонталь болуы тиіс.

  • Қиманың жиектерін ылғал мен ластан қорғау үшін тиісті тәсілмен бітеу қажет.

  • Пісіру панелін электр желісіне жалғаңыз ("Пісіру панелін жалғау" бөлімін қараңыз).

  • Пісіру панелін монтаждалатын ойыққа орнатыңыз және оны үстіңгі тақтайға қысыңыз.

BR_BI_Copreci_mere_napa_DN

  • Аспапты асхана жиһазының элементіне қойып, электр желісіне жалғауды тек білікті маман ғана орындай алады.

  • Шпон және асхана жиһазының аспап ішіне қондырылатын басқа да материалдары, жылуға төзімді болуы керек (100°C), кері жағдайда материалдардың айтарлықтай төмен жылуға төзімділігі олардың деформациялануына және түсінің өзгеруіне алып келуі мүмкін

  • Пісіру бетінің артқы жағынан үстіңгі тақтайдың ағаш жиектемелерін қолдану кірістіру схемасында көрсетілген минималды рұқсат етілетін арақашықтық сақталған кезде ғана мүмкін болады.

  • Пісіру панелі ені 600 мм және одан артық болатын асхана шкафының үстіңгі тақтайына кірістіруге арналған.

  • Асхана шкафтары пісіру бетінен тағам дайындау кезінде кедергі келтірмейтіндей биіктікке ілінуі тиіс.

  • Пісіру панелі мен сорғы арасындағы арақашықтық сорғыны монтаждау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген 500 mm кем болуы тиіс.

  • Пісіру панелінің жиегінен көршілес асхана шкафының қабырғасына дейінгі минималды арақашықтық 40 мм құрайды.

  • Пісіру бетінің артқы жағынан үстіңгі тақтайдың ағаш жиектемелерін қолдану кірістіру схемасында көрсетілген минималды рұқсат етілетін арақашықтық сақталған кезде ғана мүмкін болады.

  • Пісіру панелі мен артындағы қабырға арасындағы минималды арақашықтық кірістіру схемасында көрсетілген.

vgradnja_BR_30
30 cм

vgradnja_BR_60
60 cм

vgradnja_BR_80
80 cм

Жинақтау қапсырмаларын

sponka_vgradnja_BR

  • Асүй гарнитурының үстел үсті тегіс және көлденең болуы керек. Ойықтың діңгектерін тиісті түрде ылғал мен кірден қорғау үшін герметикаландыру керек.

  • Жиынтықта қоса берілетін бұрандалары (4 дана) бар бекіткіш тетіктерін (4 дана) пісіру панелінің сол және оң жақ қабырғаларындағы бар саңылаулар мен ойықтарға бұрап тастаңыз.

  • Пісіру панелін жинақтау ойығына орнатыңыз да, үстінен оны үстел үстіне бастырыңыз.

  • Жинақтау қапсырмаларын бұрап тастау үшін кем дегенде 6,5 мм бұрандаларын қолдануға рұқсат етіледі.

Асхана шкафындағы желдету саңылаулары

Индукциялық пісіру панелінің электронды компоненттерінің сенімді жұмыс жасауы үшін жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету қажет.

element_vgradnja_BI4T

Жәшігі бар асхана шкафы

  • Шкафтың артқы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 140 миллиметрден кем емес желдету саңылауы болуы тиіс. Шкафтың алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 6 миллиметрден кем емес желдету саңылауы болуы тиіс.

  • Пісіру панелінің астына барлық ұзындығына горизонталь аралық қабырға орнатылуы тиіс. Аспаптың төменгі нүктесі мен аралық қабырға арасындағы 10 миллиметрден кем емес арақашықтық болуы керек. Артқы бетінде жеткілікті желдету қамтамасыз етілуі тиіс.

  • Пісіру панелінің төменгі бөлігіне салқындататын желдеткіш орнатылған. Пісіру панелінің астындағы жәшікте ұсақ заттар мен қағазды сақтауға тыйым салынады, өйткені оларды жұмыс жасап тұрған желдеткіш тартып алып кетуі мүмкін, бұл салқындату жүйесінің сынуына алып келеді. Жәшікте алюминий фольганы және тез тұтанатын заттарды сақтамаңыз, мысалы, тазалау құралдары мен аэрозольдар, сонымен қатар оларды пісіру панелінен алыста ұстаңыз. Жарылу қауіпі бар!

  • Желдеткіштің ауа жинайтын саңылауы мен жәшік ішіндегілер арасында кемінде 20 миллиметр арақашықтықты сақтаңыз.

vgradnja pečica

Духовка шкафы бар асхана шкафы

  • Пісіру панелінің астын типті духовка шкафтарын орнатуға болады.

  • Духовка шкафын орнатар алдында монтаждау ойығының айналасындағы асхана шкафының артқы қабырғасын ағытып алу қажет.

  • Шкафтың алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың барлық ені бойынша биіктігі 6 миллиметрден кем емес желдету саңылауы болуы тиіс.

  • Индукциялық панельдің астына басқа аспаптарды орнату кезінде олардың дұрыс жұмыс жасауына кепілдік бермейміз.

Үстіңгі тақтаймен бір деңгейде монтаждау

Үстел бетімен бір деңгейде монтаждау үшін қиғашталған жиектері мен декоративтік жиектемелері жоқ пісіру панельдері қолданылады.

FM_rob_pult

Монтаждау процесі

Пісіру панелін табиғи тастан (мәрмәр, гранит) немесе ағаш массивінен (монтаждау ойығының қималарын герметиктеу қажет) жасалған ылғалға және жылуға төзімді беттерге ғана орнатуға болады. Керамикалық, ағаш немесе әйнек беттерге кірістіру кезінде пісіру панелін ағаш жиектемеге орнату қажет. Ағаш жиектеме панелді жеткізу жиынтығына кірмейді. Пісіру панелін басқа материалдардан жасалған үстел беттеріне кірістіру үстел бетін өндіруші рұқсат еткен жағдайда ғана мүмкін болады. Асхана шкафының ішкі өлшемі монтаждау ойығының ішкі өлшемдерінен кем болмауы тиіс. Бұл пісіру панелін кедергісіз монтаждау үшін қажет. Пісіру панелінің барлық периметрімен төменгі бетіне нығыздағыш жабыстырыңыз.

trak

Алдымен байланыстыру кабелін монтаждау ойығына салыңыз. Пісіру панелін монтаждау ойығының ортасына орнатыңыз. Аспапты электр желісіне жалғаңыз (аспапты жалғау жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Герметик жабыстырмас бұрын аспап жұмысын тексеріңіз. Пісіру панелі мен үстіңгі тақтай арасындағы саңылауды силикон герметикпен толтырыңыз. Силикон герметик жылуға төзімді болуы және 160°C кем емес температураға шыдауы тиіс. Герметикті сәйкес келетін құралмен тегістеңіз. Герметикті өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Герметик толықтай кеппейінше пісіру панелін қоспаңыз.

kit_pind

  1. Силикон герметик

  2. Тығыздауыш таспа

Табиғи тастан жасалған беттерде монтаждау ойығының өлшемдерін аса мұқият ойластырыңыз. Кез келген тақтай үшін силикон герметикті таңдау кезінде оны өндірушіден кеңес алыңыз. Сәйкес келмейтін герметикті қолдану тақтайдың түсін өзгертуге алып келуі мүмкін.

Пісіру панелін демонтаждау

Пісіру панелін электр желісінен ажыратыңыз. Герметикті арнайы құрал көмегімен алыңыз. Пісіру панелін монтаждау ойығынан шығарып алу үшін оны итеріп жіберіңіз.

Пісіру панелін үстінен итеруге тырыспаңыз!

Сервис орталығы пісіру панелін жөндеумен және оған қызмет көрсетумен шұғылданады. Пісіру панелін үстелдің бетімен теңдей кірістірер алдында асхана жиһазын жеткізушіден кеңес алыңыз.

Табиғи тастан жасалған бет

kamen_BR

  1. Үстел беті

  2. Аспап

  3. Саңылау

Шыны керамикалық панел мен үстел бетіндегі ойық өлшемдерінде өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, саңылау ені түрленуі мүмкін (мин. 2 мм).

Керамикалық, ағаш немесе шыны бет

steklo_BR

  1. Үстел беті

  2. Аспап

  3. Саңылау

  4. Қалыңдығы 16 мм ағаш жиектеме

Шыны керамикалық панел мен үстел бетіндегі ойық өлшемдерінде өзгерістер болуы мүмкін болғандықтан, саңылау ені түрленуі мүмкін (мин. 2 мм). Үстел бетінің жоғары жиегінен төмен қарай 5,5 миллиметр түсу арқылы ағаш жиектемені орнатыңыз (суретті қараңыз).

Шыны керамикалық панельдің радиусына (R10, R2) байланысты монтаждау ойығының бұрыштарындағы радиустарды сақтаңыз.

ӘЙНЕК

МОНТАЖДАУ ОЙЫҒЫ

steklo_izrez_svk_HV_BIEH

vgradnjaFM_BR_30
30 cм

vgradnjaFM_BR_60
60 cм

vgradnjaFM_BR_80
80 cм

Егер пісіру панелі үстіңгі тақтаймен бір деңгейде орнатылса және пісіру панелінің астына духовка шкафы орнатылса, онда үстіңгі тақтайдың қалыңдығы кемінде 40 миллиметрді құрайды.

Нығыздағышты жабыстыру

Кейбір модельдер нығыздағышы орнатылған күйде жеткізіледі.

Аспапты үстіңгі тақтайға кірістірмес бұрын шыны керамикалық немесе шыны пісіру бетінің төменгі жағына жиынтықта бірге берілетін нығыздағышты жабыстыру қажет. Нығыздағыштың қорғаныс пленкасын алыңыз. Нығыздағышты шыны керамиканың немесе шынының төменгі жағынан жиектерінен 2-3 миллиметр жылжи отырып жабыстырыңыз. Нығыздағыш пісіру панелінің барлық периметріне жабыстырылуы және бұрыштарында бір біріне жабыспауы тиіс. Нығыздағышты жабыстыру кезінде өткір заттардың шыны керамикаға/шыныға тиіп тұрмағанын қадағалаңыз (мысалы, нығыздағышты шыны керамиканың / шынының үстіне қойып кеспеңіз).

tesnilni_trak

Аспапты нығыздағышсыз монтаждауға тыйым салынады!

Пісіру панелін электр желісіне жалғау

  • Электр желісіне жалғаудан қорғау қолданыстағы ескертпелерге сәйкес келуі тиіс.

  • Жалғар алдында зауыттық жапсырмада көрсетілген кернеудің желідегі нақты кернеуге сәйкес келетіндігін тексеріп алу қажет.

  • Электр сымдарда ажыратылған контакттар арасында барлық полюстерінде 3 миллиметрден кем емес арақашықтықта ажырату құрылғысын қарастыру қажет. Сақтандырғыштарды, тоқтың қорғайтын өшіргіштерін және т.б. қолдануға болады.

  • Жалғау сақтандырғыштардың мүмкіндіктерін және электр желісінің тоқ жүктемесін есепке алуы тиіс.

  • Жалғау сақтандырғыштардың мүмкіндіктерін және электр желісінің тоқ жүктемесін есепке алуы тиіс.

Аспапты электр желісіне жалғауды авторлық құқығы бар сервис орталығының маманы ғана орындай алады. Аспапты дұрыс монтаждамауға және жалғамауға байланысты ақаулықтарға кепілдік берілмейді. Кез келген әрекетті бастамас бұрын аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

Жалғау схемасы

priključna sponka 60

  • Кернеуді тексеріңіз. Аспапты жалғар алдында зауыттық жапсырмада көрсетілген кернеудің электр желісіндегі нақты кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз. Желідегі кернеуді (L және N арасында 220-240 В) маман өлшеу аспабының көмегімен тексеруі тиіс.

  • Клеммалы қорап қақпағын ашыңыз.

  • Сымдарды аспап типіне сәйкес жалғаңыз.

  • Түйіспелер клемма қорабында жатады.

Байланыстыратын кабель

(қорек кабелі жоқ модельдер)

votlica

  • Жалғау үшін келесілер қолданыла алады:

  • Сары-жасыл қорғайтын өткізгіші бар H05V2V2-F типті ПВХ оқшаулағышы бар байланыстыру кабельдері немесе сипаттамалары бірдей немесе одан да жақсы басқа да кабельдер.

  • Кабельдің сыртқы диаметрі кемінде 8,00 миллиметр болуы тиіс.

  • Байланыстырғыш кабельді міндетті түрде кабельдің шектен тыс тартылуының алдын алатын қысқыш арқылы өткізіңіз.

* Жиынтығының ішіне кеңестер қосылынбайды

Электр сымын кеңестердi (шеткі ұстатқыштарды) пайдалануды ұсынамыз.

shema_1F

Бір фазалы қосылу (32 A)

  • 1 фаза (1 1N, 220-240 В~ / 50/60 Гц)

    • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~. 1 және 2 клеммалары және 4 және 5 клеммалары арасына түйіспе орнатыңыз.

    • 32 А кем емес сақтандырғыш орнатыңыз. Кабель қимасының ауданы 4 мм² кем болмауы тиіс емес.

shema_2F_380

Қос фазалы қосылу (16 A)

  • 2 фаза, 1 нейтраль (2 1N, 380-415 В~ / 50-60 Гц)

    • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~. 380-415 В~ фазалары арасындағы кернеу. Түйіспені 4 және 5 клеммаларының арасына орнатыңыз. Әр қайсысына кемінде 16 А кемінде екі сақтандырғыш орнатыңыз. Кабель қимасының ауданы 1,5 мм² кем болмауы тиіс.

shema_2F_220

  • 2 фаза, 2 нейтраль (2 2N, 220-240 В 2 2N ~ / 50/60 Гц)

    • Фаза мен нейтраль арасындағы кернеу 220-240 В~.

    • Әр қайсысына кемінде 16 А кемінде екі сақтандырғыш орнатыңыз. Кабель қимасының ауданы 1,5 мм² кем болмауы тиіс.

shema_30_BR

Ені 30 сантиметр болатын аспаптар (екі конфоркасы бар) бір фазалы қосу үшін ұстатқыш қалыппен жарақтандырылған. Жалғау кабелінің қимасы кем дегенде 1,5 мм².

Қорек кабелін жалғау

(қорек кабелі бар модельдер)

  • Аспап электр желісіне стационарлы клеммалы қосылыс немесе күш розеткасы арқылы қосылуы тиіс.

  • Электр желісінен ажырату құрылғылары қолданыстағы нормативтерге сай келуі тиіс.

  • Кабельді ұзартпаңыз және оны өткір жиектер арқылы майыстырмаңыз.

  • Егер аспап духовканың астына орнатылған болса, кабельдің духовканың ыстық беттерге тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Бір фазалы қосылу

Аспапты А схемасында көрсетілгендей етіп жалғаңыз. Егер желіңізде 32 А сақтандырғыш орнатылмаған болса, тиісті тәсілмен аспаптың қуатын азайту немесе шектеу қажет.

«Пайдаланушы баптаулары» бөлімін қараңыз.

kabel_A

L = қоңыр
N = көк
zemlja = сары-жасыл

Екі фазалы қосылу

  • Егер 1 нейтралы бар 2 фазалы желіңіз болса, аспапты В схемасында көрсетілгендей етіп жалғаңыз.

  • Егер 2 нейтралы бар 2 фазалы желіңіз болса, аспапты С схемасында көрсетілгендей етіп жалғаңыз.

kabel BC

L1 = қоңыр
L2 = қара
N = көк
zemlja = сары-жасыл

L1 = қоңыр
L2 = қара
N1 = көк
N2 = сұр
zemlja = сары-жасыл

Тек Нидерланд үшін!

Құрылғыдан арылу

kanta1_FACE_LIFT

Қаптама қоршаған ортаға ешқандай залал келтірмей қайта өңдеуге, қалдықтарды сақтауға арналған арнайы полигондарда жинауға және кәдеге жаратуға болатын экологиялық таза материалдардан жасалған. Қаптама материалдары тиісті таңбалауға ие.

Бұйымдағы немесе оның қаптамасындағы символ оның тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Бұйымды одан ары кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн.

Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы осы сияқты қалдықтармен тиісті түрде әрекет жасамау салдарынан қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз. Бұйымды кәдеге жарату туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, шақырылатын және қалдықтарды кәдеге жаратын қызметке немесе осы бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Өндіруші пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарында өзгерістерге және қателіктерге құқылы.

Сіздің ескертпелеріңіз

 

699766